Апизартрон

МНН: Метилсалицилат, Яд пчелиный
Производитель: Лихтенхельдт ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, содержащие производные салициловой кислоты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021363
Информация о регистрации в РК: 20.05.2015 - 20.05.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Апизартрон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 20 г жақпамай

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: 0.003 г бал арасының стандартталған уы, метилсалицилат 10.000 г, аллиизотиоцианат 1.000 г

қосымша заттар: цетилстеарин спирті, натрий цетилстеарилсульфаты, натрий додецилсульфаты, ақ вазелин, тазартылған су.

Сипаттамасы

Қоюлығы біркелкі, метилсалицилаттың иісі бар, ақтан сәл сарғыш түске дейінгі жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Қимыл-тірек аппаратының ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар. Салицил қышқылдарының туындылары қосылған препараттар.

АТХ коды М02АC

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сыртқа қолданылған кезде аллилизотиоцианат және метилсалицилат тері асты шеліне, бұлшықет тініне және буын байламдарына тез сіңеді және енеді.

Фармакодинамикасы

Бал арасының уы негізінде жасалған, сыртқа қолдануға арналған, біріктірілген препарат, оның фармакологиялық қасиеттері әрбір компоненттің емдік әсерлерінің өзара әлеуеттендірілуімен жүзеге асады. Бал арасының стандартталған уының құрамында жан-жақты емдік әсер ететін белсенді ингредиенттер бар. Олардың ішіндегі өте маңыздылары меллитин, гистамин, арнайы әсері бар пептидтер, апамин, гиалуронидаза, фосфолипаза болып табылады. Жақпамайдың екінші компоненті, метилсалицилат, ҚҚСП (қабынуға қарсы стероидты емес препараттар) тобына жатады. Метилсалицилат тері арқылы жақсы өтеді, ара уының компоненттері – МСД пептид және апаминнің синергиялық әсерінің арқасында қабынуға қарсы және ауыруды сезірмейтін әсер көрсетеді. Үшінші компоненті аллилизотиоцианаттың, бал арасы уы ингредиенттері - гистамин мен меллитиннің әсерімен күшейетін оқшауланған гипертермияны және гиперемияны тудырып, жергілікті тітіркендіретін әсері бар. Меллитин де эндотелиальды релаксациялайтын факторлардың (ЕDRҒ) босанып шығуына ықпал етеді. Жергілікті қан айналымының жақсаруы тіндердің оттегімен қамтамасыз етілуін жақсартады және ауыру сезімін тудыратын зат алмасудың уытты өнімдерін қабыну ошақтарынан шығарылуын жеделдетеді. Апизартрон зат алмасудың белсенділенуіне, дәнекер тіндер мен бұлшықеттер созылғыштығының жоғарылауына, бұлшықет тонусының төмендеуіне ықпал етеді.

Қолданылуы

  • субсозылмалы және созылмалы полиартритте

  • миалгияда (оның ішінде артық күш жұмсаумен байланысты болатын)

  • жұмсақ тіндердің ревматизмдік зақымдануында

  • артралгияда (оның ішінде буындардың ревматизмдік ауруларында)

  • невралгияда (оның ішінде невриттер, ишиас)

  • шеткергі қан айналымының бұзылуында

  • тірек-қимыл аппаратының ауруларында (буындардың дегенеративті-дистрофиялық және қабыну ауруларында)

  • бұлшықеттер, сіңірлер, байламдар жеңіл зақымданған соғылулар мен созылулардағы ауыру синдромында

  • спорттық жүктемеге дейін және жүктеме кезінде бұлшықеттерді қыздыру үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Ұзындығы 3-5 см жақпамайдың жолағын шамамен 1 мм қалыңдықпен зақымданған жерге тегістеп жағады да, препаратты жағуға реакциялар (қызару, жылуды сезіну) пайда болғанға дейін 2-3 минутқа қалдырады (организмнің реакция беру қабілетіне қарай). Содан кейін жақпамайды теріге жайлап және қарқынды ысқылап жағады. Емдік әсерді күшейту үшін дененің өңделген жерін жылы ұстау керек. Апизартронды ауру симптомдары жоғалғанша тәулігіне 2-3 рет қолданады.

Емдеу курсын дәрігер әр адамға жеке белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

сирек аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі немесе жақпамай жағылған жердің қышынуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • бал арасының уына, салицилаттарға, изотиоцианаттарға жоғары сезімталдық

  • тері аурулары

  • жедел артрит

  • ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі

  • бауыр жеткіліксіздігі

  • геморрагиялық диатез

  • ұйқы безінің аурулары

  • жұқпалы аурулар

  • сүйек кемігінде қан түзілуі төмендеуі

  • психикалық аурулар

  • 6 жасқа дейінгі балаларға

  • қант диабеті

  • сепсис

  • туберкулез

  • зақымданған және тітіркенген теріге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Метилсалицат метотрексаттың әсерін күшейтуі мүмкін.

Апизартронды үлкен дозада қолданған жағдайда пероральді антикоагулянттармен (К витамині антагонистерімен) дәрілік өзара әрекеттесу қаупін жоққа шығаруға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты зақымданған және тітіркенген теріге, сондай-ақ тері ауруларынан зақымданған жерлерге жақпаған жөн.

Жақпамайды көзге, шырышты қабықтарға және ашық жараларға тигізіп алмау керек.

Жақпамайды кездейсоқ көзге тигізіп алғанда, оны бөлме температурасындағы сумен 15 минут бойы жуып-шайған жөн. Егер мұндай емшара ауырғанды, тітіркенуі мен көрудің бұлдырауын кетіре алмаса, емделушінің дәрігерге көрінуі керек.

Апизартронды жаққаннан кейін қолды сабындап, сумен мұқият жуған жөн.

Жүктілік және лактация

Апизартронды жүктілікте және лактация (бала емізу) кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Педиатрияда қолданылуы

Апизатрон 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға сақтықпен қолданылады.

Дәрілік заттың көлік құралын басқару немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Терінің тітіркенуі мүмкін.

Емі: препарат қолдануды уақытша тоқтата тұру керек.

Қолдану тәсілі және дозалары

Метилсалицилатпен уыттанғанда қан құсу, тахипноэ, өкпенің асқын желдетілуі, ентігу, құлақтың шуылдауы, кереңдік, енжарлық, құрысулар, түсініксіз ұйқышылдық немесе сананың шатасуы сияқты симптомдар байқалады.

Емі: белсендірілген көмір, натрий сульфаты және көп мөлшерде сұйықтық (сүттен өзге)

6 жастан кіші бала жақпамайды пероральді қабылдап қойған жағдайда, дәрігермен хабарласу қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 г препараттан алюминий фольгамен дәнекерленген және полиэтилен қақпақпен жабылған, іші лакпен қапталған алюминий сықпаларда.

1 сықпадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Сықпаны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 6 айдан аспайды.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Лихтенхельдт ГмбХ, Германия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Эспарма ГмбХ, Зеепарк 7, 39116 Магдебург, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Фарма Гарант ГмбХ компаниясының өкілдігі

Жібек жолы 64, 305 кеңсе, Алматы, Қазақстан, 050002

тел./факс: (727) 2 73 62 78, электронды поштасы: pharmagarant.kaz@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

745375171477976503_ru.doc 56 кб
468857651477977679_kz.doc 50 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники