Апидра® (10 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Апидра®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Инсулин глулизин
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған ерітінді 100 Б/мл
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - инсулин глулизин - 3,49 мг (100 Б инсулинге эквимолярлы),
қосымша заттар: мета-крезол, трометамол (трометамин), натрий хлориді, полисорбат 20, натрий гидроксиді, концентрацияланған хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе түссіз дерлік сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер. Инсулиндер және олардың жылдам әсер ететін аналогтары. Инсулин глулизин.
АТХ коды A10AB06
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Инсулин глулизинде аспарагин амин қышқылы В3 қалпындағы лизинмен алмастырылған, ал лизин В29 қалпындағы глютамин қышқылына алмастырылған, ол препараттың жылдамырақ сіңуін қамтамасыз етеді.
1 типті қант диабетінен зардап шегуші, 21-ден 50 жасқа дейінгі еркек жынысты 18 тұлға қатыстырылған зерттеуде инсулин глулизин 0,075 –ден 0,4 Б/кг дейінгі дозалау аралығында ерте, ең жоғары және жалпы экспозициясында дозаға пропорционалдылық көрсетті.
Сіңуі және биожетімділігі
Дені сау еріктілердегі және диабеті бар (1 немесе 2 типті) пациенттердегі фармакокинетикалық бейіні инсулин глулизиннің сіңуі шамамен стандартты адам инсулинімен салыстырғанда шыңдық концентрациясы екі есе үлкен, екі есе жылдам болатынын көрсетті.
1 типті қант диабеті бар пациенттердегі зерттеулерде 0,15 Б/кг тері астына енгізуден кейін инсулин глулизиннің Тmax 55 минутты құрады, ал Сmax - 82 ± 1,3 мк Б/мл болды, бұл тиісінше стандартты адам инсулинінің Тmax және Сmax салыстыру бойынша 82 минутқа және 46 ± 1,3 мк Б/мл тең болған.
Стандартты адам инсулинімен салыстырғанда (161 мин.) (№ 3 суретті қараңыз) инсулин глулизиннің қандағы сақталуының орташа уақыты қысқалау (98 мин.) болды.