Антраль®

Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения заболеваний печени
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015726
Информация о регистрации в РК: 18.06.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Антраль®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар 0,2 г

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – құрғақ затқа шаққанда Антраль 0,2 г,

қосымша заттар: ауыр магний карбонаты, картоп крахмалы, кросповидон XL 10 (Polyplasdone XL 10), микрокристалды целлюлоза 101, повидон К 29/32, полисорбат-80 (твин-80), сусыз коллоидты кремний қостотығы, кальций стеараты,

қабықтың құрамы: Opadry II 85 G 18490 white: поливинил спирті, полиэтиленгликоль, тальк, лецитин, титанның қостотығы (Е 171),

Opadry II 85 G25557 red: кармоизин алюминий лагы (Е 122), FD&C көгілдір #2 алюминий лагы (Е 132), темірдің (ІІІ) қызыл тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), лецитин, полиэтиленгликоль, тальк, поливинил спирті.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, қою қызыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр және өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған препараттар. Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар.

АТХ коды А05В А

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың қанда ең жоғары жинақталуы 3-4 сағаттан кейін байқалады, жартылай шығарылу кезеңі – 4-5 сағат. Препарат несеп және нәжіс арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Антраль® гепатопротекторлы препараттар тобына жатады.

Антраль® гепатопротекторлық әсері антиоксиданттық, жарғақша тұрақтандырғыш және қабынуға қарсы әсерлермен анықталады. Препараттың антиоксидантты әсерінің механизмі оның құрамына кіретін алюминийдің де, N-фенилантранил қышқылының да қасиеттерімен байланысты. Антраль® липидтер гидро асқын тотығының жинақталуына кедергі жасайды, қанда және тіндерде бос радикалдарды бейтараптандырады, организмнің эндогенді антиоксидантты жүйесін белсендіреді. Препарат гепатоциттер мен купферлік жасушалардың ядролық компоненттерінің зақымдану дәрежесін азайтады, бауырда репаративтік үдерістерді көтермелейді. Антраль® препаратын қолдану бауырдың гликогенсинтетикалық, ақуызсинтетикалық және липотроптық функциясын қалпына келтіруге ықпал етеді, тіндік тыныс алу үдерісін цитохромдар жүйесін белсендіру есебінен көтермелейді, бұл гепатоциттердің монооксигеназалық жүйелерінің қуатпен қамтамасыз етілуі және жұмыс істеуінің қалыпқа келуі мен бауырдың уыттылыққа қарсы функциясының жоғарылауына әкеледі.

Антраль® препаратының қабынуға қарсы әсер ету механизмі простагландиндер мен басқа да қабыну медиаторлары синтезін азайта отырып, циклооксигеназаны тежеу қабілетіне де, бос-радикалды тотығу үдерістерін бәсеңдету мен бос радикалдардың бейтараптандыру үдерісін күшейтуге де негізделеді. Бұл ретте жасушалық жарғақшалар өткізгіштігі төмендейді, цитолитикалық синдромның айқындылығы азаяды және гепатоциттер деструкциясын болдырмайды. Қабыну үдерісінің дамуына сондай-ақ препараттың лизосомалық ферменттер жарғақшаларын тұрақтандыру, АТФ түзілуі мен жасушалардың қабыну ошағына көшуін азайту, базофильдік гранулоциттер дегрануляциясын тежеу қабілетінің болуы да кедергі келтіреді

Шығу тегі әр түрлі жедел және созылмалы гепатиттерді, бауыр циррозын емдеуде тиімді, астеновегетативті бұзылулардың азаюына ықпал етеді, тәбетті, ұйқыны жақсартады, диспепсиялық құбылыстарды азайтады. Курс түрінде қолданғанда препарат қандағы билирубин, γ-глобулиндер, холестериннің құрамын, протромбиндік индексті, трансаминазалар (АлАТ және АсАТ) мен сілтілі фосфатаза белсенділігін қалыпқа түсіреді. Клиникаға дейінгі зерттеулер нәтижелері бойынша әртүрлі ксенобиотиктермен және олардың біріктірілімдерімен бауырдың жедел, жеделге жуық және созылмалы зақымдануы жағдайында Антраль® препаратының гепатотоксиндер әсер етуі салдарын бәсеңдетуге, гепатоциттерде репаративті үдерістерді белсендіруге және бауырдың құрылымдық-функционалдық жағдайы көрсеткіштерінің іс жүзінде қалыпты болуына ықпал ететіні анықталған. Антраль® организм ағзалары мен жүйелері функциясын бұзбайды, препараттың жинақтау қасиеті, иммуноуытты, аллергенді, ульцерогенді, эмбриоуытты, тератогенді әсері жоқ.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- жедел және созылмалы әртүрлі этиологиядағы гепатиттерде (вирустық, алкогольдік, дәрі-дәрмектік, уытты)

- майлы дистрофия және бауыр циррозында

- өт қабы, көкбауыр, ұйқы безінің қабыну ауруларында

- постхолецистэктомиялық синдромда (өт қабы алынғаннан кейін)

- этиологиясы әртүрлі токсиндердің жағымсыз әсер етуі салдарынан болатын бауыр ауруларының алдын алуда: дәрілік заттар, химиотерапия, сәулемен емдеу.

Қолдану тәсілі және дозалары

Антраль® ішке күніне 3 рет тамақтанудан кейін судың жеткілікті мөлшерімен ішуге тағайындалады:

  • ересектерге гепатобилиарлық жүйе ауруларын емдеу мен алдын алу үшін бір қабылдауға 200 мг; бауыр циррозы кезінде: емдеудің алғашқы аптасында – бір қабылдауға 400 мг, содан соң 2-3 апта – бір қабылдауға 200 мг;

Емдеу ұзақтығы аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты. Орташа емдеу курсы 3-4 аптаны құрайды.

Емдеу курсын 3-4 аптадан кейін қайталауға болады.

Жағымсыз әсерлері

Бірлі-жарым жағдайларда:

- әлсіздік, бас айналу, диспепсиялық құбылыстар, жүрек айну, іштің

ауыруы, препаратты тоқтатқаннан кейін қайтатын диарея.

Аллергиялық реакциялар, оның ішінде терінің бөртуі, есекжем, ангионевротикалық ісіну, терінің қызаруы және қышуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық

  • бүйректің бөліп шығару функциясының бұзылуы

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антраль® бактерияға қарсы, уытсыздандыратын, өт айдайтын, витаминдік препараттармен жақсы үйлеседі, бұл оны ем жүргізу кешеніне енгізуге мүмкіндік береді. Бауыр циррозы бар емделушілерге бір мезгілде Антраль® қолданғанда стероидты және цитостатикалық препараттардың белсенділігіне әсер етпейді; емдеудің тиімділігін бұдан әрі төмендетпестен, стероидтардың бұрын қабылданған дозаларын азайтуға (50-70 % дейін) болады.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік немесе лактация кезеңінде қолданылуы

Қолданылу тәжірибесінің шектеулі болуына байланысты препаратты жүктілік немесе бала емізу кезеңінде тағайындау ұсынылмайды.

Педиатрия тәжірибесінде қолданылуы

Препарат 18 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етуіне қатысты деректер жоқ, алайда жүргізушілер мен күрделі механизмдер операторлары бас айналудың дамуы ықтималдығын ескергендері жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: асқазанды жуу және (қажет болған жағдайда) симптоматикалық ем жүргізу керек.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Қабықпен қапталған 0,2 г таблеткалар. 10 таблеткадан жарықтан қорғайтын түрлі түсті поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада (блистерде). 3 пішінді ұяшықты қаптамадан (блистер) медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қ., Амангелді к-сі 59 "А" "Шартас" бизнес орталығы, 9 қабат.

Тел +7 (727) 267-64-63, факс +7 (727) 267-63-73, электронды поштасы: a.liadobruk@gmail.com

 

 

5

 

Прикрепленные файлы

688746831477976419_ru.doc 61 кб
627192321477977617_kz.doc 75 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники