Антигриппин-П №10 (Эйкос-Фарм) (антигриппин)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
«Антигриппин» - П
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетка құрамында
белсенді заттар: парацетамол – 0.25, аскорбин қышқылы – 0.15 г, кальций глюконаты – 0.05 г, димедрол – 0.01 г, рутин – 0.01 г.
қосымша заттар: крахмал, тальк, кальций стеараты.
Сипаттамасы
Сары түсті жазық беткейлі, ойығы және сызығы бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Суық тию және жөтел симптомдарын жою үшін. Суық тию симптомдарын жоюға арналған препараттардың басқа біріктірілімдері.
АТХ коды R05X.
Фармакологиялық қасиеттері
Препараттың фармакологиялық белсенділігі оның құрамына кіретін әсер етуші заттардың қасиеттеріне байланысты.
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін парацетамол АІЖ жылдам сіңеді, майлы тіндер мен жұлын сұйықтығын қоспағанда тіндерде және организмнің сұйық ортасында кеңінен тарайды. Ақуыздармен байланысуы 10 %-дан кем. Негізінен бауырда метаболизденеді, несеппен, ең бастысы глюкуронидті және сульфаттық конъюгат түрінде шығарылады. Парацетамол плацентарлық бөгет арқылы өтеді және емшек сүтімен бөлінеді.
Аскорбин қышқылы ішу арқылы қабылданғаннан кейін жақсы сіңеді. Шамамен 25%-ы плазма протеиндерімен байланысады, плазма мен жасушаларда жинақталады, безді тіндерде ең жоғары концентрациясына жетеді (негізінен бүйрек үсті безінің қыртыстарында және гипофизде). Бауырда метаболизденеді, несеппен оксалат түрінде және өзгермеген түрде шығарылады. Ішу арқылы қабылдағаннан кейін иондалған кальцийдің шамамен 30%-ы АІЖ сіңеді. Ішу арқылы қабылдағаннан кейінгі қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына 1,2–1,3 сағаттан соң жетеді. Организмнен негізінен нәжіспен (80%) және несеппен (20%) шығарылады.
Димедрол АІЖ жылдам сіңеді. Биожетімділігі 50% құрайды. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 98-99%. ГЭБ арқылы өтеді. Негізінен бауырда, ішінара – өкпе және бүйректе метаболизденеді. Тәулік бойы бүйрекпен метаболит түрінде толық шығарылады. Сондай-ақ сүтпен шығарылады әрі емшек еметін жастағы балаларда тыныштандырушы әсер туындатуы мүмкін.
Рутиннің ең жоғары концентрациясына ішу арқылы қабылдағаннан кейін 1-9 сағаттан соң жетеді. Негізінен өтпен және аз дәрежеде – бүйрекпен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Парацетамол ауыруды басатын, ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы әлсіз әсері бар. Әсер ету механизмі простагландиндер синтезі тежелуімен, негізінен гипоталамустағы жылу реттегіш орталығына әсер етуіне байланысты.
Аскорбин қышқылы организмде С витаминінің тапшылығын толықтырады, айқын антиоксидантты қасиетке ие, тотығу-тотықсыздану үдерісін реттейді, организмнің инфекцияларға төзімділігін жоғарылатады.
Кальций глюконаты аллергияға қарсы, гемостатикалық әсер көрсетеді, буын сынғыштығы мен өткізгіштігін, организмдегі кальций жеткіліксіздігі симптомдарын азайтады, бұлшықет дистрофиясында, миастенияда бұлшықет жиырылуын жақсартады.
Димедролдың аллергияға қарсы белсенділігі бар, жергілікті жансыздандыратын, спазмолитикалық және орташа ганглий бөгегіш әсері бар. Ішу арқылы қабылдағанда тыныштандырушы әрі ұйықтататын әсері бар, құсуға қарсы орташа әсер етеді.
Рутин ангиопротекторы Р витаминдер тобына жатады, аскорбин қышқылымен бірге қылтамырлардың өткізгіштігі мен сынғыштығын азайтады, тотығу-тотықсыздану үдерісіне қатысады, антиоксидантты қасиеті бар.
Қолданылуы
Қызба, тамақ ауыруы, бас ауыруы, ринит қатар жүретін тұмауды және басқа да жедел респираторлық вирустық инфекцияларды симптоматикалық емдеу
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге ішке күніне 3 рет 1 таблеткадан; 7 жастан үлкен балаларға тамақтан кейін 3-5 күн бойы ½ таблеткадан күніне 3 реттен тағайындайды.
Ересектерге арналған ең жоғарғы бір реттік доза – 2 таблетка, тәуліктік – 6 таблетка; 7 жастан асқан балаларға – 1 таблетка және сәйкесінше 3 таблетка.
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 5 күннен артық қолдану ұсынылмайды. Егер симптомдар сақталса дәрігерге қаралу керек.
Ұсынылған дозадан асыруға болмайды.
Жағымсыз әсерлері
- диспепсиялық құбылыстар, ауыздың құрғауы, эпигастриядағы ауырулар, жүрек айнуы, құсу, асқазан-ішек жолы шырышты қабығының тітіркенуі, жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда парацетамол гепатоуытты, нефроуытты әсер көрсетеді
- бас ауыруы, шаршау сезімі, ұйқышылдық, ОЖЖ қозуының артуы, психомоторлық реакциялар жылдамдығының төмендеуі, балаларда димедрол ұйқысыздықтың парадоксальді дамуын, ашушаңдық пен эйфория тудыруы мүмкін
- жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда ұйқы безі инсулярлық аппаратының функциясының нашарлауы (гипергликемия, глюкозурия), гипероксалурия және кальций оксалатынан несеп тастарының түзілуі мүмкін
- қылтамыр өткізгіштігінің төмендеуі және тін трофикасының нашарлауы
- тромбоцитоз, тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, анемия, гемолитикалық анемия (әсіресе глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттер үшін), гиперпротромбинемия, эритропения, нейтрофильді лейкоцитоз, гипокалиемия
- аллергиялық реакциялар: есекжем, терінің қышынуы, тері гиперемиясы
- несеп шығарудың қиындауы (әсіресе қуықасты безі ұлғайған еркектерде)
- тыныс алу жолы секреттерінің жоғары тұтқырлығы
Барлық жағымсыз әсерлер, оның ішінде жоғарыда аталмағандары туралы емдеуші дәрігерге хабарлап, препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың құрамына кіретін кез келген компоненттің жеке жақпаушылығы
- бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылуында
- созылмалы алкоголизм
- асқазан-ішек жолының эрозивтік-ойық жаралы зақымдануы (өршу сатысында)
- асқазан-ішектен қан кету
- қан құйылуға бейім қан аурулары
- бүйрек-тас ауруы (немесе сыртартқыда аталған аурудың болуы)
- эпилепсия
- 7 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілік және лактация кезеңінде
- анемия, лейкопения
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бауырдың микросомальді ферменттерінің индукторларымен, гепатоуытты әсері бар заттармен (салициламидтер, барбитураттар, эпилепсияға қарсы дәрілер, үшциклдық антидепресанттар, алкоголь, рифампицин) бір мезгілде қолданғанда парацетамолдың гепатоуытты әсерінің күшею қаупі (уытты метаболиттердің деңгейі артады) туындайды.
Доксорубицинмен бір мезгілде қолданғанда бауыр функциясының бұзылу қаупі ұлғаяды.
Ішу арқылы қабылданатын контрацептивтермен бір мезгілде қабылдағанда парацетамолдың организмнен шығарылуы жылдамдайды және оның анальгетикалық әсері азаюы мүмкін.
Белсендірілген көмір парацетамолдың биожетімділігін төмендетеді.
Антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда протромбиндік уақыттың аздап немесе орташа артуы мүмкін, қан кету қаупі өседі.
Метаклопромидпен және домперидонмен бір мезгілде қолданғанда парацетамол абсорбциясының ұлғаюы және оның қан плазмасындағы концентрациясы артуы мүмкін, ал холестирамин парацетамол концентрациясын төмендетеді.
Изониазидпен бір мезгілде қолданғанда парацетамолдың уытты әсерінің байқалған жағдайлары сипатталған, парацетамол клиренсін төмендетеді.
Парацетамол мен фенобарбиталды бір мезгілде қолданғанда гепатоуыттылық жағдайлары хабарланған. Гепатоуытты әсері этанол болғанда күшейеді.
Карбамазепин, фенитоин, фенобарбитал, примидон парацетамолдың тиімділігін азайтады.
Дәрілермен өзара әрекеттестігі жиі аскорбин қышқылын үлкен дозаларда ұзақ қолданғанда пайда болады.
Аскорбин қышқылы қандағы салицилаттар (кристаллурия қаупін жоғарлатады), этинилэстрадиол, бензилпенициллин мен тетрациклиндер концентрациясын жоғарылатады.
Эстрогендермен – қан сарысуындағы гормон деңгейі артады.
Құрамында эстрогендер бар оральді контрацептивтермен – контрацептивтік әсері азаяды.
Кумарин және гепарин туындыларының антикоагуляциялық әсерін азайтады.
Темір препараттарының ішекте сіңірілуін жақсартады.
Этил спиртінің жалпы клиренсін жоғарылатады, ол өз кезегінде аскорбин қышқылының концентрациясын төмендетеді.
Хинолиндік қатардың препараттары, кальций хлориді, салицилаттар, кортикостероидтер ұзақ уақыт қолданылғанда аскорбин қышқылының қорын азайтады.
Ацетилсалицил қышқылы, пероральді контрацептивтер, жаңа жасалған шырын және сілтілік сусын (ішімдік) аскорбин қышқылының сіңуін және сіңірілуін төмендетеді. Аскорбин қышқылын изопреналинмен бір мезгілде қолданғанда соңғысының хронотроптық әсері төмендейді. Жоғары дозаларда мексилетиннің бүйрек арқылы шығуын арттырады. Барбитураттар мен пиримидин аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын жоғарылатады. Аскорбин қышқылы психозға қарсы ДЗ (нейролептиктер) – фенотиазин туындыларының емдік әсерін, амфетамин мен үшциклдық антидепрессанттардың өзекшелік реабсорбциясын төмендетеді.
Бір мезгілде қабылдағанда димедрол этанол және ОЖЖ бәсеңдететін препараттардың, барбитураттардың, ұйықтатқыштардың, опиаттық анальгетиктердің әсерін күшейтеді. Сондықтан бұл препараттарды біріктіріп қолданғанда әсерінің әлеуеттенуіне жол бермеу үшін дәрігермен кеңесу қажет.
МАО тежегіштері димедролдың антихолинергиялық әсерін күшейтеді.
Антагонистік өзара әрекетестігі психостимуляторлармен бір мезгілде тағайындағанда байқалады.
Уыттануды емдегенде құстыратын зат ретінде апоморфиннің тиімділігін төмендетеді.
Холинді бөгейтін белсенділігі бар препараттардың антихолинэргиялық әсерін күшейтеді.
Кальций бір мезгілде қабылдағанда тетрациклиндік антибиотиктердің және фтор препараттарының сіңуін төмендетуі мүмкін. D витаминін бір мезгілде қабылдау кальцийдің сіңуін жоғарылатады. Сіңірілмейтін кешендердің түзілу мүмкіндігіне байланысты кальций эстрамустиннің, этидронаттың сіңірілуін төмендетуі мүмкін және басқа да бисфосфонаттардың, фенитоинның, хинолондардың, пероральді тетрациклиндік антибиотиктер мен препараттардың сіңірілуі кемінде 3 сағатты құрауы тиіс. Кальцийдің АІЖ сіңірілуі тағамның бірнеше түрі, мысалы, саумалдық, рауғаш, кебек және дәнді дақылдарды бір мезгілде қабылдағанда төмендеуі мүмкін. Оймақгүл препараттарын қабылдайтын науқастарға кальцийдің жоғары дозаларын тағайындау кезінде аритмия туындау қаупі ұлғаюы мүмкін. Тиазидтік диуретиктер кальцийдің несеппен экскрециясын азайтады. Сондықтан оларды бір мезгілде қолданғанда гиперкальциемия даму қаупін ескеру керек.
Аскорбин қышқылы рутиннің фармакологиялық әсерін күшейтеді.
Рутин аскорбин қышқылы мен адреналинді қышқылданудан сақтандырады.
Айрықша нұсқаулар
«Антигриппин»-П емдеген кезде құрамында парацетамол бар басқа препараттармен қабылдауға болмайды. Бауыр және бүйрек функциясы бұзылған науқастарға сақтықпен қабылдау керек. Ұйықтататын дәрілермен араластыруға болмайды.
Парацетамолды созылмалы бауыр және бүйрек ауруларында, подаграда, асқазан мен он екі елі ішектің ойық-жаралы ауруында (сыртартқыда) сақтықпен тағайындауды. Аталған ағзалардағы функционалдық өзгерістердің сипаты мен дәрежесін ескеру керек, өйткені бұл науқастарда парацетамолдың жартылай шығарылу уақытының ұлғаюы мүмкін. Парацетамол қабылдау фосфор-вольфрам қышқылының көмегімен қандағы несеп қышқылын анықтау және глюкоза-оксидаза-пероксидаза тәсілімен гликемияны анықтау нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін. Препаратты қабылдағанда және әсерінің байқалу барысында алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынады.
Аскорбин қышқылының кортикостериоидтық гормондардың синтезіне көтермелегіш әсерін ескере отырып, бүйрек функциясын АҚ бақылап отыру қажет. Аскорбин қышқылы жылдам пролиферацияланатын және қарқынды метастаздайтын ісіктері бар пациенттерде ауыру ағымын қиындатуы мүмкін. Аскорбин қышқылы әртүрлі зертханалық тесттердің (глюкоза құрамын, билирубинді және бауыр трансаминазалары белсенділігін, қан плазмасындағы ЛДГ анықтау) нәтижелерін бұрмалауы мүмкін. Аскорбин қышқылын гипероксалатуриясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындайды. Кальций глюконатын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге немесе D витаминінің жоғары деңгейімен байланысты ауруларда, саркоидоз типті ауруларда сақтықпен тағайындайды.
Барлық жағымсыз (ерекше) әсерлер, оның ішінде жоғарыда аталмағандары туралы емдеуші дәрігерге хабарлау керек.
Жағдайы жақсармаса препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек. Егер пациентке хирургиялық араласу керек болса, ол препаратты қабылдағаны туралы дәрігерге ертерек ескерту қажет.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен шұғылданатын пациенттерде сақтықпен қолданылады.
Артық дозалануы
Димедрол мен парацетамолдың артық дозалану симптомдары байқалады: жүрек айнуы, құсу, ауыздың құрғауы, көз қарашығының ұлғаюы, ОЖЖ бәсеңдеуі, құрысулар, қозудың немесе депрессияның дамуы (әсіресе балаларда).
Гиперкальциемия белгілері: анорексия, жүрек айнуы, құсу, сананың бұзылуы, нефрокальциноз, кальциурия және күрделі жағдайларда аритмия және кома.
Емі: асқазанды белсендірілген көмірмен шаю және симптоматикалық ем, жеделдетілген диурез, гемодиализ жүргізу. Парацетамолдың у қайтарғысы ацетилцистеин.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Таблеткалар екі жағында полимер жабыны бар қаптамалық қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға 10 данадан салынған. 250 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа (топтық қаптама) салынады.
10 таблеткадан ПВХ үлбір жабыны бар алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. ПВХ үлбір жабыны бар алюминий фольгадан жасалған 2 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. 55 картон қорапшадан картон қорапқа (топтық қаптама) салынады. ПВХ үлбір жабыны бар алюминий фольгадан жасалған 200 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа (топтық қаптама) салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Боралдай кенті, 71 разъезд.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Боралдай кенті, 71 разъезд.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
Алматы қ., Нүсіпбеков к-сі, 32
тел: 397 64 29, факс: 250 71 78
e-mail: pharm@eikos.kz