Андипал

МНН: Бендазол, Метамизол натрия, Папаверин, Фенобарбитал
Производитель: Ирбитский химико-фармацевтический завод ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Метамизол натрия в комбинации с психолептиками
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019050
Информация о регистрации в РК: 26.06.2012 - 26.06.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Андипал

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: анальгин 0.250 г,

фенобарбитал 0.020 г

дибазол 0.020 г

папаверин гидрохлориді 0.020 г,

қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, стеарин қышқылы.

Сипаттамасы

Сызығы мен ойығы бар, жалпақ цилиндр тәрізді, ақ немесе сәл сарғыш реңді ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да анальгетиктер мен антипиретиктер. Пиразолондар.

АТЖ коды N02BB72

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін натрий метамизолы 4-метил-амино-антипирин белсенді метаболитін түзе отырып, асқазан сөлінде тез гидролизденеді, ол сіңгеннен кейін 4-формил-амино-антипирин және басқа метаболиттер түрінде метаболизденеді. Метаболиттер плазма ақуыздарымен байланыспайды. Препараттың көп бөлігі метаболиттер түрінде несеппен шығарылады. Метоболиттер сондай-ақ емшек ана сүтімен де бөлінеді.

Фармакодинамикасы

Анальгин ауыруды басатын және ыстықты түсіруші әсер көрсетеді. Дибазол мен папаверин гидрохлориді асқазан-ішек жолдары ағзаларының тегіс бұлшықеттері тонусын төмендетеді, шеткергі тамырлардың кеңеюін туындатады. Фенобарбитал тыныштандырғыш әсер береді.

Андипал – біріктірілген препарат, қантамырларын кеңейткіш, ауыруды басатын, спазмолитикалық және тыныштандыратын әсер етеді.

Қолданылуы

- шеткергі артериялардың түйілуімен байланысты ауыру синдромында

- ми қан тамырларының түйілуінде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ішке, тамақтан соң, клиникалық көрінісіне байланысты 1-2 таблеткадан тәулігіне 2-3 рет. Емдеу курсы 7-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

  • ұйқышылдық

  • психомоторлық реакциялар жылдамдығының төмендеуі

  • жүрек айнуы, іш қатуы

  • артериялық қысымның төмендеуі

  • лейкопения, агранулоцитоз

  • бауыр/бүйрек қызметінің бұзылуы

  • Лайелл және Стивен-Джонсон синдромы

  • гипотермия

  • гепатоуыттылық

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерге жоғары сезімталдық

  • бауыр және/ немесе бүйрек жеткіліксіздігі

  • қан түзілудің бұзылуы

  • тахиаритмия, ауыр стенокардия, декомпенсацияланған СЖЖ

  • жабық бұрышты глаукома

  • қуық асты безі гиперплазиясы

  • ішектің бітелуі, мегаколон

  • глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

  • жүктілік, емшекпен емізу

  • балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттестігі

Андипал нитраттардың, кальций антагонистері, бета-аденобөгегіштері, ганглиобөгегіштері, диуретиктер (оның ішінде фуросемид, гипотиазид) миотроптық спазмолитиктердің гипотензивтік әсерін күшейтеді. Есірткілік анальгетиктермен бір мезгілде қолданғанда жағымсыз әсерлерінің өзара күшею қаупі байқалады.

Андипал орталық жүйке жүйесін әлсірететін препараттар, оның ішінде этанол мен құрамында этанол бар препараттардың әрекетін күшейтуі мүмкін.

Адсорбенттер, тұтқыр, бүркемелейтін ДЗ препараттың АІЖ-да сіңуін төмендетеді.

Анаприлин, Н2-гистамин рецепторларының бөгегіштері андипалдың әсерін күшейтеді.

Андипал диабетке қарсы пероральды препараттардың гипогликемиялық әсерін жоғарылатады

Препараттың белсенді компоненттері фенобарбитал мен анальгиннің біріктірілімі Лайелл және Стивен-Джонсон синдромының даму қаупін арттырады.

Анальгинді дибазол мен папаверинмен біріктіріп қолдану олардың ыстықты түсіретін әсері мен жылу беруінің ұлғаюы синергизмінің нәтижесінде гипотермияға әкелуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Андипал ұзақ тағайындалғанда шеткергі қан көрінісін ұдайы бақылап отырған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезінде зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қызмет түрлерімен айналысудан бас тарта тұру қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары – жағымсыз әсерлерінің күшеюі

Емі – симптоматикалық

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Полиэтилен жабыны бар қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықсыз қаптамалар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге топтық қаптамаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл 6 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ирбит химия-фармацевтикалық зауыты» ААҚ,

623856, Ресей, Свердлов обл., Ирбит қ., Киров к-сі, 172

Тел/факс (34355) 3-60-90

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ирбит химиялық-фармацевтикалық зауыты» ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Ирбит химия-фармацевтикалық зауыты» ААҚ,

623856, Ресей, Свердлов обл., Ирбит қ., Киров к-сі, 172

Тел/факс (34355) 3-60-90

Электронды поштасы: info@ihfz.ru

Прикрепленные файлы

150432681477977029_ru.doc 50 кб
048337461477978204_kz.doc 62.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники