Ангисепт SV®

МНН: Аскорбиновая кислота, Прополис, Шалфея лекарственного листьев экстракт
Производитель: ТОО "ПЛП "ЖАНАФАРМ"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010007
Информация о регистрации в РК: 06.08.2021 - 06.08.2031

Инструкция

Саудалық атауы

АНГИСЕПТ SV®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 0,06 г прополис тұндырмасы,

0,005 г аскорбин қышқылы

0,005 г сәлбен қою сығындысы

қосымша заттар: қант, лимон қышқылы, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Сызығы мен ойығы, аздап теңбілі бар ашық-сары түсті жалпақ цилиндрлі таблеткалар. Өзіне тән қышқылтым – тәтті дәмі бар.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.

АТЖ коды R02АА20

Фармакологиялық қасиеттері

Прополис құрамында флавоноидтер, флавондар, флавонолдар, даршын қышқылының туындылары болуы есебінен препарат бактерияға қарсы, қабынуға қарсы, ауыруды басатын, жарақатты жазатын әсерге ие. Аскорбин қышқылы. Тотығу-қалпына келу үдерістерін, көмірсу алмасуын, қан ұйығыштығын реттеуге қатысады, организмнің жұқпаға төзімділігін жоғарылатады. Фенилаланин, тирозин, фолий қышқылы метаболизміне, көмірсулардың ыдырауына, липидтер, ақуыздар, карнитин синтезіне, иммундық реакцияларға, серотониннің гидроксилденуіне қатысады. Аниагрегантты және антиоксидантты қасиетке ие. Көптеген биохимиялық реакцияларда иондар сутегін тасымалдауды реттейді. Жасуша аралық заттың коллоидты жағдайын және қылтамырлардың қалыпты өткізгіштігін демейді. Дәрілік сәлбен сығындысының құрамында эфир майы, алкалоидтер, иіткіш және ащы заттар, шайырлы компоненттер бар. Қабынуға қарсы, зарарсыздардырушы, тұтқырлық әсерін береді.

Қолданылуы

  • жоғары тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы жұқпаларында (ЖРА, бронхитте, баспада, гингивитте, стоматитте)

  • ауыз қуысының ойылуында және жарасында

  • ауызда және тамақта жағымсыздықты сезінгенде (кеберсуде және жыбырлауда)

  • ауыздан жағымсыз иісті кетіруде

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблетканы ауызда толық ерігенге дейін ұстау керек. 6 жастан асқан балаларға күніне 1 таблеткадан 3-4 рет. Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға күніне 2 таблеткадан 3-4 рет. Емдеу курсы 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • жүрек айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі

  • балдан жасалған өнімге аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта

  • қант диабетінде

  • 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілікте, лактацияда

Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қолдануға шектеу жоқ.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі

Препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Белгілері: аздап жүрек айнуы.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полимерлі жабындымен біріктірілген қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада 10 таблеткадан. Пішінді қаптама мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге топтық ыдысқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15-тен 25ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“Д-ДӨ “ЖАНАФАРМ” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шухов к-сі 37-б

Тіркеу куәлігінің иесі

“ Д-ДӨ “ЖАНАФАРМ” ЖШС, Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Алматы қ., Шухов к-сі 37-б

тел/факс 8 727- 231-22-85

E-mail: janafarm@ mail.kz

Прикрепленные файлы

541072221477977183_ru.doc 45.5 кб
509403791477978338_kz.doc 44 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники