Ангиноваг

МНН: Бета-глицирретовая кислота, Гидрокортизон, Деквалиния хлорид, Лидокаин, Тиротрицин
Производитель: Феррер Интернасиональ С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения заболеваний глотки
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019408
Информация о регистрации в РК: 29.03.2018 - 29.03.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Ангиноваг

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жергілікті қолдануға арналған спрей

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді заттар:

деквалиний хлориді 0.1 г, тиротрицин 0.4 г, β–глициррет қышқылы 0.06 г, гидрокортизон ацетаты 0.06 г, лидокаин гидрохлориді 0.1 г,

қосымша заттар: пропиленгликоль, ананас майы, натрий сахаринаты, этанол 96 %.

Сипаттамасы

Ананасқа тән дәмі мен иісі бар, мөлдір, түссіз немесе ақшыл сары ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар.

АТХ коды R02А.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат ингаляциялық қолдануға арналған және емдік концентрациясын негізінен қабыну ошағында түзеді.

Фармакодинамикасы

Ангиноваг өзінің құрамында қабынуға қарсы, аллергиялық, иммунитетті көтермелеуші, антиоксиданттық, ауыруды басатын, бактерияға қарсы және антисептикалық, вирусқа қарсы әсер ететін заттарды біріктіреді. Аталған фармакологиялық қасиеттердің бірігуі жоғарғы тыныс жолдары мен ауыз қуысының шырышты қабықтарының қабыну ауруларын кешенді патогенетикалық емдеумен қамтамасыз етеді. Препарат бүркуге арналған клапаны бар спрей түрінде, соның арқасында ауызжұтқыншақтың жұқпаларын емдеу үшін қолдануға қолайлы.

Қолданылуы

- ауыз қуысы мен жоғарғы тыныс жолдарының жұқпалы-қабынбалы аурулары: тонзиллитті, фарингитті, ларингитті, афтоздық және ойық жаралы стоматиттерді, глосситті жергілікті емдеуде.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектер мен 13 жастан асқан балаларға.

Қолданар алдында ауыз бен жұтқыншақты шайып, зақымдалған жерлердегі өңездерді кетіру керек.

Екпінді дозасы - әр 2-3 сағат сайын 1-2 бүрку, демеуші дозасы – әр 6 сағат сайын 1 бүркуден. Емдеу курсын дәрігер жекелей анықтайды, әдетте 5-7 тәулікті құрайды.

Дұрыс қолданылуы үшін, құтыны пероральді аппликаторы зақымдалған аймаққа бағыталатындай қылып тік қалыпта салу ұсынылады, бірақ ауыз қуысына толық енгізбеңіз. Қалпақшасының үстіңгі бөлігін жоғарыдан төмен қарай басыңыз. Орнатқаннан және қолданғаннан кейін құтының пероральді аппликаторын шешпеңіз.

Жағымсыз әсерлері

- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар

- шымылдату сезімі, құрғау

- жеңіл ұю.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез-келгеніне жекелей жоғары сезімталдық

- 13 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Новокаинмен, тыныштандыратын препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Ангиновагтың құрамында ақырғы көлемі 89,385 % этанол бар. Әр бүрку шамамаен 0.075 г этанолдан тұрады, ол педиатрияда 13 жасқа дейінгілер, жүкті әйелдер мен бауыр аурулары, маскүнемдігі, эпилепсиясы, ми зақымдалулары бар емделушілерде қолданылуындағы қауіпке себеп болады, сондықтан сақтықпен қолдану керек.

Қант диабетінде сақ болу керек, өйткені препараттың құрамында натрий сахаринаты бар.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға қарсы көрсетілім жоқ, бірақ қабылдаудың дұрыстығын қолданудың ықтимал қаупінен пайдасының басымдығына байланысты дәрігер анықтайды. Ұсынылған дозаларынан асырмау керек.

Автокөлік немесе қауіптілігі зор басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Құрамында 0.075 г этанол бар екенін ескере отырып, автокөлік немесе қауіптілігі зор басқа механизмдерді басқару кезінде сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Артық дозаланған жағдайлары тіркелмеген.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

20 мл препараттан полипропилен қақпақпен тығындалған, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған ақ түсті құтыларға салады.

1 құтыдан қондырмасымен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

30ºC-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

Феррер Интернасиональ С.А.,

Гран Виа де Карлос III, 94 08028 Барселона, Испания.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Лаборатории Новаг С. А., Испания

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Феррер Интернасиональ С.А., Испания.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Өкілдігі: Орта Азия бойынша ҚР-дағы «Медиал Ди энд Пи Лтд»

Мекенжайы: 050050, Алматы қ-сы, тел: +7 727 295 48 82/83, факс 295 48 81.

 

Прикрепленные файлы

327165941477977012_ru.doc 44 кб
160079921477978188_kz.doc 50 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники