Анаприлин (10мг)

МНН: Пропранолол
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Propranolol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010289
Информация о регистрации в РК: 29.12.2023 - 29.12.2028
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 0.89 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Анаприлин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пропранолол

Дәрілік түрі

10 мг, 40 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: пропранолол гидрохлориді (анаприлин) – 10.00 мг, 40.00 мг,

қосымша заттар: сахароза, кальций стеараты, картоп крахмалы.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы бар (10 мг және 40 мг доза үшін) ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Селективті емес бета-адреноблокаторлар. Пропранолол

АТХ коды C07AA05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағанда тез және толығымен дерлік (90%) сіңеді және салыстырмалы түрде организмнен тез шығарылады. Ішке қабылдағаннан кейінгі биожетімділігі - 30-40 % (бауыр арқылы "бірінші өту" әсері, микросомалық тотығу), ұзақ уақыт қабылдағанда - арта түседі (бауыр ферменттерін тежейтін метаболиттер түзіледі), оның шамасы тағамның сипатына және бауыр қан ағымының қарқындылығына байланысты. 3 жолмен – хош иісті

гидроксилдену, N-деалкилдену және бауырда глюкурондалу жолымен, соның ішінде CYP2D6, CYP1A2, CYP2C19 цитохромы изоферменттерінің қатысуымен метаболизденеді.

Қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына 1-1,5 сағаттан кейін жетеді. Липофильділігі жоғары, өкпе, ми, бүйрек, жүрек тінінде жинақталады. Гематоэнцефалдық және плацентарлық бөгеттер арқылы емшек сүтіне өтеді. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы - 90-95 %. Таралу көлемі - 3-5 л/кг.

Өтпен ішекке түседі, деглюкурондалады және қайта сіңіріледі. Жартылай шығарылу кезеңі - 3-5 сағат, курстық енгізу аясында 12 сағатқа дейін ұзаруы мүмкін. Бүйрекпен - 90 %-ы, өзгеріссіз күйде - 1 %-дан азы шығарылады. Гемодиализ кезінде шығарылмайды.

Бүйрекпен бауыр қызметі бұзылған егде жастағы емделушілердегі фармакокинетикасының ерекшеліктері: гипоальбуминемия салдарынан (жас шамасына байланысты немесе бауыр немесе бүйректің зақымдалуынан туындаған) препараттың қан плазмасындағы концентрациясы елеулі артады, бұл препараттың фармакологиялық әсерлерінің күшеюіне себеп болуы мүмкін. Егде және кәрі жастағыларда препараттың метаболикалық белсенділігінің өзгерістері де бауырдың микросомалық жүйесінің жағдайына және монооксигеназалық тотығуға тәуелді гепатоциттердегі Р450 цитохромы төмен белсенділігіне негізделеді, бұл тіндердегі пропранололдың жоғары концентрацияларын ұзағырақ ұстап тұруға ықпал етеді. Препаратты мұндай емделушілерге тағайындау жекелей төмен дозаларын іріктей отырып жүргізіледі.

Фармакодинамикасы

Селективті емес бета-адреноблокатор. Жүрек қыспасына қарсы, гипотензивтік және аритмияға қарсы әсері бар. Бета-адренорецепторларды (75 % бета1- және 25 % бета2-адренорецепторларды) селективті емес бөгей отырып, катехоламиндердің аденозинтрифосфаттан циклдық аденозинмонофосфаттың түзілуін көтермелеуін азайтады, соның нәтижесінде кальцийдің жасуша ішіне түсуін төмендетеді, теріс хроно-, дромо-, батмо- және инотроптық әсер береді (жүректің жиырылу жиілігін сиретеді, өткізгіштік пен қозғыштықты бәсеңдетеді, миокардтың жиырылғыштығын төмендетеді).

Бета-адреноблокаторларды қолданудың басында жалпы шеткергі қантамыр кедергісі бастапқы 24 сағат ішінде артады (альфа-адренорецепторлардың белсенділігінің реципрокты артуы және бета2-адренорецепторлардың қаңқа бұлшықеттерінің көтермеленуін жоюы нәтижесінде), бірақ 1-3 тәуліктен соң бастапқысына қайта келеді, ал ұзақ уақыт тағайындағанда төмендейді.

Гипотензивтік әсері жүректің минуттық көлемін азайтуымен, шеткергі қантамырлардың симпатикалық көтермеленуімен, ренин-ангиотензин жүйесінің белсенділігін (рениннің бастапқы гиперсекрециясы бар науқастарда маңызы бар), қолқа доғасының барорецепторларының сезімталдығын төмендетуімен (артериялық қысымның төмендеуіне жауап ретінде олардың белсенділігі күшеймейді) және орталық жүйке жүйесіне әсерімен байланысты. Антигипертензивтік әсері курстық тағайындалуының 2 аптасының аяғына қарай тұрақтанады.

Жүрек қыспасына қарсы әсері миокардтың оттегіге қажеттілігін (теріс хронотропты және инотропты әсерінің есебінен) төмендетуге негізделеді. Жүректің жиырылу жиілігінің азаюы диастоланың ұзаруына және миокард перфузиясының жақсаруына алып келеді. Сол жақ қарыншадағы ақырғы диастолалық қысымның жоғарылауы және қарыншалардың бұлшықет талшықтарының созылуы артуы есебінен әсіресе, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі бар науқастарда оттегіге қажеттілікті арттыруы мүмкін.

Аритмияға қарсы әсері аритмогендік факторлардың (тахикардия, симпатикалық жүйке жүйесі белсенділігінің жоғарылауы, циклдық аденозинмонофосфат құрамының жоғарылауы, артериялық гипертензияның) жойылуымен, синустық және эктопиялық ырғақ жетекшілерінің өздігінен қозу жылдамдығын азайтуына және атриовентрикулярлық енгізілуін баяулатуына негізделген. Импульстер өткізілуінің бәсеңдеуі атриовентрикулярлық түйін және қосымша жолдар арқылы көбінесе антеградтық және азғантай дәрежеде ретроградтық бағыттарда байқалады. Аритмияға қарсы дәрілік заттардың жіктемесі бойынша II топтың препараттарына жатады.

Шығу тегі қантамырлық бас ауыруының алдын алу қабілеті қантамыр рецепторларының бета-адреноблокадасы салдарынан церебральді артериялардың кеңуі айқындығының азаюына, катехоламиндер туғызған тромбоциттер агрегациясы мен липолизді тежеуге, тромбоциттер адгезиялығының төмендеуіне, эпинефриннің босап шығуы кезінде қанның ұйыту факторларының белсенділенуін болдырмауға, тіндерге оттегінің түсуін көтермелеуге және ренин сөлінісін азайтуға негізделген.

Пропранололды қолдану аясында тремордың азаюы бета2-адренорецепторлардың блокадасына негізделуі мүмкін. Қанның атерогендік қасиеттерін арттырады. Жатырдың жиырылуын күшейтеді (өздігінен болған және миометрийді көтермелейтін дәрілік заттар туғызған). Бронхтардың тонусын арттырады.

Қолданылуы

- артериялық гипертензияда

- тұрақсыз стенокардияда, ширығу стенокардиясында

- синустық тахикардияда (соның ішінде гипертиреозда), қарыншаүстілік тахикардияда, жыпылықтағыш тахиаритмияда, қарыншаүстілік және қарыншалық экстрасистолияда

- миокард инфарктісінде (систолалық артериялық қысым - 100 мм сын.бағ. артық),

- феохромоцитомада (кешенді ем құрамында)

- бас сақинасында (ұстамалардың алдын алуда)

- эссенциальді треморда

- тиреотоксикоз бен тиреоуытты кризді (тиреостатикалық дәрілік заттарды көтере алмаушылықта), диэнцефальді синдром аясындағы симпатоадреналдық криздерді емдеуде қосымша зат ретінде.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Анаприлинді тамаққа дейін ішке, азғантай су мөлшерімен ішіп қабылдайды.

Артериялық гипертензияда – тәулігіне 2 рет 40 мг. Гипотензивтік әсерінің айқындығы жеткіліксіз болса, дозасын тәулігіне 3 рет 40 мг дейін немесе 2 рет 80 мг-ден арттырады. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы - 320 мг.

Стенокардияда, жүрек ырғағының бұзылуларында - бастапқы дозада тәулігіне 3 рет 20 мг, сосын дозасын 2-3 қабылдауға бөліп 80-120 мг дейін арттырады. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы -240 мг.

Бас сақинасының алдын алуда, сондай-ақ эссенциальді треморда - бастапқы дозада тәулігіне 2-3 рет 40 мг, қажет болса дозасын біртіндеп тәулігіне 160 мг дейін арттырады.

Бауыр қызметі бұзылған жағдайда препараттың дозасын төмендету қажет.

Бүйрек қызметі бұзылғанда бастапқы дозасын төмендету немесе препаратты қабылдау аралықтарын ұзарту қажет.

Қайталанатын миокард инфарктісінің алдын алуда - емдеуді бастан өткерген миокард инфарктісінен кейінгі 5-інші және 21-інші күндер аралығында 2-3 күн бойы тәулігіне 4 рет 40 мг дозада бастау керек. Сосын тәулігіне 2 рет 80 мг дозада.

Феохромоцитомада - тек альфа-адренорецепторлардың блокаторларымен ғана қолдану керек.

Емдеу ұзақтығын дәрігер жекелей белгілейді.

Операция алдында 3 күн бойы тәулігіне 60 мг тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

- синустық брадикардия, атриовентрикулярлық блокада, жүрек жеткіліксіздігі, жүрек қағуын сезіну, миокард өткізгіштігінің бұзылуы, аритмиялар, артериялық қысымның төмендеуі, ортостатикалық гипотензия, кеуденің ауыруы, шеткергі артериялардың түйілуі, аяқ-қолдардың мұздауы

- ауыз қуысының шырышты қабығының құрғауы, дәм сезудің бұзылуы, жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің қатуы, эпигастрий аймағының ауыруы

- бауыр қызметінің бұзылуы

- мезентериальді тромбоз

- ишемиялық колит

- бас ауыруы, ұйқысыздық, "қорқынышты" түс көрулер, астениялық синдром, көңіл-күйдің құбылмалылығы, жылдам психикалық және қимыл-қозғалыс реакцияларына қабілеттіліктің төмендеуі, қозу, депрессия, парестезиялар, қатты шаршау, әлсіздік, бас айналуы, ұйқышылдық, сананың шатасуы немесе қысқа мерзімді естен тану, елестеулер, тремор, кататония

- ринит, мұрынның бітелуі, ентігу, бронх түйілуі, ларингоспазм

- гипогликемия (I типті қант диабетімен науқастарда), гипергликемия (II типті қант диабетімен науқастарда)

- көздің шырышты қабықтарының құрғауы (көз жасы сұйықтығы бөлінісінің азаюы), көру жітілігінің бұзылуы, кератоконъюнктивит

- либидо төмендеуі, потенцияның төмендеуі

- алопеция, псориаз ағымының өршуі, қатты терлеу, тері гиперемиясы, экзантема, псориаз тәрізді тері реакциялары

- қалқанша безі қызметінің төмендеуі

- ұрыққа әсері: құрсақішілік өсудің тежелуі, гипогликемия, брадикардия.

- тері бөртпесі, қышыну, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, эксфолиативті дерматит, мультиформалы эритема

- зертханалық көрсеткіштер: агранулоцитоз, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің немесе билирубин деңгейінің артуы

- басқа: бұлшықет әлсіздігі, арқаның немесе буындардың ауруы, кеуде қуысының ауыруы, лейкопения, тромбоцитопения және "тоқтату" синдромы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- II-III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, синоаурикулярлық блокада

- синустық брадикардия (минутына 50 соғудан аз)

- артериялық гипотензия

- жүректің II-III дәрежелі бақыланбайтын созылмалы жеткіліксіздігі, жүректің жедел жеткіліксіздігі, жедел миокард инфарктісі (систолалық артериялық қысым - 100 мм сын.бағ.аз), кардиогендік шок

- өкпенің ісінуі

- синустық түйін әлсіздігінің синдромы

- Принцметал стенокардиясы, кардиомегалия (жүрек жеткіліксіздігі белгілерінсіз)

- вазомоторлық ринит

- шеткергі қантамырлардың окклюзиялық аурулары

- қант диабеті, сахараза/изомальтаза тапшылығы, фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, метаболикалық ацидоз (соның ішінде диабеттік кетоацидоз)

- бронх демікпесі, бронхоспастикалық реакцияларға бейімділік, өкпенің созылмалы обструкциялы аурулары (соның ішінде сыртартқыдағы)

- феохромоцитома (альфа-адреноблокаторларды бір мезгілде пайдаланбай)

- спастикалық колит

- антипсихотикалық дәрілермен және анксиолитиктермен (хлорпромазин, триоксазин және басқа), моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау

- жүктілік, лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)

Сақтықпен:

- бауырдың және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі

- гипертиреоз

- миастения

- I-II ФК жүректің созылмалы жеткіліксіздігі

- феохромоцитома

- псориаз

- сыртартқыдағы аллергиялық реакциялар

- Рейно синдромы

- егде жастағылар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Диуретиктермен, резерпинмен, гидралазинмен және басқа гипотензивтік дәрілермен, сондай-ақ этанолмен үйлестірілгенде пропранололдың антигипертензивтік әсері күшейеді.

Антигипертензивтік әсерін қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (натрийдің іркілуі және бүйректің простагландин синтезін бөгеуі), эстрогендер (натрийдің іркілуі) және моноаминоксидаза тежегіштері әлсіретеді.

Циметидин биожетімділігін арттырады.

Лидокаиннің қан плазмасындағы концентрациясын арттырады, теофиллиннің клиренсін төмендетеді.

Фенотиазин туындыларымен бір мезгілде тағайындау екі препараттың да қан плазмасында концентрацияларын арттырады.

Тиреостатикалық және жатыр тонусын көтеретін препараттардың әсерін күшейтеді; антигистаминдік дәрілердің әсерін төмендетеді.

Иммунотерапия және тері сынамалары үшін пайдаланылатын аллергендерді енгізу аясында ауыр жүйелі реакциялардың (анафилаксияның) даму қаупін арттырады.

Амиодарон, верапамил және дилтиазем - пропранололдың теріс хроно-, ино- және дромотропты әсерлерінің айқындығын күшейтеді.

Көктамыр ішіне енгізуге арналған, құрамында йод бар рентгенконтрастылы дәрілік заттар анафилактикалық реакциялардың даму қаупін арттырады.

Көктамыр ішіне енгізгенде фенитоин, ингаляциялық жалпы анестезияға арналған дәрілік заттар (көмірсутектердің туындылары) кардиодепрессивті әсерін және артериялық қысымның төмендеу ықтималдығын арттырады.

Инсулиннің және ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық дәрілік заттардың тиімділігін өзгертеді, дамып келе жатқан гипогликемия симптомдарын бүркемелейді (тахикардияны, артериялық қысымның жоғарылауын).

Ксантиндердің (дифиллиннен басқа) клиренсін төмендетеді.

Гипотензивтік әсерін глюкокортикостероидтар төмендетеді.

Жүрек гликозидтері, метилдопа, резерпин және гуанфацин, аритмияға қарсы дәрілік заттар брадикардияның, атриовентрикулярлық блокаданың, жүректің тоқтап қалуы мен жүрек жеткіліксіздігінің даму немесе ушығу қаупін арттырады.

Пропранолол мен нифедипинді бір мезгілде қолдану артериялық қысымның едәуір төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Деполяризацияланбайтын миорелаксанттардың және варфариннің антикоагулянттық әсерін ұзартады.

Үш- және төртциклды антидепрессанттар, антипсихотикалық дәрілік заттар (нейролептиктер), этанол, тыныштандыратын және ұйықтататын дәрілік заттар орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуін күшейтеді.

Антигипертензивтік әсерінің едәуір күшейетініне байланысты, моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, моноаминоксидаза тежегіштері мен пропранололды қабылдау арасындағы үзіліс 14 күннен аз болмауы тиіс.

Гидрирленбеген қастауыш алкалоидтары шеткергі қанайналым бұзылуларының даму қаупін арттырады.

Сульфасалазин пропранололдың қан плазмасындағы концентрациясын арттырады (метаболизмін тежейді), рифампицин жартылай шығарылу кезеңін қысқартады.

Айрықша нұсқаулар

Анаприлинді қабылдап жүрген науқастарды бақылауға жүректің жиырылу жиілігін және артериялық қысымды қадағалау (емдеудің басында – күн сайын, сосын 3-4 айда 1 рет), электрокардиограмма кірістірілуі тиіс.

Егде жастағы емделушілерде бүйрек қызметін қадағалап отыру ұсынылады (4-5 айда 1 рет).

Егде жастағы науқастарда үдемелі брадикардия (минутына 50 соғудан аз), гипотензия (систолалық артериялық қысым 100 мм сын. бағ. аз), атривентрикулярлық блокада, бронх түйілуі, қарыншалық аритмиялар, бауыр және/немесе бүйрек қызметтерінің ауыр бұзылулары пайда болған жағдайда, препараттың дозасын азайту немесе емдеуді тоқтату қажет.

Науқасқа жүректің жиырылу жиілігін есептеу әдістемесін үйрету және жүректің жиырылу жиілігі минутына 50-ден аз соқса, дәрігермен кеңесу қажетті туралы нұсқау беру керек.

Бета-адреноблокаторларды қабылдаудан туындаған депрессия дамығанда емдеуді тоқтату ұсынылады.

Жанаспалы линзаларды пайдаланатын науқастар емдеу аясында көз жасы сұйықтығы өндірілуінің азаюы мүмкін екендігін ескеру керек.

Анаприлинді жүрек жеткіліксіздігі бар (бастапқы сатылары) емделушілерге тағайындар алдында жүрек гликозидтерін және/немесе несеп айдайтын дәрілерді қолдану керек.

Жүректің ишемиялық ауруын және тұрақты артериялық гипертензияны емдеу ұзақ жүргізілуі тиіс - Анаприлинді бірнеше жыл бойы қабылдауға болады.

Анаприлин препаратымен емдеуді біртіндеп, дәрігердің қадағалауымен тоқтату қажет: күрт тоқтату миокард ишемиясын күрт күшейтуі, стенокардия ұстамасын жеделдетуі, дене жүктемесіне толеранттылықты нашарлатуы мүмкін.

Тоқтатуды біртіндеп, дозасын 2 апта бойы және одан да көп уақыт төмендете отырып (дозасын әр 3-4 күн сайын 25 %-ға төмендетеді) жүргізеді.

Қант диабетімен науқастарда препаратты қолдануды қандағы глюкоза құрамын бақылай отырып жүргізеді (4-5 айда 1 рет).

Тиреотоксикозда Анаприлин гипертиреоздың белгілі бір клиникалық белгілерін (мысалы, тахикардияны) бүркемелеуі мүмкін. Тиреотоксикозбен науқастарда күрт тоқтату қарсы көрсетілімді, өйткені симптоматикасын күшейтуге қабілетті. Бета-адреноблокаторларды гипогликемиялық препараттарды қабылдап жүрген науқастарға тағайындағанда, сақ болу керек, өйткені ас ішудегі ұзақ үзілістер кезінде гипогликемия дамуы мүмкін. Сонымен бірге оның тахикардия немесе тремор сияқты симптомдары, препараттың әсері есебінен бүркемеленеді. Науқастарға бета-адреноблокаторлармен емдеу кезіндегі гипогликемияның негізгі симптомы қатты тершеңдік болып табылатындығына қатысты нұсқау беру керек.

Клонидинді бір мезгілде қабылдағанда оны қабылдауды Анаприлинді тоқтатқаннан кейін бірнеше күннен кейін ғана тоқтатуға болады. Феохромоцитомада тек альфа-адреноблокаторлармен үйлестіріп тағайындайды.

Антипсихотикалық препараттармен (нейролептиктермен) және транквилизаторлармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Катехоламиндер қорын төмендететін препараттар (мысалы, резерпин) бета-адреноблокаторлардың әсерін күшейтуі мүмкін, сондықтан препараттарды үйлестіріп қабылдайтын науқастар гипотензия мен брадикардияны анықтау үшін дәрігердің тұрақты бақылауында болуы тиіс.

Анаприлинмен емдеу аясында верапамилді, дилтиаземді көктамыр ішіне енгізуден аулақ болу керек.

Психотроптық дәрілермен бірге, мысалы, моноаминоксидаза тежегіштерімен, оларды 2 аптадан аса курстық қолдануда сақтықпен қолдану керек. Хлороформмен немесе эфирмен жалпы анестезия жүргізерден бірнеше күн бұрын препаратты қабылдауды тоқтату қажет (миокард қызметі бәсеңдеуінің және гипотензияның даму қаупінің жоғарылауы).

«Шылымқорларда» бета-адреноблокаторлардың тиімділігі төмен.

Емдеу кезінде этанолды қолдану ұсынылмайды (артериялық қысым күрт төмендеуі мүмкін).

Қан мен несептегі катехоламиндер, норметанефрин және ванилинминдаль қышқылының құрамын; антинуклеарлық антиденелердің титрлерін зерттеу алдында препаратты тоқтату керек.

Емдеу кезінде табиғи лакрицаны пайдаланудан аулақ болу керек; ақуыздарға бай тамақ биожетімділігін арттыруға қабілетті.

Жүктілік және лактация кезінде қолданылуы

Препаратты жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды. Препаратты лактация кезінде қолдану қажет болса, бала емізуді тоқтату қажет.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезінде автокөлік жүргізуде және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіпті қызмет

түрлерімен шұғылданғанда сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: айқын брадикардия, бас айналуы немесе естен тану, артериялық қысымның айқын төмендеуі, аритмиялар, тыныс алудың төмендеуі, саусақ тырнақтарының немесе алақандардың цианозы немесе құрысулар.

Емі: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмірді тағайындау, атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылуында – көктамыр ішіне 1 -2 мг атропин, эпинефрин енгізіледі, тиімділігі төмен болса, уақытша кардиостимулятор қойылады; қарыншалық экстрасистолияда - лидокаин (IA класты препараттар қолданылмайды); гипотензияда - науқас Тренделенбург қалпында жатуы тиіс. Егер өкпенің ісіну белгілері болмаса, көктамыр ішіне плазма алмастырушы ерітінділерді енгізеді, тиімсіз болса - эпинефрин, допамин, добутамин; құрысуларда – көктамыр ішіне диазепам; бронх түйілуінде ингаляциялық немесе парентеральді жолмен - бета-адреномиметиктерді енгізеді.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

20 таблеткадан (10 мг доза үшін) поливинилхлоридті үлбір мен баспалы лакталған алюминий фольгадан немесе полиэтилен жабынды қағаздан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

100 таблеткадан (10 мг және 40 мг доза үшін) БП типті полимер банкілерде.

Әр банкіні (10 мг және 40 мг доза үшін) немесе ішінде 20 таблеткасы бар 5 пішінді ұяшықты қаптаманы (10 мг доза үшін) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

”Биосинтез” ААҚ, Ресей Федерациясы

440033, Пенза қ-сы, Дружба к-сі 4, тел/факс (8412) 57-72-49,

e-mail: certificate@biosintez.com

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Биосинтез» ААҚ, Ресей Федерациясы.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Биосинтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

440033, Пенза қ-сы, Дружба к-сі 4, тел/факс (8412) 57-72-49,

e-mail: certificate@biosintez.com

 

 

10

 

Прикрепленные файлы

207706851477976918_ru.doc 109 кб
614867341477978091_kz.doc 142.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники