Анальгин (500 мг, Химфарм АО)

МНН: Метамизол натрия
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Metamizole sodium
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011807
Информация о регистрации в РК: 23.05.2013 - 23.05.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Анальгин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Натрий метамизолы

Дәрілік түрі

500 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 500.0 мг натрий метамизолы,

қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), кальций стеараты.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, бір жақ бетінде ойығы, сызығы бар, екінші жақ бетінде фирманың крест түріндегі логотипі бар ақ немесе сәл сарғыш түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Анальгетиктер. Басқа да анальгетиктер-антипиретиктер. Пиразолондар.

Натрий метамизолы

АТХ коды N02ВВ02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін натрий метамизолы жылдам сіңеді және асқазан-ішек жолында гидролизденіп, сіңгеннен кейін 4-формил-амино-антипиринге және басқа метаболиттерге метаболизденетін 4-метил-амино-антипирин белсенді метаболитін түзеді. Анальгин метаболиттері қосындысының тиімді концентрациясы 10 мкг/мл құрап, қабылдаудан кейін 20-40 минуттан соң жетеді, қабылданғаннан кейін 2 сағаттан соң ең жоғары концентрациясына жетеді. Бауыр циррозы бар науқастарда 4-N-метиламиноантипириннің жартылай шығарылу кезеңі үш есе ұлғайған және 10 сағатқа жуықты құраған. Натрий метамизолының белсенді метаболиттері қан плазмасы ақуыздарымен шамамен 50%-ға қайтымды байланысады. Дозаның басым бөлігі метаболиттер түрінде несеппен бірге шығарылады.

Фармакодинамикасы

Анальгиннің ауыруды басатын, қызу түсіретін және қабынуға қарсы әлсіз әсері бар. Пиразолон туындысы болып табылады.

Әсер ету механизмі І және ІІ типті циклооксигеназа белсенділігінің тежелуімен байланысты. Нәтижесінде эйкозаноидтер синтезінің арахидонды каскадының реакциялары бөгеледі және PgE2, PgF2a простагландиндерінің, брадикининнің түзілуі бұзылады. Антиноцицепторлық жүйе ядроларында анальгин кинуренин қышқылының бөлінуін күшейтеді, ол ауыру импульстерінің өтуін (NMDA-рецепторларға ықпал ету есебінен) тежейді.

Экстра- және проприоцепторлық рецепторлардан Голль мен Бурдах шоғырларының бойымен ауыру импульстерінің өтуіне кедергі жасайды, таламустағы ауыру орталықтарының қозу шегін арттырады. Бір мезгілде жылу берілісін күшейтіп, гипоталамустың жылу реттегіш орталығының белсенділігін төмендетеді.

Анальгиннің қабынуға қарсы әсері әлсіз, су-тұз алмасуына (натрий және су іркілісі) және асқазан-ішек жолының шырышына ықпалы мардымсыз. Несеп шығару және өт жолдарының тегіс бұлшықеттерінің түйілуін басатын әсер береді.

Қолданылуы

- шығу тегі әртүрлі, қарқындылығы орташа және айқын, басқаша емдеуге төзімді ауыру синдромында

- жедел жұқпалы-қабыну аурулары кезіндегі басқаша емдеуге төзімді қызба синдромында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат тамақтанудан кейін ішке қабылданады. Таблеткаларды судың жеткілікті мөлшерімен ішкен жөн.

Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға күніне 2-3 рет 250-500 мг-ден (½-1 таблетка) тағайындалады.

Ересектерге арналған ең жоғары дозалары: бір реттік – 1 г (2 таблетка), тәуліктік – 3 г-ден көп емес (6 таблетка).

Қабылдау ұзақтығы ауыруды басатын дәрі ретінде тағайындағанда 5 күннен көп емес және қызу түсіруші дәрі ретінде 3 күннен көп емес.

Препараттың тәуліктік дозасын немесе емдеу ұзақтығын дәрігердің бақылауымен ғана арттыруға болады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- жүректің айнуы, құсу, анорексия, эпигастрий аумағындағы ауыру, метеоризм, іш қату, диарея

- бас ауыру, бас айналу, қозу, ашушаңдық

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, ангионевротикалық ісіну), мультиформалы экссудаттық эритема (Стивенс-Джонсон синдромы), уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы), бронхтың түйілу синдромы, анафилактикалық шок

- парестезиялар, құлақтың шуылдауы, көрудің нашарлауы, тремор, депрессия

- агранулоцитоз, лейкопения, анемия, тромбоцитопения (ұзақ уақыт қолданғанда)

- артериялық гипотензия, жүрек ырғағының бұзылуы

- олигурия, анурия, протеинурия, бүйрек қызметінің бұзылуы, интерстициальді нефрит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- анальгинге, пиразолонның өзге туындыларына (фенилбутазон, трибузон) немесе препараттың басқа қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

- бауыр және/немесе бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі

- қан түзілуінің бәсеңдеуі (агранулоцитоз, цитотоуытты немесе жұқпалы нейтропения), анемия, лейкопения

- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, асқазан-ішектен қан кету

- сыртартқыдағы ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа дәрілерді қолданумен байланысты бронх демікпесінің ұстамалары, есекжем, жедел ринит

- 15 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа анальгетик-антипиретиктермен және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен бір мезгілде қолданған кезде уытты әсерлерінің өзара күшеюі мүмкін.

Анальгиннің әсері барбитураттармен, кодеинмен, гистамин рецепторларының Н2-блокаторларымен, анаприлинмен бірге қолданғанда күшейеді (препараттың әсерсізденуінің баяулауына қарай).

Тиамазолмен және цитостатикалық дәрілермен бірге қолданғанда лейкопенияның пайда болу қаупі жоғарылайды.

Анальгин қантты төмендету үшін ішілетін дәрілерді қан плазмасы ақуыздарымен байланыстан ығыстырып шығарып, сол арқылы олардың әсерін арттырады.

Әсері тікелей емес антикоагулянттардың, глюкокортикостероидтардың және индометациннің белсенділігін, олардың қан плазмасы ақуыздарымен байланысынан ығыстырылуы салдарынан, күшейтеді. Анальгин этил спиртінің тыныштандыру әсерін күшейтеді.

Анальгин қан плазмасындағы А циклоспорин концентрациясын төмендетеді.

Фенотиазин туындыларымен бір мезгілде қолданғанда айқын гипертермияның пайда болуы мүмкін.

Үш циклді антидепрессанттар, ішу арқылы қабылданатын біріктірілген контрацептивтер мен аллопуринол Анальгиннің метаболизмін баяулатады және оның уыттылығын арттырады, тыныштандыратын дәрілер және анксиолитиктер Анальгиннің ауыруды басатын әсерін күшейтеді.

Миотроптық спазмолитиктермен (дротаверин, папаверинн, питофенон) және м-холиноблокаторлармен (фенпивериний бромиді, платифиллин, атропин) бір мезгілде қолданғанда осы біріктірілімнің ауыруды басатын, түйілуді басатын және қызу түсіретін белсенділігінің өзара күшейгені байқалады.

Кофеин препараттың әсерін күшейтеді.

Бауырдың микросомалық ферменттері индукторларымен бір мезгілде қолданғанда Анальгиннің тиімділігі азаюы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Анальгинді ұзақ қолдану

Анальгинді 5 күннен артық ұдайы қолдану қажет болғанда апта сайын шеткергі қан көрінісін бақылап отыру қажет.

Іштің жедел ауыруы

Анальгинді іштің жедел ауыруын басу үшін оның себебі анықталғанша қолдануға болмайды.

Жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясы бар адамдарға пайдаланылуы Әсіресе, систолалық қысым деңгейі сынап бағанынан 100 мм төмен емделушілерде немесе қан айналымы тұрақсыз болғанда (мысалы, миокард инфарктісінде, көптеген жарақаттарда, шок басталғанда), сыртартқысында бүйрек аурулары (пиелонефрит, гломерулонефрит), сондай-ақ алкогольге тәуелділігі бар адамдарда гемодинамиканы мұқият бақылау қажет.

Агранулоцитоз

Анальгинмен емдеу аясында температураның көтерілуімен, ауыз қуысы мен жұтқыншақ (некрозды стоматит, іріңді-некрозды баспа), мұрынның шырышты қабықтарының қабынуымен (гайморит), ЭШЖ жоғарылауымен көрініс беретін емделушінің жалпы жай-күйі күтпеген жерден нашарлаған жағдайда препарат қабылдауды дереу тоқтату керек, өйткені аталған белгілер агранулоцитоздың пайда болуымен байланысты болуы ықтимал.

Анальгиннің биоөзгеріс өнімдерінің несеппен бірге шығарылуы несепті қызыл түске бояуы мүмкін, оның клиникалық мәні жоқ және препаратты тоқтатқаннан кейін ол жоғалады.

Педиатрияда қолданылуы

Анальгинді 15 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.

Анальгинді қабылдау автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді, бірақ оны ұзақ уақыт қолданғанда сақтық шарасын орындау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, эпигастрий тұсының ауыруы, гипотермия, артериялық қысымның төмендеуі, тахикардия, ентігу, құлақтың шуылдауы, ұйқышылдық, сананың бұзылуы, сандырақтау, бауыр және/немесе бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі, құрысулар, тыныс алу бұлшықеттерінің салдануы, агранулоцитоз.

Емдеу: препаратты тоқтату, асқазанды шаю, препараттың асқазан мен ішекте сіңуіне жол бермеу үшін тұзды іш жүргізгіштер және белсендірілген көмір қабылдау, өмірлік маңызды қызметтерді сақтауға бағытталған симптоматикалық ем жүргізу. Қарқынды диурез жүргізу және несепті сілтілендіру мақсатында натрий гидрокарбонатын енгізу препараттың шығарылуын жеделдетеді. Натрий метамизолының арнайы у қайтарғысы жоқ. Метамизолдың негізгі метаболитін (4-метиламиноантипирин) гемодиализ, гемофильтрация, гемоперфузия және плазмаферез көмегімен шығаруға болады. Құрысу синдромы пайда болғанда – көктамыр ішіне диазепам мен жылдам әсер ететін барбитураттар енгізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты қаптамалар картон қораптарға салынған.

Топтық қаптамаға медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықтар қаптамалар санына қарай салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткен препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан,

Шымкент қ-сы, Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ-сы, ҚАЗАҚСТАН,

Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

963502351477976889_ru.doc 75 кб
158027811477978053_kz.doc 75.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники