Анальгин

МНН: Метамизол натрия
Производитель: Павлодарский фармацевтический завод ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Metamizole sodium
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009567
Информация о регистрации в РК: 12.05.2016 - 12.05.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Анальгин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Натрий метамизолы

Дәрілік түрі

500 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 500 мг натрий метамизолы;

қосымша заттар: лактоза, картоп крахмалы, тальк, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді сызығы және екіжақты ойығы бар, ақ немесе аздап сарғыш түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Анальгетиктер және антипиретиктер. Пиразолондар

АТХ коды N02ВВ02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылданғаннан кейін тез және толық сіңеді; ішке қабылдағаннан кейін плазмадағы ең жоғарғы концентрациясына 1 сағаттан соң жетеді; белсенді метаболиттерінің ақуыздарымен байланысуы 50-60%; бауырда метаболизденеді; препараттың жартылай шығарылу кезеңі 7 сағатты, ал оның белсенді метаболиттері – 2 сағатты құрайды; несеппен шығарылады: 3%-ы өзгермеген күйде, қалған мөлшері – метаболиттер түрінде.

Фармакодинамикасы

Анальгетик-антипиретик. Пиразолон туындысы болып табылады. Простагландиндердің синтезін бәсеңдету механизіміне байланысты, айқын ауыруды басатын, қабынуға қарсы және ыстықты түсіретін әсері бар.

Қолданылуы

  • әртүрлі тектес ауырулар (бас ауыруы, тіс ауыруы, жарақаттан, күйіктен, операциядан кейінгі ауырулар, альгодисменореяда, невралгияда, миалгияда, бүйрек және бауыр шаншуында)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты тамақтанғаннан кейін 250-500 мг-нан күніне 2-3 рет қабылдайды.

Ересектерге арналған ең жоғарғы доза: бір реттік – 1 г, тәуліктік – 3 г.

Препаратты балаларға дене салмағының әр кг-не ішке 5-10 мг-ден тәулігіне 3-4 реттен тағайындайды.

Препарат қысқа мерзімде пайдалану үшін тағайындалған.

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Жағымсыз әсерлері

– жүрек айнуы, құсу, анорексия

– эпигастральді аймақтың ауыруы, метеоризм, іш қату, диарея

– бас ауыруы, бас айналуы, қозу, тітіркенгіштік

Сирек

– парестезия, құлақтағы шуыл, көрудің нашарлауы, тремор, депрессия

– тері бөртпесі, Квинке ісінуі, анафилаксиялық шок

– лейкопения, агранулоцитоз, анемия, тромбоцитопения (ұзақ қолданған кезде)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– бауыр және бүйрек функциясының айқын бұзылуы

– глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

– қан түзілуінің бұзылуы

– пиразол туындыларына жоғарғы сезімталдық

– 15 жасқа дейінгі балалар

– сыртартқысында он екі елі ішек және асқазанның ойық жара аурулары бар

– бронх түйілуі

– жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анальгинді бір мезгілде басқа анальгетик-антипиретиктермен, қабынуға қарсы стероидті емес дәрілермен қабылдау уытты әсерлердің өзара күшеюіне әкеп соқтырады.

Бауырдың микросомальді ферменттерінің индукторларымен бір мезгілде қабылдағанда анальгиннің тиімділігі азаюы мүмкін.

Бір мезгілде қабылдағанда тікелей емес антикоагулянттардың, ішу арқылы қабылданатын гипокликемиялық препараттардың, глюкокортикостероидтардың, индометациннің белсенділігі күшейеді.

Фенотиазин туындыларымен бір мезгілде қабылдағанда айқын гипертермия орын алуы мүмкін; тыныштандырушы заттармен, анксиолитиктермен бірге – анальгиннің ауыруды басатын әсері күшейеді; үшциклді антидепрессанттармен, ішу арқылы қабылданатын контрацептивтермен, аллопуринолмен – анальгиннің метаболизмі бұзылады да, оның уыттылығы артады; кофеинмен – анальгиннің әсері күшейеді; циклоспоринмен – қан плазмасында циклоспориннің концентрациясы азаяды.

Анальгинді питофенон гидрохлоридімен біріктіре қабылдағанда (ішкі ағзалардың бұлшықеттеріне тікелей миотропты әсер етеді әрі оның босаңсуын туғызады) және фенпивериний бромидімен (м – холиноблокатор) олардың фармакологиялық әсері өзара күшеюі жүзеге асады, ол ауыру синдромының азаюымен, тегіс бұлшықет әлсіреуімен және дене қызуының төмендеуімен қатар жүреді.

Барбитураттар, кодеин, анаприлин, Н2-гистаминді рецепторлардың бөгегіштері анальгиннің әсерін күшейтеді; соңғысы ішу арқылы қабылданатын диабетке қарсы препараттардың гипогликемиялық әсерін жоғарылатады.

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ уақыт емдеген кезде шеткергі қан көрінісін бақылауға алу керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқарғанда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, гастралгия, олигурия, гипотермия, АД төмендеуі, тахикардия, ентігу, құлақтағы шуыл, ұйқышылдық, сандырақтау, көрудің бұзылуы, жедел агранулоцитоз, гемморагиялық синдром, жедел бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі, құрысулар, тыныс жолдары бұлшық етінің салдануы.

Емі: асқазанды шаю, тұзды іш айдағыштар, белсенділендірілген көмір, қарқынды диурез жүргізу, гемодиализ, құрысу синдромы дамыған кезде к/і диазепам және тез әсер ететін барбитураттарды енгізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Повинилхлоридті үлбірден немесе ұқсас импортты және баспалы лакталған алюминийлі фольгадан немесе ұқсас импорттыдан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты қаптамалар саны сәйкесінше медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынған

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

«Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС,

Қазақстан, Павлодар қаласы, 140011, Қамзин к-сі, 33.

Қаптаушы

«Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС,

Қазақстан, Павлодар қаласы, 140011, Қамзин к-сі, 33.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС, Қазақстан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС,

Қазақстан, Павлодар қаласы, 140011, Қамзин к-сі, 33.

Тел./факс: 8 (7182) 61-79-63/61-79-62, pfz@romat.kz.

 

Прикрепленные файлы

773004761477976229_ru.doc 50.5 кб
011006921477977484_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники