Амоксимакс®

МНН: Амоксициллин
Производитель: Абди Ибрахим Глобал Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Amoxicillin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012642
Информация о регистрации в РК: 04.11.2013 - 04.11.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 22.09 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Амоксимакс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амоксициллин

Дәрілік түрі

500 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 580 мг амоксициллин тригидраты, (500,0 мг амоксициллинге шаққанда),

қосымша заттар: картоп крахмалы, кальций немесе магний стеараты, лактоза моногидраты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі жақ беткейі дөңес, ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияларға қарсы бета-лактамдық препараттар. Әсер ету ауқымы кең пенициллиндер. Амоксициллин

АТХ коды J01CA04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдаған кезде амоксициллин асқазан-ішек жолынан тез және толық сіңеді. Қышқыл ортада тұрақты, ас қабылдау сіңуіне елеулі ықпалын тигізбейді. Қан плазмасында ең жоғары концентрацияға (Сmax) 1–2 сағаттан соң жетеді. Қан плазмасы ақуыздарымен 17%-ға байланысады. Өзгермеген гематоэнцефалдық бөгеттен басқа, гистогематикалық бөгеттер арқылы оңай өтеді. Организмнің тіндерінде және сұйықтықтарына кең таралады. Перитонеальді сұйықтықта, плевральді жалқықта, өкпелерде (бірақ іріңді бронх секретіне емес), ішектің шырышты қабығында, өт қалтасында және өтте (бауыр қызметі қалыпты болғанда), ұрық тіндерінде емдік концентрацияларда жиналады. Жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 1-1,5 сағатты құрайды. Бүйрек қызметі бұзылған кезде жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2), креатинин клиренсіне байланысты, 4-12,6 сағатқа дейін ұзарады. Ішінара метаболизденіп, белсенді емес метаболиттер түзіледі. Дозаның 50-70%-ы өзгермеген күйінде несеппен бірге өзекшелік секреция (80%) және шумақтық сүзілу арқылы (20%) шығарылады, 10-20%-ы өтпен бірге шығарылады.

Фармакодинамикасы

Амоксициллин – әсер ету ауқымы кең жартылай синтетикалық пенициллиндер тобының антибиотигі. Бактерицидтік әсер береді. Транспептидазаны тежейді, бөліну және өсу кезеңінде пептидогликанның (жасушалық қабырғаның тірек ақуызы) синтезін бұзады, микроорганизмдердің лизисін тудырады.

Мынадай микроорганизмдерге қатысты белсенді – грамоң бактериялар: Staphylococcus spp. (пенициллиназаны түзетін штаммдарды қоспағанда), Streptococcus spp. (Streptococcus рneumoniae қоса есептегенде), Bacillus anthracis, Corynebacterium diphtheriae (штаммдардың көбісі), Enterococcus faecalis; грамтеріс бактериялар: Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Helicobacter pylori, Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitidis, Proteus mirabilis, Salmonella spp., Shigella spp.; анаэробтық бактериялар: Clostridium perfringens, Clostridium tetani, Peptostreptococcus spp., Peptococcus spp.

Амоксициллинге пенициллиназаны өндіретін микроорганизмдер төзімді. Микобактерияларға, микоплазмаларға, риккетсияларға, саңырауқұлақтарға, амебаларға, плазмодийлерге, вирустарға, сондай-ақ Pseudomonas aeruginosa және Proteus spp. (P. mirabilis қоспағанда) қатысты белсенді емес.

Қолданылуы

  • жоғарғы тыныс жолдарының жұқпаларында (тонзиллит)

  • төменгі тыныс жолдарының жұқпаларында (жедел және созылмалы бронхит, пневмония)

  • тері мен жұмсақ тін жұқпаларында

  • несеп шығару жолдарының жұқпаларында (пиелонефрит, уретрит)

  • ас қорыту жолдарының жұқпаларында (асқыну сатысындағы созылмалы гастрит, Helicobacter pylori-мен астасқан асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы)

  • созда

  • листерио3да, лептоспирозда, шигеллезде

  • гинекологиялық жұқпаларда (сепсистік аборт, аднексит, эндометрит)

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблетканы, ас қабылдауға қарамай-ақ, сұйықтықтың мол мөлшерімен (мысалы, 1 стакан сумен) ішіп, бүтіндей қабылдайды. Препаратты дозалау режимі әр адамда жеке белгіленеді. Жалпы тәуліктік дозаны 2-3 қабылдауға бөлген жөн.

Ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежелі жұқпаларда ересектер және дене салмағы 40 кг-нан асатын балалар үшін ұсынылатын дозасы: тәулігіне 2-3 рет 500 мг.

Ауыр жұқпалар барысында дене салмағы 40 кг-ға дейінгі балалар күніне 50 мг/кг доза қабылдайды (2-3 қабылдау). Ең жоғары тәуліктік дозасы – 2 г.

Созылмалы ауруларда, ауру қайталанғанда, жұқпаның барысы ауыр болғанда ересектерге препаратты тәулігіне 3 рет 1 г-ден тағайындайды; балаларға – 3 қабылдауға бөлінетін, дене салмағының әр кг-на шаққанда 60 мг/кг.

Асқазан-ішек жолының жедел жұқпалы ауруларында және қызбамен қатар жүретін гинекологиялық жұқпалы ауруларда ересектерге – тәулігіне 3 рет 1,5-2 г-ден немесе тәулігіне 4 рет 1-1,5 г-нан. Ересектер үшін ең жоғары бір реттік доза – 2 г, ең жоғары тәуліктік доза – 6 г.

Жедел асқынбаған созда 1 қабылдауға 3 г препаратты 1 г пробенецидпен біріктіріп тағайындайды.

Ересектерге Helicobacter pylori эрадикациясы сызбасында Амоксимаксті® кешенді ем құрамында тәулігіне 2 рет 1 г дозада тағайындайды.

Лептоспирозда ересектерге – 6-12 күн бойы тәулігіне 4 рет 500 мг.

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар науқастарда дозалануы

Шумақтық сүзілу деңгейі минутына 30 мл-ге дейін болатын, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар науқастарда, амоксициллиннің жиналып қалуына жол бермеу үшін, дозаны азайту керек. Креатинин клиренсі минутына 20-30 болғанда дозаны әдеттегі дозаның 2/3 бөлігіне дейін, ал креатинин клиренсі минутына 20 мл-ге дейін болғанда әдеттегі дозаның 1/3 бөлігіне дейін төмендету керек. Мүмкіндігінше, қабылдау арасындағы аралықты арттыру және қан сарысуында әсер етуші заттың концентрациясын бақылау керек.

Анурияда ең жоғары тәуліктік доза – 2 г.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес:

  • есекжем, тері гиперемиясы, эритематозды бөртпелер (соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы), эксфолиативті дерматит

  • ринит, конъюнктивит, тыныстың тарылуы, ангионевротикалық ісіну, Квинке ісінуі

Сирек:

  • қызба

  • артралгия

  • эозинофилия

Өте сирек:

  • анафилактикалық шок

  • қынап кандидамикозы

  • бас ауыру, бас айналу, үрейленушілік, ұйқысыздық, атаксия, сананың шатасуы, депрессия, қатты қажу, шеткергі невропатия, эпилепсиялық құрысулар

  • лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, агранулоцитоз, анемия

  • тромбоцитопениялық пурпура

  • жүректің айнуы, құсу, диарея, дисбактериоз, жалған жарғақшалы колит, глоссит, стоматит, дәмнің өзгеруі

  • интерстициальді нефрит

  • бактериялардың лизисіне байланысты Яриш-Герксхеймер реакциясы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • пенициллин қатарының антибиотиктеріне асқын сезімталдық

  • бронх демікпесі

  • қан түзілудің бұзылуы

  • жұқпалы мононуклеоз, лимфолейкоз

  • асқазан-ішек жолының ұдайы диареямен немесе құсумен қатар жүретін ауыр жұқпалары

  • бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 10 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Амоксициллин оральді контрацептивтердің тиімділігін азайтуы мүмкін.

Антацидтер, глюкозамин, іш жүргізгіш дәрілер, тамақ, аминогликозидтер сіңуін баяулатады және төмендетеді; аскорбин қышқылы сіңуін арттырады.

Бактерицидтік антибиотиктер (соның ішінде аминогликозидтер, цефалоспориндер, циклосерин, ванкомицин, рифампицин) синергизмдік әсер береді; бактериостатикалық препараттар: макролидтер, хлорамфеникол, линкозамидтер, тетрациклиндер, сульфаниламидтер –антогонистік әсер береді.

Әсері тікелей емес антикоагулянттармен бірге қолданғанда (ішек микрофлорасын баса отырып, К витаминінің синтезін және протромбинді индексті төмендетеді) антикоагулянттардың тиімділігін жоғарылатады.

Препараттың концентрациясын арттырады: диуретиктер, аллопуринол, оксифенбутазон, фенилбутазон, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, өзекшелік секрецияны бөгейтін препараттар.

Амоксициллинді аллопуринолмен бірге қолданғанда, тері бөртпесінің пайда болу қаупі жоғарылайды; метотрексатпен бірге – клиренсі азаяды және метотрексаттың уыттылығы жоғарылайды; дигоксинмен бірге – дигоксиннің сіңуі жылдамдайды.

Экскрециясы пробенецидпен, ацетилсалицил қышқылымен, индометацинмен, оксифенбутазонмен және тубулярлы секрецияны басатын басқа да препараттармен бәсеңдейді.

Несептегі глюкозаны анықтау үшін пайдаланылатын ферменттік емес сынамалар жалғаноң болуы мүмкін. Амоксимакс® уробилиногенді анықтау нәтижелеріне ықпалын тигізуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратпен емдеу аурудың клиникалық белгілері жоғалғаннан кейін міндетті түрде тағы да 48-72 сағатқа созылады.

Ем жүргізген кезде сұйықтықты талапқа сай пайдалану және диурездің жеткілікті болуын демеу өте маңызды мәнге ие.

Аллергиялық реакцияларға бейім емделушілерге сақтықпен қолданады. Аллергиялық реакциялар пайда болған жағдайда препаратты тоқтатқан және адреналинмен, антигистаминдік дәрілермен және глюкокортикоидтармен әдеттегідей ем тағайындаған жөн.

Метронидазолмен біріктірілімді 18 жасқа толмаған емдеушілерге қолдануға болмайды.

Курстық ем аясында жеңіл диареяны емдегенде ішектің жиырылуын төмендететін диареяға қарсы препараттарды қолданбаған жөн. Ауыр диареяда дәрігерге қаралу қажет.

Курстық емде қан түзу ағзаларының, бауырдың және бүйректің қызмет жағдайына бақылау жүргізу қажет. Бүйрек қызметінің ауыр бұзылулары бар емделушілерде дозалау режимін талапқа сай түзету және препараттарды қабылдау аралықтарын арттыру қажет болуы мүмкін.

Гемопоэтикалық жүйенің антиденелерге байланысты реакцияларын және гемолитикалық анемияны анықтау мақсатында, қан жасушаларының санын динамикасында анықтаған жөн.

Препаратқа сезімтал емес микрофлораның өсуі есебінен супержұқпа пайда болуы мүмкін, бұл бактерияларға қарсы емді түзетуді қажет етеді.

Бактериемиясы бар науқастарды емдеген кезде бактериолиз реакциясы (Яриш-Герксгеймер реакциясы) туындауы мүмкін.

Пенициллиндерге сезімталдығы жоғары емделушілерде цефалоспоринді антибиотиктермен айқаспалы аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Құрамында эстрогені бар пероральді контрацептивтерді және Амоксимаксті® бір мезгілде қолданғанда контрацепцияның басқа немесе қосымша әдістерін пайдаланған жөн.

Созды емдер алдында алғашқы мерездік зақымдары бар деп болжанған науқастарда зерттеуді қараңғы аумақта жүргізу қажет. Қатарласқан мерезі бар деп болжам жасалған барлық басқа емделушілерде, кем дегенде, 4 ай динамикасымен серологиялық зерттеу жүргізген жөн.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, көлікті және басқа да қауіпті механизмдерді басқарған кезде сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: есекжем, эритематозды бөртпелер, Квинке ісінуі, қызба, жүректің айнуы, құсу, диарея, сананың шатасуы, ұйқысыздық, тремор, құрысулар, тахикардия, су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы.

Емі: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір, тұзды іш жүргізгіштер тағайындау, су-электролиттік теңгерімді түзету, гемодиализ, симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

500-1000 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ., Жандосов к-сі, 184«г», тел.: 309-74-07, факс: 309-74-14.

Тіркеу куәлігінің иесі:

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Қазақстан, Алматы қ., Жандосов к-сі, 184«г»,

тел.: 309-74-07, факс: 309-74-14

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Қазақстан, Алматы қ., Жандосов к-сі, 184«г».

Телефон +7(727) 309-74-07, факс +7 (727) 309-74-14.

электронды поштасы: globalzavod@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

036223181477976773_ru.doc 72.5 кб
854437311477977935_kz.doc 82.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники