Амоксиклав® (156,25 мг/5 мл)

МНН: Амоксициллин, Клавулановая кислота
Производитель: Лек Фармасьютикалс д.д.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Амоксициллин в комбинации с ингибиторами бета-лактамаз
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004905
Информация о регистрации в РК: 09.12.2016 - 09.12.2021
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)

Инструкция

Саудалық атауы

Амоксиклав

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ, 156.25 мг/5мл және 312.5 мг/5мл

Құрамы

5 мл суспензия (1 дозалайтын тамшуыр) құрамында

белсенді заттар: амоксициллин тригидраты түріндегі 125 мг амоксициллин,

калий клавуланаты түріндегі 31.25 мг (156.25 мг/5мл доза үшін) клавулан қышқылы немесе амоксициллин тригидраты түріндегі 250 мг амоксициллин, калий клавуланаты түріндегі 62.5 мг (312.5 мг/5мл доза үшін) клавулан қышқылы,

қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, сусыз натрий цитраты, микрокристалды целлюлоза, натрий карбоксиметилцеллюлозасы, ксантан шайыры, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кремнийдің қостотығы, «Бүлдірген» хош иістендіргіші (156.25 мг/5 мл доза үшін), «Жабайы шие» хош иістендіргіші (312.5 мг/5 мл доза үшін), натрий бензоаты, натрий сахарин, маннитол.

Сипаттамасы

Ақтан ақшыл-сары түске дейінгі кристалды ұнтақ.

Дайындалған суспензия – ақ дерліктен сары түске дейінгі біртекті суспензия.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған антибактериялық препараттар. Бета-лактамды антибактериялық препараттар – Пенициллиндер. Бета-лактамаза тежегіштерімен біріктірілімдегі пенициллиндер. Клавулан қышқылы +амоксициллин.

АТХ коды J01CR02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Амоксициллин және клавулан қышқылы, организмнің рН ортасындағы сулы ерітіндіде толық ериді. Екі компонент те ішке қабылдағаннан кейін жақсы сіңеді. Амоксициллин/клавулан қышқылын тамақ ішу кезінде немесе тамақ ішудің басында қабылдаған оңтайлы. Ішке қабылдағаннан кейін амоксициллин және клавулан қышқылының биожетімділігі шамамен 70% құрайды. Плазмадағы препарат концентрациясының динамикасы екі компонентте де ұқсас. Ең жоғары сарысулық концентрациясына қабылдаудан кейін 1 сағаттан соң қол жеткізіледі.

Қан сарысуындағы амоксициллин және клавулан қышқылының концентрациясы амоксициллин және клавулан қышқылының препараттарын үйлестіре қабылдауда амоксициллин және клавулан қышқылының баламалы дозасын жеке дара ішу арқылы қолдануда бақыланған концентрациясына ұқсас. Қан плазмасындағы ақуыздармен клавулан қышқылының жалпы мөлшерінің 25% жуығы және амоксициллиннің 18% шамасы байланысады.

Препаратты пероральді қолданудағы таралуының көлемі шамамен

0,3-0,4 л/кг амоксициллинді және 0,2 л/кг клавулан қышқылын құрайды.Көктамыр ішіне енгізуден кейін, амоксициллин де, сондай-ақ клавулан қышқылы да өт қабында, құрсақ шелді тіндерінде, теріде, майларда, бұлшықет тіндерінде, синовиалдық және перитонеалдық сұйықтықтарда, өтте және іріңде анықталды.

Амоксициллин жұлын сұйықтығына нашар өтеді.

Амоксициллин және клавулан қышқылы плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Сондай-ақ компоненттің екеуі де емшек сүтіне өтеді.

Амоксициллин ішінара несеппен белсенді емес пенициллойдты қышқыл түрінде бастапқы дозаның 10 - 25% баламалы мөлшерде шығарылады. Клавулан қышқылы организмде метаболизденеді және несеппен әрі нәжіспен шығарылады, сондай-ақ деммен шығатын ауамен көмір қышқыл газы түрінде шығарылады.

Амоксициллин/клавулан қышқылының орташа жартылай шығарылу кезеңі шамамен 1 сағ, ал орташа жалпы клиренсі 25 л/сағ жуықты құрайды. Шамамен 60 - 70% амоксициллин және клавулан қышқылының 40 - 65% организмнен өзгермеген түрде несеппен амоксициллин/клавулан қышқылы таблеткасының бір реттік дозасын қабылдаудан кейін бастапқы 6 сағат ішінде шығарылады. Әртүрлі зерттеулер кезінде 24 сағат ішінде 50-85% амоксициллин және клавулан қышқылының 27-60% несеппен шығарылатыны анықталды. Клавулан қышқылының көбірек мөлшері қолданудан кейін бастапқы 2 сағат ішінде шығарылады.

Пробенецидті бір мезгілде қолдану амоксициллин бөлінуін баяулатады, бірақ бұл препарат клавулан қышқылының бүйрек арқылы шығарылуына әсер етпейді.

Амоксициллиннің жартылай шығарылу кезеңі 3 айлықтан 2 жасқа дейінгі балаларда, сондай-ақ жасы үлкен балалар мен ересектерде ұқсас болады.

Өте кішкентай балаларға өмірінің бірінші апталарында (оның ішінде шала жаңа туған нәрестелерге де) дәрілік затты тағайындауда препаратты тәулігіне екі реттен жиі енгізуге болмайды, бұл балалардағы бүйректің шығару жолдарының пісіп-жетілмеуіне байланысты. Бүйрек дисфункциясымен егде емделушілер жиі ауыруына байланысты науқастардың бұл тобына препаратты сақтықпен тағайындау керек,бірақ қажет болса бүйрек функциясына мониторинг жүргізу керек.

Амоксициллин/клавулан қышқылының плазмадағы жалпы клиренсі бүйрек функциясы төмендеуіне тікелей пропорционалды азаяды. Клавулан қышқылымен салыстырғанда амоксициллиннің клиренсі төмендеуі айқынырақ, өйткені амоксициллиннің көп мөлшері бүйрек арқылы шығарылады. Осыған байланысты, препаратты бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге тағайындағанда доза түзетілуі керек, бұл амоксициллиннің шамадан артық жинақталуын болдырмау үшін және клавулан қышқылының қажетті деңгейін сақтау үшін керек.

Препаратты бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге тағайындағанда доза таңдауда сақтық жасау керек және бауыр функциясын ұдайы бақылау керек.

Фармакодинамикасы

Амоксициллин – бұл бір немесе одан да көп ферменттерді тежейтін (көбіне пенициллин протеиндерді байланыстырушы ретінде келтірілетін), бактериялық жасуша қабырғасының маңызды құрылымдық компоненті болып табылатын пептидогликан биосинтезіне қатысушы пенициллиндер тобына жататын (бета-лактамды антибиотик) жартылай синтетикалық антибиотик. Пептидогликан синтезін тежеу соңынан жасуша лизисі мен оның жойылуына алып келетін жасуша қабырғасының әлсіреуіне алып келеді.

Амоксициллин резистентті бактериялар өндіретін бета-лактамазалардан бұзылады, және тиісінше бұл энзимдерді өндіретін микроорганизмдер бір ғана амоксициллиннің белсенділік ауқымына кірмейді.

Клавулан қышқылы пенициллиндермен құрылымдық байланысы бар бета-лактам болып табылады. Ол кейбір бета-лактамазаларды тежейді, сонысымен амоксициллиннің белсенділігінің жойылуын болдырмайды, және оның белсенділік ауқымын кеңейтеді. Клавулан қышқылы өздігінен клиникалық маңызы бар антибактериялық әсер етпейді.

Ең төмен бәсеңдететін концентрациядан жоғары асатын уақыт (T > ЕТБК) амоксициллин тиімділігінің негізгі детерминанты болып саналады.

Амоксициллинге және клавулан қышқылына резистенттіліктің екі негізгі механизмі төмендегілер болып табылады:

  • В, С және D кластарын қоса, клавулан қышқылымен бәсеңдетілмейтін бактериялық бета-лактамазалармен белсенділігін жою .

  • пенициллин байланыстыратын протеиндер өзгерісі, бұл антибактериялық дәрінің қоздырғыш-нысанаға аффинитетін төмендетеді.

Бактериялардың өткізбеушілігі немесе эффлюкстік сорғы механизмі (тасымал жүйесі) бактериялардың, әсіресе грамтеріс бактериялардың төзімділігін туындатуы немесе демеуі мүмкін.

Амоксициллин/ клавулан қышқылы үшін шектік мәндер Еуропалық микробқа қарсы сезімталдықты тесттілеу бойынша комитет (EUCAST) анықтаған ЕТБК мәндер болып табылады.

Штаммдар

Сезімталдық шегі (мкг/мл)

 

Сезімтал

Орташа резистентті

Резистентті

Haemophilus influenzae1

≤ 1

-

>1

Moraxella catarrhalis1

≤ 1

-

>1

Staphylococcus aureus2

≤ 2

-

>2

Коагулазонегативті стафилококктар2

≤ 0.25

 

>0.25

Enterococcus1

≤ 4

8

>8

Streptococcus A, B, C, G5

≤ 0.25

-

>0.25

Streptococcus pneumoniae3

≤ 0.5

1-2

>2

Enterobacteriaceae5

-

-

>8

Грамтеріс анаэробтар1

≤ 4

8

>8

Грамоң анаэробтар1

≤ 4

8

>8

Спецификалық байланыссыз шектік мәндер1

≤ 2

4-8

>8

1 Жарияланған мәндері – амоксициллин концентрациясына арналған. Сезімталдықты анықтау үшін клавулан қышқылының концентрациясы 2 мг/л белгіленген.

2 Жарияланған мәндері – оксациллин концентрациясына.

3 Кестедегі бақылау нүктесінің мәні ампициллиннің бақылау нүктелеріне негізделген.

4 Резистенттіліктің бақылау нүктесі R > 8 мг/л барлық резистенттілік механизмі бар штаммдардың резистентті екендігін қамтамасыз етеді.

5 Кестедегі бақылау нүктесінің мәні бензилпенициллиннің бақылау нүктелеріне негізделген.

Резистенттіліктің басым болуы, әсіресе ауыр жұқпаларды емдегенде, географиясына қарай және уақытына қарай таңдап алынған түр үшін ауытқуы мүмкін, және резистенттілік туралы жеке дара ақпарат болғаны дұрыс.

Сезімтал штаммдар

Аэробты грамоң микроорганизмдер

Enterococcus faecalis

Gardnerella vaginalis

Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал)

Streptococcus agalacticae

Streptococcus pneumoniae

Streptococcus pyogenes және басқа да бета-гемолитикалық стрептококктар

Streptococcus viridans тобы

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер

Capnocyptophaga spp.

Eikenella corrodens

Haemophilus influenzae

Moraxella catarrhalis

Pasteurella multocida

Анаэробты микроорганизмдер

Bacteroides fragilis

Fusobacterium nucleatum

Prevotella spp.

Кейіннен пайда болған резистенттілігі қиындық туындатуы мүмкін штаммдар

Аэробты грамоң микроорганизмдер

Enterococcus faecium

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер

Escherichia coli

Klebsiella oxytoca

Klebsiella pneumoniae

Proteus mirabilis

Proteus vulgaris

Резистентті штаммдар

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер

Acinetobacter sp.

Citrobacter freundii

Enterobacter sp.

Legionella pneumophila

Morganella morganii

Providencia spp.

Pseudomonas sp.

Serratia sp.

Stenotrophomonas maltophilia

Басқа да штаммдар

Chlamydophila pneumoniae

Chlamydophila psitacci

Coxiella burnetti

Mycoplasma pneumonia

Қолданылуы

  • жедел бактериялық синуситте

  • ортаңғы құлақтағы жедел отитте

  • созылмалы бронхиттің асқынуында

  • бронхопневмонияда

  • циститте

  • пиелонефритте

  • тері және жұмсақ тіндердің (оның ішінде флегмона, жануарлардың тістеуі, ауыр түрдегі пародонтальді абсцесс,бет-жақ сүйек аумағының флегмонасы) жұқпаларында

  • сүйек және буындардың (көбіне остеомиелит) жұқпаларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Доза амоксициллин/клавулан қышқылының мөлшерін ескерумен есептеледі. Жеке дара жұқпаларды емдеу үшін Амоксиклав® препаратының дозасын таңдағанда:

  • қоздырғыштың антибиотикке сезімталдығын

  • жұқпаның ауырлық дәрежесі мен орналасуын

  • төменде көрсетілгендей емделушінің жасын, салмағын және бүйрек функциясын ескеру керек.

Сондай-ақ Амоксиклав®препаратын қолданудың басқа да тәсілдерін, мысалы, амоксициллиннің жоғарылау дозаларын пайдалануды және/немесе амоксициллин және клавулан қышқылын әртүрлі арақатынастарда тағайындауды ескеру керек.

Суспензияны болуы мүмкін асқазан-ішек бұзылуларын азайту үшін және амоксициллин/клавулан қышқылының сіңуін арттыру үшін тамақ ішер алдында пероральді қабылдау керек.

Салмағы 40 кг аз балалар үшін Амоксиклав® препаратының ең жоғары тәуліктік дозасы 2400 мг амоксициллин/600 мг клавулан қышқылын құрайды. Амоксициллиннің жоғарылау тәуліктік дозасын қолдану қажет болғанда клавулан қышқылының тәуліктік дозасының шамадан тыс жоғары дозасын қолданудан аулақ болу үшін, Амоксиклав® препаратының жоғарырақ дозадағы басқа түрін қабылдау ұсынылады.

Емнің ұзақтығы емделушінің реакциясына байланысты. Кейбір жұқпалар (мысалы, остеомиелит) емдеу кезеңінің ұзақтау болуын талап етеді. Емдеудің ең ұзақ уақыты 14 күннен аспауы тиіс (емнің ұзақтығына қатысты ақпарат Айрықша нұсқаулар бөлімінде берілген).

Салмағы 40 кг астам балалар

Балаларға амоксициллин/ клавулан қышқылын суспензия немесе таблетка түрінде тағайындауға болады.

Әдетте суспензия салмағы 40 кг астам балаларға тағайындалмайды, емделушілердің аталған тобына препаратты таблеткаларда тағайындау ұсынылады.

Салмағы 40 кг аз балалар

Дозасы тәулігіне 20мг/5мг/кг-ден тәулігіне 60мг/15мг/кг дейін (ең жоғары доза ауыр жағдайларда тағайындалады),үш рет бөліп қабылдауға арналған.

Амоксиклав® препаратын 156,25 мг/5мл 2 жастан кіші балаларда 40 мг/10 мг/кг/тәулік астам қолданудың клиникалық деректері жоқ.

6 жастағы және одан кіші балаларға суспензия берген дұрыс.

Балаларда дәл дозасы дене салмағы негізінде есептеледі.

Суспензияны дозалау үшін дозатор (дозалайтын тамшуыр) қоса беріледі.

Амоксиклав® препаратының 156,25 мг/5 мл бір реттік дозасын дене салмағына қарай таңдау кестесі

Дене салмағы (кг)

Амоксициллиннің тәуліктік дозасы

20 мг/кг/тәулік

40 мг/кг/ тәулік

60 мг/кг/ тәулік

2

0,5 мл-ден тәулігіне 3 рет

1,0 мл тәулігіне 3 рет

1,6 мл тәулігіне 3 рет

3

0,8 мл-ден тәулігіне 3 рет

1,6 мл тәулігіне 3 рет

2,4 мл тәулігіне 3 рет

4

1,1 мл –ден тәулігіне 3 рет

2,1 мл тәулігіне 3 рет

3,2 мл тәулігіне 3 рет

5

1,3 мл-ден тәулігіне 3 рет

2,7 мл тәулігіне 3 рет

4 мл тәулігіне 3 рет

6

1,6 мл-ден тәулігіне 3 рет

3,2 мл тәулігіне 3 рет

4,8 мл тәулігіне 3 рет

7

1,9 мл-ден тәулігіне 3 рет

3,7 мл тәулігіне 3 рет

-

8

2,1 мл-ден тәулігіне 3 рет

4,3 мл тәулігіне 3 рет

-

9

2,4 мл-ден тәулігіне 3 рет

4,8 мл тәулігіне 3 рет

-

10

2,7 мл-ден тәулігіне 3 рет

5,3 мл тәулігіне 3 рет

-

11

3,0 мл-ден тәулігіне 3 рет

-

-

12

3,2 мл -ден тәулігіне 3 рет

-

-

13

3,5 мл-ден тәулігіне 3 рет

-

-

14

3,7 мл-ден тәулігіне 3 рет

-

-

15

4,0 мл-ден тәулігіне 3 рет

-

-

16

4,3 мл-ден тәулігіне 3 рет

-

-

17

4,5 мл-ден тәулігіне 3 рет

-

-

18

4,8 мл -ден тәулігіне 3 рет

-

-

19

5,1 мл -ден тәулігіне 3 рет

-

-

Амоксиклав® препаратының 312.5 мг/5мл бір реттік дозасын дене салмағына қарай таңдау кестесі

Дене салмағы (кг)

Амоксициллиннің тәуліктік дозасы

20 мг/кг/ тәулік

40 мг/кг/ тәулік

60 мг/кг/ тәулік

19

2,5 мл-ден тәулігіне 3 рет

5,0 мл тәулігіне 3 рет

7,6 мл тәулігіне 3 рет

20

2,7 мл -ден тәулігіне 3 рет

-

-

25

3,3 мл -ден тәулігіне 3 рет

-

-

30

4,0 мл -ден тәулігіне 3 рет

-

-

35

4,7 мл -ден тәулігіне 3 рет

-

-

40

5,3 мл -ден тәулігіне 3 рет

-

-

Егде жастағы емделушілер

Доза түзету талап етілмейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі Доза түзету амоксициллиннің ең жоғары ұсынылатын дозасына негізделген.

Препаратты креатинин клиренсі (CrCl) 0.5мл/сек (30 мл/мин) астам емделушілерге тағайындағанда доза түзету талап етілмейді.Салмағы 40 кг аз балалар

Креатинин клиренсі:

0.17-0.5 мл/сек.

(10-30мл/мин)

15мг/3.75мг/кг (1.2 мл) тәулігіне екі рет. (ең жоғары доза: 500мг/125мг (20 мл) тәулігіне екі рет)

Креатинин клиренсі:

< 0.17 мл/сек (10мл/мин)

15мг/3.75мг/кг (1.2 мл) тәулігіне бір рет (ең жоғары доза: 500мг/125мг (20 мл))

Гемодиализ

15мг/3.75мг/кг (1.2 мл) әр күні тәулігіне бір рет.

Гемодиализ алдында 15мг/3.75мг/кг (1.2 мл). Препарат деңгейін қалпына келтіру үшін 15мг/3.75мг/кг (1.2 мл) гемодиализ сеансынан кейін қабылдау керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану керек. Бауыр функциясын ұдайы бақылау керек.

Суспензияны дайындау тәсілі

Амоксиклав суспензиясы 156,25 мг/5 мл: ұнтағы бар құтыны ұнтақты ыдырату үшін қатты сілку керек, 86 мл суды екі бөліп қосу керек (басында 2/3 бөлігіне және кейін белгісіне дейін), әрдайым қатты сілку керек.

Амоксиклав суспензиясы 312,5 мг/5 мл: ұнтағы бар құтыны ұнтақты ыдырату үшін қатты сілку керек, 85 мл суды екі бөліп қосу керек (басында 2/3 бөлігіне және кейін белгісіне дейін), әрдайым қатты сілку керек.

Пайдаланар алдында құты ішіндегісін шайқау керек.

Жағымсыз әсерлері

Әртүрлі жағымсыз реакциялардың туындау жиілігін бағалау үшін төмендегідей градациялар пайдаланылды: "өте жиі" –  1/10, "жиі" –  1/100- ден -  1/10 дейін, "жиі емес" – 1/1000-нан -  1/100 дейін, "сирек" – 1/10000 – нан -  1/1000 дейін, "өте сирек" –  1/10000, белгісіз (қолда бар деректер бағалау жүргізу үшін жеткіліксіз).

Өте жиі:

  • диарея

Жиі:

  • кандидоз (тері және шырышты қабықтардағы)

  • жүрек айнуы3

  • құсу

Жиі емес:

  • бас айналуы, бас ауыруы

  • ас қорытудың бұзылыстары

  • АСТ және/немесе АЛТ5 деңгейінің жоғарылауы

  • терідегі бөртпе7, қышыну7, есекжем7

Сирек:

  • өтпелі лейкопения (нейтропенияны қоса), тромбоцитопения

  • мультиформалы эритема7

Белгісіз:

  • сезімтал емес организмдердің көбеюі

  • өтпелі агранулоцитоз, гемолитикалық анемия, қан кету уақытының

және протромбиндік уақыттың1 артуы

  • ангионевротикалық ісіну10, анафилаксия10, сарысуға ұқсас синдром10,

аллергиялық васкулит10

  • өтпелі асқын белсенділік, құрысулар2

  • антибиотикпен астасқан колит4, қара «түкті» тіл, тістің түссізденуі11

  • гепатит6, холестаздық сарғаю6

  • Стивенс-Джонсон синдромы7, уытты эпидермальді некролиз7, буллезді

эксфолиативті дерматит7, жедел жайылған экзантематозды пустулез

(AGEP)9

  • итерстициальді нефрит

  • кристаллурия8

1 Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз.

2 Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз.

3Жүрек айнуы көбіне жоғарылау дозаларын ішке қолданғанда болады.

Амоксициллин / клавулан қышқылын тамақ ішуді бастағанда қабылдай отырып асқазан-ішек реакцияларын азайтуға болады.

4Оның ішінде жалғанжарғақшалы колит және геморрагиялық колит (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз).

5Бета-лактамды антибиотиктер қабылдаған емделушілерде АСТ және/немесе АЛТ деңгейінің орташа жоғарылағаны анықталды, бірақ бұл нәтижелердің маңызы белгісіз.

6 Бұл асқынулар препаратты басқа пенициллиндермен және цефалоспориндермен үйлесімде пайдаланғанда анықталған (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз).

7 Теріде кез келген өте жоғары сезімталдық реакциялары туындағанда, емді тоқтату керек

(Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз).

8 Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз.

9 Қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімін қараңыз.

10 Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз.

11 Балаларда тіс беткейінің түссізденуінің өте сирек жағдайлары тіркелген. Ауызда гигиена ережелерін сақтау бұны болдырмауға көмектеседі. Тісті тазалау препаратты ауыз қуысынан жояды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • пенициллин тобы препараттарының белсенді компоненттеріне немесе препараттың кез келген қосымша компонентіне аса жоғары сезімталдық

  • сыртартқысындағы басқа бета-лактамды препараттарға (мысалы, цефалоспориндерге, карбапенемдарға немесе монобактамдарға) аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары

  • сыртартқысындағы холестатикалық сарғаю немесе бауыр жеткіліксіздігінің басқа жағдайлары (амоксициллин/ клавулан қышқылын қолдануға байланысты)

  • 3 айға дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Пероральді антикоагулянттар

Пероральді антикоагулянттар және пенициллин тобының антибиотиктері өзара әрекеттесуі туралы хабарламасыз іс жүзінде кеңінен пайдаланылады.

Алайда әдебиеттердің дереккөздерінде аценокумарол немесе варфаринді амоксициллинмен үйлесімде қабылдаған емделушілерде халықаралық қалыптасқан қатынастың ұлғайғаны туралы анықталды. Егер препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болса, амоксициллинді тағайындауда және тоқтатуда протромбиндік уақытты немесе халықаралық қалыптасқан қатынасты мұқият бақылау керек. Оның үстіне, пероральді антикоагулянттардың дозалануы өзгертілуі қажет болуы мүмкін.

Метотрексат

Пенициллиндік топтың препараттары метотрексат шығарылуын азайтуы мүмкін, бұл уыттылықтың потенциалды артуын туындатады.

Пробенецид

Пробенецидті бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Пробенецид амоксициллиннің бүйректік өзекшелік секрециясын азайтады. Амоксиклав® препаратымен бірге пайдалану қандағы клавулан қышқылының емес, амоксициллин деңгейінің артуына алып келуі мүмкін.

Аллопуринол және Амоксиклавты® бір уақытта қолдану аллергиялық реакциялардың туындау қаупі жоғарылауы мүмкін. Қазіргі уақытта Аллопуринол және Амоксиклавты® бір уақытта қолдану туралы деректер жоқ.

Микофенолат мофетилін қабылдаушы емделушілерде Амоксиклав® препаратымен үйлесімде қолданғанда микофенол қышқылының белсенді метаболитінің концентрациясы бастапқы дозаны тағайындағанда шамамен 50%-ға төмендеген. Бастапқы доза концентрациясының деңгейі өзгеруі микофенол қышқылының жиынтық концентрациясы өзгеруіне сәйкес келмеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Амоксициллин/клавулан қышқылымен ем бастар алдында емделушілердің пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа да бета-лактамды заттарға аса жоғары сезімталдық реакциялары барын мұқият зерттеу керек.

Күрделі және кейде өлімге әкеп соғатын (анафилактикалық) аса жоғары сезімталдық реакциялары пенициллинмен ем қабылдаған емделушілерде тіркелген. Бұл реакциялар көбіне пенициллинге аса жоғары сезімталдық реакциялары және сыртартқысында атопиясы бар адамдарда кездеседі. Амоксициллин/клавулан қышқылына аллергиялық реакциялар дамығанда бұл препаратпен емді тоқтату және басқа альтернативті емге ауысу керек.

Егер жұқпа амоксициллинге төзімді болса, онда амоксициллиннің орнына амоксициллин/клавулан қышқылын пайдалану мүмкіндігі қарастырылу керек.

Қоздырғыштардың бета-лактамды антибиотиктерге төзімділігінің жоғары қаупінде Амоксиклавты қолдануға болмайды. Препаратты пенициллинге төзімді S. pneumoniae емдеу үшін қолдану ұсынылмайды.

Бүйрек функциясы бұзылуы бар және препараттың жоғары дозаларын қабылдаушы емделушілерде құрысулар дамуы мүмкін.

Жұқпалы мононуклеозде амоксициллин/клавулан қышқылын тағайындауға болмайды, өйткені қызылшаға ұқсас бөртпелер (амоксициллинге) пайда болуы мүмкін.

Амоксициллинмен емдеу уақытында бір мезгілде аллопуринол қолдану терінің аллергиялық реакциялары даму ықтималдығын арттыруы мүмкін. Қазіргі кезде аллопуринол мен Амоксиклавты® бір уақытта қолдану туралы деректер жоқ.

Препаратты ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес организмдердің шамадан тыс өсіп-өнуін туындатуы мүмкін.

Емнің басында пустулезді бөртпесі және қызбасы бар жайылған эритема пайда болуы жедел жайылған экзантематозды пустулездің даму симптомы болуы мүмкін. Бұл реакция дамығанда Амоксиклав® препаратын қолдануды тоқтату және болашақта амоксициллинді қайта пайдаланбау талап етіледі.

Препаратты бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге сақтықпен тағайындау керек. Бауыр функциясының бұзылу жағдайлары негізінен еркектерде және егде жастағы емделушілерде тіркелген, препаратты ұзақ уақыт бойы қолдануға байланысты туындауы мүмкін балаларда айтарлықтай сирек кездесті. Әдетте белгілері мен симптомдары емді бастау кезінде немесе емнен кейін бірден туындайды, бірақ кейбір жағдайларда емді тоқтатқан соң бірнеше аптадан кейін білінуі мүмкін. Бұл симптомдар әдетте қайтымды. Бауыр тарапынан асқынулар ауыр түрде болуы және өте сирек жағдайларда өліммен аяқталуы мүмкін. Олар әркез дерлік күрделі қатарлас аурулары бар емделушілерде немесе бауырға әсер ететін басқа да препараттар қабылдаушы емделушілерде дамиды. Антибиотикке байланысты колит дамуы амоксициллинді қоса, кез келген антибактериялық препараттарға тән және айқындылығы жағынан орташадан өмірге қауіпті дәрежеге дейін ауытқуы мүмкін. Сондықтан, препаратты антибиотиктердің кез келгенін қолдану уақытында немесе одан кейін диареядан зардап шегуші емделушілерге тағайындағанда бұл диагнозды ескерудің маңызы зор. Антибиотиктер қолдануға байланысты колит туындаған жағдайда Амоксиклав® препаратын пайдалануды дереу тоқтату керек. Дәрігер кеңесінен кейін тиісті ем тағайындалуы керек. Бұл жағдайда перистальтиканы төмендететін препараттарды қолдануға болмайды. Ұзақ уақыт емдеуде ағзалар жүйесінің функциясын, оның ішінде бүйрек, бауыр және қан түзу функциясын ұдайы бағалау ұсынылады. Қажетті қан ұю деңгейін ұстап тұру үшін пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар емделушілерге бұзылу айқындығы дәрежесіне қарай доза түзету талап етіледі.

Диурезі төмендеген науқастарда кристаллурия өте сирек, көбіне парентеральді ем уақытында анықталды. Ем уақытында туындауы мүмкін кристаллуриядан аулақ болу үшін емделушіге мол сұйық ішу ұсынылады.

Алынған деректерге сәйкес, амоксициллин қуықтың катетерінде шөгеді (көбіне үлкен дозаны көктамыр ішіне енгізгенде), бұл жағдайда катетердің өткізгіштігін ұдайы бақылау керек. Амоксициллин қолданумен емдеу уақытында ферментативті емес әдістерді пайдалануда жалғаноң нәтиже болуы мүмкіндігінен, несепте глюкоза барлығына талдау жүргізуде глюкозооксидазаның ферментативтік әдістерін пайдалану керек.

Препаратта клавулан қышқылының болуы иммуноглобулин G және альбуминнің эритроциттер жарғақшасымен спецификалық емес байланысуына және Кумбс сынамасының жалғаноң нәтижесіне алып келуі мүмкін.

Кейіннен Aspergillus жұқпасын жұқтырмағаны айғақталған, бірақ non-Aspergillus полисахаридтері мен полифураноздарды қолдануда айқаспалы реакциялар туралы деректер болмаған, амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған емделушілерде Bio-Rad Laboratories Platelia Aspergillus EIA талдауының оң нәтижесі туралы деректер алынған.

Демек, амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған емделушілердегі талдаудың оң нәтижесін сақтықпен интерпретациялау және диагностиканың басқа әдістерімен нақтылау керек.

Жүктілік

Жануарларға жүргізілген зерттеулер жүктілікке, эмбрион/ұрық дамуына, босануға немесе постнатальді дамуға қатысты тікелей немесе жанама зиянды әсері барын көрсетпеген.

Қазіргі уақытта амоксициллин/клавулан қышқылын адамдағы жүктілік кезінде пайдалану деректерінің шектеулі мөлшері бар, бұл дамудың туа біткен ақауы қаупінің жоғарылығын анықтамаған. Ұрық қабы мерзімінен бұрын ажыраған әйелдердегі клиникалық зерттеулерде амоксициллин/клавулан қышқылын қолданумен алдын ала емдеу мен жаңа туған нәрестелерде некроздық энтероколиттің қаупі жоғарылығының арасындағы себеп-салдарлы байланыс тіркелген. Препаратты жүктілік кезінде пайдалану ұсынылмайды, тек өте қажет жағдайда дәрігердің тағайындауымен қолданылуы мүмкін.

Лактация

Белсенді заттың екеуі де емшек сүтіне бөлінеді (клавулан қышқылының емшекпен емізуге әсері туралы деректер жоқ). Демек, емшекпен емізуде іш өту және шырышты қабықтардың зеңдік жұқпалары сияқты симптомдар пайда болуы мүмкін, бұл жағдайларда бала емізуді тоқтату керек.

Амоксициллин/клавулан қышқылын бала емізу уақытында пайдалануға тек емдеуші дәрігер пайда/қаупін бағалағаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автомобиль және техниканы басқару мүмкіндігіне әсер ететін тиімділігін анықтау бойынша зерттеулер жүргізілмеген. Дегенмен, Амоксиклав автомобильдерді және қозғалыстағы механизмдерді басқару мүмкіндігіне әсер етуі ықтимал аллергиялық реакциялар, құрысулар сияқты қолайсыз реакцияларды туындатуы мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: асқазан-ішек симптомдары және су/электролиттік теңгерім бұзылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда амоксициллин кристаллуриясы бүйрек жеткіліксіздігіне алып келеді. Бүйрек функциясы бұзылуы бар емделушілерде немесе препараттың жоғары дозаларын қабылдаушы емделушілерде құрысулар болуы мүмкін.

Емі: су/электролиттік теңгерімді ескере отырып симптоматикалық емдеу. Амоксициллин/клавулан қышқылы организмнен гемодиализ көмегімен шығарылуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғашқы ашылуы бақыланатын, бұралып бекітілетін полиэтилен қақпақпен тығындалған, сыйымдылығы 125 мл янтарь түсті шыны құтыларға 25 г ұнтақтан салынады. 1 құтыдан дозалайтын тамшуырымен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Дайын суспензияны 2-ден 8 °С-ге дейінгі температурада тығыз

жабылған құтыда сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл. Дайын суспензияны 7 күннен асырмай сақтау керек.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

Лек Фармасьютикалс д.д., Словения

Address: Perzonali 47, SI – 2391 Prevalje, Slovenia

Тіркеу куәлігінің иесі

Лек Фармасьютикалс д.д., Словения

Address: Verovskova, 57, 1526 Ljubljana, Slovenia

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

 

«Сандоз Фармасьютикалс д.д.» АҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Алматы қ., Луганский к-сі 96,

Телефон нөмірі: +7 727 258 10 48, факс: +7 727 258 10 47

e-mail: kzsdz.drugsafety@sandoz.com

8 800 080 0066 – Қазақстан бойынша телефон шалу тегін

 

 

Прикрепленные файлы

675142041477977175_ru.doc 155.5 кб
106614111477978339_kz.doc 191 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники