Аммиака раствор (10%, Фармацевтическая компания Ромат)

МНН: Аммиак
Производитель: Фармацевтическая компания Ромат , завод медицинских препаратов ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Дыхательные стимуляторы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№020596
Информация о регистрации в РК: 03.06.2014 - 03.06.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Аммиак ерітіндісі

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 10% 10 мл, 20 мл ерітінді

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 44.0 мл концентрацияланған аммиак ерітіндісі

қосымша зат – 100 мл дейін тазартылған су

Сипаттамасы

Өткір иісі бар және реакциясы жоғары сілтілі, мөлдір, түссіз, ұшпа сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу орталығы стимуляторлары.

АТХ коды R07AВ

Фармакологиялық қасиеттері

Препарат әсері жоғарғы тыныс алу жолдарының рецепторлары (үшкіл жүйке ұшы) арқылы әрекет ете отырып, тыныс алу орталығын рефлекторлы қоздыруға негізделген. Терінің рецепторларын тітіркендіреді, қан тамырларын кеңейтеді, тіндер трофикасын және регенерациясын жақсартады. Демді ішке тарту кезінде жоғарғы тыныс алу жолдары рецепторларымен өзара әрекеттеседі және тыныс алу орталығын қоздырады.

Қолданылуы

- тыныс алуды қоздыру және науқасты талып қалған жағдайдан шығару үшін

- жәндіктер шаққанда

- хирургиялық тәжірибеде С.И. Спасокукоцкий және И.Г. Кочергин әдісі бойынша қолды жуу үшін қолданылады

Қолдану тәсілі

Тыныс алуды қоздыру үшін: мақта немесе дәке тампонды препаратқа малып, мұрын қуысына 0,5 - 1 секундқа абайлап жақындатады. 0.5-1 см асырмай. Хирургиялық тәжірибеде қолды жууға арналған ерітінді дайындау үшін 25 мл препаратты 5 литр қайнаған жылы суда сұйылтады. Жәндіктер шаққан кезде – дымқылдағыш басу түрінде.

Жағымсыз әсерлері

- қышыну, гиперемия, ісіну

- аммиак буының үлкен концентрациясымен тыныс алған кезде тыныстың шектен тыс тарылуы және тыныс алудың рефлекторлық тоқтап қалуы мүмкін.

- гиперсаливация, тамақтың жыбырлауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- тері жабындысы тұтастығының бұзылуы

- жергілікті қолданған кезде тері аурулары: дерматиттер, дерматоздар, экзема

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңінде, балаларға сақтықпен қолдану керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз реакциялардың күшеюі

Емі: тыныс алу тоқтап қалған кезде тыныс алу аналептиктерін (кофеин, кордиамин) енгізу, жасанды тыныс алдыруды жүргізу керек. Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Мойны бұрандалы, пластмасса қақпағы немесе алюминий қалпақшалары бар полимер тығынмен тығындалған шынымассадан жасалған құтыға 10 мл және 20 мл препараттан құйылған.

Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік, орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен гофрланған картоннан жасалған тұғырға салынады және жылу ұстағыш үлбірмен тартып орайды немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты,

Семей қ., Қазақстан, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Семей қ., Қазақстан, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559,

e-mail: zmp@romat.kz.

Прикрепленные файлы

404341371477976690_ru.doc 42.5 кб
556231861477977825_kz.doc 48 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники