Амлодипин Канон (10 мг)

МНН: Амлодипин
Производитель: Канонфарма продакшн ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Amlodipine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010788
Информация о регистрации в РК: 24.12.2018 - 24.12.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 65.09 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Амлодипин Канон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амлодипин

Дәрілік түрі

5 мг және 10 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 6,93 мг немесе 13,86 мг амлодипин бесилаты, 5 мг немесе 10 мг амлодипинге шаққанда,

қосымша заттар: кальций стеараты, картоп крахмалы, лактоза моногидраты, магний стеараты, микрокристаллды целлюлоза.

Сипаттамасы

Ойығы және сызығы бар ақ немесе ақ дерлік түсті жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

«Баяу» кальций өзекшелерінің бөгегіштері. «Баяу» кальций өзекшелерінің селективті бөгегіштері. Дигидропиридин туындылары. Амлодипин.

АТХ коды С08СА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін ас қабылдауға байланыссыз асқазан-ішек жолынан (90%) баяу сіңеді. Препарат қандағы ең жоғары концентрациясына 6-12 сағаттан соң жетеді. Препарат қан плазмасында тұрақты концентрациясына оны ұдайы қабылдағаннан кейін 7-8 күннен соң жетеді. Таралу көлемі – шамамен 20л\ кг. Биожетімділігі – 60-65%. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы - 95%-дан астам. Препараттың жартылай шығарылу кезеңі – 35-45 сағат, ол оны тәулігіне бір рет тағайындауға мүмкіндік береді. Негізінен, бауырда метаболизденіп, белсенді емес метаболиттер түзеді. Ішке қабылданған дозаның 10%-дан азы өзгермеген күйінде шығарылады, 60%-ға жуығы бүйректер арқылы белсенді емес метаболиттер түрінде шығарылады, бүйрек қызметі бұзылған кезде - өзгермейді; 20-25%-ы метаболиттер түрінде өтпен бірге және ішек арқылы, сондай-ақ емшек сүтімен бірге шығарылады. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді. Артериялық гипертензиясы бар науқастарда жартылай шығарылу кезеңі – 48 сағат, егде жастағы емделушілерде ол 65 сағатқа дейін, бауыр қызметінің жеткіліксіздігінде 60 сағатқа дейін артады. Гемодиализ кезінде шығарылмайды.

Фармакодинамикасы

Амлодипин – дигидропиридин туындысы. Антигипертензиялық, антиангинальдық әсерлері бар. Кальций иондарының жасушалық жарғақша арқылы миокард пен тамырлардың тегіс бұлшықеттік жасушаларына түсуін бөгейді.

Гипотензиялық әсер етуінің механизмі тамырлардың тегіс бұлшық еттеріне тікелей босаңсытатын әсерімен жүзеге асады. Препараттың антиангинальді әсері шеткергі артериолдарды кеңейту қабілетіне байланысты, ол жалпы шеткергі қан тамырлық кедергіні төмендетеді. Жүрекке түсетін жүктеменің азаюы миокардтың оттегіні қажет етуінің төмендеуіне әкеледі. Препараттың әсер етуімен коронарлы артериялардың кеңеюі есебінен оттегінің миокардқа түсуі артады (әсіресе вазоспастикалық стенокардияда).

Зат алмасуға және қан плазмасының липидтеріне жағымсыз әсер етпейді, атеросклерозға қарсы әсері бар, шумақтық сүзілу жылдамдығын арттырады, әлсіз натрийуретикалық әсері бар. Диабеттік нефропатияда микроальбуминурияның айқындылығын арттырмайды.

Қолданылуы

Моно немесе кешенді ем ретінде емдік мақсатта

  • артериялық гипертензияда;

  • тұрақты стенокардияда және вазоспастикалық стенокардияда (Принцметалл стенокардиясында)

Қолдану тәсілі және дозалары

Бастапқы дозасы.

Артериялық гипертензия мен стенокардияда тәулігіне 5 мг. Қажет болғанда ең жоғары тәуліктік дозасына дейін жоғарылатуға болады.

Ең жоғары тәуліктік дозасы - 10 мг.

Бауыр қызметінің бұзылуымен науқастарға амлодипинді гипотензивті дәрі

ретінде сақтықпен, 2,5 мг. бастапқы дозада тағайындайды.

Егде тұлғаларда дозаны түзетудің қажеті жоқ, бірақ мұқият бақылауды

қажет етеді.

Емдеу курсын дәрігер әрбір емделушіге жекелей тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиілігі: жиі - 1% астамы, жиі емес - 1% төмен, сирек - 0,1% төмен, өте сирек -0,01% төмен.

Жүрек-қантамырлары жүйесі тарапынан: жиі – шеткергі ісінулер (тобық және табан), жүректің қағуы; жиі емес – АҚ- ның шамадан тыс төмендеуі, ортостатикалық гипотензия, васкулит; сирек – жүрек жеткіліксіздігінің дамуы немесе күшеюі; өте сирек – ырғақтың бұзылуы (брадикардия, қарыншалық тахикардия, қарыншалық экстрасистолия, жүрекшенің лүпілдеуі мен жыпылықтауы), миокард инфарктісі, кеуде қуысының ауыруы, бас сақинасы, бетке қан тебу.

Жүйке жүйесі тарапынан: жиі - бас ауыруы, бас айналуы, жоғары шаршағыштық, ұйқышылдық; жиі емес- дімкәстік, естен тану, астения, гипестезия, парестезиялар, шеткергі нейропатия, діріл, ұйқысыздық, эмоциональді ауытқымалылық, айрықша түс көрулер, ашушаңдық, депрессия, үрейлену; сирек – құрысу,апатия, ажитация; өте сирек - атаксия, амнезия, сананың шатасуы.

Асқорыту жүйесі тарапынан: жиі – жүрек айнуы, абдоминальді ауыру;

жиі емес – құсу, дефекация режимінің өзгеруі (оның ішінде іш қату, метеоризм), диспепсия, диарея, анорексия, ауыз қуысы шырышты қабатының құрғақтығы, шөліркеу; сирек – қызыл иектің гиперплазиясы,

тәбеттің артуы; өте сирек - гастрит, панкреатит, гипербилирубинемия, сарғаю (әдетте холестатикалық), "бауыр" трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, гепатит.

Қан түзу ағзалары тарапынан: өте сирек - тромбоцитопениялық пурпура, лейкопения, тромбоцитопения.

Несеп - жыныс жүйесі тарапынан: жиі емес - поллакиурия, несеп шығарудағы ауырсыну, никтурия, импотенция; өте сирек - дизурия, полиурия.

Қимыл-тірек аппараты тарапынан: жиі емес - артралгия, бұлшық еттің құрысуы, миалгия, арқаның ауыруы, артроз; сирек - миастения.

Тыныс алу жүйесі тарапынан: жиі емес – ентігу, ринит; өте сирек - жөтел.

Аллергиялық реакциялар: жиі емес – терінің қышуы, бөртпе; өте сирек – ангионевротикалық ісіну, мультиформалы эритема, есекжем.

Басқалары: жиі емес - алопеция, құлақтағы шуыл, гинекомастия, сексуальді функцияның бұзылуы, дене салмағының жоғарылауы/төмендеуі, көрудің бұзылуы, диплопия, аккомодацияның бұзылуы, ксерофтальмия, конъюнктивит, көздің ауыруы, дәм сезудің бұрмалануы, қалтырау, мұрыннан қан кету, қатты терлеу; сирек - дерматит; өте сирек – суық жабысқақ тер, паросмия, тері пигментациясының бұзылуы, гипергликемия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амлодипинге және дигидропиридиннің басқа туындыларына жоғары сезімталдық

  • коллапс, кардиогенді шок

  • ауыр артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым 90 мм.с.б. төмен)

  • тұрақсыз стенокардия, вазоспастикалық стенокардияны қоспағанда

  • айқын аорталық стеноз

  • гипертониялық криз

  • лактаза тапшылығы, лактозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер (тиімділігі және қауіпсіздігі анықталмаған)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ішке қабылдауға арналған антибиотиктермен, гипогликемиялық препараттармен үйлеседі.

Микросомальді тотығу тежегіштері амлодипиннің қан плазмасындағы концентрациясын арттырады, жағымсыз әсерлердің даму қаупін күшейтеді, ал бауырдың микросомальді ферменттерінің тежегіштері – азайтады.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен, әсіресе индометацинмен клиникалық мәні бар өзара әрекеттесуі байқалмады. Тиазидті және «ілмектік» диуретиктер, бета-адреноблокаторлар, верапамил, ангиотензин өзгертуші фермент АӨФ тежегіштері және нитраттар антиангинальді және гипотензивті әсерін күшейтеді.

Альфа1-адреноблокаторлар, нейролептиктер, изофлуран – гипотензивті әсерін күшейтеді.

Гипотензиялық әсерді симпатомиметиктер және эстрогендер бәсеңдетеді.

QT аралығының ұзаруын туындататын аритмияға қарсы препараттармен бірге қолданғанда (амиодарон, хинидин) кері инотропты әсерінің айқындығы жоғарылауы мүмкін.

Литий препараттарымен бірге қолданғанда нейроуыттылық белгілері білінуі мүмкін (жүрек айнуы, құсу, диарея, атаксия, дірілдеу, құлақтағы шуыл).

Амлодипин Канон дигоксин, варфарин, фенитоин, циклоспориннің фармакокинетикалық параметрлеріне әсер етпейді.

Кальций препараттары баяу кальций өзекшелері бөгегіштерінің (БКӨБ) әсерін азайтуы мүмкін.

Вирусқа қарсы препараттар (ритонавир) БКӨБ оның ішінде, амлодипиннің плазмалық концентрациясын жоғарылатады.

Этанол (құрамында алкоголь бар сусындар):10 мг дозада бір рет және қайталап қолданғанда амлодипин этанолдың фармакокинетикасына айтарлықтай әсер етпейді.

Құрамында алюминий/магний бар антацидтерді бір рет қолдану, амлодипин фармакокинетикасына әсер етпейді.

Синденафил (Виагра):100 мг синденафилді бір рет қолдану, амлодипин фармакокинетикасына әсер етпейді.

Аторвастатин: 10 мг дозада амлодипинді және 80 мг дозада аторвастатинді қайталап қолдану аторвастатин фармакокинетикасының айтарлықтай өзгеруімен жүрмейді.

Айрықша нұсқаулар

Төмендегі жағдайларда сақтықпен қолданылады:

- аортальді стенозда;

- шығу тегі ишемиялық емес созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (NYHA бойынша ІІІ- IV класс);

- бауыр жеткіліксіздігінде;

- жедел миокард инфарктісінде (және одан кейін 1 ай бойы);

- егде жаста.

«Баяу» кальций өзекшелерінің басқа да бөгегіштерін қолданғандағы сияқты митральді стенозда, гипертрофикалық обструкциялық кардиомиопатияда, артериялық гипотензияда, синустық түйін әлсіздігі синдромы бар емделушілерге амлодипинді қабылдау аясында сақтық шараларын ұстану керек.

Емделу кезеңінде дене массасы мен диетаны, әсіресе, натрий тұтынуды, тіс гигиенасын ұстануды және стоматологқа жиі баруды (қызыл иектің ауыруын, қанауын және гиперплазиясының алдын алу) қадағалап отыру қажет.

Стенокардия ағымының нашарлау қаупі салдарынан препаратты күрт тоқтатуға болмайды.

Амлодипин Канон калийдің, глюкозаның, триглицеридтердің, жалпы холестериннің, тығыздығы төмен липопротеиндердің, несеп қышқылының, креатининнің, мочевина азотының плазмалық концентрациясына әсер етпейді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Амлодипин Канон препаратының автокөлікті басқаруға немесе механизмдермен жұмыс істеуге әсер етуі жөнінде деректер жоқ. Дегенмен, кейбір емделушілерде көбінесе ем басталар алдында ұйқышылдық пен бас айналуы пайда болуы мүмкін. Олар пайда болғанда зейінді жоғары жұмылдыруды және психомоторлы реакциялар жылдамдығын талап ететін автокөлікті басқару және басқа да әлеуетті қауіпті қызмет түрлерімен айналысқан кезде сақтық шараларын сақтау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: артериялық қан қысымының айқын төмендеуі, тахикардия, шамадан тыс шеткергі вазодилатация.

Емі: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмірді тағайындау, жүрек-қантамыр жүйесі қызметін демеу, жүрек пен өкпе жұмыс көрсеткіштерін мониторингілеу, айналымдағы қан көлемін мен диурезді бақылау. Қан тамырлардың тонусын қалпына келтіру үшін – қан тамырларын тарылтатын препараттарды қолдану (оларды қолдануға қатысты қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда); кальций өзекшелерінің блокадасын тоқтату үшін - кальций глюконатын көктамыр ішіне енгізу. Гемодиализ тиімді емес.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 немесе 30 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

10 таблеткадан 3, 6 пішінді ұяшықты қаптаманы немесе 30 таблеткадан 1, 2 пішінді ұяшықты қаптаманы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Канонфарма продакшн» ЖАҚ, Ресей Федерациясы,

141100, Мәскеу облысы, Щелково қ-сы., Заречная к-сі, 105 үй.

Тел.: +7 (495) 797-99-54, факс: +7 (495) 797-96-63

Е-mail: www.canonpharma.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Канонфарма продакшн» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан препараттың сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нестеренко Н.А.» ЖК, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Фурманов к-сі, 128 үй, 16 кеңсе, тел.: +7 727 2796659, e-mail: ip_n_nesterenko@list.ru

 

Прикрепленные файлы

847284811477976881_ru.doc 69.5 кб
435304131477978047_kz.doc 82.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники