Аминоплазмаль Б.Браун 5% Е (250 мл)

МНН: Аминокислоты для парентерального питания + Прочие препараты (Минералы)
Производитель: Б. Браун Мельзунген АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты для парентерального питания
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019388
Информация о регистрации в РК: 01.03.2018 - 01.03.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Аминоплазмаль Б.Браун 5 % Е

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 5 % ерітінді

Құрамы

1000 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: изолейцин 2,50 г

лейцин 4,45 г

лизин гидрохлориді 4,28 г

(3,43 г лизинге баламалы)

метионин 2,20 г

фенилаланин 2,35 г

треонин 2,10 г

триптофан 0,80 г

валин 3,10 г

аргинин 5,75 г

гистидин 1,50 г

аланин 5,25 г

глицин 6,00 г

аспарагин қышқылы 2,80 г

глутамин қышқылы 3,60 г

пролин 2,75 г

серин 1,15 г

тирозин 0,40 г

натрий ацетаты тригидраты 1,361 г

натрий гидроксиді 0,140 г

калий ацетаты 2,453 г

натрий хлориді 0,964 г

магний хлориді гексагидраты 0,508 г

динатрий фосфаты додекагидраты 3,581 г

қосымша заттар: ацетилцистеин, лимон қышқылының моногидраты, инъекцияға арналған су

Амин қышқылдарының құрамы 50 г/л

Жалпы азот 7,9 г/л

Калориялылығы 835 кДж/л ( 200 ккал/л)

Теориялық осмолярлығы 588 мОсм/л

Қышқылдылығы, 7.4 pH-қа титрация шамамен 17 ммоль/л

pH 5,7 – 6,3

Электролиттер концентрациясы:

Натрий 50 ммоль/л

Калий 25 ммоль/л

Магний 2,5 ммоль/л

Ацетаттар 35 ммоль/л

Хлоридтер 45 ммоль/л

Фосфаттар 10 ммоль/л

Цитраттар 2,0 ммоль/л

Сипаттамасы

Түссізден әлсіз-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастырушы және перфузиялық ерітінділер.

Парентеральді қоректендіруге арналған препараттар.

Парентеральді қоректендіруге арналған біріктірілген препараттар.

АТХ коды В05ВА10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парентеральді қоректендіретін дәрі, метоболикалық әсер етеді.

Аминоплазмаль Б.Браун 5 % Е көктамыр ішіне енгізілетіндіктен, ерітінді құрамындағы амин қышқылдары мен электролиттердің биожетімділігі 100% құрайды.

Аминоплазмаль Б.Браун 5 % Е құрамы амин қышқылдарын көктамыр ішіне енгізгенде метаболизмнің клиникалық зерттеулері нәтижелеріне негізделеді. Аминоплазмаль Б.Браун 5 % Е құрамындағы амин қышқылдары препаратты көктамыр ішіне енгізу кезінде плазмада амин қышқылдары концентрациясының біртіндеп ұлғаюына қол жеткізілетіндей етіп таңдалған, бұл ретте емделуші организмінде амин қышқылдарының физиологиялық гомеостазы сақталады.

Ақуыздар синтезіне қатыспайтын амин қышқылдары келесі жолдармен метаболизденеді. Амин топтары көміртекті қаңқадан трансаминациялау реакциялары арқылы ажырайды. Көмірсу тізбегі CO2 түзілгенше тотығады немесе бауырда глюконеогенезге арналған субстрат ретінде қайта өңделеді. Амин тобы сондай-ақ бауырда мочевина түзе отырып, бауырда метаболизмге ұшырайды.

Фармакодинамикасы

Аминоплазмаль Е құрамында амин қышқылдары (L-изомерлер түрінде) мен электролиттері бар ерітіндіні білдіреді. Парентеральді қоректендірудің мақсаты тіндік жасушалардың өсуіне, демеуге және регенерациясына және т.б. үшін қажет барлық қоректендіргіш заттармен организмді қамтамасыздандыру болып табылады.

Бұл тұрғыда амин қышқылдарына ерекше көңіл бөлінеді, өйткені олардың көпшілігі ақуыз синтезі үшін қажетті болып саналады.

Көктамыр ішіне енгізілген амин қышқылдары қантамыр ішілік және жасуша ішілік амин қышқылдарының депосына түседі. Эндогенді әрі экзогенді амин қышқылдары функционалдық және құрылымдық ақуыздар синтезі үшін субстрат қызметін атқарады.

Алмастырылмайтын және алмастырылатын амин қышқылдарын қоса, Аминоплазмаль Б.Браун 5 % Е ерітіндісінің құрамында болатын ақуыздар синтезіне қажетті барлық амин қышқылдарын енгізу қоректендірудің жоғары тиімділігінің қамтамасыз етеді және ақуыз синтезі кезінде организмге түсетін жүктемені төмендетеді. Осылайша, Аминоплазмаль Б.Браун 5 % Е препаратының негізгі емдік әсер етуі парентеральді қоректендіру кезінде организмді ақуыздар синтезі үшін субстратпен қамтамасыздандыруға негізделген.

Энергия түзуде амин қышқылдары метаболизмін болдырмау мақсатында, сондай-ақ организмнің басқа да энергетикалық қажеттіліктерін толықтыру үшін организмді көмірсу және май түріндегі энергиямен бір мезгілде қамтамасыз ету қажет.

Қолданылуы

  • пероральді немесе энтеральді қоректендіру мүмкін болмаған жағдайда парентеральді қоректендіру кезінде ақуыздар синтезі үшін субстрат ретінде организмді амин қышқылдарымен қамтамасыз етуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Аминоплазмаль Б.Браун 5 % Е орталық көктамырлық инфузия арқылы көктамыр ішіне енгізу үшін пайдаланылады.

Препаратты қолдану әдістемесі

Препарат бір рет қолдануға есептелген құтыларда шығарылады. Ерітінді мөлдір болса және құтысы зақымдалмаған болса ғана пайдалану керек. Құты ашылғаннан кейін ішіндегісін тез арада пайдалану керек. Ерітіндіні енгізу үшін тек стерильді инфузиялық жүйелерді пайдаланыңыз. Препараттың кез келген пайдаланылмаған көлемін сақтауға болмайды және ол жойылуы тиіс.

Ұсынылатын дозалар

Дозасы емделушілердің амин қышқылдарына, электролиттерге және сұйықтыққа деген жеке қажеттілігіне сәйкес емделушінің жағдайына (негізгі ауруларына байланысты тамақтану жағдайы немесе азот катаболизмі деңгейі) қарай анықталуы тиіс.

Ересектер мен 15-тен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрігер басқаша тағайындамаса, онда емделушінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, келесі дозалар ұсынылады:

Орташа тәуліктік доза:

Әр кг дене салмағына 20-40 мл, ол мынаған сәйкес:

Әр кг дене салмағына 1,0 – 2,0 г амин қышқылдары

70 кг дене салмағына 1400 – 2800 мл

Ең жоғары тәуліктік доза:

Әр кг дене салмағына 40 мл, ол мынаған сәйкес:

Әр кг дене салмағына 2,0 г амин қышқылдары

70 кг дене салмағына 140 г амин қышқылдары

70 кг дене салмағына 2800 мл

Инфузияның ең жоғары жылдамдығы:

2 мл/кг дене салмағы/сағатына, ол мынаған сәйкес:

0,1 г амин қышқылдары/кг дене салмағы/сағат

70 кг дене салмағына минутына 45 тамшы

70 кг дене салмағына минутына 2,34 мл

Балалар және 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер:

Емделушілердің бұл тобына араналған дозалар орташа болып табылады, тек жалпы басшылыққа алуға ұсынылады. Нақты дозасы жасына, даму сатысы мен негізгі ауруларына сәйкес анықталуы тиіс.

3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға арналған тәуліктік доза:

Әр кг дене салмағына 30 мл, бұл әр кг дене салмағына 1,5 г амин қышқылына сәйкес келеді

6-дан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған тәуліктік доза:

Әр кг дене салмағына 20 мл, бұл әр кг дене салмағына 1,0 г амин қышқылына сәйкес келеді

Инфузияның ең жоғары жылдамдығы:

2 мл/кг дене салмағына/сағатына, бұл 0,1 г амин қышқылы/ кг дене салмағына/сағатына сәйкес келеді

Егер амин қышқылдарына қажеттілігі тәулігіне дене салмағының әр кг 1г және одан артықты құраса, енгізілетін сұйықтық мөлшерін шектеуге айрықша назар аудару керек. Сұйықтықтың артық жүктемесін болдырмау үшін амин қышқылдарының құрамы жоғарылау ерітінділерді пайдаланған жөн.

Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін дозасы мен препаратты енгізу тәртібі жекелей белгіленеді.

Амин қышқылдары ерітінділерін қолданудың ұзақтығы парентеральді қоректендіруге арналған көрсетілімдердің болуымен анықталады.

Жағымсыз әсерлері

Парентеральді қоректенудің басында жалпы парентеральді қоректенуге қатысы бар жағымсыз әсерлері байқалуы мүмкін.

Жиі емес (≥1/1.000 - <1/100)

- жүрек айнуы, құсу

- бас ауыруы, қалтырау, дене температурасының жоғарылауы

Аминоплазмаль Б.Браун 5%Е пайдалану кезінде аллергиялық реакциялар байқалмаған, алайда парентеральді қоректендіру препараты ретінде, жалпы алғанда, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ерітіндінің қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық

- амин қышқылы алмасуының туа біткен аномалиясы

- қан айналымының өмірге қауіпті ауыр бұзылуы (шок)

- гипоксия

- метаболикалық ацидоз

- бауырдың үдемелі ауруы

- гемофильтрациясыз және гемодиализсіз ауыр бүйрек жеткіліксіздігі

- ерітінді құрамындағы кез келген электролиттің қан плазмасындағы жоғары, патологиялық концентрациясы

- 2 жасқа дейінгі балаларға

- Инфузиялық емдеуге арналған жалпы қарсы көрсетілімдер:

- декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі

- өкпенің жедел ісінуі

- гипергидратация

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Егер толық парентеральді қоректендіру жағдайында Аминоплазмаль Б.Браун 5 % Е ерітіндісіне көмірсу, липидтер, витаминдер мен микроэлементтер сияқты басқа қоректендіргіш заттарды қосу қажеттілігі туындаса, онда құрамында осындай қоректік заттар бар ерітінділермен араластыру қатаң асептикалық жағдайда, қоспалары толық жойылғанға дейін жүргізілуі тиіс. Үйлесімділігіне айрықша назар аудару керек. Микробиологиялық тұрғыдан алғанда, қоспаларды дайындалғаннан кейін дереу пайдалану қажет.

Айрықша нұсқаулар

Аминоплазмаль Б.Браун 5% Е қарсы көрсетілімдер тізімінде көрсетілмеген амин қышқылы алмасуының бұзылулары болғанда тек пайдасы мен қаупін мұқият бағалаудан кейін ғана қолданылуы тиіс.

Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде доза жеке талаптарға сәйкес таңдалуы тиіс.

Қан плазмасының жоғары осмолярлығы бар емделушілерде сақтық танытқан жөн.

Гипотониялық дегидратация парентеральді қоректендіруді бастағанға дейін қажетті сұйықтық пен электролиттер енгізіліп түзетілуі тиіс.

Препаратты енгізген кезде қан сарысуындағы электролиттер концентрациясына, қандағы глюкоза деңгейіне, сұйықтық теңгеріміне, қышқылды-негізді жағдай мен бүйрек қызметіне (қалдық азот, креатинин) тұрақты бақылау жүргізілуі тиіс.

Мониторингке, сондай-ақ протеин сарысуы мен бауыр қызметін зерттеу кіреді.

Жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге үлкен көлемде сұйықтық енгізу жағдайларына айрықша көңіл аудару керек.

Амин қышқылдары парентеральді қоректендірудің тек бір бөлігі ғана болып табылады.

Парентеральді қоректендіру кезінде организмді амин қышқылдарымен қамтамасыз ету энергия жеткізушілердің (көмірсу ерітінділері, май эмульсиясы) жеткілікті мөлшерін, витаминдер мен микроэлементтерді енгізумен біріктірілуі тиіс.

Егер Аминоплазмаль Б.Браун 5% Е басқа қоректендіру ерітінділерімен үйлестіріліп енгізілсе, шеткергі көктамырлық қол жетімділіктің мүмкіндігі қорытынды ерітіндінің осмолярлығына байланысты болады.

Инфузия орны (тері беткейі) қабыну немесе жұқпалану белгілерінің бар-жоғына күнделікті тексерілуі тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті және бала емізетін әйелдерге препаратты қолдануға қатысты зерттеулер жүргізілмеген. Жүктілік кезінде Аминоплазмаль Б.Браун 5% Е қолдануға байланысты клиникаға дейінгі деректер жоқ.

Демек, Аминоплазмаль Б.Браун 5% Е жүктілік және лактация кезінде сақтықпен және тек ұрыққа пайдасы мен ықтимал қаупін бағалаудан кейін ғана қатаң көрсетілімдер болған жағдайда қолданылуы тиіс.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Аминоплазмаль Б.Браун 5 % Е тек стационар жағдайында ғана

пайдалануға арналған.

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозалануы немесе инфузияның шамадан тыс жоғары жылдамдығы жүрек айнуы, қалтырау, құсу және бүйрек қызметінің бұзылуы түріндегі көтере алмаушылық реакцияларының пайда болуына әкелуі мүмкін.

Емі: көтере алмаушылық реакциялары пайда болған жағдайда амин қышқылдарын енгізу уақытша тоқтатылып, біраздан соң жылдамдығын азайта отырып қайта енгізу жалғастырылуы тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

250 мл, 500 мл препараттан резеңке тығынмен тұмшаланып тығындалған және алюминий қақпақшамен қаусырылған II класты мөлдір шыныдан жасалған құтыларға құйылады.

10 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтың өтуінен қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

B.Braun Melsungen AG, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

B.Braun Melsungen AG, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Б.Браун Медикал Қазақстан» ЖШС

Алматы қ., Абай к-сі 151/115

Телефон: +7 727 334 02 17

Факс: +7 727 334 02 18

 

Прикрепленные файлы

558089781477977018_ru.doc 65.5 кб
252212521477978198_kz.doc 104 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники