Амапин L

МНН: Амлодипин, Лизиноприл
Производитель: Macleods Pharmaceuticals Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Лизиноприл в комбинации с амлодипином
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021075
Информация о регистрации в РК: 24.12.2014 - 24.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Амапин L

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 6,935 мг aмлодипин бесилаты

5,0 мг (амлодипинге баламалы),

10,194 мг лизиноприл дигидрат

10,0 мг (лизиноприлге баламалы),

қосымша заттар: кальций фосфаты дигидраты, микрокристалды целлюлоза, құрғақ крахмал, маннитол, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тальк.

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі жақ беті дөңес, ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне ықпал ететін препараттар. Басқа препараттармен біріктірілген АКФ (ангиотензин-конвертациялаушы фермент) тежегіштері. Лизиноприл және амлодипин.

АТХ коды C09BB03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Амлодипин

Амлодипиннің емдік дозасын ішке қабылдағаннан кейін, оның сіңуі нәтижесінде плазмада ең жоғары концентрация 6-12 сағаттан соң білінеді. Абсолюттік биожетімділігі 64-90% шегінде. Амлодипиннің биожетімділігі тамақ ішуге байланысты емес. Амлодипин бауырда метаболизденеді. Амлодипиннің 60%-ға жуығы несеппен бірге метаболиттер түрінде және 5%-ы өзгермеген зат түрінде шығарылады. Плазмадан эоиминациясы екі сатыда жүреді, жартылай шығарылуының терминальді кезеңі 30-50 сағатты құрайды. Амлодипин плазмада тұрақты концентрацияға біртіндеп 7-8 күн қабылдағаннан кейін жетеді.

Амлодипиннің фармакокинетикасына бүйрек функциясының бұзылуы ықпалын тигізбейді.

Лизиноприл

Лизиноприлді ішке қабылдағаннан кейін плазмада ең жоғары концентрациялар шегі 7 сағаттан кейін білінеді. Лизиноприл метаболизмге ұшырамайды және өзгермеген күйінде несеппен бірге бөлініп шығады. Лизиноприлдің сіңуі барлық дозаларда (5-80 мг), орта есеппен, 25%-ға жуықты (6-60%) құрайды. Лизиноприлдің сіңуіне ас қорыту жолында тағамның болуы ықпал етпейді. Лизиноприлдің абсолюттік биожетімділігі жүрек функциясының NYHA бойынша II-IV класқа жататын жеткіліксіздігі бар емделушілерде 16%-ға дейін төмендейді. Лизиноприл дозаларын қабылдауды қайталаған кезде жартылай шығарылу кезеңі 12 сағатты құрайды, ал ұдайы тұрақты концентрацияға тәуліктік дозаны бір рет қабылдаудан кейін 3 тәулік шегінде жетеді, бірақ бұл жиналып қалуына әкелмейді.

Бүйрек функциясының бұзылуы негізінен бүйрек арқылы бөлініп шығатын лизиноприлдің шығарылуын төмендетеді, бірақ бұл төмендетудің, егер тек шумақтық сүзілу көрсеткіші минутына 30 мл-ден төмен болатын болса ғана, клиникалық маңызы бар. Шумақтық сүзілу көрсеткіші осы саннан жоғары болған жағдайда жартылай шығарылу кезеңі елеусіз өзгереді.

Фармакодинамикасы

Амлодипин

Амлодипин дигидропиридиндер тобына жататын кальций антагонисі (кальций иондарының антагонисі немесе баяу кальций өзекшелерінің блокаторы) болып табылады, ол кальций иондарының қантамырлардың және миокардтың тегіс бұлшықеттерінің жасушаларына жарғақша арқылы енуін тежейді. Амлодипин дигидропиридиндік те, сондай-ақ дигидропиридиндік емес те рецепторлармен байланысады.

Амлодипин артериялық вазодилататор болып табылады, ол қантамырлардың тегіс бұлшықеттерінің жасушаларына тікелей әсер етеді, бұл шеткергі кернеудің және артериялық қысымның төмендеуіне әкеледі.

Лизиноприл

Лизиноприл ангиотензин-конвертациялаушы ферментті (АКФ) басады. ІІ ангиотензиннің І ангиотензиннен түзілуіне кедергі жасайды, қан плазмасында альдостеронның синтезін және секрециясын төмендетеді, қантамырлардың жалпы шеткергі кедергісін азайтады, жүректің жиырылу жиілігін өзгертпей, минуттық көлемін арттырады. Гипертензияда және жүрек функциясының жеткіліксіздігінде лизиноприлдің әсерінің артықшылығы алдымен ренин-ангиотензин-альдостеронды осьті басуы болып табылады. Бүйрекішілік динамиканы жақсартады.

Амапин L құрамына амлодипин мен лизиноприл кіретін біріктірілген препарат болып табылады. Препараттың емдік әсері оның белсенді әрбір ингредиенттерінің фармакологиялық белсенділігімен жүзеге асады.

Қолданылуы

- эссенциальді артериялық гипертензияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Амапин L препаратының бастапқы дозасы артериялық гипертензияны емдегенде тәулігіне 1 рет бір таблеткадан, ең жоғары тәуліктік дозасы 2 таблетка.

Әдеттегідей, белгіленген дозасы бар біріктірілген препаратты бастапқы ем үшін қолданбаған жөн.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер үшін қолайлы старттық дозаны және демеуші дозаны, дозалау режимін анықтау үшін лизиноприлді және амлодипинді бөлек пайдалана отырып, жекелей ретпен анықтау қажет. Амапин L препаратымен емдеу кезінде бүйрек функциясына, қан сарысуындағы калий мен натрий мөлшеріне бақылау жүргізу керек. Бүйрек функциясы нашарлаған жағдайда Амапин L препаратын тоқтату және оны талапқа сай дозаларда монопрепараттарға алмастыру қажет. Амлодипин диализде шығарылмайды.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер

Мұндай жағдайлардағы дозалау режимі жөніндегі нақты нұсқаулар анықталған жоқ, сондықтан бұл дәрілік препаратты бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде сақтықпен, ұсынылған ең аз дозалардан бастап тағайындаған жөн. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолайлы бастапқы және демеуші дозаларды анықтау үшін, дозаны лизиноприлді және амлодипинді бөлек пайдалана отырып титрлеу қажет. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Бауыр функциясының айқын жеткіліксіздігі бар емделушілерде амлодипинді дозалауды азырақ дозадан бастаған және қолайлы дозаға дейін баяу титрлеген жөн.

Егде жастағы (65 жастан асқан) емделушілер

Егде жастағы емделушілерге препаратты абайлап тағайындаған жөн. Клиникалық зерттеулерде жасына байланысты, амлодипин және лизиноприл үшін тиімділігі мен қауіпсіздігі бейінінде өзгерулер байқалған жоқ. Қолайлы демеуші дозаны анықтау үшін, лизиноприлді және амлодипинді бөлек қолдана отырып, дозалау режимін жекелей ретпен анықтау қажет.

Жағымсыз әсерлері

Жиі ( ≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)

- бас айналу, бас ауыру, ұйқы басу, шаршағыштық, әлсіздік

- жүрек қағуының жиілеуі, ортостатикалық гипотензия

- препарат қабылдауды тоқтатқанда қайтатын құрғақ жөтел

- диарея, жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы

- бүйрек функциясының бұзылуы

- шеткергі ісінулер, тобықтың ісінуі, тері гиперемиясы

Жиі емес ( ≥ 1/1 000-нан <1/100 дейін)

- ұйқының бұзылуы, ұйқысыздық, көңіл-күйдің өзгеруі (соның ішінде үрейлену), депрессия, астения, дімкәстік

- парестезия, гипестезия, вертиго, тремор, естен тану, дисгевзия

- көру бұзылыстары (соның ішінде диплопия)

- құлақтың шыңылдауы

- тахикардия, артериялық гипотензия, миоркард инфарктісі және ми қан айналымының бұзылуы, жоғары қауіп тобындағы емделушілерде шамадан тыс артериялық гипотензия нәтижесінде болуы мүмкін, Рейно синдромы

- ентігу

- көкіректің, арқаның ауыруы, артралгиялар, миалгиялар, бұлшықеттерде тоникалық құрысулар

- ринит

- ауыздың кеберсуі, диспепсия, дефекацияның өзгеруі (диарея, іш қатулар)

- қышыну, тері бөртпелері, алопеция, пурпура, тері түсінің өзгеруі, қатты терлеу, экзантема

- несептің бөлініп шығу бұзылыстары (соның ішінде несептің бөлініп шығуының жиілеуі), никтурия

- импотенция, гинекомастия

- қан сарысуында креатинин, мочевина концентрацияларының жоғарылауы, гиперкалиемия, «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы

- дене салмағының артуы немесе төмендеуі

Сирек ( ≥ 1/10 000-нан < 1/1 000 дейін)

- антидиуретикалық гормон секрециясының талапқа сай болмау синдромы

- сананың шатасуы

- псориаз, есекжем, аса жоғары сезімталдық/беттің, аяқ-қолдың, еріннің, көмекейдің және көмейдің, тілдің ангионевротиалық ісінуі

- бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, уремия

- препаратты ұзақ қолданғанда гемоглобиннің және гематокриттің елеусіз төмендеуі, гипербилирубинемия, гипонатриемия

Өте сирек (< 1/10 000)

- сүйек кемігінде қан түзудің бәсеңдеуі: агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения; гемолитикалық анемия, лимфоаденопатиялар

- аутоиммундық бұзылулар

- гипогликемия, гипергликемия

- шеткергі нейропатия

- артериялық қысымның жоғарылауы

- миокард инфарктісі, қарыншалық тахикардия, брадикардия, жүрекшелердің фибрилляциясы, аритмиялар, васкулит

- бронхтың түйілуі, аллергиялық альвеолит, эозинофильді пневмония, синусит

- интестинальді ангионевротикалық ісіну

- панкреатит, гастрит, қызыл иектің гиперплазиясы, гепатоцеллюлярлы немесе холестатикалық сарғаю, гепатит, бауыр функциясының жеткіліксіздігі

- уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, эксфолиативті дерматит, вульгарлы сулы бөртпе, жарыққа сезімталдық, тері псевдолимфомасы, есекжем, Квинке ісінуі

- олигурия/анурия

Тері псевдолимфомасы синдромы төменде берілген симптомдардың біреуін немесе одан көбін қамтуы мүмкін екендігі жөнінде деректер алынды: қызба, васкулит, миалгия, артралгия/ артрит, антинуклеарлы антиденелер (АНА) деңгейінің жоғарылауы, эритроциттердің шөгу жылдамдығының (ЭШЖ) артуы, эозинофилия және лейкоцитоз, бөртпе, фотосенсибилизация немесе тері тарапынан басқа да өзгерулер.

Амлодипинді қолданғанда сондай-ақ экстрапирамидті синдромның пайда болуының төтенше жағдайлары да тіркелді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне немесе дигидропиридиннің басқа да туындыларына жоғары сезімталдық

- сыртартқыдағы ангионевротикалық ісіну (соның ішінде басқа да АӨФ тежегіштерін қолданудан болған, тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық)

- қолқаның немесе митральді клапанның гемодинамикалық тұрғыдан маңызды стенозы

- гипертрофиялық кардиомиопатия

- тұрақсыз стенокардия (Принцметал стенокардиясын қоспағанда)

- айқын артериялық гипотензия, соның ішінде кардиогенді шок

- лейкопения, тромбоцитопения

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Лизиноприл

Калий мөлшеріне ықпалын тигізетін заттар: калий жинақтайтын диуретиктер (мысалы, спиронолактон, амилорид және триамтерен), құрамында калий бар тағамдық қоспалар, құрамында калий бар тұз алмастырғыштар және қан сарысуында калий мөлшерінің жоғарылауына әкеп соғатын басқа да дәрілік заттар (мысалы, гепарин), әсіресе сыртартқысында бүйрек функциясының жеткіліксіздігі және бүйректің басқа да аурулары бар емделушілерде, АӨФ тежегіштерімен біріктіргенде гиперкалиемияға әкеп соғуы мүмкін. Калий мөлшеріне ықпалын тигізетін дәрілік препаратты лизиноприлмен бір мезгілде тағайындағанда, сарысудағы калий мөлшерін бақылаған жөн. Сондықтан бір мезгілде тағайындау сарысудағы калий мөлшерін де, сондай-ақ бүйрек функциясын да үнемі бақылауға мұқият негізделуі және аса сақтықпен жүргізілуі тиіс. Лизиноприлді организмнен калийді шығаратын диуретикпен бір мезгілде тағайындағанда диуретик-индукцияланған гипокалиемия төмендеуі мүмкін.

Диуретиктер: диуретикті Амапин L қабылдап жүрген емделушіге тағайындаған жағдайда, гипертензияға қарсы әсері, әдеттегідей, күшейеді, Амапин L препаратын диуретиктермен біріктіргенде аса сақтықпен қабылдау қажет. Диуретиктерді қабылдап жүрген, және диуретиктермен емдеу жуық арада ғана тағайындалған емделушілерде, лизиноприлді қабылдаған кезде кейде артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі байқалуы мүмкін. Егер диуретикті қабылдау лизиноприлмен емдеуді бастағанға дейін тоқтатылса, симптоматикалық гипотензия ықтималдылығы лизиноприлді қабылдаған кезде төмендеуі мүмкін. Лизиноприл диуретиктердің калийуретикалық әсерін жеңілдетеді.

Басқа да гипотензивтік препараттар: осы препараттарды бір мезгілде қабылдау лизиноприлдің гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін. Нитроглицеринмен немесе басқа да нитраттармен немесе вазодилататорлармен бір мезгілде қабылдау артериялық қысымның көп төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.

Үшциклді антидепрессанттар / антипсихотиктер / анестетиктер / есірткілер: осы препараттарды АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау артериялық қысымның көп төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.

Симпатомиметиктер: АӨФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерін азайтуы мүмкін.

Гипогликемиялық препараттар: АӨФ тежегіштерін және гипогликемиялық дәрілік препараттарды (инсулиндерді және пероральді гипогликемиялық дәрілерді) бір мезгілде қабылдағанда қандағы глюкоза деңгейінің және гипогликемия қаупінің төмендеу ықтималдығы жоғарылауы мүмкін. Осы феномен біріктірілген емнің алғашқы аптасында және бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде өте жиірек байқалады.

Ацетилсалицил қышқылы, тромболитиктер, бета-блокаторлар, нитраттар

Лизиноприл ацетилсалицил қышқылымен (кардиологиялық дозаларда), тромболитиктермен, бета-блокаторлармен және/немесе нитраттармен бір мезгілде қолданылуы мүмкін.

Қабынуға қарсы стероиды емес препараттар (ҚҚСП): ацетилсалицил қышқылының тәулігіне жоғары > 3 г дозаларын қоса, ҚҚСП ұзақ қолдану, АӨФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерін төмендетуі мүмкін. ҚҚСП және АӨФ тежегіштерін қабылдаудың аддитивтік әсері қан сарысуында калий мөлшері жоғарылағанда білінеді және бүйрек функциясының нашарлауына әкеп соғуы мүмкін. Бұл әсерлер әдетте қайтымды. Сирек жағдайларда, әсіресе егде жастағы және сусызданған емделушілерде бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.

Литий препараттары: литий препараттарын АӨФ тежегіштерімен біріктіріп қолданғанда қан сарысуындағы литий мөлшерінің қайтымды артуы және уыттылығының ұлғаюы тіркелді. Тиазидтік диуретиктерді АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қолдану литийдің уыттылық қаупін ұлғайтуы және онсыз да литиймен қатты уыттануды арттыруы мүмкін. Лизиноприлді литий препараттарымен бірге қолдануға ұсыныс жасалмайды, бірақ егер біріктірілген препарат қажет деп табылса, осы кезеңге қан сарысуындағы литий мөлшерін бақылаған жөн.

Алтын препараттары: АӨФ тежегіштерін және алтын препараттарын (натрий ауротиомалатын) көктамыр ішіне бір мезгілде қолданғанда бет гиперемиясын, жүректің айнуын, бас айналуды және артериялық гипотензияны қамтитын симптомдар кешені сипатталған.

Амлодипин

CYP3A4 изоферментінің тежегіштері: амлодипинді CYP3A4 изоферментінің күшті немесе орташа тежегіштерімен (протеаза тежегіштерімен, зеңге қарсы азолдар тобына жататын антибиотиктермен, макролидтер тобының антибиотиктерімен (эритромицин немесе кларитромицин, верапамил немесе дилтиазем сияқты) бір мезгілде қолдану көбірек білінетін егде жастағы емделушілерде амлодипин әсерлерінің едәуір күшеюіне әкеп соғуы мүмкін. Дәрігерлік бақылау жүргізуге және қажет болғанда амлодипин дозасын түзетуге кеңес беріледі.

CYP3A4 индукторлары: антиконвульсанттармен (мысалы, карбамазепинмен, фенобарбиталмен, фенитоинмен, фосфенитоинмен, примидонмен), рифампицинмен, құрамында шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік препараттарымен бір мезгілде қолдану қан плазмасында амлодипин концентрациясының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Бір мезгілде қолдануды сақтықпен жүргізген жөн.

Амлодипинді грейпфрут шырынымен бірге қабылдауға кеңес берілмейді, өйткені кейбір емделушілерде бұл амлодипиннің биожетімділігінің артуына әкелуі мүмкін, соның нәтижесінде оның гипотензиялық әсері жоғарылайды.

Дантролен (инфузия): верапамилді қабылдаудан және дантроленді көктамырішілік енгізуден кейін қарыншалардың фибрилляциясы және гиперкалиемиямен және өліммен қатар жүретін жүрек-қантамыр функциясының жеткіліксіздігінің дамуы байқалды. Гиперкалиемияның даму қаупіне байланысты қатерлі гипертонияға бейім емделушілерде, сондай-ақ қатерлі гипертонияны емдеу үшін амлодипин сияқты «баяу» кальций өзекшелерінің блокаторларын бір мезгілде қолдануға жол бермеу керек.

Басқа да дәрілік препараттар

Амлодипиннің гипотензиялық әсерін басқа да гипотензивтік дәрілік препараттардың гипертензияға қарсы әсері күшейтеді.

Дәрілік өзара әрекеттесуіне жүргізілген клиникалық зерттеулерде амлодипин аторвастатиннің, дигоксиннің, варфариннің және циклоспориннің фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Симптоматикалық гипотензия

Симптоматикалық гипотензия асқынусыз артериялық гипертензиядан зардап шегіп жүрген емделушілерде сирек байқалады. Артериялық гипотензияның дамуы диуретиктерді қабылдау, қатаң тұзсыз емдәм, диализ, диарея немесе құсу салдарынан айналымдағы қан көлемі төмендеген, сондай-ақ айқын ренинге тәуелді артериялық гипертензиясы бар емделушілерде байқалуы мүмкін. Жүрек функциясының жеткіліксіздігінен, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі қатар жүретін немесе соңғысынсыз, зардап шегіп жүрген емделушілерде симптоматикалық гипотензияның пайда болу жағдайлары тіркелді. Осыған ұқсас жағдайлар жүрек функциясының ауырырақ дәрежедегі жеткіліксіздігі бар емделушілерде ілмектік диуретиктердің үлкен дозаларын қабылдау, гипонатриемия немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігі салдарынан болуы өте ықтимал. Симптоматикалық гипотензияның даму қаупі жоғарылаған емделушілерде алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін артериялық қысымға мұқият мониторинг жүргізген жөн. Бұл нұсқаулар жүректің ишемиялық аурулары және ми қан айналымының бұзылулары бар, артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі миокард инфарктісіне немесе инсультке әкеп соғуы мүмкін емделушілерге де қатысты.

Артериялық гипотензия жағдайында емделушіні арқасымен «шалқасынан» жатқызу және, қажет болса, жоғалған сұйықтықтың орнын толтырған жөн (физиологиялық ерітіндімен көктамырішілік инфузия жүргізу керек). Транзиторлы гипотензиялық реакция лизиноприлді әрі қарай қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды, оны әдетте айналымдағы қан көлемі артқаннан кейін артериялық қысым жоғарылаған соң бірден қолдануға болады.

Артериялық қысымы қалыпты немесе төмендеген, жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар кейбір емделушілерде лизиноприл жүйелік артериялық қысымды қосымша төмендетуі мүмкін. Осы әсер күтілген болып табылады және әдетте емдеуді тоқтатуды қажет етпейді. Егер артериялық гипотензия симптоматикалық болса, лизиноприлдің дозасын төмендету немесе қабылдауды тоқтату қажет болуы мүмкін.

Аортальді және митральді клапан стенозы/гипертрофиялық кардиомиопатия

АӨФ басқа тежегіштері жағдайындағы сияқты, лизиноприлді аортальді стеноз немесе гипертрофиялық кардиомиопатия сияқты митральді клапан стенозы және сол жақ қарыншадан шығатын жолдың обструкциясы бар емделушілерге абай»лап тағайындаған жөн.

Жедел миокард инфарктісіндегі артериялық гипотензия

Лизиноприлмен емдеуді вазодилятаторлармен емдеуден кейін гемодинамикасы әрі қарай ауыр нашарлау қаупіне ұшырайтын, жедел миокард инфарктісі бар емделушілерде бастамаған жөн. Бұл систолалық артериялық қысымы 100 мм сын. бағ. немесе одан төмен болатын емделушілерге, сондай-ақ кардиогенді шок жағдайындағы емделушілерге де қатысты. Егер миокард инфарктісінен кейін алғашқы 3 күн ішінде емделушінің систолалық артериялық қысымы 120 мм сын. бағ. немесе одан төменді құраса, доза төмендетілуі тиіс. Егер систолалық артериялық қысымы 100 мм сын. бағ. немесе одан төмен болса, демеуші дозаны 5 мг-ге немесе (уақытша) 2,5 мг-ге дейін төмендеткен жөн. Егер артериялық гипотензия сақталса (систолалық артериялық қысым 1 сағаттан астам бойы 90 мм сын. бағ.-нан аз), онда лизиноприлді қабылдауды тоқтату қажет.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясының бұзылу жағдайларында (креатинин клиренсі < 80 мл/мин) лизиноприлдің бастапқы дозасын креатинин клиренсіне байланысты, ал содан кейін емделушінің емге реакциясына байланысты түзету қажет. Мұндай емделушілерде қан сарысуындағы калий мөлшерін және креатинин концентрациясына бақылау жасау қажет.

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде АӨФ тежегіштерімен емдеуді бастағаннан кейін артериялық гипотензия бүйрек функциясының тағы да үлкен бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Осындай емделушілерде, әдеттегідей, қайтымды бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі жөнінде мәлімдемелер бар.

Реноваскулярлы аурулардың айқын біліністерінсіз артериялық гипертензиясы бар кейбір емделушілерде қан сарысуында мочевина және креатинин концентрацияларының, көптеген жағдайларда, көптеген жағдайларда ең төмен немесе транзиторлы, АӨФ тежегіштерін және диуретикті бір мезгілде қабылдағанда айқынырақ жоғарылауы байқалды. Бұл бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін тән. Осындай жағдай дозаны төмендетуді және/немесе диуретикті және/немесе лизиноприлді қабылдауды тоқтатуды қажет етуі мүмкін.

АӨФ тежегіштерін қабылдаған, бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артериясының стенозы бар кейбір емделушілерде қан сарысуында мочевина және креатинин концентрацияларының, әдеттегідей препаратты тоқтатқаннан кейін қайтымды болатын, жоғарылауы байқалды. Мұндай өзгерулер бүйрек функциясның жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін аса тән. Емделушіде сондай-ақ реноваскулярлы гипертензия бар болған кезде ауыр артериялық гипотензияның және бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің даму қаупі бар. Осындай емделушілерді емдеуді тиянақты медициналық бақылауға алып, төмен дозалардан бастау және дозаларды абайлап титрлеу қажет.

Жедел миокард инфарктісінде лизиноприлмен емдеуді бүйрек функциясының айқын бұзылуы (қан сарысуындағы креатинин концентрациясы 177 мкмоль/л-ден астам және/немесе протеинурия тәулігіне 500 мг-ден астам) бар емделушілерде бастамаған жөн . Егер лизиноприлмен емдеу аясында бүйрек функциясының бұзылуы (сарысудағы креатинин концентрациясы 265 мкмоль/л астам немесе емдеуді бастағанға дейін мәні екі есе артық болатын) дамыса, лизиноприл қабылдауды тоқтату қажет.

Ангионевротикалық ісіну

Беттің, аяқ-қолдардың, еріннің, тілдің, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевротикалық ісінуі, лизиноприлді қоса, АӨФ тежегіштерін қабылдаған емделушілерде тіркелді. Бұл емнің кез келген кезінде болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда Амапин L препаратын қабылдауды дереу тоқтатқан және симптомдар толық қайтқанша мұқият медициналық бақылау белгілеген жөн. Тіпті, тыныс алу функциясы жеткіліксіздігінің симптомдарынсыз, тілдің ісінуі жағдайында емделушілер ұзақ уақыт бақылауды қажет етеді, өйткені антигистаминдік препараттармен және глюкокортикостероидтармен емдеу жеткіліксіз болуы мүмкін.

Көмейдің немес тілдің ісінуімен қатар жүретін ангионевротикалық ісіну өлімге әкеп соғуы мүмкін. Тілдің, жұтқыншақтың және көмейдің ісінуі бар емделушілерде тыныс алу жолдарының обструкциясы, әсіресе бұрын тыныс алу жолдарына операция жасатқан емделушілерде пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда шұғыл медициналық жәрдемді бірден көрсеткен жөн. Тиісті шараларға мыналар: 0,1% адреналин (эпинефрин) ерітіндісінің 0,3 – 0,5 мг тері астына немесе 0,1 мг көктамыр ішіне енгізу, глюкокортикостероидтарды және антигистаминдік препараттарды көктамыр ішіне енгізу және/немесе тыныс алу жолдарының еркін өткізгіштігін қамтамасыз ету жатады. Симптомдар толық жоғлағанша емделушілерге мұқият бақылау жасаған жөн.

Ангиотензин өзгерту фермент тежегіштері ангионевротикалық ісінуді негроид нәсілді емделушілерде басқа нәсілге жататын емделушілердегіге қарағанда жиі туындатады.

Сыртартқысында АӨФ тежегіштерін қабыддаумен байланысты емес ангионевротикалық ісіну бар емделушілер АӨФ тежегіштерін қабылдаған кезде ангионевротикалық ісінудің дамуының үлкен қаупіне ұшырауы мүмкін. Гемодиализде жүрген емделушілердегі анафилактоидтық реакиялар

Өткізгіштігі жоғары ағыны күшті диализдік жарғақшалар (мысалы, AN 69) пайдаланылатын диализде жүрген, және бір мезгілде АӨФ тежегіштерін қабылдаған емделушілерде анафилактоидтық реакциялар жөнінде мәлімделді. Мұндай емделушілерде диализдік жарғақшаның басқа типін немесе басқа класқа жататын гипотензивтік препаратты қолданудың мақсатқа сайлылығын қарастырған жөн.

Тығыздығы төмен липопротеиндердің (ТТЛП) аферезі кезінде емделушілердегі анафилактоидтық реакциялар

Сирек жағдайларда АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген емделушілерде декстран сульфатымен тығыздығы төмен липопротеиндермен (ТТЛП) аферез кезінде өмірге қауіп төндіретін анафилактоидтық реакциялар дамыды. Мұндай реакцияларға әрбір аферез емшарасының алдында АӨФ тежегішін уақытша тоқтату арқылы жол берілмеді.

Десенсибилизация

Жарғақ қанаттылардың (мысалы, Hymenoptera venom) уымен десенсибилизация кезінде АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген емделушілерде тұрақты анафилактоидтық реакциялар пайда болады. Мұндай емделушілерде анафилактоидтық реакциялар АӨФ тежегіштерін уақытша тоқтату арқылы жол берілген жоқ және осы дәрілік затты байқамай қайта қабылдап қойғаннан кейін қайтадан дамыды.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Өте сирек жағдайларда АӨФ тежегіштерін қабылдау холестатикалық сарғаюдан немесе гепатиттен басталған және фульминантты некрозға дейін өскен және (кейде) өлімге әкеп соққан синдроммен қатар жүрді. Бұл синдромның механизмі анық емес. Лизиноприл қабылдап жүрген, сарғаю дамитын немесе «бауыр» ферментінің белсенділігі едәуір жоғарылайтын емделушілер лизиноприл қабылдауды тоқтатқаны және тиісті медициналық бақылауда болғаны жөн.

Нейтропения/агранулоцитоз

АӨФ тежегіштерін қабылдаған емделушілерде нейтропения/агранулоцитоз, тромбоцитопения және анемия жөнінде мәлімделді. Басқа салмақ түсіретін факторларсыз, бүйрек функциясы қалыпты болатын емделушілерде нейтропения сирек дамиды. Нейтропения және агранулоцитоз қайтымды болып табылады және АӨФ тежегішін тоқтатқаннан кейін жоғалады.

Лизиноприлді дәнекер тіннің жүйелік аурулары бар емделушілерге, аллопуринолмен немесе прокаинамидпен емдегенде, немесе осы күрделі факторлар біріккенде, әсіресе бұған дейін бүйрек функциясының бұзылулары бар болғанда, аса сақтықпен тағайындаған жөн. Осы емделушілердің кейбіреулерінде бірнеше жағдайларда антибиотиктермен қарқынды емдеуге келмеген ауыр жұқпалы аурулар дамыды. Лизиноприлмен емдеу кезінде мұндай емделушілерде мерзім сайын зертханалық тексерулер (лейкоцитарлы формуланы есептейтін қан талдауын) жүргізу керек, сондай-ақ оларға жұқпалы аурулардың алғашқы белгілерінің пайда болғаны жөнінде мәлімдеп отырудың қажеттілігі туралы алдын ала ескертіп қоюға кеңес беріледі.

Операциялық араласым/жалпы анестезия

Ауқымды операциялық араласым жүргізілетін емделушілерде немесе артериялық гипотензияға әкелетін препараттармен анестезия кезінде лизиноприл ренинді компенсаторлы түрде шығарып тастағаннан кейін ангиотензин II-нің түзілуін бөгеуі мүмкін. Егер жоғарыда келтірілген механизм нәтижесінде артериялық гипотензия дамыса, айналымдағы қан көлемін арттырумен түзету жүргізуге болады.

Гиперкалиемия

Лизиноприлді қоса, АӨФ тежегіштерін қабылдаған кейбір емделушілерде қан сарысуындағы калий мөлшерінің жоғарылауы байқалды. Гиперкалиемияның дамуы бойынша қауіпті топты бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, 2 типті қант диабеті бар емделушілер немесе бір мезгілде калий жинақтайтын диуретиктерді, құрамында калий бар тағамдық қоспаларды немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды қабылдап жүрген емделушілер, сондай-ақ қан сарысуында калий мөлшерін арттыруға қабілетті басқа да препараттарды (мысалы, гепарин) қабылдап жүрген емделушілерді құрайды. Жоғарыда көрсетілген препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда қан сарысуындағы калий мөлшерін үнемі бақылап отыруға ұсыныс жасалады.

Қант диабеті

Гипогликемиялық препараттарды ішке қабылдап жүрген немесе инсулин алып жүрген, қант диабеті бар емделушілерде АӨФ тежегішімен емдеудің алғашқы айы ішінде гликемияны тиянақты бақылауды жүзеге асырған жөн.

Нәсілі

Негроидты нәсіл өкілдерінде ангиотензин өзгертуші фермент, басқа нәсілге жататын емделушілерге қарағанда ангионевротикалық ісінуді жиі туындатады.

Басқа да АӨФ тежегіштері сияқты, лизиноприл гипотензивті дәрі ретінде, негроидты нәсіл емделушілерінде басқа нәсіл емделушілерімен салыстырғанда, азырақ тиімді болуы мүмкін. Бұл әсер артериялық гипертензиясы бар негроиды нәсіл емделушілерінде төмен ренинді статустың айқын басымдылығымен байланысты болуы мүмкін.

Жөтел

АӨФ тежегіштерін қолданған кезде жөтел жөнінде мәлімделді. Әдеттегідей, жөтел өнімсіз, тұрақты және препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін тоқтайды. Жөтелдің дифференциальді диагностикалауда АӨФ тежегіштерін қолданумен байланысты жөтелді ескеру қажет.

Амлодипинмен байланыстылар:

Гипертониялық кризде амлодипиннің қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерге амлодипинді абайлап тағайындау керек. Кальций өзекшелерінің блокаторлары, соның ішінде амлодипинді, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі бар емделушілерде сақтықпен қолданған жөн, өйткені олар келешекте жүрек-қантамыр оқиғаларының және өлім қаупін арттыруы мүмкін.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде қолданылуы

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде амлодипинні жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруы және AUC мәндерінің жоғарылауы байқалады, сондықтан амлодипиннің ұсынылатын дозасы анықталған жоқ. Амлодипинмен емдеуді ең төмен дозадан бастап, емнің бастапқы кезеңінде де, сондай-ақ дозаны арттырған кезде де сақтық танытқан жөн. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде дозаны баяу титрлеу және тиянақты медициналық бақылау жүргізу қажет.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерде дозаны аттыру сақтықпен жүргізуі тиіс.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолданылуы

Мұндай емделушілерге амлодипинді әдеттегідей дозаларда тағайындауға болады. Плазмадағы амлодипин концентрациясының өзгерулері бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің дәрежелерімен өзара байланысты емес. Амлодипин диализ кезінде шығарылмайды.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлікті немесе басқа да қауіпті механизмдерді басқарған кезде сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: айқын артериялық гипотензиямен шамадан тыс шеткергі вазодилатация, қантамырлар функциясының жедел жеткіліксіздігі, электролиттік теңгерімнің бұзылуы, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, гипервентиляция, тахикардия, брадикардия, бас айналу, үрейлену және жөтел.

Емі: симптоматикалық (емделушіні арқасымен «шалқасынан» жатқызу, бақылау, қажет болған кезде жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелерінің функцияларын, артериялық қысымды, айналымдағы қан көлемін және электролиттік теңгерімді, сондай-ақ қан сарысуындағы креатинин концентрациясын демеу). Айқын артериялық гипотензия жағдайында аяқтарды көтеріңкіреп ұстау қажет; егер сұйықтықты құю жеткілікті нәтижеге әкелмесе, шеткергі вазопрессорларды, оларды қолдануға қарсы көрсетілімдері жоқ болған жағдайда, көктамыр ішіне енгізу есебінен демеуші ем қажет болуы мүмкін.

Егер препарат жеткілікті болса, сондай-ақ ангиотензин II-мен емдеу де қарастырылады. Кальций глюконатын көктамыр ішіне енгізу кальций өзекшелерінің блокадасынан болған әсерлердің қайтымды дамуына оң әсерін тигізуі мүмкін.

Брадикардия дамыған кезде атропин тағайындайды. Дәрі-дәрмекпен емдеуге төзімді брадикардияларда ырғақтың жасанды жетекшісін орналастыру қажет болуы мүмкін.

Амлодипин баяу сіңетін болғандықтан, кейбір жағдайларда асқазанды шаю (немесе құстыру және сорбенттерді және натрий сульфатын енгізу) тиімді болуы мүмкін.

Лизиноприлді жүйелік қан ағымынан гемодиализ жүргізу арқылы жоюға болады. Диализ кезінде жоғары ағынды полиакрилонитрилді жарғақшаларды қолдануға кеңес берілмейді.

Амлодипин ақуыздармен жақсы байланысады, сондықтан диализ тиімді емес.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз каптамада 10 таблеткадан. Пішінді ұяшықсыз 1 қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Macleods Pharmaceuticals Limited, Үндістан

304, Atlanta Arcade, Marol Church Road, Andheri (East), Mumbai – 400 059, India

Тіркеу куәлігінің иесі

Macleods Pharmaceuticals Limited, Үндістан

Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Macleods Pharmaceuticals Limited» ЖШК филиалы

ҚР, Алматы қ-сы, Төлебаев к-сі 38, кеңсе 307А

Тел./факс. +7 727 2734593, 2441294

E-mail: danielt@macleodspharma.com

Прикрепленные файлы

078819861477976522_ru.doc 107.5 кб
331866311477977674_kz.doc 146 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники