Амапин (5 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Амапин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Амлодипин
Дәрілік түрі
Таблеткалар, 5 мг және 10 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 6,935 мг амлодипин бесилаты
(5 мг амлодипинге баламалы),
13,870 мг амлодипин бесилаты
(10 мг амлодипинге баламалы),
қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза (Авицел РН 101), натрий крахмалгликоляты (А типі), сусыз кальций гидрофосфаты (А-таб), микрокристалды целлюлоза (Авицел РН 102), магний стеараты
Сипаттамасы
Екі жақ беті дөңес, капсула пішінді, ақ немесе ақ дерлік түсті, бір жақ бетінде «ML 22» өрнегі және басқа жақ беті тегіс таблеткалар (5 мг дозасы үшін).
Дөңгелек, екі жақ беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті, бір жақ бетінде «ML 23» өрнегі және басқа жақ беті тегіс таблеткалар (10 мг дозасы үшін).
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларын емдеуге арналған препараттар. «Баяу» кальций өзекшелерінің селективті блокаторлары. Дигидропиридин туындылары. Амлодипин.
АТХ коды С08СА01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Емдік дозаларда ішке қабылдағаннан кейін амлодипин жақсы сіңіп, қабылдағаннан кейін 6-12 сағаттан соң қанда ең жоғары концентрацияға жетеді. Абсолютті биожетімділігі 64 - 80% құрайды. Таралу көлемі шамамен 21 л/кг тең. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысы шамамен 97,5% құрайды. Тамақ ішу амлодипиннің сіңуіне ықпалын тигізбейді, гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді.
Биотрансформациясы және элиминациясы
Қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 35 - 50 сағатқа жуықты құрайды, ол препаратты тәулігіне бір рет тағайындауға сәйкес келеді. Қан плазмасында тұрақты тепе-тең концентрацияға амлодипинді үнемі қабылдағаннан кейін 7-8 күннен соң жетеді, ол бауырда метаболизденіп, белсенді емес метаболиттер түзеді; бастапқы препараттың 10%-ы және метаболиттердің 60%-ы несеппен бірге шығарылады. Емшек сүтімен шығарылуы белгісіз. Гемодиализ барысында шығарылмайды.
Егде жастағы пациенттерде қолданылуы
Қан плазмасында амлодипиннің ең жоғары шектегі концентрацияға жету уақыты егде жастағылар мен жас пациенттерде ұқсас болады. Егде жастағы пациенттерде амлодипин клиренсінің төмендеуге беталысы бар, ол AUC және жартылай шығарылу кезеңінің артуына әкеледі. Жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі бар пациенттерде AUC және жартылай шығарылу кезеңінің артуы тұрғындардың жасқа қатысты зерттелген топтары үшін күтілген мәндерге сәйкес келді.
Фармакодинамикасы
Амлодипин – Амапин препаратының белсенді заты дигидропиридин туындысы болып табылады. Дигидропиридинді рецепторлармен байланыса отырып, "баяу" кальций өзектерін (кальций иондары түсетін антагонист) бөгейді, кальцийдің жүректің және қантамырлардың тегіс бұлшықеттері жасушаларының ішіне (кардиомиоциттерге қарағанда қантамырлардың тегіс бұлшықет жасушаларында көбірек дәрежеде) траснжарғақшалық өтуін тежейді.
Гипотензиялық және антиангинальді әсер береді. Амапиннің гипотензиялық әсер ету механизмі қантамырлардың тегіс бұлшықеттеріне тікелей босаңсытатын әсерімен жүзеге асады. Амапиннің толық антиангинальді әсері әлі зерттелген жоқ, бірақ жалпы ишемиялық жүктеменің төмендеуі әсер етудің келесі екі механизмі есебінен жүреді:
1) амлодипин шеткері артериолдарды кеңейтеді және, осылайша, жүректің жұмысына қарсы бағытталған шеткері кедергіні (жүктемеден кейінгі) азайтады. Өйткені жүректің жиырылу жиілігі тұрақты күйінде қалады, бұл энергия қажеттілігінің және миокардтқа оттегі қажеттілігінің төмендеуіне әкеледі.
2) амлодипин миокардтың қалыпты да, сонымен қатар ишемияланған аймақтарында да негізгі коронарлы артерияларды және артериолдарды кеңейтеді, бұл вазоспастикалық стенокардиясы (Принцметал стенокардиясы) бар науқастарда миокардқа оттегінің түсуін арттырады және шылым шегуден туындайтын коронароспазмның дамуына жол бермейді.
Артериялық гипертензиясы бар науқастарда Амапиннің бір реттік тәуліктік дозасы «жатқан» күйде де, сонымен қатар «түрегеліп тұрған» күйде де артериялық қысымның 24 сағат бойы төмендеуін қамтамасыз етеді. Амапин әсерінің баяу басталуының арқасында артериялық қысым күрт төмендемейді.
Стенокардиясы бар науқастарда препараттың бір реттік тәуліктік дозасы дене жүктемесіне төзімділікті арттырады, дене жүктемесі аясында стенокардия ұстамасының және ST сегменті (1 мм) депрессиясының дамуын кідіртеді, стенокардия ұстамаларының жиілігін және нитроглицериннің қажеттілігін азайтады.
Амапинді қабылдау қандай да болсын жағымсыз метаболизмдік әсерлермен де немесе қан плазмасының липидтік параметрлерінің өзгерулерімен де қатар жүрген жоқ; препарат демікпесі, диабеті немесе подаграсы бар пациенттерде қолданылуы мүмкін.
Жүрек-қантамыр аурулары (бір тамырдан және 3 және одан көбірек артериялардың стенозына және ұйқы артерияларының атеросклерозына дейін зақымданған коронарлы атеросклероз) бар, миокард инфарктісін, коронарлы артериялардың тері арқылы транслюминальді ангиопластикасын (ТЛП) бастан кешкен немесе стенокардиядан зардап шегіп жүрген пациенттерде Амапинді қолдану ұйқы артерияларының интимді-медиялары қалыңдауының дамуына жол бермейді. Сондай-ақ Амапинді қолдану жүрек-қантамырлық себептен, миокард инфарктісінен, инсульттен, ТЛП-тен, аорто-коронарлы шунтталудан өлімді едәуір төмендетеді, тұрақсыз стенокардияға және жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің (ЖСЖ) өршуінен ауруханаға жату санының азаюына әкеледі, коронарлы қан ағысын қалпына келтіруге бағытталған араласым жиілігін төмендетеді.
Қолданылуы
-
артериялық гипертензияда
-
Принцметал стенокардиясында
-
созылмалы тұрақты стенокардияда
Қолдану тәсілі және дозалары
Артериялық гипертензияда және стенокардияда әдеттегі бастапқы доза 5 мг құрайды, оны науқастың жекелей реакциясына байланысты ең жоғарыға - 10 мг-ге дейін арттыруға болады.
Емдеу курсын емдеуші дәрігер белгілейді.
Амапин ішке, тәулігіне бір рет, судың қажетті мөлшерімен (100 мл) ішіп қабылданады.
Тиазидтік диуретикті, бета-блокаторларды және ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерін қатар қабылдағанда Амапин дозасын түзету қажет емес.
Егде жастағы адамдарда қолданылуы
Әдеттегі дозалау режимі ұсынылады.
Препарат дозасын түзету қажет емес.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолданылуы
Кальцийдің басқа антагонистері жағдайындағы сияқты, амлодипиннің жартылай шығарылу кезеңі бауыр функциясы бұзылған пациенттерде ұзарады; мұндай пациенттер үшін дозалау жөнінде нұсқаулар анықталған жоқ. Осыған байланысты осы препарат бауыр функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қолданылуы
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде Амапин әдеттегі дозаларда қолданылуы мүмкін. Қан плазмасында амлодипин концентрациясының өзгерулері бүйрек функциясы бұзылуының қарқындылығына байланысты емес. Амапин диализбен шығарылмайды, алайда Т1/2 мәнінің аздап артуы мүмкін екендігін ескеру қажет.
Тиазидтік диуретиктерді, бета-адреноблокаторларды немесе ангиотензин-өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда Амапинді дозалау режимін өзгерту қажет емес.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес (≥ 1/1, 000-нан ≤ 1/100 дейін); сирек (≥ 1/10 000-нан ≤ 1/1, 000 дейін), өте сирек (≤ 1/10 000). Белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес).
Жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін)
- бас ауыру, бас айналу
- ұйқышылдық
- жүрек қағуының жиілеуі
- беттің қызаруы
- іштің ауыруы, жүректің айнуы
- қажығыштық
- ісінулер
Препаратты тіркеуден кейін қолданғанда байқалған жағымсыз әсерлер
Жиі емес (≥ 1/1, 000-нан ≤ 1/100 дейін)
- лейкопения, тромбоцитопения
- гипергликемия
- ұйқысыздық, көңіл-күйдің құбылмалылығы
- гипестезия/парастезия, шеткері нейропатия, естен тану, дисгевзия,
тремор
- көру жітілігінің нашарлауы
- құлақтың шуылдауы
- гипертония, гипотония, васкулит
- жөтел, ентігу, ринит
- ауыздың кеберсуі, диспепсия (гастритті қоса), гипертрофиялық гингивит,
панкреатит, құсу, нәжістің өзгеруі
- алопеция, гипергидроз, пурпура, тері түсінің өзгеруі, есекжем
- артралгиялар, арқаның ауыруы, бұлшықет түйілулері, миалгиялар
- поллакиурия, несеп шығару бұзылыстары, никтурия
- гинекомастия, эректильді дисфункция
- жалпы әлсіздік, жайсыздық, ауыру
- салмақтың артуы/кемуі
Сирек (≥ 1/10 000-нан ≤ 1/1, 000 дейін)
- аллергиялық реакциялар, терінің қышуын, бөртпені, Квинке ісінуін, мультиформалы эритеманы қоса
- гепатит, сарғаю, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (негізінен холестазға тән құбылыстар байқалды)
Кальций өзектерінің басқа блокаторларын қолданған кездегі сияқты, келесі жағымсыз құбылыстарды, олар туралы мәлімдемелердің сиректігіне қарамастан, негізгі аурудың табиғи барысынан бөліп қарау мүмкін емес:
- миокард инфарктісі
- аритмиялар (соның ішінде брадикардия, қарыншалық тахикардия және жыпылықтағыш аритмия)
- кеуденің ауыруы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- амлодипинге, дигидропиридиннің басқа топтарына немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық
- айқын артериялық гипотензия
- кардиогендік шок
- аортаның елеулі стенозы
- миокард инфарктісімен қатар жүретін жүрек функциясының жеткіліксіздігі
(алғашқы 28 күн ішінде)
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Амапинді тиазидтік диуретиктермен, альфа-адреноблокаторлармен, бета-блокаторлармен, ангиотензин - өзгертуші фермент тежегіштерімен, әсері ұзаққа созылатын нитраттармен, сублингвальді нитроглицеринмен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен, антибиотиктермен және пероральді гипогликемиялық дәрілік препараттармен бірге тағайындау қауіпсіз.
Іn vitro зерттеу деректері Амапинның дигоксин, фенитоин, варфарин немесе индометацин сияқты препараттардың қан ақуыздырымен байланысуына ықпалын тигізбейтіндігін көрсетеді.
Симавастатин
Амапинді 10 мг дозада және симвастатинді 80 мг дозада көп реттік бірге қабылдау, симвастатин монотерапиясымен салыстырғанда, симвастатин экспозициясының 77%-а артуына әкелді. Сондықтан амлодипин қабылдап жүрген пациенттерде симвастатиннің ең жоғары дозасы тәулігіне 20 мг-ге дейін болуы тиіс.
Грейпфрут шырыны
240 мл грейпфрут шырынын Амапиннің 10 мг бір реттік пероральді дозасымен бір мезгілде қолдану амлодипиннің фармакокинетикасына маңызды ықпалын тигізген жоқ. Зерттеу амлодипиннің метаболизміне жауап беретін негізгі фермент CYP3A4 генетикалық полиморфизміне ықпалын білуге мүмкіндік берген жоқ, сондықтан Амапинді грейпфрутпен немесе грейпфрут шырынымен бірге қолдану ұсынылмайды, өйткені биожетімділігі жоғарылауы мүмкін, ол артериялық қысымы жоғары кейбір пациенттерде кенеттен гипотензиялық әсерді туындатуы мүмкін.
CYP3A4 тежегіштері
Артериялық гипертензиясы бар егде пациенттердегі (69 - 87 жас) тәуліктік дозасы 180 мг дилтиаземды 5 мг амапинмен бір мезгілде қолдану амлодипиннің жүйелік әсерінің 57%-ға артуына әкелді. Дені сауларда (18-ден 43 жасқа дейін) эритромицинді бір мезгілде қолданғанда амлодипиннің жүйелік әсері елеулі өзгермеген (AUC ұлғаюы 22%). Бұл деректердің клиникалық мәні анықталмаса да, егде адамдардағы фармакокинетикалық өзгерістер айқынырақ болуы мүмкін.
CYP3A4 күшті тежегіштері (мысалы, кетоконазол, итраконазол, ритонавир), дилтиаземге қарағанда, Амапиннің плазмалық концентрациясын үлкен дәрежеде арттыруы мүмкін. Сондықтан Амапинді CYP3A4 тежегіштерімен бірге сақтықпен пайдаланған жөн.
CYP3A4 индукторлары
CYP3A4 индукторларының Амапинге ықпалы жөнінде деректер жоқ. CYP3A4 индукторларын (мысалы, рифампицинді немесе шайқурай (hypericum perforatum) препараттарын) бір мезгілде қолдану плазмада амлодипиннің концентрациясын едәуір төмендетуі мүмкін. Сондықтан Амапинді CYP3A4 индукторларымен бірге сақтықпен пайдалану керек.
Төменде берілген келесі зерттеулерде бір мезгілде қолданғанда Амапиннің де, зерттелген басқа препараттың да фармакокинетикасында ешқандай елеулі өзгерулер болған жоқ.
Амлопинге басқа дәрілік препараттардың ықпал етуіне арнайы зерттеулер
Циметидин
Амапинді циметидинмен бір мезгілде тағайындау амлодипиннің фармакокинетикасын өзгертпейді.
Алюминий/Магний (антацид)
Алюминий/магний антацидтерін Амапиннің бір реттік дозасымен бір мезгілде қолдану Амапиннің фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізген жоқ.
Силденафил (Виагра)
Силденафилдің бір реттік 100 мг дозасы артериялық гипертониясы бар пациенттерде Амапиннің фармакокинетикалық параметрлеріне ықпалын тигізген жоқ. Амапин мен силденафилді біріктіріп қолданғанда әрбір препарат өздігінен қан қысымын төмендететін әсер берді.
Амапиннің басқа дәрілік препараттарға ықпалына арнайы зерттеулер
Аторвастатин
Амапиннің 10 мг және аторвастатиннің 80 мг көп реттік дозаларын бір мезгілде қолдану аторвастатиннің фармакокинетикалық параметрлерінің тепе-тең күйде едәуір өзгеруіне әкелген жоқ.
Дигоксин
Амапинді дигоксинмен бір мезгілде қолдану сарысудағы дигоксиннің концентрациясын немесе дигоксиннің бүйректік клиренсін өзгерткен жоқ.
Этанол (спирт)
Амапиннің 10 мг бір реттік және көп реттік дозалары этанолдың фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізген жоқ.
Варфарин
Амлодипинді варфаринмен бір мезгілде қолдану варфаринның ықпал етуімен, протромбин уақытының жауабын өзгерткен жоқ.
Циклоспорин
Циклоспоринмен жүргізілген фармакокинетикалық зерттеулер циклоспориннің фармакокинетикасын Амапиннің айтарлықтай өзгертпейтіндігін көрсетті.
Айрықша нұсқаулар
Егде жастағы және бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастар үшін Амапиннің дозасын түзету қажет емес.
Емдеу кезінде дене салмағын бақылап отыру және стоматологқа (қызылиектің аурушаңдығына, қанағыштығына және гиперплазиясына жол бермеу үшін) тексерілу қажет.
Амлодипин K+, глюкозаның, триглицеридтердің, жалпы холестериннің, тығыздығы төмен липопротеидтердің, несеп қышқылының, креатининнің және мочевина азотының плазмалық концентрацияларына ықпалын тигізбейді. Амлодипинде "тоқтату" синдромының жоқтығына қарамастан, емдеуді тоқтатар алында дозаларды біртіндеп азайту ұсынылады.
Синустық түйін әлсіздігі синдромы, митральді стенозы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатиясы, артериялық гипотензиясы бар науқастар амлодипинді қабылдаған кезде сақтық танытуы қажет.
Зерттеулерде амлодипинді қолданумен байланысты зертханалық тестілерде клиникалық тұрғыдан маңызды ешқандай ауытқулар байқалған жоқ.
Ауруханаға жатқызуды қажет ететін жағымсыз әсерлердің жеткілікті ауыр жағдайлары амлодипинді пайдаланумен байланысты болды. Көптеген жағдайларда себеп-салдарлық байланысы анықталмады.
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданылуы
(PRAISE-2) зерттеулерде этиологиясы ишемиялық емес жүрек функциясының NYHA функциональді класы бойынша III және IV (Нью-Йоркская кардиологическая ассоциация) жеткіліксіздігі бар пациенттерде амлодипинді қолдану, плацебомен салыстырғанда, жүрек функциясы жеткіліксіздігінің пайда болу жиілігінде сенімді айырмашылықтардың жоқтығына қарамастан, өкпе ісінуінің дамуы жағдайлары санының артуымен қатар жүрді.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге қолданылуы
Кальцийдің басқа антагонистері жағдайындағы сияқты, амлодипиннің жартылай шығарылу кезеңі бауыр функциясы бұзылған пациенттерде ұзарады. Осыған байланысты, бұл препарат мұндай пациенттерге сақтықпен қолданылуы тиіс.
Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
Көлікті басқарғанда және потенциалды қауіпті механизмдермен жұмыс жасағанда сақтық таныту керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: артериялық қысым айқын төмендеп, рефлекторлық тахикардия және шамадан тыс шеткері вазодилатация дамуы мүмкін (айқын және тұрақты артериялық гипотензия пайда болуы мүмкін, соның ішінде бұндай жағдайлар жөнінде мәлімдемелер жоқ болғанына қарамастан, шок дамуы және өліммен аяқталу болуы ықтимал).
Емі: белсендіріліген көмір тағайындау (Амапиннің 10 мг дозасын қабылдағаннан кейін немесе одан кейінгі екі сағат ішінде амлодипин сіңуінің едәуір азайғаны көрінді). Кейбір жағдайларда асқазанды шаю өзін ақтауы мүмкін. Амлодипиннің артық дозалануы салдарынан клиникалық тұрғыдан маңызды гипотензия жүрек және тыныс алу функциясына ұдайы мониторингті, аяқ-қолды көтеруді, айналымдағы сұйықтық пен шығарылатын несеп көлеміне көңіл бөлуді қоса, белсенді жүрек-қантамыр функциясын демеуді қажет етеді. Қантамырлық тонусты және артериялық қысымды қалпына келтіруге, егер қолданылуына кедергі болмаса, вазоконстриктор мүмкіндік бере алады. Вена ішіне кальций глюконатын енгізу кальций өзектері бөгетінің әсеріне көңіл бөлуге ықпалын тигізуі мүмкін.
Қантамырлар тонусын және АҚ қалпына келтіру үшін, егер қарсы көрсетілімдері жоқ болса, қантамырларды тарылтатын препараттарды (допамин, норадреналин) қолдану пайдалы болуы мүмкін. Кальций өзектерінің бөгетіне қарсы әсер етуге жәрдемдесуі мүмкін кальций глюконатын вена ішіне енгізу қолданылады. Амапин едәуір дәрежеде қан сарысуы ақуыздарымен байланысатын болғандықтан – гемодиализдің пайдалы болуы екіталай.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий фольгадан жасалған пакеттегі 30 таблетка тығыздығы жоғары полиэтилен құтыға салынған.
1 құтыдан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші ұйымның атауы және елі
Macleods Pharmaceuticals Limited
304, Atlanta Arcade, Marol Church Road, Andheri (East), Mumbai – 400 059, India.
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Macleods Pharmaceuticals Limited, Үндістан
Қаптаушы ұйымның атауы және елі
Macleods Pharmaceuticals Limited, Үндістан
Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы
«Macleods Pharmaceuticals Limited» ЖШК филиалы, Қазақстан Республикасы
Алматы қ., Тулебаев к-сі 38/61, 5 қабат
Тел./факс. +7 727 2734593
E-mail: danielt@macleodspharma.com.