Альбетор (10 мг/мл)

МНН: Бутиламиногидроксипропоксифеноксиметил метилоксадиазол
Производитель: Новосибхимфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Альфа-, бета-адреноблокаторы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018679
Информация о регистрации в РК: 09.02.2012 - 09.02.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Альбетор

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне енгізілетін 10 мг/мл ерітінді

Құрамы

5мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат бутиламиногидроксипропоксифеноксиметил метилоксадиазол гидрохлориді (проксодолол) – 0,05 г,

қосымша заттар: лимон қышқылы, инъекцияға арналған натрий цитраты, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Альфа- бета адренобөгегіштері

АТЖ коды C07AG

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың фармакокинетикасы жөніндегі деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Іріктелмейтін альфа- және бета-адренобөгегіш; гипотензивті, антиангинальді және аритмияға қарсы әсер етеді (II класс антиаритмиктерге жатады), жүрек жиырылулары жиілігін баяулатады, қан тамырларын кеңейтеді, жалпы шеткергі қан тамырлары кедергісін төмендетіп, қанның минуттық көлемін азайтады.

Бета-адренорецепторлары бөгетіне байланысты бронхтар тонусы жоғарылайды.

Қолданылуы

- гипертониялық кризде (қайтару).

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты көктамыр ішіне сорғалатып немесе тамшылатып енгізеді.

Көктамыр ішіне сорғалатып, 1 мин ішінде 10 - 20 мг (1% ерітіндіден (10 мг/мл) 1 - 2 мл). Қажет болған кезде енгізуді әсері пайда болғанша 5 мин сайын қайталайды. Ең жоғары дозасы - 50 - 100 мг (1% ерітіндіден (10 мг/мл) 5 - 10 мл).

Көктамыр ішіне тамшылатып, 200 мл изотоникалық (0,9%) натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5 % глюкоза ерітіндісіне 50 мг (1% ерітіндіден (10 мг/мл) 5 мл), минутына 0,5 мг / мин (инфузиялық ерітіндіден 2 мл) жылдамдықпен оң реакция алғанға дейін.

Жағымсыз әсерлері

- бас ауыруы, бас айналу

- әлсіздік

- жүрек айну, ауыздың құрғауы, гастралгия

- брадикардия

- артериялық қысымның (АҚ) шамадан тыс төмендеуі

- аяқ-қолдың мұздауы

- Гис будасы тармағының блокадасы, AV блокадасы

- жоғары тершеңдік, қалтырау

- бронх түйілуі

- аллергиялық реакциялар (жергілікті немесе жайылған экзантема, есекжем),

- миометрия жиырылғыштығының жоғарылауы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдықта

- брадикардияда

- II - III дәрежелі атриовентрикулярлық (AV) бөгетте

- созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (декомпенсация сатысында)

- кардиогенді шокта

- артериялық гипотензияда

- өкпенің созылмалы обструктивті ауруында

- бронх демікпесі

- моноаминооксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қабылдауға

- жүктілікте, лактация кезеңінде,

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (тиімділігі және қауіпсіздігі анықталмаған).

Сақтықпен: I дәрежелі атриовентрикулярлық бөгетте, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, 1 типті қант диабеті (инсулинге тәуелділік), асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруында

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жүрек гликозидтері, метилдопа, резерпин мен гуанфацин, «баяу» кальций өзектерінің бөгегіштері (верапамил, дилтиазем), амиодаронмен және басқа аритмияға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолдану брадикардияның, атриовентрикулярлық бөгеттің дамуы немесе күшеюі қаупін арттырады, жүрек тоқтап қалуын туғызуы мүмкін.

Нифедипин, диуретиктер, клонидин, симпатолитиктер, гидралазин және басқа гипотензивті дәрілер АҚ-ның шамадан тыс төмендеп кетуіне әкелуі мүмкін.

Деполяризацияланбайтын миорелаксанттардың әсер етуі мен кумариндердің антикоагулянттық әсерін ұзартады.

Три- және тетрациклдік антидепрессанттар, антипсихотикалық дәрілер (нейролептиктер), этанол, седативті және ұйықтататын дәрілермен бір мезгілде тағайындағанда орталық нерв жүйесі бәсеңдеуінің күшеюі.

Гипотензивті әсер етуі айтарлықтай күшеюінің салдарынан МАО тежегіштерімен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты көктамыр ішіне енгізу кезінде АҚ-ны, жүрек жиырылуы жиілігін, ЭКГ-ні қатаң бақылауда ұстау қажет.

Емдеу кезінде жанаспалы линзалар тақпаған жөн.

Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде

Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: АҚ-ның айқын төмендеуі, брадикардия (енгізуді тоқтатқаннан соң 10-20 мин кейін кетеді), қарыншалық экстрасистолия, жүрек жеткіліксіздігі симптомдарының күшеюі, бронх түйілуі.

Емдеу: науқастың аяқтарын жоғары көтертіп жатқызу керек; оксигенотерапия; брадикардия кезінде – атропин сульфаты немесе добутамин көктамыр ішіне, глюкагон немесе эпинефринді көктамыр ішіне енгізуге болады, көктамыр арқылы электрокардиостимуляция жүргізу.

АҚ айқын төмендеуі кезінде – плазма алмастырғыш ерітінділерді (өкпе ісінуі болмағанда) және АҚ бақылай отырып – қан тамырларын тарылтатын дәрілерді (эпинефрин, норэпинефрин, допамин немесе добутамин) көктамыр ішіне енгізу.

Бронх түйілуі кезінде - изопреналин немесе теофиллин. Жүрек жеткіліксіздігі кезінде – жүрек гликозидтері және/немесе глюкагон және диуретиктер. Қарыншалық экстрасистолияда - лидокаин немесе фенитоин.

Шығарылу түрі және қаптамасы Көктамыр ішіне енгізілетін 10 мг/мл ерітінді бейтарап шыныдан жасалған ампулада 5 мл-ден.

Картон қорапқа 10 ампуладан салады. Әр қорапқа қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулық пен ампулалық скарификатор салынады.

Поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 ампуладан салады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулық және ампулалық скарификатор картон пәшкеге салынады.

Сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптаған кезде ампулалық скарификатор салмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 5 ºС-ден 25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Новосибхимфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

630028 Новосибирск қ., Декабристер к-сі, 275

тел. (383) 363-32-44, факс (383) 363-32-55

Тіркеу куәлігін ұстаушы

«Валента Фармацевтика» ашық акционерлік қоғамы, Ресей Федерациясы

141101, Щелково қ., Мәскеу обл., Фабричная к-сі, 2

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Валента Фармацевтика» ААҚ-ның ҚР-дағы өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ., Абай даңғ., Радостовец к-сі, 151/115, «Алатау» бизнес орталығы, № 702 кеңсе

Телефон/факс 8 (727) 334-15-52

Электрондық пошта: asia@valentapharm.com

 

Прикрепленные файлы

931547911477977147_ru.doc 52.5 кб
734158311477978312_kz.doc 62.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники