Алтейный сироп

МНН: Алтея лекарственного корни
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Althea root
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014634
Информация о регистрации в РК: 22.12.2017 - 22.12.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Жалбызтікен шәрбаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат, 135 г

Құрамы

100 г шәрбаттың құрамында

белсенді зат – құрғақ жалбызтікен тамырының сығындысы 2.0 г,

қосымша заттар: қант, натрий бензоаты, 96.2% этанол, тазартылған су бар

Сипаттамасы

Сарғыш қоңырдан қызылдау қоңыр түске дейінгі, өзіне тән иісі, тәтті дәмі бар қоюлау сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию мен жөтел симптомдарын басуға арналған препараттар.

Қақырық түсіретін препараттар. Жалбызтікен тамыры

АТХ коды R05CA05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зерттелмеген.

Фармакодинамикасы

Жалбызтікен шәрбаты – өсімдіктен алынған қақырық түсіретін дәрі.

Құрамында өсімдік шырышы (35%-ға дейін), аспарагин, бетаин, пектинді заттар, крахмал бар жалбызтікен тамырының негізіндегі шәрбат. Қақырық

түсіретін, жұмсартатын, бүркемелегіш, қабынуға қарсы әсер береді.

Өсімдік шырыштары шырышты қабықтарды жұқа қабаттап

жабады, бұл оларды тітіркенуден сақтандырады. Нәтижесінде

қабыну үдерісі азаяды және тіндердің регенерациясы жеңілдейді.

Қолданылуы

Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының ауруларында кешенді ем

құрамында.

- жедел, созылмалы трахеитте

- жедел, созылмалы трахеобронхитте

- жедел, созылмалы бронхитте

- пневмонияда

- бронх демікпесінде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Препаратты ішке, ас ішкеннен кейін тағайындайды.

Ересектерге: алдын-ала бір стақан суда ½ сұйылтылған шәрбаттың 1 ас қасығы, қабылдау жиілігі тәулігіне 4-6рет.

Емдеу курсының ұзақтығы 7-14 күнді құрайды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

Дәрілермен өзара әрекеттесулері

Гепатотоуытты әсерлері күшеюі мүмкін болғандықтан, Жалбызтікен шәрбатын қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Қақырық түсіретін дәрі ретінде Жалбызтікен шәрбатын натрий бикарбонатымен біріктіріп қолдануға болады.

Препаратты қан диабеті бар емделушілер мен көмірсулар құрамы төмендетілген емдәм ұстанатын, сондай-ақ маскүнемдікке шалдыққан адамдарға сақтықпен тағайындау керек.

Жүктілік және лактация кезінде қолданылуы

Препараттың жүктілік және лактация кезінде қолданылуы туралы мәліметтер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

135 г препараттан шыны массадан жасалған, бақылау сақинасы бар бұралатын метал қалпақшалармен тығыздалған құтыларда.

Құтыларды мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл 6 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан,

Шымкент қ-сы, Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ-сы, ҚАЗАҚСТАН,

Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

телефон 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

Прикрепленные файлы

084857281477976939_ru.doc 56 кб
243066781477978116_kz.doc 61.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники