Алопекси® 5%

Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Алопекси® 5%
Халықаралық патенттелмеген атауы
Миноксидил
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 60 мл
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 5,0 г миноксидил
қосымша заттар: пропиленгликоль, 96% этил спирті, тазартылған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш түсті сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Миноксидил.
АТХ коды D11AX01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолдану нәтижесінде миноксидил аздап сіңіріледі: қолданылған дозаның орта есеппен 1.7%-ы (0.3-тен 4.5%-ға дейіні) қан айналымының жалпы жүйесіне түседі.
Салыстыру үшін, миноксидилді пероральді түрде қолданғанда (гипертензияның кейбір түрлерін емдеу үшін), ол асқазан-ішек жолында іс-жүзінде толық сіңеді. Сонымен, 1 мл ерітінді дозасын пайдаланғаннан кейін (теріге 50 мг миноксидил түседі) сіңірілген миноксидилдің мөлшері 0.85 мг-ге жуықты құрайды.
Қатарлас теру ауруларының миноксидилдің сіңірілуіне әсер етуі анықталмаған.
Жергілікті қолданудан кейін сарысудағы миноксидил деңгейлері трансдермальді сіңірілуінің қарқындылығына байланысты болады. Сыртқа қолдануды тоқтатқаннан кейін сіңірілген миноксидилдің шамамен 95%-ы 4 күн ішінде шығарылады. Сіңірілген миноксидилдің сыртқа қолданғаннан кейінгі биотрансформациясы толығымен зерттелмеген.
Фармакодинамикасы
Жергілікті қолданған кезде, андрогендік алопециясы бар кейбір пациенттерде миноксидил in vitro және in vivo кератиноциттердің өсуін, сондай-ақ шаштың өсуін стимуляциялайды. Бұл өсу препаратты пайдаланғаннан кейін шамамен 2 айдан соң байқалады және әртүрлі адамда әрқалай көрініс береді. Емдеуді тоқтатқаннан кейін қайталап өсу тоқтап қалады, және 3-4 ай ішінде бастапқы қалпына оралады. Препараттың әсер етуінің дәл механизмі белгісіз.
Бақыланатын клиникалық сынақтар кезінде артериялық қысымы қалыпты және жоғарылаған пациенттерде миноксидилді жергілікті қолдану миноксидилдің сіңірілуімен байланысты жүйелік көріністерді туындатқан жоқ.
Қолданылуы
Препарат еркектерде қарқындылығы орташа андрогендік алопецияны (шаштың көп түсуі) емдеуге арналған.
Препаратты әйелдерге қолданылған жерден қашық аймақтарда гипертрихоздың пайда болу қаупі жоғары (шаштың аномальді өсуі) болғандықтан ұсынылмайды.
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа қолдануға арналған.
ТЕК ЕРЕСЕКТЕР ҮШІН.
Доза
Алопекси 5%, сыртқа қолдануға арналған ерітінді, әрқашан дәрігердің тағайындауына сәйкес пайдаланыңыз. Препаратты Сіздің жағдайыңызда қолдану мүмкіндігі туралы сенімсіз болсаңыз, дәрігерге қаралыңыз.
1 мл препаратты (стандартты доза) тәулігіне екі рет бас терісіне жағыңыз және зақымданған аймақтың ортасынан бастап сылап-сипалаңыз.
Жалпы күндік доза зақымданған аймақтың көлеміне қарамастан 2 мл-ден аспауы тиіс.
Жағу жиілігі
1 мл препаратты таңертең және кешке жағыңыз. Препаратты жағу дозасын немесе жиілігін асырмаңыз. Кез-келген жағдайда дозаны сақтаңыз.
Емнің ұзақтығы
Нәтижесі дереу пайда болмайды: шаштың түсуінің тоқтауы және/немесе шаштың өсуінің қалпына келуі емді бастағаннан кейін біраз уақыттан кейін пайда болады. 2 ай бойы күніне 2 рет жағу дозасымен емдеу шаштың өсуінің стимуляциясы байқалғанға дейін қажет.
Емдеу жауабының алды мен деңгейі бір пациенттен басқа пациентке ауытқуы мүмкін.
Кейбір бақылауларға сәйкес, егер емдеу тоқтатылған болса, бастапқы қалпына қайта оралу 3-4 ай ішінде болуы мүмкін.
Қолдану тәсілі
Тек қана сыртқа қолдануға арналған.
Препаратты жағуға дейін және жағудан кейін қолды мұқият жуып-шайыңыз.
Қолданар алдында шаш пен бас терісінің әбден құрғағанына көз жеткізіңіз.
Зақымданған жердің барлық аймағына ерітіндіні саусақ ұштарымен жағыңыз.
Препаратты дененің басқа бөліктеріне қолдануға болмайды.
Бөліктелген тамшуырларды қолдану:
Бөліктелген тамшуыр