Алмагель® Т

МНН: Магалдрат
Производитель: Балканфарма-Дупница АД
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Magaldrate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013491
Информация о регистрации в РК: 21.02.2014 - 21.02.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Алмагель® Т

Халықаралық патенттелмеген атауы

Магалдрат

Дәрілік түрі

Таблеткалар, 500 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 500 мг магалдрат,

қосымша заттар: маннитол, сорбитол, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты

Сипаттамасы

Бір жақ бетінде сызығы бар, түсі ақ немесе ақ дерлік жалпақ дөңгелек таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Қышқылдылық бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Антацидтер. Алюминий, кальций және магний қосылыстары препараттарының біріктірілімі. Магалдрат.

АТХ коды A02AD02

фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Магалдрат алюминий мен магний гидроксидтерінің химиялық біріктірілімін білдіреді, олар асқазанда және ішекте елеусіз сіңеді. Олардың әсерлері жалпы алкалозға және реактивті аса жоғары қышқылдылыққа әкелмейді және организмнің электролитті тепе-теңдігін бұзбайды. Бейтараптандыру реакциясы кезінде асқазанда аз сіңетін заттар түзіледі. Көмірқышқыл газын шығармайтын алюминий мен магний хлоридтері түзіледі. Осыған қарамастан, қандағы алюминий мен магний иондарының концентрациясы бірқалыпты артады, бұл бүйрек қызметінің қалыпты жұмыс істеуіне қатер төндірмейді. Асқазан ішіндегісінің әсерімен алюминий хлориді алюминийдің негізгі тұздарын (фосфаттар және т.б.) түзеді, олар аз еритін және аз сіңетін қосылыстар болып табылады. Магний хлориді аздаған іш жүргізетін әсері бар аз сіңетін магний карбонатын түзеді, оның орнын іштің қатуын туғызатын алюминийдің әсері толтырады.

15-20% магний ионы сіңеді, кейде ол бүйрек арқылы жылдам шығарылады. Магний гидроксиді және тұз қышқылы реакциясында магний хлориді түзіледі. Ішекте магний хлоридінің көп бөлігі магний карбонатына өзгереді және организмнен шығарылады. Асқазанда алюминий гидроксиді тұз қышқылын бейтараптандырады. Түзілген алюминий хлориді ішекке түскеннен соң хлоридтің бір бөлігі сіңеді, ерімейтін алюминий гидроксиді және алюминий фосфаты түзіледі.

Фармакодинамикасы

Алмагель® Т құрамында алюминий және магний гидроксидтері бар антацид болып табылады. Асқазан сөлінің жоғары қышқылдығын бейтараптандырады, пепсин протеолитикалық белсенділігін басады.

Асқазанға рефлюкс кезінде түскен өт қышқылдарын сіңіреді. Осылайша, асқазан шырышты қабығына олардың агрессиялық әсер етуіне кедергі жасайды. Сутегі иондарын бейтараптандыру реакциясы жылдам жүреді, әрі рН асқазан сөлінде 5-6 аспайды. Антацид шырышты қабықта үлбір түзеді де, сонысымен шырыштың қорғаныш әсерін күшейтеді. Тұз қышқылының үнемі түзілуі нәтижесінде сутегі иондары концентрациясының жоғарылауы кезінде және рН мәні шамамен 3-ке жеткенде, антацидтің қышқылмен өзара әрекеттесуі жаңарады.

Қолданылуы

- қыжылда, эпигастрий тұсындағы жайсыздығы мен ауыруында

- жедел және созылмалы гастритте

- гастроэзофагеальді рефлюкс, дәрі-дәрмек қабылдаумен байланысты гастро- және дуоденопатияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, сумен ішеді. Алмагель® T 1-2 таблеткадан тәулігіне 6 реттен асырмай қабылдау керек. Ашқарынға қабылдағанда симптомдары 30 - 60 минуттан соң қайтады. Тамақпен бірге қабылдағанда әсері шамамен 2-3 сағатқа созылады. Препаратты әрбір негізгі тамақтанудан соң 1-2 сағаттан кейін және ұйықтар алдында қабылдаған жөн.

Бүйрек қызметінің бұзылуы кезінде препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет.

Емдеу ұзақтығы 10-15 күнді құрайды. Егер симптомдары қайтпаса, дәрігермен кеңескен дұрыс.

Жағымсыз әсерлері

- диарея, метеоризм, флатуленция (препаратты жоғары дозада қолданғанда)

- шөлдеу, нәжіс түсінің өзгеруі, іш қатуы

- жоғары дозада ұзақ қолданған кезде және бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде алюминийдің жинақталуы, қанда магний құрамының артуы, сүйек тінінде фосфаттардың төмендеуі мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- дәрілік препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бүйрек жеткіліксіздігі (әсіресе сарысуда алюминий және магний концентрациясының жоғарылауын және уытты концентрациясына жету қаупін іс жүзінде бақылаудың мүмкін еместігіне байланысты гемодиализдегі емделушілерде)

- фруктозаны тұқым қуалайтын көтере алмаушылық

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктіліктің бірініші триместрі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Алмагель® T препаратын тетрациклинмен, натрий фторидімен, дигоксинмен, бензодиазепинмен, индометацинмен, циметидинмен, стероидтармен, темір препараттарымен, фенитоинмен, хинидинмен, хинолон туындыларымен (ципрофлоксацин, офлоксацин, норфлоксацин), изониазидпен және вальпрой қышқылымен бір мезгілде қолдану жиынтық қосылыстар түзілудің нәтижесінде олардың сіңуін азайтуы мүмкін.

Алмагель® T бір мезгілде қабылдағанда дикумарол препараттарының антикоагулянттық әсерін күшейтетінін ескерген жөн.

Жүрек гликозидтерімен және атропинмен бір мезгілде қолданған кезде препарат олардың сіңуіне әсер етеді. Сондықтан оларды антацидті қабылдағанға дейін немесе қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттан соң қабылдау керек.

Препаратты алюминий иондары сіңірілуінің арту қаупіне байланысты асқазан сөлі қышқылдығын арттыратын сусындармен (шарап, жеміс шырындары) немесе құрамында лимон немесе шарап қышқылы бар көпіршитін таблеткалармен бір мезгілде қолданбаған дұрыс.

Айрықша нұсқаулар

Антацидтер басқа да препараттардың сіңуіне ықпал етеді. Сондықтан Алмагель® Т және басқа дәрілік заттарды бір сағаттан кем болмайтын аралықпен қабылдау керек.

Бүйрек қызметінің бұзылуы бар емделушілерге (креатинин клиренсі –30 мл/мин кем), Альцгеймер ауруы және деменцияның басқа түрлерімен зардап шегетін емделушілерге, сондай-ақ төменфосфатты емдәмде жүрген немесе сүйек метаболизмінің бұзылуы бар емделушілерге Алмагель® T қандағы алюминий мен магний деңгейін бақыламай, ұзақ және жоғары дозада қолданбаған жөн. Қан сарысуында алюминийдің концентрациясы 40 нг/мл аспауы тиіс.

Егер шағымдар түнде пайда болатын болса, Алмагель® Т кешке ұйықтар алдында қабылдаған жөн. Ұйықтардан кем дегенде 2 сағат бұрын тамақтанбаған дұрыс.

Емдеу кезінде препарат әсерінің азаюына байланысты алкоголь мен кофеинді қабылдауға болмайды.

Препаратты бүйрек жеткіліксіздігі және қақпа стенозы кезінде сақтықпен қолданған жөн. Асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жара ауруымен зардап шегетін емделушілерге H.Pylori болуына тест жасау қажет, өйткені оны жою әдетте ойық жараның жазылуына әкеледі.

Педиатрияда қолдану.

Егер күтілетін пайдасы ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда, тек қана дәрігердің ұсынымы бойынша қолданылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жануарларға жүргізілген зерттеулер алюминий тұзының эмбрионға жағымсыз әсер ететінін көрсеткен. Жүкті және бала емізетін әйелдерге Алмагеля® T қолданудың жеткілікті тәжірибесі жоқ. Ұрық тіндерінде алюминийдің жинақталуын болдырмас үшін препаратты жүктілік кезінде ұзақ қолдануға болмайды. Күтілетін пайдасы ықтимал қауіптен асып түсетін болғанда ғана қолдануға болады.

Алюминий қосылыстары емшек сүтіне өтеді, бірақ нашар сіңуіне байланысты олардың нәрестелер үшін ықтимал қаупі жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Алмагель® T көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануы туралы деректер жоқ.

Симптомдары: іш тұсында кернеу сезімінің пайда болуы.

Емі: асқазанды шаю, симптоматикалық ем. Гипермагниемия анықталғанда кальций тұздарын көктамыр ішіне енгізу ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

12 таблеткадан ПВХ/ПВДХ және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты каптамада.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға салынған.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Балканфарма-Дупница АД

“Самоковский тас жолы” к-сі, № 3

2600 Дупница қ., Болгария

тел.: +359/701 58 196, факс: +359/701 58 555

Тіркеу куәлігінің иесі

Балканфарма-Дупница АД

“Самоковский тас жолы” к-сі, № 3

2600 Дупница қ., Болгария

тел.: +359/701 58 196, факс: +359/701 58 555

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы қаласындағы «Актавис Интернешнл Лтд.» өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ., Мұқанов к-сі, 241, 1-а кеңсе.

Тел./факс: 8 (727) 313 74 30, 313 74 31, 313 74 32;

Электронды поштасы: actavis@actavis.kz; сайт: www.actavis.com

 

 

Прикрепленные файлы

789031251477976824_ru.doc 72 кб
757247251477977994_kz.doc 86.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники