Аллергонаф®

МНН: Дифенгидрамин, Нафазолин
Производитель: ЛеКос ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Нафазолин в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015583
Информация о регистрации в РК: 24.09.2020 - 24.09.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Аллергонаф®

Халықаралық патенттелмеген атауы

жоқ

Дәрілік түрі

Көз және мұрын тамшылары 15 мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: 1.0 мг дифенгидрамин гидрохлориді, 0.25 мг нафазолин гидрохлориді

қосымша заттар: 20.0 мг бор қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Деконгестанттар және аллергияға қарсы препараттар. Деконгестанттар ретінде пайдаланылатын симпатомиметиктер. Нафазолин басқа да препараттармен біріктірілімде.

АТХ коды S01GA51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы Нафозолиннің емдік әсері препаратты қолданудан кейін 5 минут өткенде басталады және 8 сағатқа дейін жалғасады, жиі қолданған кезде препараттың әсер ету ұзақтығы 6 сағатқа дейін қысқаруы мүмкін. Қантамырлардың беткейлік тарылуы арқасында негізінен жергілікті әсер етеді, бұл препараттың сіңуі мен резорбциялық әсеріне кедергі келтіреді. Ұзақ және жиі қолданғанда ішінара сіңеді және резорбциялық адреномиметикалық әсерлері (артериялық қысымның жоғарылауы) байқалады. ГЭБ (гематоэнцефалдық бөгет) арқылы өтпейді.

6 жасқа дейінгі балалар мен егде жастағы адамдарда жүйелік әсерінің даму ықтималдығы анағұрлым жоғары.

Дифенгидраминнің жүйелі әсер ету ықтималдығы аз.

Фармакодинамикасы

Аллергонаф® біріктірілген препарат болып табылады, антигистаминдік (дифенгидрамин) және вазоконстрикторлық (нафазолин) әсері бар.

Нафазолин симпатикалық жүйке жүйесінің альфа-адренорецепторларына тікелей көтермелейтін әсері бар альфа2-адреномиметиктерге жатады. Мұрын ішіне және субконъюнктивальді енгізгенде мұрын, мұрын-жұтқыншақ қуысы, мұрын мен көз қуысы қосалқы қойнаулары шырышты қабығының тамырларына қатысты жылдам және ұзаққа созылатын вазоконстрикторлық әсер береді – ісіну мен гиперемияны азайтады, осының арқасында мұрын жолдарының өткізгіштігі жақсарады және мұрынмен тыныс алу жеңілдейді.

Дифенгидрамин І буын H1-гистаминді рецепторларының антагонисі болып табылады. Препарат H1-рецепторларына бәсекелес блокадасы жолымен, оның атап айтқанда, гистаминнің бөлініп шығуымен байланысты қан тамырларының кеңеюі мен өткізгіштігінің жоғарылауы сияқты аллергиялық смптомдарды тежейді, ісінуді, қышу және көзден жас ағуды азайтады.

Қосымша зат ретінде препараттың құрамына енетін бор қышқылы әлсіз бактерицидті және фунгицидті әсер етеді.

Қолданылуы

- жедел ринитте

- поллинозда

- синуситте

- мұрыннан қан кетуде

- аллергиялық конъюнктивитте

- ларингитте

- евстахиитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Көз үшін

Ересектер, 6 жастан бастап және одан үлкен балаларға конъюнктивалық қабына клиникалық симптомдары жойылғанға дейін (3-5 күннен асырмай), әр 6-8 сағаттан жиі болмайтындай, 1-2 тамшыдан тәулігіне 1-3 рет тамызады.

Мұрын үшін

Ересектер, 6 жастан бастап және одан үлкен балаларға 5-7 күн бойы әр мұрын жолына 2 – 3 тамшыдан тәулігіне 2 – 3 рет тамызады, одан кейін 3-тен 5 күнге дейін үзіліс жасайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- күйдіру, қышыну, көздің ауыруы, көрудің бұзылуы, конъюнктиваның қызаруы; мидриаз, көзішілік қысымның жоғарылауы ықтимал

сирек

- тітіркену және реактивті гиперемия, мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуі, мұрын қуысы шырышты қабығының құрғауы

Өте сирек

- ұйқышылдық, тахикардия, артериалық қысымның жоғарылауы, бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айнуы

кейде

- мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуі (1 аптадан артық қолданғанда), атрофиялық ринит

Адреномиметиктерге сезімталдығы жоғары адамдарда ғана жүйелі жағымсыз әсерлері болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа және оның құрамдастарына жекелей жоғары сезімталдық

- қант диабеті

- жабық бұрышты глаукома

- «құрғақ көз» синдромы

- гипертиреоз

- артериялық гипертензия

- моноаминооксидаза тежегіштері мен үшциклді антидепрессанттарды бір мезгілде қабылдау және оларды тоқтатқан соң 14 күнге дейінгі кезең

- лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Нафазолин жергілікті жансыздандыратын дәрілердің сіңуін баяулатады (беткейлік жансыздандыру кезінде олардың әсерін ұзартады). Үшциклді антидепрессанттармен (мапротилин) бірге қолданғанда нафазолиннің тамыр тарылтатын әсерін күшейтуі мүмкін. Нафазолинді моноаминооксидаза (ниаламид, бефол) тежегіштерімен бір мезгілде қолдану оны тоқтатқаннан кейін 14 күн ішінде гипертониялық кризге әкелуі мүмкін, бұл нафазолиннің әсерімен жинақталған катехоламиндердің босап шығуына негізделген. Ішу арқылы қабылдауға тағайындалған гипотензиялық дәрілердің емдік белсенділігін төмендетеді.

Дифенгидрамин мен орталық жүйке жүйесін көтермелейтін дәрілік препараттардың әсерлерінің өзара азаюы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Артериалық гипертензиясы, атеросклерозы, жүрек ырғағының бұзылулары, симпатомиметиктерге жоғары сезімталдығы бар (оның ішінде гипертиреозда, қуық асты безінің гипертрофиясында), созылмалы риниті, бронх демікпесі бар, сондай-ақ егде жастағы адамдарға препаратты абайлап тағайындайды.

Бұл емделушілерге нафазолин сіңірілуінен кейін болатын қандай да бір жүйелік реакциялар пайда болған жағдайда препаратты қолдануды тоқтату қажет екендігін ескерту керек.

Тітіркену симптомдарының немесе көздің ауыруының 72 сағат бойы сақталуы препаратты тоқтату көрсетілімі болып табылатындығын емделушіге ескерткен жөн.

Препаратты қолданған кезде жұмсақ жанаспалы линзаларды тағуға болмайды.

Көз тамшыларын инстилляциялау кезінде қатты жанаспалы линзаларды шешіп қою керек, оларды препаратты қолданудан кейін кемінде 15-20 минут өткен соң қайта киюге болады.

Тамшылатқыш-құтының ұшы басқа заттарға және беттерге тиіп кетпеуін қадағалау керек. Құтыны әрбір пайдаланудан кейін жабу керек.

Жүктілік

Препаратты жүктілік кезінде тек егер күтілетін әсері ұрықтағы асқынулар қаупінен асқан жағдайда ғана қолдануға болады.

Педиатрияда қолданылуы

6 жасқа дейінгі балаларға дәрілік заттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлікті басқарғанда немесе қауіптілігі зор механизмдерді пайдаланғанда сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Қазіргі кезге дейін препаратты жергілікті қолданудың әдеттегі режимінде артық дозалану симптомдары байқалмаған. Жасы кіші балаларда Аллергонаф® дәрілік препаратының артық дозалану қаупі (жұтып қойған жағдайда) болуы ықтимал. Орталық жүйке жүйесін бәсеңдетуі мүмкін.

Симптомдары: ұйқышылдық, әлсіздік, дене температурасының төмендеуі, қатты тершеңдік, брадикардия, артериялық қысымның жоғарылауы және оның кейіннен төмендеуі.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 мл-ден алғаш ашылуы бақыланатын бұрандалы қақпақпен герметикалық тығындалған полиэтилен тамшылатқыш-құтыға құйылған.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 оС-ден 25 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейін препараттың сақталу мерзімі - 4 апта.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ЛеКос» ЖШС

050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 308-10-67.

Тіркеу куәлігінің иесі

ЛеКос» ЖШС, Қазақстан Республикасы

050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 308-10-67.

e-mail: lecos1@mail.ru; www.lecos.kz

 

 

5

 

Прикрепленные файлы

856183971477976431_ru.doc 59 кб
642873541477977633_kz.doc 66.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники