Алзепил® (5 мг)

МНН: Донепезил
Производитель: ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ ЗАВОД ЭГИС ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Donepezil
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015770
Информация о регистрации в РК: 07.02.2020 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 9295/10/12/15/20
Информация о регистрации в РБ: 24.04.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Алзепил®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Донепезил

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 5 мг, 10 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 5 мг, 10 мг донепезил гидрохлориді (сәйкесінше 5,21мг және 10,42 мг донепезил гидрохлориді моногидраты түрінде) бар,

қосымша заттар:

ядросы: микрокристалды целлюлоза, орын басу дәрежесі төмен гидроксипропилцеллюлоза (L-HPC В1), магний стеараты,

қабығы: Opadry Y-1-7000 ақ (гипромеллоза, титанның қостотығы Е171, макрогол 400).

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік, дөңгелек, екі беті дөңес, иіссіз, немесе иіссіз дерлік бір жағында «Е 381» таңбаланған қабықпен қапталған таблеткалар (5 мг дозалау үшін).

Ақ немесе ақ дерлік, дөңгелек, екі беті дөңес, иіссіз, немесе иіссіз дерлік бір жағында «Е 382» таңбаланған қабықпен қапталған таблеткалар (10 мг дозалау үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Деменцияны емдеуге арналған препараттар. Холинэстераза тежегіштері. Донепезил

АТХ коды N06D A02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына шамамен 3-4 сағаттан соң жетеді. Плазмалық концентрациясы және «концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан (АUС) дозаға пропорционалды түрде артады. Қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 70 сағатты құрайды, сондықтан бір реттік дозада жүйелі қолданған кезде, әдеттегідей, емдеуді бастағаннан кейін 3 аптаның ішінде тепе-тең концентрация деңгейіне жетеді. Тепе-тең жағдайға жеткеннен кейін донепезилдің қан плазмасындағы концентрациясы күні бойы елеулі өзгере қоймайды. Ас қабылдау донепезилдің сіңуіне ықпалын тигізбейді. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы – 95-ға жуық. Оның белсенді метаболиті 6-О-дезметилдонепезилдің плазма ақуыздарымен байланысуы туралы мәліметтер берілмеген. Организмнің әр-түрлі тіндеріне донепезилдің таралуы жеткілікті зерттелмеген. Донепезил және / немесе оның метаболиттері организмде 10 күннен аспай сақталуы мүмкін деп шамаланады.

Донепезил гидрохлориді 2D6 және 3A4 изоферменттері мен Р450 (CYP450) цитохромының көмегімен метаболизмге ұшырайды. Өзгермеген күйінде де метаболиттер түрінде де бөлініп шығады. Биотрансформациясы мен несеппен шығарылуы препараттың негізгі шығарылу жолдары болып табылады, шамамен дозаның 57% жуығы (17% өзгермеген донепезил) несепте, 14,5% нәжісте анықталған.

Радиоактивті 14С-мен таңбаланған 5 мг донепезил гидрохлоридінің бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін плазманың радиоактивтігі донепезил гидрохлориді (30%), 6-О-десметилдонепезил (11%, донепезил гидрохлоридіне ұқсас белсенділік көрсететін жалғыз метаболит), донепезил-цис-N-оксиді (9%), 5-О-десметилдонепезил (7%) және 5-О-десметилдонепезилглюкуронид (3%) есебінен қалыптасады.

Донепезил гидрохлоридінің және/немесе оның метаболиттерінің бауырішілік рециркуляциясы жөнінде мәліметтер жоқ.

Донепезилдің қан плазмасындағы концентрациясы 70 сағатқа жуық жартылай шығарылу кезеңімен төмендейді.

Жынысы, нәсілі, шылым шегуі плазмадағы донепезил гидрохлоридінің концентрациясына маңызды әсерін тигізбейді.

Егде жастағы дені сау адамдарда және Альцгеймер ауруы бар емделушілерде немесе тамыр деменциясы бар емделушілерде донепезилдің фармакокинетикасы арнайы түрде зерттелген жоқ. Препараттың қан плазмадағы орташа концентрациясы ерікті дені сау жас емделушілердегіге ұқсас.

Жеңіл және орташа дәрежелі бауыр функциясының бұзылумен емделушілерде донепезилдің қан плазмасындағы тепе-тең концентрациясы жоғарылаған. AUC орташа мөлшері 48%-ға, ал Cmax орташа мөлшері 39 %-ға жоғарылаған.

Фармакодинамикасы

Алзепил - мида холинэстеразаның басым түрі болып табылатын ацетилхолинэстеразаның арнайы және қайтымды тежегіші. Препарат осы ферментті, негізінен, орталық жүйке жүйесінен тыс болатын бутирилхолинэстеразаға қарағанда, 1000 есе күштірек тежейді. Препаратты 5 мг немесе 10 мг дозаларда бір рет қабылдағаннан кейін эритроциттердің мембраналарында өлшенген ацетилхолинэстераза белсенділігінің бәсеңдеу дәрежесі, тиісінше, 63,6% және 77,3-ды құрайды. Донепезилдің әсер етуімен эритроциттерде ацетилхолинэстеразаның тежелуі АDAS-cog шкаласының (Альцгеймер ауруында когнитивті функцияны бағалау шкаласының) өзгеруімен өзара байланысады. Алзепилдің қатар жүретін неврологиялық ауру ағымын өзгертетін әсері зерттелмеген. Сондықтан, препарат осындай аурулардың үдеуіне әсерін тигізеді деп санауға болмайды.

Қолданылуы

- жеңіл немесе орташа ауырлықтағы Альцгеймер ауруын белгілеріне қарай емдеу.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Препаратты дәрігердің қатаң тағайындауы бойынша қолдану керек!

Препаратты ішке, кешке қарай ұйқыға жатар алдында, қабылдаған жөн. Ересектерге және егде емдеулушілерге препарат бастапқы дозада тәулігіне 5 мг-нан 1 рет тағайындалады.

Бастапқы 5 мг дозада қабылдауды емдеудің ерте клиникалық әсерін бағалау үшін және донепезилдің тепе-тең концентрациясына жету үшін 1 ай бойы жалғастырған жөн. Бір айдан соң қажет болса дозаны тәулігіне 10 мг дейін жоғарылатуға болады (1 рет қабылдауға). Ұсынылатын жоғарғы тәуліктік дозасы – 10 мг. Күніне 10 мг-нан астам дозаға клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Аталғандардан басқа дозаларды тағайындау қажеттігінде, басқа препараттарды қолдану керек.

Бауыр және бүйрек функциясының бұзылуларында дозаны реттеудің қажеті жоқ.

Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуында экспозицияның жоғарылау ықтималдығын ескере отырып, дозаны жоғарылатуды жеке көтере алушылығын ескере отырып жүргізу керек.

Бауыр функциясының ауыр бұзылуымен емделушілерде препаратты қолдануға қатысты жеткілікті клиникалық деректер жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Көп жағдайларда бұл құбылыстар қайтымды және препаратты енгiзудi тоқтатуды қажет етпейдi:

Өте жиі (≥ 1/10):

  • жүректің айнуы, диарея

- бас ауыруы

Жиі (≥ 1/100 - <1/10)

- суық тию (фарингит, синусит)

- анорексия

- елестеулер, қозу, озбыр мінез-құлық, қалыптан тыс түстер көру, шым-шытырақ түстер көру (ол дозаны төмендеткеннен немесе препаратты тоқтатқаннан кейін жоғалады)

- естен тану, бас айналу, ұйқысыздық, шаршағыштық

- құсу, асқазанның бұзылуы

  • несепті ұстап тұра алмау

- бөртпе, тері қышымасы

- бұлшықет түйілуі

- әртүрлі орналасудағы ауырулар

- жазатайым уақиға (травматизм)

Жиі емес (≥ 1/1000 - ≤ 1/100)

- қан сарысуында бұлшықет кретининфосфокиназасы концентрациясының аздап жоғарылауы

- брадикардия

  • құрысу ұстамалары

- асқазан-ішектік қан кету, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы

Сирек (≥ 1/10000 - ≤ 1/1000)

  • синоатриальді және атриовентрикулярлы бөгет

  • экстрапирамидалы белгілер

  • бауыр функциясының бұзылуы, оның ішінде гепатит

  • гемоглобин мен гематокрит деңгейінің төмендеуі

Өте сирек (≤ 1/10) немесе белгісіз жиілікпен байқалатын (бар деректермен

бағалау мүмкін емес)

  • қатерлі нейролептикалық синдром

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- донепезилге, пиперидин туындыларына және басқа да препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

-18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Алзепил және/немесе оның метаболиттері теофиллин, варфарин, циметидин немесе дигоксин метаболизмдерін бәсеңдетпейді.

Дигоксинмен немесе циметидинмен бірге қабылдаған кезде донепезил гидрохлоридінің метаболизмі өзгермейді.

In vitro зерттеулері көрсеткендей, 3A4 изоферменттері және аз дәрежеде 2D6 P450 цитохромы донепезилдің метаболизміне қатысады.

Кетоконазол және хинидин, СҮР3А4 тежегіштері (итраконазол, эритромицин) және 2D6 (флюоксетин) донепезилдің метаболизмін бәсеңдетеді. Ерікті дені сау адамдарды зерттеген кезде кетоконазол донепезилдің орташа концентрациясын шамамен 30 %-ға жоғарылатқан.

Ферменттердің индукторлары (рифампицин, фенитоин, карбамазепин және этанол) донепезилдің деңгейін төмендетуі мүмкін. Алайда осындай тежейтін немесе индукциялайтын әсерінің дәрежесі белгісіз, соңдықтан препараттың мұндай комбинациясын қолданғанда сақ болған жөн.

Алзепил антихолинергиялық белсенділігі бар препараттармен өзара әрекеттесуі мүмкін.

Сондай-ақ сукцинилхолинмен, басқа миелорелаксанттармен немесе жүректің өткізгіштігіне ықпалын тигізетін холинергиялық рецепторлардың және бета-бөгегіштердің антагонистерімен бір мезгілде қабылдаған кезде Алзепилдің синергиялық әсері бар.

Алзепилді басқа холиномиметиктермен және гликопирролат сияқты төртіншілік антихолинергиялық препараттармен бір мезгілде қабылдаған кезде артериялық қысымның және жүректің жиырылу жиілігінің өзіне тән емес өзгеру жағдайлары сипатталған.

Айрықша нұсқаулар

Емді Альцгеймер типті деменцияны емдеуде тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі тиіс. Ауру диагнозы жалпы қабылданған критерийлерге (мысалы, DSM IV, ICD 10) сәйкес қойылуы керек. Емді препарттың қабылдануын бақылауға қабілетті адам болған жағдайда ғана жүргізуге болады. Ем емдік әсер болған кезде жүргізіледі, және бұл әсер үнемі бағаланып отырылуы керек.

Емдік әсер болмаған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек. Алзепилмен емдеуге деген жеке реакцияны алдын ала айту қиын. Препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін оның әсері баяу және біртіндеп жоғалады. Препарат қабылдауды бірден тоқтатқанда, тоқтату синдромы туындағаны жайлы дерек жоқ.

Альцгеймер типті деменцияның ауыр түрімен, деменцияның басқа түрлері немесе жадының нашарлауымен (мысалы, жасқа байланысты когнитивті қызметтің төмендеуі) емделушілерде Алзепилдің тиімділігі анықталмаған.

Холинэстераза тежегіші болғандықтан, Алзепил жалпы анестезия кезінде бұлшықеттік релаксацияның сукцинилхолинді типін күшейтуі мүмкін болғандықтан препаратты сақтықпен қолданады. Сонымен қатар, жүректің жиырылу жиілігіне ваготоникалық әсер етуі (брадикардия шақыруы) мүмкін. Мұндай әсердің болу мүмкіндігі атриовентрикулярлық бөгелу секілді өткізгіштігінің синоатриалдық немесе суправентрикулярлы бұзылыстары бар синустық түйіннің әлсіздік синдромы мен синоатриалдық өткізгіштіктің басқа бұзылыстарында ескеру керек. Препарат жүрек ырғағының бұзылуында сақтықпен қолданылады.

Естен тану және құрысу жағдайлары туралы мәліметтер болған. Мұндай емделушілерді тексерген кезде блокаданың немесе ұзақ уақыт синустық тоқтап қалушылықтың болу мүмкіндігін ескеру қажет.

Ойық жараның даму қаупі жоғары емделушілерде (мысалы, ойық жара ауруына шалдыққаны сыртарқысында көрсетілген немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдап жүрген емделушілерде) сақ болған жөн. Алайда, донепезилдің клиникалық зерттеулерінде плацебомен салыстырғанда пептикалық ойық жараның немесе асқазан-ішектік қан кетудің даму жиілігінің жоғарылауы анықталмады.

Холиномиметиктер қуықтың сағасының тарылуына әкелуі мүмкін, алайда донепезил гидрохлоридін қолдануына жүргізілген клиникалық зерттеулер кезінде мұндай деректер анықталмаған.

Холиномиметиктер денеге жайылған құрысуды тудыруы мүмкін деп шамаланады, алайда құрысулар Альцгеймер ауруларының белгісі болуы мүмкін. Холиномиметиктер экстрапирамидальді бұзылыстарды ушықтыруы немесе төмендетуі мүмкін.

Қатерлі нейролептикалық синдром – өмір үшін әлеуетті қауіпті бұзылыс, ол гипертермиямен (қызба), бұлшықеттің сіресуімен, вегетативті жүйке жүйесінің бұзылыстарымен, сананың өзгеруімен, сарысулық креатинин фосфокиназа деңгейінің жоғарылауымен сипатталады. Қосымша симптомдары миоглобинурияны (рабдомиолиз) және жедел бүйрек жеткіліксіздігін қамтуы мүмкін. Әсіресе антипсихотикалық дәрілік заттармен қосымша ем қабылдайтын емделушілерде, донепезилді қабылдаумен байланысты қатерлі нейролептикалық синдром дамуы туралы өте сирек хабарлар бар.

Егер емделушіде қатерлі нейролептикалық синдромның белгілері мен симптомдары дамыса немесе қосымша клиникалық біліністерсіз түсініксіз жоғары температура болса, емді тоқтату керек.

Препаратты сыртартқысында бронх демікпесі немесе өкпенің обструктивті ауруларымен науқастарға аса сақтықпен тағайындау керек.

Алзепилді ацетилхолинэстеразаның басқа тежегіштерімен, холинергиялық жүйенің агонистерімен немесе антагонистерімен бірге бір мезгілде қабылдамаған жөн.

Ауыр дәрежелі бауыр жетіспеушілігі бар емделушілерде препаратты қолдану туралы деректер жоқ. Бауыр функциясының шығу тегі анықталмаған бұзылуында Алзепил препаратын тоқтату ықтималдығы туралы мәселені қарастыру керек.

Қантамырлық деменцияны клиникалық зерттеулердегі өлім жағдайлары

Болуы мүмкін немесе болжамды қантамырлық деменциямен (ҚД) сәйкес NINDS-AIREN критерийімен емделушілердің қатысуымен 6 ай ұзақтықпен үш клиникалық зерттеулер жүргізілген. NINDS-AIREN критерийі Альцгеймер ауруымен емделушілерді қоспағанда, деменция тек қантамырлық себептермен байланысты болуы мүмкін емделушілерді анықтау үшін әзірленген.

Бірінші зерттеуде өлім жағдайының жиілігі 5 мг донепезил гидрохлоридін қабылдайтын топта 2/198 (1 %), 10 мг донепезил гидрохлоридін қабылдайтын топта 5/206 (2,4 %) және плацебо тобында 7/199 (3,5 %) болды. Екінші зерттеуде өлім жағдайының жиілігі 5 мг донепезил гидрохлоридін қабылдайтын топта 4/208 (1,9 %), 10 мг донепезил гидрохлоридін қабылдайтын топта 3/215 (1,4 %), және плацебо тобында 1/193 (0,5 %) болды. Үшінші зерттеуде өлім жағдайының жиілігі 5 мг донепезил гидрохлоридін қабылдайтын топта 11/648 (1,7 %) және плацебо тобында 0/326 (0 %) болды.

Донепезил гидрохлоридін қабылдаған барлық топта өлім жағдайының жиілігі ҚД (1,7%) үш жағдайында плацебо (1,1) тобымен салыстырғанда сандық дәрежеде жоғары болды, әйтсе де осы ерекшелік статистикалық нақты болған жоқ. Донепезил гидрохлоридін немесе плацебо қабылдаған емделушілердегі өлім жағдайының көпшілігі осы популяциядағы қантамырларының қатар жүретін зақымдануымен егде жастағы емделушілерде күткендей, әртүрлі қантамырлық бұзылыстар нәтижесінде болды. Барлық елеулі өліммен аяқталмайтын және өліммен аяқталатын қантамырлық бұзылыстардың анализі донепезил гидрохлоридін және плацебо қабылдайтын топтардағы олардың пайда болу жиілігінде айырмашылық анықтаған жоқ.

Альцгеймер ауруын (n=4146) зерттеулердің біріктірілген материалдарында, сондай-ақ қантамырлық деменция зерттеулерін қоса Альцгеймер ауруының сол зерттеулерінде (емделушілердің жалпы саны 6888) плацебо тобындағы өлім жағдайының көрсеткіштері донепезил гидрохлоридін қабылдаған топтардағы осындай көрсеткіштерден сандық дәрежеде жоғары болады.

қолданылуы

Алзепилдің балаларда қолданылуының тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмегендіктен, препаратты емделушілердің осы категориясына қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Донепезилді жүктілік және лактация кезеңінде қолдану жайлы деректер жеткіліксіз. Препаратты жүкті әйелдерге ұрыққа деген мүмкін қаупіне байланысты тағайындауға болмайды. Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болған кезде бала емізуді тоқтату мәселесін шешкен жөн.

Көлік құралдарын басқару және әлеуетті қауіпті механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Альцгеймер типті деменция автомобильді немесе басқа механизмдерді басқару қабілетінің бұзылуымен қоса қабаттасуы мүмкін. Бұдан басқа, негізінен, емнің бас кезінде немесе дозаны арттырған кезде Алзепил шаршау сезімін, бас айналуды және бұлшық еттердің құрысуын тудыруы мүмкін. Емделушінің көлік немесе басқа да қауіпті механизмдерді басқару мүмкіндігін дәрігер анықтауы керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: холинергиялық криз (жүректің айқын айнуы, құсу, сілекейдің ағуы, тершеңдік, брадикардия, артериялық гипотензия, тыныс алудың қиындауы, коллапс және құрысулар). Тыныс алу бұлшықеттерінің зақымдануында өлімге әкелуі мүмкін, бұлшықет әлсіздігі күшеюі мүмкін.

Емі: жалпы демеуші ем тағайындау керек. У қайтарғы ретінде үшіншілік антихолинергиялық препараттарды қолдануға болады, мысалы, атропинді 1-2 мг бастапқы дозада көктамыр ішіне, содан кейін дозаны клиникалық әсеріне қарай тағайындайды. Донепезил гидрохлоридінің және/немесе оның метаболиттерінің диализдің (гемодиализ, перитонеальді диализ немесе гемофильтрация) көмегімен шығарылуы туралы деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

14 таблеткадан /ПВХ//ПВДХ үлбір/алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30С –ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босату шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ЭГИС ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖАҚ

1106 БУДАПЕШТ, Керестури көшесі, 30-38 ВЕНГРИЯ

Тел.: (36-1) 803-5555, Факс: (36-1) 803-5529

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭГИС Фармацевтикалық Зауыты» ЖАҚ, Венгрия

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ЭГИС Фармацевтикалық Зауыты» ЖАҚ ҚР өкілдігі

050060, Алматы қ-сы, Жароков к-сі 286 Г

тел: + 7 (727) 247 63 33, + 7 (727) 247 63 34, факс: + 7 (727) 247 61 41,

e-mail: egis@egis.kz

8

Прикрепленные файлы

309221501477976538_ru.doc 126.5 кб
937707571477977698_kz.doc 148.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники