Алергозол-DF® (спрей назальный, 0,03%)

МНН: Дифенгидрамин, Нафазолин
Производитель: ДОSFARM ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Нафазолин в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016185
Информация о регистрации в РК: 09.10.2020 - 09.10.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Алергозол-DF®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Мұрын спрейі 0,03 % және 0,06 % 10 мл

Құрамы

10,0 мл препараттың құрамында 0,03 % 0,06 %

белсенді заттар: нафазолин нитраты 3,0 мг 6,0 мг

дифенгидрамин гидрохлориді 5,0 мг 10,0 мг

қосымша заттарбор қышқылы, тазартылған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш түсті сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйенің ауруларына емдеуге арналған препараттар. Мұрынға арналған препараттар. Антиконгестанттар және мұрынға арналған жергілікті қолданылатын басқа препараттар. Басқа препараттармен біріктірілген симпатомиметиктер.

Басқа препараттармен біріктірілген нафазолин.

АТХ коды R01АВ02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Алергозол-DF® емдік әсері препаратты қолданғаннан кейін 5-10 минуттан соң басталады және 5-6 сағатқа дейін созылады, препаратты жиі қолданған кезде әсерінің ұзақтығы 4 сағатқа дейін қысқаруы мүмкін. Алергозол-DF® препаратының белсенді заттары жергілікті қолданғанда жүйелі қан ағымына сіңуі және резорбция әсерін беруі мүмкін.

Фармакодинамикасы

Алергозол-DF® - жергілікті қолдануға арналған, құрамында нафазолин мен дифенгидрамин бар біріктірілген препарат. Аллергияға қарсы және тамырды тарылтатын әсер береді.

Нафазолинді мұрын ішіне қолданған кезде риниттер кезінде мұрынмен тыныс алудың жеңілдеуіне ықпал етеді. Мұрынның қосалқы қойнауларының шығу жолдарының ашылуына және кеңеюіне және Евстахий түтіктерінің босауына ықпал етеді. Бұл секреттің ағып шығуына ықпалын тигізеді және мұрынның шырышты қабығына бактериялардың тұрып қалуын болдырмайды.

Дифенгидрамин - Н1- гистаминдік рецепторлардың блокаторы. Гистаминге қарсы айқын белсенділікке ие. Гистаминнен туындаған тегіс бұлшықеттің түйілуін, қылтамырлар өткізгіштігінің жоғарылауын, тіндердің ісінуін, қышыну мен гиперемияны азайтады немесе алдын алады. Сонымен қатар жергілікті жансыздандырғыш әсер береді, тікелей спазмолитикалық әсерінің нәтижесінде тегіс бұлшықеттерді босаңсытады, вегетативтік жүйке түйіндерінің холинорецепторларын орташа дәрежеде бөгейді.

Қолданылуы

- жедел ринитте

- аллергиялық риносинуситте

- аллергиялық вазомоторлық ринитте

- операциядан кейінгі үстіңгі тыныс жолдарының шырышты қабықтарының гиперемиясы мен ісінуінде

- риноскопия жүргізуді жеңілдету үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Интраназальді.

Ересектер мен 15 жастан асқан жасөспірімдерге 0,06 % спрей: әр мұрын жолына спрейді күніне 3 рет 1 бүркуден.

Балаларға арналған 0,03 % спрей:

- 2 жастан 6 жасқа дейін – әр мұрын жолына спрейді күніне 1-2 рет 1 бүркуден;

- 6 жастан 15 жасқа дейін – әр мұрын жолына спрейді күніне 3 рет 1 бүркуден.

Емдеу курсы 1 аптадан аспайды.

Жағымсыз әсерлері

- жүрек айнуы, бас ауыруы

- артериялық қысымның жоғарылуы, тахикардия

- мұрынның шырышты қабығының тітіркенуі

- мұрынның шырышты қабығының реактивті гиперемиясы

- ауыздың құрғауы

- 1 аптадан артық қолданған кезде – шырышты қабықтың тітіркенуі, атрофиялық ринит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жабықбұрышты глаукома

- көздің ауыр аурулары

- артериялық гипертония, тахикардия, айқын атеросклероз

- гипертиреоидизм

- қант диабеті

- созылмалы ринит

- қуықасты безінің гипертрофиясы

- моноаминооксидаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау және оларды қолдану аяқталғаннан кейінгі 14 күнге дейінгі кезең

- 2 жасқа дейінгі балаларға (Алергозол-DF 0,03 % үшін)

- 15 жасқа дейінгі балаларға (Алергозол-DF 0,06 % үшін)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Үшциклдық антидепрессанттармен бірге қолданғанда нафазолиннің тамырды тарылтатын әсері күшеюі мүмкін. Нафазолинді моноаминооксидаза тежегіштерімен бір мезгілде және оны тоқтатқаннан кейін 14 күн ішінде қолдану гипертониялық кризге алып келуі мүмкін.

Препарат жергілікті жансыздандырғыш дәрілердің сіңуін баяулатады (үстірт анестезия жүргізген кезде олардың әсерін ұзартады).

Айрықша нұсқаулар

Препарат резорбция әсерін береді, соған байланысты оны қысқа мерзімде – 1 аптадан асырмай қолдану, содан кейін бірнеше күн үзіліс жасау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде тек, анасы үшін күтілетін пайдасы бала мен ұрық үшін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерін ескере отырып, көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: дене температурасының төмендеуі, брадикардия, артериялық гипертензия, ауыздың құрғауы, тыныстың тарылуы, қозу, сананың шатасуы.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бүріккіш қақпағы және қорғағыш қалпақшасы бар полипропилен құтыларда 10 мл препараттан. Әр құтыға заттаңба жабыстырылады. Бір құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел.: (727) 253-03-88

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

Қазақстан Республикасы аумағында өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88, эл. поштасы: dosfarm@dosfarm.kz

4

Прикрепленные файлы

876530891477976389_ru.doc 50 кб
170014251477977592_kz.doc 61.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники