Актовегин® гель (20%)

МНН: Депротеинизированный гемодериват из телячьей крови
Производитель: Никомед Австрия ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты, способствующие нормальному рубцеванию
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005635
Информация о регистрации в РК: 15.02.2012 - 15.02.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Актовегин ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Гель 20%, 20 г

Крем 5%, 20 г

Жақпамай 5%, 20 г

Құрамы

100 г гельдің құрамында:

белсенді зат – 20 мл протеинсіздендірілген бұзаулар қанының гемодериваты (0,8 г құрғақ салмаққа сәйкес),

қосымша заттар: натрий кармеллозасы, пропиленгликоль, кальций лактаты пентагидраты, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су.

100 г кремнің құрамында:

белсенді зат - 5 мл протеинсіздендірілген бұзаулар қанының гемодериваты (0.2 г құрғақ салмаққа сәйкес),

қосымша заттар: макрогол 400, макрогол 4000, цетил спирті, глицрил моностеараты, бензалконий хлориді, тазартылған су.

100 г жақпамайдың құрамында:

белсенді зат - 5 мл протеинсіздендірілген бұзаулар қанының гемодериваты (0.2 г құрғақ салмаққа сәйкес),

қосымша заттар: ақ парафин, цетил спирті, холестерин, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су.

Сипаттамасы

Түссіз немесе сарғыш мөлдір біркелкі гель

Ақ түсті біркелкі крем

Ақ түсті біркелкі жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Жаралар мен ойық жараларды емдеуге арналған препараттар. Қалыпты тыртықтануға мүмкіндік беретін препараттар.

АТЖ коды D03АХ

Фармакологиялық қасиеттері:

Фармакокинетикасы

Зерттеулер нәтижесінде сыртқа қолдануға арналған дәрілік түрден белсенді заттың жүйелік сіңуінің төмен екендігі анықталды.

Фармакодиниамикасы

Тіндерде зат алмасуды белсенді ететін, трофиканы жақсартатын және регенерация үдерісін ынталандыратын препарат. Актовегин бұзау қанынан алынған, төмен молекулалы пептидтері және нуклеин қышқылдарының дериваттары бар депротеинизирленген гемодериват болып табылады. Глюкоза мен оттегінің жиналуы мен тасымалдануын арттыру, жасушаішілік утилизацияны күшейту арқылы жасушалық метаболизмді белсенді етеді. Бұл үдерістер АТФ метаболизмінің жылдамдауына және жасушаның қуат қорының артуына әкеледі. Энергетикалық метаболизмнің қалыпты қызметімен шектелетін жағдайларда (гипоксия, субстрат жеткіліксіздігі) және қуатты қажет ету жоғары болғанда (жазылу, регенерация) актовегин қызметтік метаболизм мен анаболизмнің энергетикалық үдерістерін ынталандырады. Екінші қайтара болатын әсері қанмен жабдықтау болып табылады.

Қолданылуы

- жараларда (соның ішінде тіліктерде, сызаттарда, тырналғанда) және тері мен шырышты қабықтардағы қабыну үдерістерінде

- көктамырлардың варикозды кеңеюіндегі трофикалық ойық жараларда, басқа да суланған жараларда

- ойылудың алдын алуға және емдеуге

- күйіктерде (соның ішінде күннен болған және термиялық)

- тері мен шырышты қабықтардың сәуле жарақатының алдын алуға және емдеуге

Қолдану тәсілі және дозалары

Гельді ашық жараларды және ойық жараларды тазалау және емдеу үшін қолданады. Ойық жара зақымдарында гельді теріге қалың қабат етіп жағып, актовегиннің 5% жақпамайымен компресс жасайды немесе жақпамай сіңірілген дәке таңғышпен таңады. Таңғышты тәулігіне 1 рет, күшті суланған ойық жараларда тәулігіне бірнеше рет ауыстырады. Әрі қарай емдеуді 5% крем түріндегі актовегинмен жалғастырған және емдеуді 5% жақпамай түріндегі актовегинмен аяқтаған жөн. Крем де, жақпамай да жұқа қабат етіп жағылады. Кремнің айқын косметикалық әсері бар.

Ойылудың алдын алу үшін 5% кремді немесе 5% жақпамайды ойылудың даму қаупі жоғары аймақтағы теріге жағады.

Күйіктерде және сәуле зақымдарында емнің басында 20% гельді қолданады, ол теріге жұқа қабат етіп жағылады, ал содан кейін әрі қарай емдеу үшін актовегиннің 5% кремін немесе 5% жақпамайын қолданады.

Радиациялық зақымданулардың алдын алу мақсатында 5% кремді немесе 5% жақпамайды радиациялық емнен кейін бірден және сеанстар арасындағы аралықтарда жұқа қабат етіп жағады.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар, есекжем

- қышу, ашу

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Актовегин ® препаратының компоненттеріне аллергиялық бейімділікте.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Анықталған жоқ

Айрықша нұсқаулар

20% гель түріндегі актовегинмен емдеуді бастағанда препаратты жаққан жерде ауыру сезімі болуы мүмкін, ол секрецияның ұлғаюымен байланысты болады. Бұл препаратың жақпаушылығына айғақ болып табылмайды.

Емделушіге ауырушаңдығы сақталғанда, жүргізілген емнің тиімділігі жоқ немесе жеткіліксіз болғанда дәрігерге қаралу керектігін алдын ала ескерткен жөн.

Сыртқа қолданылатын дәрілік түрі препаратты жүйелік қолданумен біріктіріліп қолданылуы мүмкін.

Жүктілік және лактация

Актовегин® препараты жүктілік және лактация кезеңінде көрсетілімдер бойынша қолданылуы мүмкін.

Препараттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпалын тигізбейді.

Артық дозаланғанда

Актовегин® препаратының артық дозалану жағдайлары жөнінде мәлімделмеген. Белсенді заттың жүйелік қан ағысына сіңу дәрежесінің төмен болуына байланысты, оның артық дозалануы неғайбыл.

Шығарылу түрі

Гель

20 г гель ашылғаны бақыланатын және пластмасса қақпағы бар алюминий сықпаға салынған.

1 сықпа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған

Крем

20 г крем ашылғаны бақыланатын және пластмасса қақпағы бар алюминий сықпаға салынған.

1 сықпа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған

Жақпамай

20 г жақпамай ашылғаны бақыланатын және пластмасса қақпағы бар алюминий сықпаға салынған.

1 сықпа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау мерзімі

25C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

Гель – 3 жыл

Крем және жақпамай – 5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Никомед Австрия ГмбХ, Австрия

St.- Peter – Strasse 25, 4020 Linz

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Никомед Австрия Гмбх», Австрия

Қаптаушы-ұйымның атауы және елі

«Никомед Австрия Гмбх», Австрия

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Респуликасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Никомед Остевропа Маркетинг Сервис ГмбХ»

Алматы қ-сы, Бегалин к-сі 136 а

Телефон нөмірі (727) 2444004

Факс нөмірі (727) 2444005

Электронды поштасы aknu@nycomed.com

 

Прикрепленные файлы

177242371477977113_ru.doc 55.5 кб
213782081477978286_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники