Акретин (крем 0.05 %)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Акретин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Третиноин
Дәрілік түрі
0.025% және 0.05% крем
Құрамы
Бір г препараттың құрамында
белсенді зат – третиноин 0.3125 мг (0.025%), 0.625 мг (0.05%)
қосымша заттар: полиоксил-40 стеараты, стеарил спирті, изопропил миристат, стеарин қышқылы, бутилденген гидрокситолуен, сорбин қышқылы, ксантум гумм, тазартылған су.
Сипаттамасы
Ақ немесе аздап жасыл түсті, гомогенді крем.
Фармакотерапиялық тобы
Безеулі бөртпені емдеуге арналған препараттар. Безеулі бөртпені жергілікті емдеуге арналған препараттар. Безеулі бөртпені жергілікті емдеуге арналған ретиноидтар. Третиноин.
ATХ коды D10AD01
Фармакологиялық қасиеттері
Третиноин (Р-транс-ретиной қышқылы) түлейтін теріде эпителийдің терең метаболизмдік өзгеріске ұшыратады. Третиноин табиғи жағдайда және зертханалық зерттеулерде және де жасуша нақтылануында (кератинделу және түлеу) эпидермалық жасушалардың полиферациялық белсенділігін арттырады. Акретин кремін жергілікті жағу эритеманың жағдайына, түлеуге және тітіркенуге дозаға тәуелді әсер етеді. Шектен тыс пайдаланудан аулақ болған жөн.
Клиникаға дейінгі зерттеулерде жүйелі уытты әсерлері анықталмады.
Қолданылуы
Майлы терідегі жасөспірімдік безеулерді емдеу.
Қолдану тәсілі мен дозалары
Кремді күніне 1 рет ұйықтар алдында 20-30 минут бұрын беттің таза, құрғақ терісіне, зақымданған бөліктерге жағу керек.
Кремді қолдану жылу немесе жеңіл күйдіріп-ашыту сезімін тудыруы мүмкін. Емдеуді уақытша тоқтату немесе қолдану жиілігін төмендету қажеттілігі болған жағдайда, егер пациенттер препаратпен емдеуді жақсы көтеретін болса емдеуді қайта жаңғыртуға немесе қолдану жиілігін арттыруға болады.
Емнің алғашқы апталарында қабыну зақымдануының асқынуы байқалуы мүмкін, бұл препараттың терең, бұрын көрінбеген зақымдалған тіндерге әсер етуіне байланысты және ол емді тоқтату үшін себеп ретінде қарастырылмауы тиіс.
Емдік әсері препаратты екі-үш апта қолданғаннан кейін байқалады, дегенмен тұрақты жақсаруы үшін препаратты алты аптадан астам уақыт қолдану қажет болуы мүмкін.
Тұрақты оң нәтижеге қол жеткізгеннен кейін емдеуді қолдану жиілігін төмендету немесе басқа дәрілік түріне көшу арқылы демеуге болады.
Акретин препаратын қолданған кезде косметиканы қолдануға болады, дегенмен препаратты жағар алдында кремді жағу аймағын тазарту керек.
Жағымсыз әсерлері
Терінің құрғауын немесе түлеуін, күйдіріп-ашытуын, шаншуын, эритеманы, қышынуды, бөртпені және уақытша гипо- және гиперпигментацияны қоса жергілікті реакциялар Акретин кремімен емдеу кезінде байқалады.
Бұл тері реакциялары әдетте жеңіл және орташа деңгейге дейін болуы мүмкін және жалпы көтерімділігі жақсы. Ем кезінде сақталатын құрғау немесе терінің қабыршықтануын қоспағанда, олар әдетте емнің басында дамиды, ем курсының барысында азаяды.
Терінің күлдіреуі және қабығы, тітіркенуі және ісінуі сирек байқалған.
Третиноинді қолдану кезінде жанаспалы аллергия сирек кездеседі.
Третиноин препараттарын қолдану кезінде УК-сәулелерге жоғары сезімталдық туралы хабарламалар бар.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- компоненттің кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік кезінде
- жеке немесе отбасы анамнезінде тері бөртпелері кезінде
- жедел экзема кезінде (третиноин, мәлімдегендей, экзематозды теріге асқын тітіркенуді туындатады)
- розацеа және периоральді дерматит
- солярий емшарасын алу.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Акретин сақтық шараларымен пайдаланылуы тиіс:
- жергілікті қолдануға арналған бірге қолданылатын дәрілік препараттармен
- теріні қатты құрғататын, абразивті немесе десквамациялық әсер ететін косметикалық препараттармен.
Пациент терісінің пилингін ұзақ уақыт қолданғаннан кейін Акретин кремді қолданбаған жөн.
Акретин кремін және пилингті қолдануды кезектестірген кезде, препаратты қолдану жиілігін азайтуға болады.
Третиноин кремдерін қолдану кезінде солярийдің канцерогендік потенциалы артады.
Айрықша нұсқаулар
Акретин кремін көз, ауыз және басқа шырышты қабықтардың айналасына немесе ашық жараларға жағуға болмайды, себебі бұл экзематоздық терінің қатты тітіркенуін туындатуы мүмкін. Кремді қолданған кезде құрамында спирттің жоғары концентрациясы, қоспалары және лайм бар косметиканы пайдалануға болмайды, күннің және жарықтың әсер етуін азайту керек. Сезімталдық реакциялары немесе химиялық тітіркену дамыған кезде Акретин кремін қолдануды тоқтату керек.
Күн жарығының, соның ішінде солярийдің әсері Акретин кремімен емдеу кезінде қысқартылуы тиіс. Күнге күйген пациенттерде Акретин кремін қолдану нәтижесінде күн сәулесіне сезімталдығы жоғары болғандықтан күнге күю толық жазылғанға дейін препаратты пайдалануға болмайды.
Қызмет бабында күн жарығының әсерінде болуға мәжбүр тұлғалар, сондай-ақ анамнезде күн сәулелеріне жоғары сезімталдығы бар тұлғалар ерекше сақ болуы керек. Күн сәулелерінің әсерінен аулақ болу мүмкін болмаған кезде терінің Акретин кремімен өңделген аумағының үстінен күннен қорғайтын кремді және қорғанатын киімді пайдалану ұсынылған. Жел немесе суық сияқты экстремалды ауа райы да третиноин бар креммен емдеген кезде терінің тітіркенуін туындатуы мүмкін. Егер жергілікті тітіркену деңгейі жоғары болса, пациенттер препаратты сирегірек қолдану, препаратпен емдеуді уақытша тоқтату немесе препаратты жалпы қолдануды тоқтату туралы ескертілуі тиіс.
Педиатрия
12 жастан кіші балаларда третиноиннің қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдейтін клиникалық зерттеулер жоқ. 12 жастан асқан балаларда Акретин препаратын тек қана дәрігердің тағайындауы бойынша қолданады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмаған. Тератогендік потенциалы бойынша третиноин С санатына жатады. Егеуқұйрықтарға жасалған зерттеулерде ішке қабылдағанда немесе тәулігіне 1 мг/кг-дан астам дозада (терінің толық беткейіне есептегенде адам үшін ең жоғарғы дозадан сегіз есе жоғары) жергілікті қолданғанда тератогендік және фетоуытты әсері белгіленген. Жануарларға жасалған зерттеуде сүйек қаңқасының түрлі бұзылуларының жиілігі третиноин дозасына қарамастан артқан.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Көздің айқын көре алмауы сияқты жағымсыз әсерлердің дамуы мүмкіндігіне байланысты автомобильді басқарған кезде және техникамен жұмыс істеген кезде сақ болған жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары – тітіркенуі байқалуы мүмкін, мысалы, эритема, түлеу, қышыну және т.б. Акретин кремін пероральді қабылдау А дәруменін аса көп пероральді қолдануға байланысты салдарларға әкелуі мүмкін (мысалы, қышыну, терінің құрғауы, анорексия, құсу).
Емі – Кездейсоқ жұтқан жағдайда асқазанды шайып, дәрігерге бару керек.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
30 г препараттан жабылатын жарғақшасы және бұралатын полиэтилен қақпағы бар тығыздылығы жоғары полиэтиленнен жасалған қақпағы бар алюминий сықпаға салынады.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Производитель
«Jamjoom Pharmaceuticals Co. Ltd», Jeddah, Saudi Arabia Сауд Арабиясы, Жедах қ-сы, Индустриалдық алаң 5-фаза, тел./факс +966 2 6081111 / +966 2 6081222
e-mail: www.jamjoompharma.com, salmanhussain@jamjoompharma.com
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
«Jamjoom Pharmaceuticals Co.Ltd», Сауд Арабиясы
Қаптаушы ұйымының атауы және елі
«Jamjoom Pharmaceuticals Co.Ltd», Сауд Арабиясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
Компания өкілдігі
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби д-лы, 15 "Нрлы Тау" ПФО, блок 4"В", № 18-кеңсе, Телефон нөмірі: 261 98 22, 8702 198 65 74
Электрондық пошта: pharmacovigilance@j amjoompharma. com