Акласта®

МНН: Золедроновая кислота
Производитель: Новартис Фарма Штейн АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Zoledronic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004510
Информация о регистрации в РК: 05.06.2018 - 05.06.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 137 724.3 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Акласта®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Золедрон қышқылы

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 5 мг/100 мл ерітінді

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 5,33 мг золедрон қышқылының моногидраты,

(5,00 мг сусыз золедрон қышқылына баламалы)

қосымша заттар: маннитол, натрий цитраты, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Сүйек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Сүйектің минералдануы мен құрылымына әсер ететін препараттар. Бисфосфонаттар. Золедрон қышқылы.

АТХ коды M05B A08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сүйекте метастазы бар онкологиялық пациенттердегі фармакокинетика деректері дозаға байланысты емес. Остеопорозы және Педжет (сүйек) ауруы бар пациенттердің фармакокинетикалық деректері жоқ.

Золедрон қышқылының инфузиясын бастағаннан кейін белсенді заттың плазмалық концентрациясы тез артып, инфузия соңында ең жоғарғы шегіне жетеді, содан кейін 4 сағаттан кейін шегі < 10%-ға дейін, 24 сағаттан кейін шегі < 1%-ға дейін тез төмендейді, әрі қарай ең жоғары шектегі деңгейі 0,1%-дан аспайтын өте төмен концентрацияның ұзақ кезеңіне ұласады.

Көктамыр ішіне енгізілген золедрон қышқылы бүйрек арқылы үш сатыда бөлініп шығады: препараттың жүйелік айналымнан жартылай шығарылу кезеңімен t1/2 0,24 және t1/2 1,87 сағатта екі фазада тез шығарылады, содан кейінгі шығарылудың ұзаққа созылатын фазасында соңғы жартылай шығару кезеңі t1/2g 146 сағат. Әрбір 28 күн сайын енгізілетін көп реттік дозалардан кейін плазмада белсенді заттардың жиналып қалуы байқалған жоқ. Диспозицияның ерте фазаларында (α және β) препарат концентрациясының төмендеуін золедрон қышқылының сүйекке тез таралуымен және бүйрек арқылы шығарылуымен байланыстырады.

Золедрон қышқылы метаболизденбейді және өзгермеген күйінде бүйрек арқылы бөлініп шығарылады. Алғашқы 24 сағаттың ішінде енгізілген дозаның 39±16%-ы несеппен бірге бөлініп шығады, ал препараттың қалған мөлшері негізінен сүйек тінімен байланысады. Әрі қарай золедрон қышқылының сүйек тінінен жүйелік айналымға баяу кері босап шығуы және бүйрек арқылы бөлініп шығуы жүреді. Препараттың жалпы клиренсі сағатына 5,04 ± 2,5 л құрайды және дозаға, пациенттің жынысына, жасына, нәсіліне және дене салмағына байланысты емес. Инфузия ұзақтығының 5 минуттан 15 минутқа дейін артуы инфузия соңында золедрон қышқылының концентрациясының төмендеуіне әкеп соғады, бірақ концентрацияның уақытқа тәуелділігі қисығы астындағы ауданға ықпалын тигізбейді.

Золедрон қышқылы адам организмінде метаболизденбейді және Р450 цитохромы ферментінің тікелей әсер ететін және/немесе қайтымсыз тежегіші ретінде аздаған ғана белсенділігі бар немесе тіпті жоқ, сондықтан золедрон қышқылы Р450 цитохромы ферменттерінің жүйесімен метаболизденетін заттардың метаболизмдік клиренсін азайтуы екіталай. Золедрон қышқылының плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесі шамамен 23 - 40 %-ды құрайды және концентрацияға тәуелді емес.

Жекелеген популяциялар

Золедрон қышқылының бүйректік клиренсі креатинин клиренсімен өзара байланысады; бүйректік клиренсі зерттеуге алынған 64 пациентте орташа мәні минутына 84 ± 29 мл-ді (диапазоны минутына 22-ден 143 мл-ге дейін) көрсеткен креатинин клиренсінен 75 ± 33% құрады. Бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі жеткіліксіздігінде, бүйрегінің функциясы қалыпты осындаймен салыстырғанда, АUС(0-24 с) шамамен 30%-40%-ға аздап артады және, бүйрек функциясына байланыссыз, дозаларды көп рет енгізген кезде дәрілік заттың жиналып қалуы болмайды. Сондықтан бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл (Сlcr = минутына 50-80 мл) және орташа (Cl cr = минутына 30-50 мл) дәрежелі жеткіліксіздігінде золедрон қышқылының дозасын түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігіне (креатинин клиренсі минутына < 35 мл) қатысты деректер шектеулі ғана болғандықтан, осы популяция үшін дозалауға қатысты нұсқаулар жоқ.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі. Золедрон қышқылы құрамында азоты бар бисфосфонаттар класына жатады және көбінесе сүйектерге әсер етеді. Ол сүйек тінінің остеокласты резорбциясының тежегіші болып табылады.

Бисфосфонаттардың іріктеп әсер етуі олардың минералданған сүйек тініне жоғары ұқсастығымен негізделген. Көктамыр ішіне енгізуге арналған золедрон қышқылы сүйек тіндеріне тез таралады және көбінесе сүйектердегі алмасу қарқынды болатын жерлерге орнығады. Золедрон қышқылының остеокластағы негізгі молекулалық нысанасы фарнезилпирофосфат-синтетаза ферменті болып табылады, бірақ басқа механизмдерін де жоққа шығаруға болмайды. Золедрон қышқылының біршама ұзақ әсер етуі фарнезилпирофосфат-синтетазаның белсенді орталығымен байланысуының жоғары дәрежесімен және минералданған сүйек тіндеріне ұқсастығымен анықталады.

Фармакодинамикалық әсерлері

Остеопороз

Акласта® сүйек тінінде метаболизмнің қарқындылығын жылдам азайтады: менопаузадан кейінгі кезеңде жоғарылаған 7 тәуліктегі резорбция маркерлері үшін төмен нүктелі деңгейінен бастап 12 аптадағы формация маркерлеріне дейін. Осыдан кейін сүйек тіні жағдайы маркерлерінің деңгейі менопаузаға дейін байқалған диапазон шегінде білінеді. Жыл сайын қайталанатын дозаларды енгізген кезде сүйек тінінде метаболизм маркерлерінің үдеп төмендегені байқалған жоқ.

Менопаузадан кейінгі остеопорозды емдеудің клиникалық тиімділігі

HORIZON-PFT зерттеулерде Акласта® препаратын қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі айғақталды.

Акласта® емдеудің алғашқы жылынан бастап үш жыл бойы омыртқалардың жаңадан сынуының бір немесе одан да көп жағдайларының жиілігін азайтады.

Үш жыл ішінде омыртқалардың сыну жиілігінің азаюы – тұрақты, ол жасқа, географиялық өңірге, нәсілге, дене салмағы индексінің бастапқы мәніне, омыртқалардың бастапқы сыну санына, ортан жілік мойнының сүйек тіндерінің минералды тығыздығына (СМТ) немесе бұдан бұрын бифосфонаттар пайдаланылғанына байланысты емес.

Ортан жілік сынуы пайда болуы жиілігіне ықпалы: Акласта® препаратын қабылдаған кезде жамбас-сан буынындағы сүйектердің сыну қаупінің азаюы 3 жыл ішінде 40%-ға азайғаны байқалады.

Барлық клиникалық сынулардың пайда болу жиілігіне ықпалы: Акласта® препаратын қабылдаған кезде барлық клиникалық сынулардың пайда болу жиілігінің (4,5%-ға), омыртқалардың клиникалық сыну жиілігінің (2%-ға) және омыртқалық емес сынулар жиілігінің (2,8%-ға) абсолютті түрде төмендегені байқалады.

Сүйек тінінің минералды тығыздығына ықпалы: Акласта® 3 жыл бойы СМТ-ны омыртқаның бел бөлігінде 6,9%-ға, ортан жілік сүйегінде 6,0%-ға, ортан жілік мойнында 5,0%-ға және кәрі жіліктің шеткі бөлігінде 3,2%-ға арттырады.

Сүйек тінінің гистологиясы: препаратты менопаузадан кейінгі остеопорозы бар пациенттерге қолданғаннан кейін динамикалық гистоморфометрияны жүргізгенде ремодельденудің және минералданудың бұзылу белгілерінсіз сүйек тіні байқалады, сүйектің трабекулярлы архитектурасы сақталады.

Сүйек тіні метаболизмінің маркерлері: зерттеу барысында сүйек тініне тән сілтілік фосфатазаға (СТСФ), I типті (P1NP) коллагеннің N-терминальді пропептидіне, қан сарысуындағы бета-C-телопептидтерге мезгіл-мезгіл баға беріліп отырды. Акласта® препаратының жыл сайынғы 5 мг дозасымен емдеу сүйек метаболизмі маркерлерінің деңгейін менопаузаға дейін болған мәндер диапазонында төмендетті. Препаратты қайталап енгізу кейін сүйек тінінің метаболизм маркерлерінің деңгейін төмендетпеді.

Өсуіне ықпалы:

Акласта® препаратын қабылдаған пациенттерде өспей қалу қарқынының плацебомен салыстырғанда азайғаны байқалды: 6,7 мм-мен салыстырғанда тиісінше 4,2 мм (р < 0,0001).

Еңбекке жарамсыз тәулік саны

Акласта® плацебомен салыстырғанда белсенділіктің шектелу күндерінің санын да, сонымен қатар арқаның ауыруы мен сыныққа байланысты төсекте жату режиміндегі тәулік санын да барынша азайтады (барлық жағдайда p <0,01).

Ортан жіліктің сынуынан кейінгі клиникалық сынықтардың профилактикасының тиімділігі

Ортан жіліктің мойны аз жарақаттанып сынған пациенттерде клиникалық сынулардың пайда болуына жол бермеуде Акласта® препаратын қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі айғақталды. Тиімділігінің негізгі көрсеткіші зерттеулер жүргізу кезіндегі клиникалық сынулардың саны болды.

Барлық клиникалық сынуларға ықпалы: кез келген жерде орналасқан клиникалық сынулардың пайда болу жиілігі 35%-ға, омыртқа бағанының сынуы 46%-ға, омыртқалық емес сынулар 27%-ға, ұршық буынындағы сүйектердің сынуы 30%-ға азаяды.

Сүйектердің минералды тығыздығына ықпалы: Акласта® препаратымен емдеген кезде 24 ай бойы СМТ-нің барлық ұршық буыны сүйектерінде 5,4%-ға, ортан жілік мойнында 4,3%-ға артқаны байқалады.

Еркектердегі остеопорозды емдеу

Остеопорозға шалдыққан еркектерге Акласта® препаратын қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі де дәлелденген. Сүйектердің минералды тығыздығының елеулі түрде артатыны байқалды.

Глюкокортикоид-индукцияланған остеопороз емі және профилактикасы

Преднизолонды тәулігіне ≥ 7,5 мг дозада (немесе баламалы препаратты) пероральді түрде қабылдаған пациенттердің қатысуымен жыл бойғы зерттеулер кезінде Акласта® препаратының глюкокортикоид-индукцияланған остеопорозды емдеу және профилактикасындағы тиімділігі мен қауіпсіздігіне баға берілді.

Сүйектердің минералды тығыздығына ықпалы: омыртқа бағанының бел бөлігінде, ортан жілік мойнында, тұтастай ортан жілік сүйегінде, ұршық ойығында және кәрі жіліктің шеткі бөліктерінде СМТ-нің артқаны байқалды (барлық жағдайларда р < 0,03).

Сүйек тінінің гистологиясы: сапалық және сандық талдау минералдануы бұзылмаған сүйек тінінің қалыпты сапасын және архитектурасын көрсетті.

Педжет ауруы

Золедрон қышқылы ризедронатмен салыстырғанда емдік әсерінің артықшылығын және тез болатындығын көрсетті, мұны сүйек тіндерінің қалыптасуындағы биохимиялық маркерлер (ЛФС), қан сарысуындағы І типті коллагеннің N-терминальді пропептиді (P1NP) және резорбцияда (қанда CTx 1 және несепте альфа-CTx) айғақтады. Акласта® препаратының емдік әсері 18 ай бойы сақталады. Сүйек тінін гистологиялық зерттеу сүйек тінінің сапасы, сүйектің ремоделденуінің бұзылу белгілерінсіз және минералданудың бұзылу белгілерінсіз, қалыпты екендігін көрсетті.

Сүйек тініне ықпал ету қауіпсіздігін зерттеу

Золедрон қышқылын клиникалық тұрғыдан қолданылатын дозаларда енгізгенде сүйек тіні үшін тиімділігі және қауіпсіздігі айғақталды. Сүйек тіндерінде немесе сүйек кемігінде нормадан қандай да болсын ауытқушылық белгілері, минералданудың бұзылу белгілері, остеоидтардың жиналып қалуы және жарғақшалы ретикулофиброзды сүйек тіні байқалған жоқ.

Қолданылуы

Емі

  • менопаузадан кейінгі кезеңде әйелдердегі остеопорозды - ортан жіліктің, омыртқа бағанының сынуы және басқа жердегі сынық жағдайларын азайту үшін және сүйектің минералды тығыздығын арттыру үшін

  • еркектердегі остеопорозда

  • Педжет ауруында (деформациялайтын остеит)

Емі және профилактика

  • глюкокортикоид индукцияланған остеопорозда

Профилактика

  • еркектер мен әйелдерде ортан жілік сүйектері қайта сынуы

  • менопаузадан кейінгі остеопорозда

Қолдану тәсілі және дозалары

Акласта® препаратының дозасын енгізгеннен кейін алғашқы үш күн ішінде пайда болатын симптомдар жиілігі Акласта® препаратын инфузиялаудан кейін дереу парацетамолды немесе ибупрофенді қабылдау арқылы азайтылуы мүмкін.

Менопаузадан кейінгі остеопорозды, еркектердегі остеопорозды емдеу, глюкокортикоид-индукцияланған остеопорозды емдеу және профилактикасы, ортан жілік сынығынан кейін қайтадан сынудың профилактикасы: ұсынылатын дозасы – жылына 5 мг Акласта® препаратының көктамырішілік бір инфузиясы.

Педжет ауруын емдеу: ұсынылатын дозасы – 5 мг Акласта® препаратының көктамырішілік бір инфузиясы. Препаратты Педжет ауруын емдеу тәжірибесі бар дәрігер ғана тағайындайды. Препаратпен қайталап емдеу жөнінде деректер: Педжет ауруын Акласта® препаратымен бастапқы емдеуден кейін орта есеппен 7,7 жылға тең ұзақ уақыттық ремиссия кезеңі байқалады. Ауруы қайталанған пациенттерді қайтадан емдеу, емді бастағаннан кейін 1 жыл және одан астам уақыт өткен соң, Акласта® препаратымен қосымша көктамырішілік инфузия жасаудан тұрады. Педжет ауруын қайталап емдеу жөнінде деректер шектеулі. Педжет ауруы бар пациенттерде, Акласта® препаратын енгізгеннен кейін 10 тәулік ішінде, D витаминінің және кальцийдің тәуліктік дозаларда талапқа сай қолданылуын қамтамасыз ету қажет. Акласта® (инфузияға арналған 100 мл дайын ерітіндіде 5 мг) көктамыр ішіне инфузияның белгілі тұрақты жылдамдығы бар жүйе арқылы енгізіледі. Инфузия уақыты 15 минуттан кем болмауы тиіс. Инфузияны пациентте гидратация талапқа сай болған жағдайда жасайды. Бұл әсіресе егде жастағы пациенттер және диуретиктер қабылдап жүрген пациенттер үшін маңызды.

Еркектер мен әйелдердегі остеопорозда, глюкокортикоид-индукцияланған остеопорозда, егер диета кальций мен D витаминінің қажетті мөлшерлерінің орнын толтыра алмаса, қосымша оларды тағайындау қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Креатинин клиренсі минутына ≥ 35 мл болатын пациенттерде Акласта® препаратын тағайындауға болмайды. Пациенттің жағдайын золедрон қышқылын тағайындағанға дейін, бүйрек функциясының жедел немесе созылмалы түрлерін анықтау мақсатында, дегидратация жағдайын сондай-ақ пациенттің жасын есепке ала отырып, бақылау қажет. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде бүйрек жеткіліксіздігінің пайда болу қаупі өте жоғары. Бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігінің пайда болу қаупі салдарлық дегидратациясы бар және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, қызба, сепсис, диуретиктерді қабылдау, сұйықтықтың асқазан-ішек жолдары арқылы жоғалуы және басқа да жағдайлардың салдары ретінде артады. Пациенттерде бүйрек функциясының бұрыннан бұзылуы аясында бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің пайда болу қаупі жастың ұлғаюымен жоғарылайды. Креатинин клиренсі минутына ≥35 мл болатын пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттер

Дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Егде жастағы пациенттер (≥ 65 жас немесе одан үлкен)

Дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Педиатрия

Акласта® препараты тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жоқ болғандықтан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға ұсынылмайды.

Препаратты қолдану жөнінде нұсқаулар

Акласта® препаратын кез келген басқа дәрілік заттармен араластыруға немесе көктамыр ішіне бірге енгізуге болмайды. Енгізу жылдамдығы тұрақты болатын жағдайда, препаратты көктамырішілік инфузия жасауға арналған бөлек жүйе арқылы енгізу керек. Егер ерітінді салқын болса, оны қолданар алдында бөлме температурасына дейін жылыту қажет. Көктамырішілік инфузияға арналған ерітіндіні дайындау кезінде асептика ережелерін сақтау қажет.

Препарат тек бір рет қолданылады. Инфузиядан кейін пайдаланылмаған ерітіндіні жою керек. Микробиологиялық көзқарас тұрғысынан, инфузияға дайындалған препаратты дереу пайдалану қажет. Керісінше жағдайда, оны қолдануға дейін оны сақтау уақыты мен шарттарына тұтынушы жауапты болады; бірден пайдаланылмаған ерітіндіні 2-8ºC температурада 24 сағаттан асырмай сақтау ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Бұл бөлімдегі көрсетілген жағымсыз әсерлер клиникалық зерттеулер бағдарламасы аясындағы әртүрлі зерттеулер нәтижесінде алынған.

Акласта® препараты төмендегілерде зерттелді:

  • Менопаузадан кейінгі остеопорозда: 7736 әйел қатысқан және ол 2456 әйел қатысуымен жалғастырылған қосарлы анонимдік жағдайдағы сынуларды базалық зерттеуде, рандомизацияланған, плацебо-бақыланатын кешенді зерттеулерде («HORIZON-PFT»);

  • Педжет ауруы: 357 пациент қатыстырылған қосарлы анонимдік жағдайында қауіпсіздігі мен тиімділігіне екі рандомизацияланған зерттеулерде;

  • Жарақаты төмен ортан жілігі жуырда сынған пациенттердегі клиникалық сынулардың профилактикасында: 2127 еркек және әйел қатыстырылған қосарлы анонимдік жағдайдағы соңғы көрсеткіштері бар рандомизацияланған, плацебо-бақыланатын кешенді зерттеулерде («HORIZON-PFT»);

  • Глюкокортикоид-индукцияланған остеопорозды емдеуде және профилактикасында: 833 еркек және әйел қатыстырылған қосарлы анонимдік жағдайдағы рандомизацияланған, стратификацияланған, кешенді белсенді-бақыланатын зерттеулерде;

  • Гипогонадизм аясындағы еркектердегі остеопорозда немесе айқын остеопорозда: 302 еркек қатыстырылған қосарлы анонимдік жағдайдағы рандомизацияланған, кешенді белсенді-бақыланатын зерттеулерде;

  • Менопаузадан кейінгі остеопениясы бар әйелдердегі сүйек рарефикациясының профилактикасында: менопаузадан кейінгі 581 әйел қатыстырылған қосарлы анонимдік жағдайдағы 2 жылдық рандомизацияланған, плацебо-бақыланатын кешенді зерттеулерде.

Менопаузадан кейінгі остеопорозды, еркектердегі остеопорозды емдеу, жарақаты аз ортан жілік сынғаннан кейінгі киникалық сынықтың профилактикасында, глюкокортикоид-индукцияланған остеопороздың және Педжет сүйек ауруының емі және профилактикасы

Менопаузадан кейінгі әйелдердегі және еркектердегі остеопорозда көрсетілген емін, жарақаты аз ортан жілік сынғаннан кейінгі киникалық сынықтың профилактикасын, глюкокортикоид-индукцияланған остеопороздың және Педжет сүйек ауруының емі және профилактикасын демеуге бағытталған зерттеулерде плацебомен немесе компаратормен салыстырғанда күрделі жағымсыз әсерлерінің жалпы жиілігінде елеулі айырмашылықтар болмаған, бұл арада жағымсыз әсерлерінің көбі жеңіл немесе орташа әсерлі сипатта болды. Акласта® препараты жоғарыда аталған барлық зерттеулерде жылына бір рет қолданылды.

Менопаузадан кейінгі остеопорозды емдеген кезде байқалған жағымсыз әсерлер: дене температурасының жоғарылауы (18,1%), миалгия (9,4%), тұмауға ұқсас симптомдар (7,8%), артралгия (6,8%) және бас ауыру (6,5%); осы симптомдарды көбісі Акласта® препаратын енгізгеннен кейін алғашқы 3 тәулік ішінде пайда болды. Осы симптомдардың көбісінің айқындылығы әлсізден орташа дәрежеге дейін болды, олар 3 тәулік ішінде жоғалды. Осы симптомдардың пайда болу жиілігі Акласта® препаратын әрі қарай енгізгенде едәуір азайды. Жоғарыда көрсетілген симптомдардың ауырлығы препаратты енгізгеннен кейін парацетамол немесе ибупрофен сияқты дәрілерді тағайындағанда шамамен 50%-ға азаюы мүмкін.

Төменде препаратты: еркектерде және менопаузадан кейін әйелдерде остеопорозды емдеу, ортан жіліктің аз жарақаттанып сынуынан кейінгі сынудың профилактикасы, глюкокортикоид-индукцияланған остеопорозды және Педжет ауруын емдеу және профилактикасы үшін қолданған кезде байқалған жағымсыз реакциялар берілген.

Жағымсыз әсерлері пайда болу жиіліктеріне қарай келесі ретпен берілген: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, < 1/10); жиі емес (≥1/1000, < 1/100); сирек (=≥ 1/10000, < 1/1000); өте сирек (1/10000), бірен-саран жағдайларды қоса есептегенде.

Өте жиі

  • қызба

  • бас ауыру **

  • жүрек айнуы **

  • миалгия**

  • ауыру**, қалтырау **

Жиі

  • тұмауға ұқсас белгілер, қалтырау

  • астения, қажу*, ауыру*,дімкәстік

  • бас ауыру, бас айналу

  • миалгия*, артралгия*, сүйектердің ауыруы, бұлшықет-қаңқа ауыруы**, бұлшықет түйілуі**, кеуденің бұлшықет-қаңқасы ауыруы, арқаның ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, жақтың ауыруы**, мойынның ауыруы**

  • жүрек айнуы, құсу, диарея

  • түнгі тершеңдік**

  • тәбет төмендеуі**

  • тремор**, мәңгіру**

  • конъюнктивит**, көздің ауыруы **, ирит**

  • іштің ауыруы **, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы **, іш қату **

  • шеткергі ісіну**, инфузиялық реакциялар**, жүрек ауруына байланыссыз кеуденің ауыруы**

Жиі емес

  • ринофарингит, тұмау

  • ұйқысыздық, үрейленгіштік**

  • артериялық гипертензия, бетке қан тебу сезімі

  • жөтел, диспноэ*

  • мәңгіру*, парестезиялар, гипестезия**, ұйқышылдық, естен тану, тремор

  • мойынның және иықтың ауыруы, кеудеде бұлшықет-қаңқа ауыруы*, бұлшықет-қаңқалық сіресу*, бұлшықет-қаңқаның ауыруы, бұлшықеттің түйілуі, бұлшықет әлсіздігі, буындардың ісінуі*, буын қимылының шектелуі*, артрит

  • конъюнктивит, көздің ауыруы, көрудің көмескіленуі **

  • диспепсия*, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, іштің ауыруы*, гастроэзофагеальді рефлюкс, іш қату, ауыз ішінің құрғауы, эзофагит*, дәмнің бұрмалануы **, шөлдеу*, тәбеттің төмендеуі*

  • вертиго

  • бөртпе, қатты тершеңдік*, қышыну, эритема

  • шеткергі ісіну, жедел фазалы реакция*, жүрек ауруына байланыссыз кеуденің ауыруы

  • қандағы креатинин деңгейінің артуы, поллакиурия, протеинурия

  • анемия

  • мықын аумағының ауыруы**

Сирек

  • ирит, эписклерит, увеит*

* Жеке-дара зерттеулерде жоғары жиілікпен анықталған жағымсыз әсерлер: Өте жиі: миалгия, артралгия, шаршағыштық, ауыру; Жиі: мәңгіру, ентігу, ас қорытудың бұзылыстары, өңештің қабынуы, іштің ауыруы, қатты тершеңдік, қаңқа-бұлшықет (бұлшықет) қимылының шектелуі, буындардың ісінуі, кеудедегі бұлшықет-қаңқа ауыруы, буын қимылының шектелуі, тәбет төмендеуі, шөлдеу, жедел фазалы реакция; Жиі емес: увеит.

жағымсыз әсерлері

Жеке–дара зерттеулер нәтижесінде алынған, төмендегі деректерде плацебо тобымен салыстырғанда Акласта® препараты тобында жиілігі төмендеу болуы себепті көрсетілмеген, қосымша жағымсыз әсерлер:

Жүрек тарапынан бұзылулар: жүрекше фибрилляциясы***, жиілеген жүрек қағысы

Көру ағзасы тарапынан бұзылулар: окулярлық гиперемия

Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: гастрит, тіс ауруы

Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы реакциялар: инфузия орнындағы реакциялар

Зертханалық және құрал-жабдықпен тексеру деректері: C-реактивті ақуыздың жоғары болуы

Зат алмасу және тамақтану тарапынан болатын бұзылулар: гипокальциемия

Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: дисгевзия

*** «жекелеген жағымсыз әсерлерінің сипаттамасы» бөлімінде «жүрекше фибрилляциясы» қосымша бөліміне қараңыз

Жекелеген жағымсыз әсерлерінің сипаттамасы

Бүйрек функциясы бұзылуы

Золедрон қышқылын қоса, көктамырішілік бисфосфонаттармен емдеу бүйрек функциясы нашарлауы (яғни сарысулық креатинин жоғарылығы) және сирек жағдайларда жедел бүйрек жеткіліксіздігі түрінде білінетін бүйрек функциясы бұзылуы туралы хабарлармен астасты. Золедрон қышқылын енгізу салдарынан бүйрек функциясы бұзылуы, бұл көбіне бұрыннан бүйрек функциясы бұзылуы бар немесе қосымша қауіп факторлары бар (мысалы, егде жас, химиялық ем алған онкологиялық пациенттер, нефроуытты препараттарды, диуретиктерді қатарлас қолдану, қатты дегидратация) пациенттерде, препаратты әрбір 3-4 аптада 4 мг дозада қабылдағандардың көбінде анықталған, алайда осыған ұқсас бақылаулар сондай-ақ препаратты бір рет енгізуден кейінгі пациенттерде де анықталған.

Негізінен Акласта® препараты тобында және плацебо тобындағыларда «HORIZON-PFT» зерттеулеріндегі креатинин клиренсі өзгерісі (доза қолданар алдында жыл сайын өлшенетін), бүйрек функциясының зақымдануының және бүйрек жеткіліксіздігінің жиілігі 3 жыл бойына салыстырарлық болды. Сарысулық креатининнің 10 күн бойына өтпелі жоғарылауы плацебо тобындағы пациенттердің 0,8%-мен салыстырғанда Акласта® препараты тобындағы пациенттердің 1,8% -да анықталды.

«HORIZON-PFT» зерттеуін 3 жылдық жалғастыруда емдеуді үзген пациенттердің 0,65%-мен (яғни Акласта®препаратын 3 жыл негізгі зерттеулерде қолданған, содан кейін зерттеуді жалғастыруда 3 жыл плацебо қолданған) салыстырғанда Акласта® препаратын қабылдауды жалғастырған (яғни Акласта®препаратының 6 жылдық жиынтық әсері) пациенттердің 2,9%-да сарысулық креатининнің өтпелі жоғарылағаны анықталған. Алайда зерттеу аяқталу сәтінде уақыт динамикасында сарысулық креатинин бойынша бастапқы деңгейден орташа өзгерісі екі топ үшін де <0,5 мкмоль/л (яғни екі топ үшін де тиісінше +0,4 және -0,26 мкмоль/л) құрады.

Еркектер мен әйелдердегі ортан жілік сынғаннан кейінгі киникалық сынықтардың көрсетілген профилактикасында, еркектердегі остеопороз емін, глюкокортикоид-индукцияланған остеопороздың емі және профилактикасын демеуге бағытталған зерттеулерде креатинин клиренсі өзгерісін (доза қолданар алдында жыл сайын өлшенетін) бүйрек функциясының зақымдануының және бүйрек жеткіліксіздігінің жиілігі Акласта® препараты тобындағыларда және плацебо немесе компаратор тобындағылармен салыстырарлық болды.

Менопаузадан кейінгі остеопороздың профилактикасын зерттеулердегі креатинин клиренсінің өзгерісі (жыл сайын доза қолданар алдында және бірінші дозадан кейін бір айдан соң өлшенетін), бүйрек функциясы зақымдануының және бүйрек жеткіліксіздігінің жиілігі Акласта® препараты тобы мен плацебо тобындағыларда салыстырарлық болды.

Гипокальциемия

Негізінен «HORIZON-PFT» зерттеулерінде пациенттердің шамамен 0,2%-ында Акласта® препаратын қолданғаннан кейін сарысулық кальций (1,87 ммоль/л аз) деңгейінің елеулі төмендеуі болған. Гипокальциемияның симптоматикалық жағдайлары анықталмаған.

Негізгі зерттеулер кезінде плацебо қабылдаушы және зерттеуді жалғастырған уақытта Акласта® препаратын қабылдаушы пациенттердің 0,4%-да «HORIZON-PFT» зерттеулерін жалғастырғанда гипокальциемияның расталған жағдайлары болды. Гипокальциемияның расталған жағдайлары басқа емдік топтарда анықталмады. Барлық жағдайлар симптомдарсыз болды және емді немесе араласуларды талап етпеді.

Еркектердегі остеопороз емін, глюкокортикоид-индукцияланған остеопороздың емі және профилактикалық емі «HORIZON-RFT» зерттеулерінде сарысулық кальций деңгейі <1,87 ммоль/л болуы емнен туындағаны пациенттерде болмаған.

Сарысулық кальций деңгейі <1,87 ммоль/л болуы емнен туындаған бір пациентте менопаузадан кейінгі остеопороздың профилактикасын зерттегенде тіркелген.

Педжет ауруын зерттеуде симптоматикалық гипокальциемия пациенттердің шамамен 1%-да анықталған және қайтымды сипатта болды.

Жергілікті реакциялар

«HORIZON-PFT» зерттеулерінде золедрон қышқылын енгізуден кейін қызару, ісіну және/немесе ауыру сияқты инфузия орнында жергілікті реакциялар (0,7%) белгілі болды.

«HORIZON-PFT» зерттеулерінде Акласта® препараты тобындағы мен плацебо тобындағыларда жағдайлар жиілігі салыстырарлық болды.

Еркектердегі остеопороз емін зерттеулерде жиілік жағдайлары золедрон қышқылы тобында 2,6%-ды және алендронат тобында 1,4%-ды құрады.

Глюкокортикоид-индукцияланған остеопороздың емі және профилактикасының зерттеулерінде жергілікті реакциялар анықталмаған.

Менопаузадан кейінгі остеопороз профилактикасының зерттеуінде жиілік жағдайлары плацебо тобындағы 2,0% -бен салыстырғанда Акласта® препараты тобында 1,1% құрады.

Жақ сүйегінің остеонекрозы Остеонекроз (көбіне жақ сүйегінің) жағдайлары көбіне золедрон қышқылын (жиі емес) қоса, бисфосфонаттармен ем қабылдаған, онкологиялық пациенттер арасында анықталды. Пациенттердің деректерінің көбісінде остеомиелитті қоса, жергілікті инфекция белгілері анықталды, және мәлімдемелердің көбісі, тісін жұлдырған немесе басқа да стоматологиялық хирургиялық операцияларды өткерген онкологиялық пациенттерге қатысты болған. Жақ сүйегінің остеонекрозының төмендегілерді қоса бірқатар деректі нақтыланған қауіп факторлары бар: обыр диагнозы, қатарлас емдер (мысалы, химиотерапия, антиангиогендік дәрілерді қолдану, радиациялық ем, кортикостероидтар қолдану) және басқа да қатар жүретін патологиялық жай-күйлер (мысалы, анемия, коагулопатия, инфекциялар, осының алдындағы ауыз қуысының аурулары). Себептік байланысы анықталмаса да, стоматологиялық араласымдар жүргізуге жол бермеген жөн, өйткені айығу үдерісі ұзаққа созылуы мүмкін («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

7736 пациент шамасындағы популяция қатысқан «HORIZON-PFT» негізгі зерттеулерінде тағайындалған емін ескерумен Акласта® препаратын қабылдаған бір пациентте, және плацебо қабылдаған бір пациентте жақ сүйегінің остеонекрозы анықталған. Екі жағдай да қайтымды сипатта болған.

Шамамен 2456 пациент қатысқан популяциядағы «HORIZON-PFT» зерттеулерін тағайындалған емін ескерумен жалғастырғанда жақ сүйегінің остеонекрозының екі расталған жағдайы анықталған, олардың біршамасы негізгі зерттеулер және жалғастыру кезінде (яғни Акласта® препаратының 6 жылдық жиынтық әсері) Акласта® препаратын қабылдаған пациенттер тобына сәйкес келсе, және негізгі зерттеулер кезінде плацебо қабылдаған пациенттер тобына және зерттеулерді жалғастыру кезінде Акласта® препаратын (яғни, Акласта®препаратының 3 жылдық әсерін ескергенде) қабылдаған пациенттер тобына біршамасы сәйкес келген. Екі пациенттің де сыртартқысындағы ауыз қуысының гигиенасы сақталмағаны және екі жағдайда да аурудың қайтымды сипатта болғаны анықталған.

Еркектердегі остеопороз емінің, глюкокортикоид-индукцияланған остеопороздың емі және профилактикасының, менопаузадан кейінгі остеопороздың профилактикасының «HORIZON-RFT» зерттеулерінде жақ сүйегінің остеонекрозы жағдайы анықталмаған.

Жүрекше фибрилляциясы

Менопаузадан кейінгі остеопорозы бар әйелдер арасындағы 3 жылдық зерттеулерде («Horizon PFT») жүрекше фибрилляциясына байланысты барлық жағымсыз әсерлердің жалпы жиілігі Акласта® препараты тобында 2,5% (3862-дан 96) және плацебо тобында 1,9% (3852-ден 75) құрады. Жүрекше фибрилляциясына байланысты күрделі жағымсыз әсерлердің жиілігі Акласта® препараты тобында 1,3% (3862-ден 51) және плацебо тобында 0,6% (3852-ден 22) құрады. Жүрекше фибрилляциясы жиілігі жоғары болуының механизмі белгісіз болып тұр. Бұл зерттеулерде анықталған теңгерімсіздік золедрон қышқылының басқа клиникалық зерттеулерінде байқалмаған.

«HORIZON-PFT» зерттеуін жалғастыру кезінде жүрекше фибрилляциясына байланысты жағымсыз әсерлердің жиілігі негізгі зерттеулерде және жалғастыруда (яғни Акласта® препаратының 6 жылдық жиынтық әсері) Акласта® препаратын қабылдаған пациенттер тобында 3,4% (613-тен 21) құрады, және негізгі зерттеулерде (яғни, 3 жылдық әсері) Акласта® препаратын қабылдаған пациенттер тобында және зерттеулерді жалғастыруда плацебода 2,1% (616-дан 13) құраған. Жүрекше фибрилляциясына байланысты күрделі жағымсыз әсерлердің жиілігі Акласта® препаратын 6 жыл бойына қабылдаған пациенттерде 2% (613-ден 12) құрады, Акласта® препаратын 3 жыл бойына, содан соң плацебоны тағы да 3 жыл бойына қабылдаған пациенттерде 1,1% (616-дан 7) құрады. Бұл теңгерімсіздіктің статистикалық маңызы болған жоқ.

Постмаркетингтік тәжірибе.

Төмендегі жағымсыз әсерлер өздігінен түскен хабарламалар және Акласта® препаратын қолданудың тіркеуден кейінгі тәжірибесіндегі әдебиеттердегі деректер арқылы анықталған. Аталған реакциялар шамасы белгісіз контингенттен ерікті негізде хабарланғандықтан олардың жиілігін нақты бағалау мүмкін болмаған және сондықтан олар белгісіз жиілікпен жіктелген. Жағымсыз әсерлер Нормативтік-құқықтық қызметтің медициналық сөздігінің («MedDRA») жүйелік-ағзалық класына сәйкес берілген. Жағымсыз әсерлер әрбір жүйелік-ағзалық класта жағымсыз әсерлердің ауырлығы бойынша төмендеу тәртібімен келтірілген.

Көру ағзасы тарапынан бұзылулар: склерит, көз айналасы тіндерінің қабынуы

Иммунндық жүйе бұзылуы: анафилаксиялық реакцияны, анафилаксиялық шокты, ангионевротикалық ісінуді, бронх түйілуін, есекжемді қоса аса жоғары сезімталдық реакциялары

Зат алмасу және тамақтану тарапынан болатын бұзылулар: препарат қолданғаннан кейін туындайтын қызба, құсу және диарея сияқты симптомдар аясындағы сусыздану; бейімділік факторлары бар пациенттердегі артериялық гипотензия

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан болатын бұзылулар: жақ сүйектің остеонекрозы («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: диализді талап ететін, немесе өліммен аяқталатын бүйрек функциясы зақымдануы*, бүйрек жеткіліксіздігі («Айрықша нұсқаулар» 6 бөлімін қараңыз)

* көбіне осының алдында бүйрек функциясының бұзылуы бар немесе егде жас, нефроуытты препараттармен, диуретиктермен қатарлас ем, немесе инфузия салдарынан болатын дегидратация сияқты басқа да қауіп факторлары бар пациенттерде

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне және басқа бисфосфанаттарға жоғары сезімталдық

  • бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 35 мл/мин)

  • гипокальциемия

  • жүктілік және бала емізу

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілік заттардың золедрон қышқылымен өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Золедрон қышқылы адамның Р450 цитохромы энзиміне ықпалын тигізбейді, плазма ақуыздарымен аздаған дәрежеде байланысады, сондықтан өзара әрекеттесуі екіталай.

Золедрон қышқылы организмнен бүйрек экскрециясы арқылы шығарылады. Акласта® препаратын бүйрек функциясына елеулі ықпал ететін препараттармен (мысалы, дегидратация тудыруы мүмкін аминогликозидтермен немесе диуретиктермен,) біріктіріп қолданған кезде сақ болған жөн.

Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерде көбіне бүйрек арқылы шығарылатын қатарлас медициналық препараттардың жүйелік әсері артуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Жалпы

Акласта® препаратының 5 мг дозасы кем дегенде 15 минутта енгізілуі тиіс.

Инфузия пациенттегі талапқа сай гидратация жағдайында жүргізіледі. Бұл егде жастағы және диуретиктермен ем қабылдап жүрген пациенттер үшін аса маңызды.

Бұрыннан бар гипокальциемияны Акласта® препаратымен емдеуді бастағанға дейін кальций және D витаминін талапқа сай қабылдау арқылы емдеу қажет. Минералдық алмасудың басқа бұзылуларын да (мысалы, қалқанша маңы безінің азаюын, ішекте кальцийдің сіңуінің бұзылуын) тиімді түрде емдеу қажет. Дәрігер осы пациенттерді мұқият қадағалауы тиіс.

Акласта® препаратының құрамында онкологиялық ауруларды емдеу үшін қолданылатын Зомета® препаратындағыдай әсер ететін зат (золедрон қышқылы) бар, сондықтан Зомета® препаратымен емделіп жүрген пациенттерге Акласта® препаратын тағайындамайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Акластаны® бүйрек функциясының бұзылуы ауыр (креатинин клиренсі минутына < 35 мл) пациенттерге, науқастардың осы тобында бүйрек жеткіліксіздігінің пайда болу қаупінің жоғары болуы салдарынан, қолдануға болмайды.

Акласта® препаратын енгізген кезде бүйрек функциясының бұзылуы сыртартқысында бүйрек функциясында өзгерулер немесе, нефроуытты препараттарды, диуретиктерді бір мезгілде қолдануды, Акласта® препаратын енгізгеннен кейін пайда болатын дегидратацияны қоса есептегенде, басқа да қауіпті факторлары бар пациенттерде байқалды. Бүйрек функциясының бұзылуы пациенттерде препаратты бір рет енгізгеннен кейін де байқалды. Акласта® препаратын тағайындағанда диализді қажет ететін бүйрек жеткіліксіздігі бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде сирек дамыған.

Бүйрек тарапынан жағымсыз реакцияларды азайту үшін төмендегілерді ескеру қажет:

  • креатинин клиренсін Акласта® препаратының әрбір дозасын қабылдау алдында (мысалы, Кокрофт-Голт формуласы бойынша) есептеген жөн. Қан сарысуында креатинин деңгейінің уақытша артуы бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде өте маңызды болуы мүмкін, осы қауіп тобындағы пациенттерде қан сарысуындағы креатинин деңгейіне аралық бақылау жүргізу қарастырылуы керек;

  • препаратты, егер бүйрек функциясына ықпал ететін басқа препараттар бір мезгілде қолданылса, абайлап қолданған жөн;

  • препаратты қолданар алдында пациенттердегі сарысулық креатинин деңгейін өлшеу керек;

  • Акласта® препаратының инфузиясын, әсіресе диуретиктерді қабылдап жүрген пациенттерде, пациенттің талапқа сай гидратация жағдайында жүргізеді;

  • препараттың бір реттік дозасы, кем дегенде, 15 минут ішінде енгізілетін 5 мг аспауы тиіс;

  • Акласта® препаратын қолданар алдында пациенттердегі сарысулық креатинин деңгейін өлшеген жөн.

Жақ сүйегінің остеонекрозы

Остеопорозды емдеу үшін Акласта® препаратын қабылдаған пациенттерде постмаркетингтік бақылауларда жақ сүйегінің остеонекрозы жағдайлары туралы хабарланған.

Ауыз қуысының жұмсақ тіндерінің жазылмайтын ашық зақымдануы бар науқастарда емді бастауды немесе емнің жаңа курсын кейінге қалдыру керек.

Бірге жүретін қауіп факторы бар пациенттерде Акласта® препаратымен емдеу алдында профилактикалық тіс тексерісі және пайда/қаупінің арақатынасын жеке бағалау ұсынылады.

Пациенттерде жақ сүйегінің остеонекрозы даму қаупін бағалағанда келесі факторларды ескеру керек:

- сүйек резорбциясын тежейтін (әсері қатты препараттар үшін қаупі жоғарырақ) дәрілік заттардың тиімділігі, енгізу жолы (парентеральді енгізудің жоғарырақ қаупі) және сүйек резорбциясын емдеудегі жинақталған доза.

-обыр, бірге жүретін патологиялық жай-күйлер (мысалы, анемия, коагулопатиялар, инфекциялар), шылым шегу.

- бірге жүретін ем: кортикостероидтар, химиотерапия, ангиогенез тежегіштері, бас және мойынның сәулелік емі.

- ауыз қуысының нашар гигиенасы, пародонт ауруы, дұрыс қондырылмаған протездер, ауыз қуысының бұрынғы аурулары, инвазиялық стоматологиялық емшаралар, мысалы тіс жұлу.

Барлық пациенттер ауыз қуысының жақсы гигиенасын ұстап тұруы тиіс, стоматологта әдеттегі тексеріс өтуі және тістің қозғалғыштығы, ауыруы немесе ісінуі, золедрон қышқылымен ем кезіндегі ойық жараның жазылмауы сияқты ауыз қуысындағы кез келген симптомдар туралы дереу хабарлауы тиіс. Ем уақытында инвазиялық стоматологиялық емшаралар сақтықпен орындалуы тиіс және олардан золедрон қышқылымен емделу кезеңі уақытында аулақ болу керек.

Жақ сүйегінің остеонекрозы дамыған пациенттерде енгізу жоспары емдеуші дәрігермен және стоматологпен немесе жақ сүйегінің остеонекрозында жұмыс тәжірибесі бар жақ сүйегі-бет хирургімен тығыз байланыста жасалуы тиіс. Егер жай-күйі дұрысталмаса және қауіп факторы азаймаса ғана золедрон қышқылымен емді уақытша тоқтатуды қарастыру керек.

Менопаузадан кейінгі остеопорозды, еркектердегі остеопорозды емдеу және глюкокортикоид-индукцияланған остеопорозды емдеу және профилактикасы

Остеопорозы бар пациенттерге кальций және D витамині препараттарын, осы заттарды тамақпен қабылдау жеткіліксіз болған жағдайда, қосымша тағайындау керек.

Ортан жілік сынғаннан кейін оның қайталануының профилактикасы

Кальций және D витамині препараттарын қосымша тағайындау керек.

Қаңқа-бұлшықет ауыруы

Бисфосфонаттарды, Акласта® препаратын қоса есептегенде, қабылдап жүрген пациенттерде ауыр және мүгедектікке әкеп соғатын сүйек, буын және бұлшықет ауыруының жекелеген жағдайлары жөнінде мәлімделді.

Педжет ауруын емдеу

Сүйек тінінің жоғары резорбциясы – Педжет ауруының өзіне тән белгісі. Золедрон қышқылының сүйек резорбциясына әсерінің тез білінуі нәтижесінде транзиторлы гипокальциемия пайда болуы мүмкін, кейде - симптоматикалық, ол әдетте Акласта® препаратымен инфузиядан кейін алғашқы 10 күн ішінде барынша жоғары болады. Сондықтан Акласта® препаратын қолданғанда D витаминін талапқа сай қабылдау керек. Бұдан басқа, Педжет ауруы бар пациенттер үшін, Акласта® препаратын қолдануды бастағаннан кейін ең кем дегенде 10 күн ішінде кальций үстемелерін – күніне екі рет кем дегенде 500 мг элементарлы кальцийді талапқа сай қолдану керек. Пациенттерді гипокальциемия симптомдары жөнінде хабардар еткен жөн. Қауіп тобындағы пациенттер үшін клиникалық мониторинг жүргізу қарастырылуы тиіс.

Ортан жіліктің өзіне тән емес сынулары

Бисфосфонаттармен емдеу аясындағы ортан жіліктің өзіне тән емес ұршық басының және диафизарлы сыну жағдайлары туралы көбіне остеопорозға байланысты ұзақ ем қабылдап жүрген пациенттерде мәлімделді. Бұндай көлденең немесе қысқа желілі қиғаш сынулар ортан жілік бойындағы кез келген жерде – кіші ұршықтан сәл төмен аймақтан айдаршық үстінің томпағынан сәл жоғарыға дейін пайда болуы мүмкін. Мұндай сынықтар аздаған жарақаттан кейін немесе онсыз да туындайды, ал кейбір пациенттерде сан немесе шап аумағындағы көбіне стресстік сынудың рентгенологиялық белгілерімен бірге жүретін ауырулары ортан жіліктің толық сынуы анықталғанға дейінгі апта немесе бір ай ішінде пайда болады. Көбіне сынықтар екі жақты болады: сондықтан бисфосфонаттармен ем қабылдаушы және ортан жіліктің диафизарлы сынуы расталған пациенттерде сондай-ақ екінші санды тексеру керек. Мұндай сынықтардың нашар жазылатындығы жөнінде мәлімдемелер бар.

Акласта® препаратымен емдеу кезінде санда, ұршық буынында немесе шапта болатын кез келген ауырсынулар жөнінде мәлімдеп отыру керек, және осындай симптомдары бар пациенттерде ортан жілікте толық емес сынулардың бар-жоқтығын тексерген жөн.

Ортан жіліктің өзіне тән емес сынықтарына күдігі бар пациенттерде, Акласта® препаратымен емдеуді пайда/қаупінің арақатынасына жекелей баға беру негізінде тоқтату жағын қарастырған жөн.

Бала туу жасындағы әйелдер, жүктілік, бала емізу және фертильділік

Бала туу жасындағы әйелдер

Бала туу жасындағы әйелдерге Акласта®препаратымен ем қабылдау кезінде жүкті болып қалудан аулақ болуды ұсыну керек. Бисфосфонаттармен ем кезінде жүктілік басталған жағдайда зиянды эмбрионалдық (мысалы, қаңқалық және басқа да ауытқулар) әсерінің теориялық қаупі бар. Бисфосфонаттармен емін тоқтату және ұрықтану арасындағы уақыт, бисфосфонаттың нақты түрі және оны қолдану тәсілдері сияқты ауыспалы шамалардың қаупіне әсері анықталмаған.

Жүктілік кезінде қолданылуы

Акласта® препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Золедрон қышқылының жүкті әйелдерде қолданылуы туралы деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер препараттың ұрпақ өрбіту функциясына уыттылық әсерін көрсетті. Адам үшін потенциалды қаупі белгісіз.

Бала емізу кезеңіндегі қолданылуы

Бала емізетін әйелдерде Акласта® препаратын қолдануға болмайды.

Фертильділігі

Золедрон қышқылын тәулігіне 0,1 мг/кг дозада тері астына қабылдаған егеуқұйрықтардың фертильділігі төмендеген. Адам үшін деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: гипокальциемия

Емі: пероральді түрде кальций препараттары және/немесе кальций глюконатының көктамырішілік инфузиясы.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сұр резеңке тығынмен және иілетін компоненті бар алюминий қақпақпен тығындалған, түссіз пластик құтыға 100 мл препараттан салынады.

1 құтыдан медициналық қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Новартис Фарма Штейн АГ, Швейцария

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Новартис Фарма АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы Новартис Фарма Сервисэз АГ Қазақстандағы филиалы

050051 Алматы қ., Луганский к-сі, 96

тел.: (727) 258-24-47 

факс: (727) 244-26-51

e-mail: drugsafety.cis@novartis.com

 

 

Прикрепленные файлы

301749391477976832_ru.doc 160.5 кб
877307831477977994_kz.doc 168.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники