Азопт

МНН: Бринзоламид
Производитель: Алкон-Куврер
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Brinzolamide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№006525
Информация о регистрации в РК: 07.11.2017 - 07.11.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Азопт

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бринзоламид

Дәрілік түрі

Көз тамшы дәрісі, суспензия 1% 5мл

Құрамы

1мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 10мг бринзоламид

қосымша заттар: бензалконий хлориді (бензалконий хлоридінің 50% ерітіндісі түрінде), динатрий эдетаты, натрий хлориді, тилоксапол, маннитол, карбомер (974 Р), хлорсутек қышқылы және/немесе натрий гидроксиді, тазартылған су

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті біртекті суспензия

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Глаукомаға қарсы препараттар және миотиктер. Карбоангидраза тежегіштері

АТХ коды S01EС04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бринзоламидті жергілікті қолданған кезде жүйелі қан ағысына енеді, ішекте жақсы сіңеді. Қанда Сmax 2 сағаттан соң анықталады. Эритроциттерде жинақталады, шамамен 33% қан плазмасы ақуыздарымен байланысады. Қан плазмасында анықталатын препарат концентрациясы, емдік мәнді деңгейден елеулі төмен. Т1/2 3 сағатты құрайды. Препарат эритроциттерде адсорбцияланатындықтан, жартылай шығарылу кезеңі бірнеше айды құрауы мүмкін. Несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Карбоангидраза (көмір ангидразасы), организмнің әртүрлі тіндерінде, оның ішінде бүйректе және көздің цилиарлы денесінде болатын, құрамында мырыш бар фермент.

Фермент жасушаішілік жергілікті орналасуға ие және көмір қышқылының гидратациялану және дегидратациялану үдерісіне қатысады. Көмір ангидразасының бірнеше типтері бар, алайда жоғары белсенділікке карбоангидраза II ие.

Жергілікті де, және жүйелі қолданған кезде де карбоангидраза тежегіштері КІҚ төмендеуін туындатады. Азопты тамызғаннан кейінгі ең жоғарғы гипотензивті әсері 2 сағаттан соң басталып, 12 сағат бойы сақталады. Офтальмотонустың ең жоғарғы төмендеуі бастапқы деңгейінің 14-24% құрайды.

Қолданылуы

- ашықбұрышты глаукомада

- көзішілік қысым жоғарылағанда

- операция алдындағы дайындықта

Азопт көзішілік қысымның жоғарылауын емдеу үшін β-блокаторға әсері жоқ емделушілерде, β-блокаторға қарсы көрсетілімі бар науқастарда монотерапия ретінде немесе β-блокаторымен қатар жүретін емде қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолданар алдында құтыны сілку керек!

Құты ішіндегісін ластандырып алмау үшін көзге немесе кез келген басқа беткейлерге тамшуыр ұшын тигізуге болмайды. Құтыны қолданғаннан кейін тығыздап жабу керек. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Монотерапия немесе қатар жүретін ем ретінде қолданған кезде Азопты зақымданған көздің (көздің) төменгі конъюнктивальді қапшығына күніне екі рет 1 тамшыдан тамызады. Кейбір емделушілерге препаратты күніне 3 рет тамызу ұсынылады.

Тамызғаннан кейін мұрын-көзжасы өзекшесін немесе қабақты жабу ұсынылады. Бұл жүйелі сіңуді және көз тіндері арқылы жергілікті қолданылатын дәрілік препараттың жағымсыз әсер етуін төмендетеді.

Глаукомаға қарсы көз тамшысы Азопты басқа препаратқа ауыстыру кезінде, ауыстырылатын препаратты қолдануды тоқтатып, келесі күні Азопты қолдануды бастау керек.

Жергілікті қолданылатын бірнеше офтальмологиялық препараттарды пайдаланған кезде тамызу арасы кем дегенде 5 минуттық аралықта болу керек.

Егер препарат қолданылуы өткізіліп алынған болса, емдеуді препараттың кесте бойынша келесі дозасын қолданумен жалғастыра беру керек. Зақымданған көзге препаратты күніне 3 тамшыдан артық қолдану ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті

Жиі:

  • көрудің бұлыңғырлануы

  • көру жайсыздығы (қысқа мерзімдік шымылдатып ашыту немесе тамызғаннан кейінгі шымдылдатып ашыту)

  • көзде бөгде денені сезіну

  • көз гиперемиясы

Сирек:

  • көздің құрғауы

  • көдің ауыруы

  • көздің тітіркенуі

  • көздің қышуы

  • кератит, кератопатия

  • блефарит

  • коньюнктивит, коньюнктивальді фолликулалар

  • қабақ шеттерінің қабықтануы

  • жағымсыздықты сезіну

  • жас ағуы

  • көздің шаршауы және дұрыс көрмеу

Тимололмен қатар емде Азопты қолданған кезде сирек жағдайларда мөлдір қабықта эрозияның болғаны байқалған.

Жүйелі:

Жиі:

  • бас ауыруы

  • қышқыл немесе айрықша дәм

Сирек:

  • депрессия және бас айналуы

  • кеуденің ауыруы

  • аллопеция

  • диспное, фарингит, бронхит

  • ринит, мұрыннан қан кету, қанды қақырық

  • ауыздың құрғауы, жүрек айнуы және диспепсия

  • дерматиттер

  • парестезия, уақытша ұйып қалумен сипатталатын немесе аяқ-қолдың шаншуын сезіну

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

  • сульфаниламидке белгілі асқын сезімталдық

  • жабық бұрышты глаукома

  • бүйрек қызметінің айтарлықтай бұзылуы

  • бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

  • гиперхлоремиялық ацидоз

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Мынадай дәрілік заттармен үйлестіру дұрыс емес:

- метилксантиндер (эуфиллин) – диуретикалық әсердің күшеюі;

- аммоний хлориді және басқалары, қышқыл түзейтін диуретиктер – диуретикалық әсердің азаюы.

Холинэргиялық препараттармен және β-адреноблокаторлармен үйлестіргенде КІҚ жөнінде гипотензивті әсердің күшеюі.

Айрықша нұсқаулар

Азопт сульфаниламид болып табылады және жергілікті қолданған кезде оның жүйелі абсорбциясы жүреді. Сульфаниламидтерге тән жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін. Айтарлықтай реакция немесе асқын сезімталдық жағдайында препаратты қолдануды тоқтату ұсынылады.

Карбоангидраз тежегіштерін және Азоптты бір мезгілде қабылдап жүрген емделушілерде, карбоангидраза тежегіштерін қолданған кезде пайда болатын қосымша жүйелі әсер байқалуы мүмкін.

Балаларда қолдану

Азопт көз тамшы дәрісін 18 жастан кіші емделушілерге қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, осыған байланысты бұл топтағы емделушілерге препаратты қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік

Жүкті әйелдерге Азоптты қолдану жөніндегі зерттеулер жүргізілген жоқ. Азопт көз тамшы дәрісін жүкті әйелдерге, егер оны қолданғаннан күтілетін пайда әлеуетті қауіптен елеулі артқан жағдайда ғана қолдану ұсынылады.

Лактация

Азопт көз тамшы дәрісін бала емізетін әйелдерге қолдану ұсынылмайды.

Қант диабеті

Қант диабеті бар емделушілерге Азопт көз тамшы дәрісін қолданған кезде мөлдір қабықтың жағдайын мұқият бақылау ұсынылады.

Жанаспалы линзалар

Линзаны пайдаланатын емделушілер, бринзоламидті абайлап қолдануы керек, өйткені карбоангидраз тежегіштері мөлдір қабықтың ылғалдылығына әсер етуі мүмкін және линзаны қолданғанда мұндай жағдайларда мөлдір қабықтың зақымдану қаупін арттырады.

Азопт құрамында бензалконий хлоридінің консерванты бар, ол жұмсақ жанаспалы линзаларға сіңуі мүмкін. Сондықтан Азопт көз тамшы дәрісін тамызар алдында линзаны шешу ұсынылады және тамызғаннан кейін 15 минут өткеннен кейін тағу керек. Азпотты жанаспалы линзаның үстінен қолдануға болмайды.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізу және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Басқа көз тамшы дәрісі сияқты тамызғаннан кейін уақытша анық көрмеу немесе басқа да визуальді жайсыздықтар болуы мүмкін, ол көлік құралдарын жүргізу немесе басқа да қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайларда көру қабілеті толық қалпына келгенге дейін шамалы уақыт күте тұрған жөн.

Артық дозалануы

Бұл препараттың артық дозалану жағдайы белгісіз.

Симптомдары: электролитті теңгерімнің бұзылуы, ацидоздың дамуы, жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар.

Емдеу: симптоматикалық. Сарысулық электролиттер деңгейін (әсіресе калий), қандағы рН шамасын бақылау керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полипропиленді бұралып жабылатын қақпақпен (дроптейнер) және тамшылатқыш-дозатормен тығындалған, төмен тығыздықтағы полиэтиленнен жасалған мөлдір емес құтыларға препарат 5 мл-ден салынған.

1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

4°С-ден 30°C-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Құтыны алғаш ашқаннан кейін препаратты 4 апта ішінде пайдалану керек.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Алкон-Куврер

Rijksweg 14, B-2870 Puurs, Бельгия

Тіркеу куәлігінің иесі

Алкон-Куврер, Бельгия

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы «Алкон Фармасьютикалс, Лтд.» өкілдігі

Тел.: +7 (727) 256 02 05

Факс: +7 (727) 256 06 81

Электронды поштасы: Tatyana.Yem@AlconLabs.com

 

 

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

481411861477977082_ru.doc 60.5 кб
206830321477978257_kz.doc 63.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники