Азацитидин-Виста (Азацитидин)

МНН: Азацитидин
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Azacitidine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025764
Информация о регистрации в РК: 20.04.2022 - 20.04.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Азацитидин-Виста

Халықаралық патенттелмеген атауы

Азацитидин

Дәрілік түрі, дозалануы

Тері астына енгізу үшін суспензия дайындауға арналған лиофилизат, 100 мг

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Антинеопластикалық препараттар. Антиметаболиттер. Пиримидин аналогтары. Азацитидин.

АТХ коды L01BC07

Қолданылуы

Азацитидин мынадай ауруларға шалдыққан гематопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау мүмкін емес ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген:

халықаралық болжамдық шкалаға (IPSS) сәйкес аралық-2 және жоғары қауіпті миелодисплазиялық синдромда (МДС);

миелопролиферативті аурусыз сүйек кемігінің 1029% бласттармен созылмалы миеломоноцитарлық лейкозда (СММЛ);

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) жіктеуіне сәйкес 2030% бласттармен және көп желілі дисплазиясы бар жедел миелоидты лейкоз (ЖМЛ);

ДДҰ жіктеуіне сәйкес сүйек кемігіндегі бласттардың мөлшері 30 % - дан асатын ЖМЛ-да.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе «Құрамы» бөлімде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бауырдың кең таралған қатерлі жаңа түзілімдермен

зақымдануы

- бала емізу кезеңі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Азацитидин - цитоуытты дәрілік зат, басқа да уытты заттар сияқты, азацитидин суспензиясын қолдану және дайындау кезінде сақ болу керек.

Азацитидиннің қалпына келтірілген ерітіндісі терімен жанасқанда оны дереу сабынмен және сумен мұқият жуу керек. Шырышты қабықпен байланысқан кезде - оларды көп мөлшерде сумен жақсылап шаю керек.

Одан әрі қолдану үшін препараттың пайдаланылмаған қалдықтарын сақтауға болмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

In vitro зерттеу деректері азацитидин метаболизмінде Р450 цитохромы, UDP-глюкуронилтрансфераза, сульфотрансфераза және глютатионтрансфераза жүйесінің изоферменттерінің қатысуы екіталай екенін куәландырады.

Осыған байланысты in vivo метаболизмге қатысатын осы ферменттермен өзара әрекеттесуі клиникалық тұрғыдан маңызды болып көрінбейді. Р 450 цитохромының ферменттеріне азацитидиннің клиникалық маңызды тежейтін немесе индукциялайтын әсері екіталай. Азацитидиннің басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуін зерттеу үшін клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Арнайы сақтандырулар

Гематологиялық уыттылық

Азацитидинмен емдеудегі ең көп таралған жағымсыз әсерлер негізінен алғашқы 2 цикл кезінде тромбоцитопения, нейтропения және лейкопения болды. Қажет болған жағдайда және кем дегенде емдеудің әрбір циклі алдында емнің тиімділігін және уыттылықтың ықтимал көріністерін бақылау үшін қанның толық клиникалық талдауын орындау керек. Бірінші циклдің ұсынылған дозасын енгізгеннен кейін келесі цикл үшін доза төмендетілуі мүмкін немесе оны енгізу надирді бағалау және гематологиялық жауап негізінде кейінге қалдырылуы мүмкін. Пациенттерге дене температурасының жоғарылауы (қызба) туралы дереу хабарлау ұсынылады. Медициналық персонал мен пациент қан кетуді диагностикалауға мүмкіндік беретін белгілер мен симптомдарды бақылау қажеттілігі туралы нұсқаулар алуы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясы бұзылған пациенттердің қатысуымен арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Азацитидинмен емдеу аясында бауырдың метастаздық зақымданулары таралған пациенттерде өліммен аяқталған бауыр комасының даму жағдайлары, әсіресе сарысулық альбуминнің бастапқы деңгейі <30 г/л пациенттерде байқалды. Азацитидинді бауырдың кең таралған қатерлі ісіктері бар пациенттерде қолдануға болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Азацитидинмен басқа химиотерапиялық препараттармен біріктіріп ем қабылдаған пациенттерде креатинин концентрациясының жоғарылауынан бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына дейін, оның ішінде өліммен аяқталуға дейінгі әртүрлі жағдайларды қамтитын бүйрек функциясының бұзылуы байқалды.

Бұдан басқа, азацитидинмен және этопозидпен ем қабылдаған созылмалы миелолейкозы (СМЛ) бар 5 пациентте несепті сілтілендірумен және гипокалиемиямен (калий концентрациясы < 3 ммоль/л) ұштастыра отырып, сарысу бикарбонаттарының концентрациясы < 20 ммоль/л дейін бүйрек шумақтық ацидозының дамуы байқалған. Сарысудағы бикарбонаттар концентрациясының түсініксіз төмендеуі (< 20 ммоль/л) немесе қан сарысуындағы креатинин концентрациясының немесе қандағы мочевина концентрациясының жоғарылауы кезінде препараттың дозасы азайтылуы немесе оны енгізу кейінге қалдырылуы тиіс.

Пациентке олигоурия мен анурияның дамуы туралы емдеуші дәрігерге дереу хабарлауға нұсқау беру керек.

Бүйрек функциясы қалыпты және бұзылған пациенттерде жағымсыз құбылыстар жиілігінде клиникалық маңызды айырмашылық байқалмаған. Дегенмен, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің жай-күйін жағымсыз құбылыстарды бақылау үшін мұқият мониторингтеу керек, өйткені азацитидин мен оның метаболиттері негізінен бүйрекпен шығарылады. Зертханалық тесттер

Емдеу басталғанға дейін және емдеудің кезекті циклі басталар алдында бауырдың функционалдық белсенділігін, қан плазмасындағы креатинин мен бикарбонаттар концентрациясын зерттеу нәтижелерін бағалау қажет. Ем басталғанға дейін және кем дегенде, емдеудің әрбір циклының алдында емнің тиімділігін және ықтимал уытты реакцияларды бақылау үшін қанның толық клиникалық талдауын орындау керек.

Жүрекқантамыр және өкпе аурулары.

Ауыр іркілісті жүрек жеткіліксіздігіне, клиникалық тұрақсыз жүрек ауруына немесе өкпе ауруларына шалдыққан пациенттер негізгі тіркеу зерттеулеріне енгізілмеген (AZA PH GL 2003 CL 001 and AZA-AML-001), сондықтан олар үшін азацитидиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Анамнезінде жүрек-қантамыр аурулары немесе өкпе аурулары бар пациенттерде жақында жүргізілген клиникалық зерттеулер барысында алынған деректер азацитидинмен емдеу аясында жағымсыз жүрек-қантамыр құбылыстарының жиілігі едәуір жоғары екенін көрсетті («Жағымсыз реакцияларды сипаттау» бөлімін қараңыз), сондықтан пациенттердің осы санатына азацитидин препаратын сақтықпен тағайындау керек. Емдеуді бастағанға дейін және азацитидинмен емдеу кезінде жүрек-қантамыр және өкпе жүйесінің функционалдық жағдайын бағалау ұсынылады.

Некроздалған фасциит

Некроздалған фасциит, оның ішінде өліммен аяқталған, азацитидин препаратын қолдану аясында пациенттерде тіркелді. Некроздалған фасциит диагнозы қойылған пациенттерге азацитидин препаратымен емді тоқтатып, дереу тиісті емді бастау керек.

Ісік лизисі синдромы

Ісік лизисі синдромы, әсіресе ісік массасы үлкен пациенттерде дамуы мүмкін. Бұл пациенттерге тиісті бақылау және жалпы қабылданған алдын алу шараларын қолдану ұйымдастырылуы керек.

Дифференциация синдромы.

Азацитидиннің инъекциялық түрін қабылдаған пациенттерде дифференциация синдромының жағдайлары (ретиной қышқылы синдромы деп те аталады) тіркелді. Дифференциация синдромы өлімге әкелуі мүмкін және оның белгілері мен клиникалық көріністеріне респираторлық дистресс синдромы, өкпелік инфильтраттар, қызба, бөртпе, өкпенің ісінуі, шеткері ісіну, дене салмағының тез артуы, плевралық жалқық, перикардиальды жалқық, гипотензия және бүйрек функциясының бұзылуы жатады. Кортикостероидтардың жоғары дозаларымен венаішілік емдеуді және гемодинамиканы бақылауды дифференциация синдромының алғашқы симптомдары немесе белгілері пайда болған кезде бастау керек. Азацитидиннің инъекциясын енгізуді симптомдар жойылғанға дейін уақытша тоқтату туралы мәселені қарастыру қажет, ал қайта басталған жағдайда сақ болу керек.

Педиатрияда қолдану

0 -17 жастағы балаларда азацитидиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүкті әйелдерде азацитидинді қолдану туралы деректердің жеткілікті көлемі жоқ. Адам үшін ықтимал қауіп белгісіз. Азацитидинді жүктілік кезінде, әсіресе бірінші триместр кезінде, аса қажет жағдайларды қоспағанда, қолдануға болмайды. Емдеудің пайдасы әр жағдайда шарана үшін мүмкін болатын қауіптен асып кетуі керек.

Азацитидин / оның метаболиттері емшек сүтіне енетіні белгісіз. Еметін нәрестелерде мүмкін болатын ауыр ЖДР-ды ескере отырып, азацитидинмен емделген әйелдер бала емізуді тоқтатуы керек.

Контрацепция

Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер емдеу кезінде де, ол аяқталғаннан кейін 6 ай ішінде де контрацепцияның тиімді әдістерін қолдануы керек. Ұрпақ өрбіту жасындағы ерлер емдеу кезінде де, ол аяқталғаннан кейін 3 ай ішінде де контрацепцияның тиімді әдістерін қолдануы керек. Емдеуді бастамас бұрын ер адамдар шәуһетті сақтау мүмкіндігі туралы кеңес алуы керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Азацитидин автомобильді және механизмдерді басқару қабілетіне болмашы немесе орташа әсер етеді. Азацитидинді қабылдау кезінде шаршау және бас айналу туралы хабарланды. Сондықтан көлік жүргізу немесе механизмдермен жұмыс істеу кезінде абай болу ұсынылады.

Қолдану жөніндегі ұсынымдар

Азацитидинмен емдеуді ісікке қарсы дәрілерді қолдануда тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен бастап, бақылаған жөн. Пациенттер жүрек айнуы мен құсудың алдын алу үшін құсуға қарсы агенттермен алдын-ала емдеуді қажет етеді.

Дозалау режимі

Бастапқы зертханалық гематологиялық көрсеткіштерге қарамастан барлық пациенттер үшін емдеудің бірінші циклі үшін ұсынылған бастапқы доза - 75 мг/м2 дене беткейінің ауданы тері астына инъекция түрінде күн сайын 7 күн ішінде, кейіннен 21 күн ішіндегі үзіліспен (28 күндік емдеу циклі).

Кем дегенде 6 емдік цикл жүргізу ұсынылады.

Емдеу оның тиімділігі сақталғанға дейін немесе аурудың өршу симптомдары пайда болғанға дейін жалғасады.

Пациенттерді бақылау барысында қан көрсеткіштері тарапынан жауап және уыттылықтың ықтимал көріністері, атап айтқанда, келесі емдеу курсын кейінге қалдыруды немесе препарат дозасын төмендетуді талап етуі мүмкін қан мен бүйрек тарапынан бағаланады.

Препаратты пероральді қолданылатын азацитидинмен өзара алмастырып қолдануға болмайды. Экспозицияның айырмашылықтарына сәйкес пероральді қолданылатын азацитидин мен инъекцияға арналған азацитидиннің дозалау режимі әртүрлі болады. Медицина қызметкерлеріне дәрілік заттың атауын, дозасын және енгізу әдісін тексеру ұсынылады.

Зертханалық талдаулар

Емдеу басталғанға дейін және емдеудің кезекті циклі басталар алдында бауырдың функционалдық белсенділігін, қан плазмасындағы креатинин мен бикарбонаттар концентрациясын зерттеу нәтижелерін бағалау қажет. Ем басталғанға дейін және кем дегенде, емдеудің әрбір циклының алдында емнің тиімділігін және ықтимал уытты реакцияларды бақылау үшін қанның толық клиникалық талдауын орындау керек.

Гематологиялық уыттылыққа байланысты дозаны түзету

Гематологиялық уыттылық, егер тромбоциттер саны ≤50,0 x 109/л дейін және одан төмен және/немесе нейтрофилдердің абсолюттік саны (НАС) 1 x 109/л дейін және одан төмен төмендесе, осы емдеу циклі (надир) ішінде қан жасушалары санының барынша төмендеуі бойынша айқындалады. Жағдайдың жақсаруы гематологиялық уыттылық байқалған жасуша сызығының (сызықтарының) бастапқы көрсеткіш пен надир арасындағы айырмашылықтың кем дегенде жартысына ұлғаюы ретінде анықталады (мысалы, жақсару кезіндегі көрсеткіш ≥ надирдегі көрсеткіші + (0,5 x [бастапқы саны- надирдегі саны]).

Алғашқы емдеу алдында бастапқы көрсеткіштері төмендемеген пациенттер (яғни лейкоциттер (WBC (БКК)) ≥ 3,0 × 109/л және НАС ≥ 1,5 × 109/л, және тромбоциттер ≥ 75,0 × 109/л).

Егер азацитидинмен емдеу аясында гематологиялық уыттылық байқалса, келесі емдеу циклын тромбоциттер мен НАС саны бастапқы мәндерге дейін қалпына келгеннен кейін ғана бастау керек. Егер 14 күн ішінде жақсаруға қол жеткізілсе, препарат дозасын өзгерту талап етілмейді. Алайда, егер қан жасушаларының саны 14 күн ішінде қажетті деңгейге дейін ұлғаймаса, препарат дозасы төмендегі кестеде жазылған ұсынымдарға сәйкес төмендетілуі тиіс. Дозаны өзгерткеннен кейін цикл ұзақтығы 28 күн болуы керек.

Қан жасушаларының саны (надир)

егер қан жасушаларының санын қалпына келтіру* 14 күн ішінде жетпесе, келесі циклдегі бастапқы дозаның %-ы

Нейтрофилдерінің абсолюттік саны НАС (×109/ л)

Тромбоциттер (×109/ л)

1,0

50,0

50 %

> 1,0

> 50,0

100 %

*қалпына келтіру = жақсару көрсеткіші ≥ надирдегі сан + (0,5 x [бастапқы көрсеткіш - надирдегі сан]).

Алғашқы ем алдында бастапқы қан көрсеткіштері (яғни, БКК < 3,0 × 109/л немесе НАС <1,5 × 109/л немесе тромбоциттер <75,0 × 109/л) төмендеген пациенттер.

Егер азацитидин препаратымен емдеудің кезекті циклі алдында лейкоциттер санының немесе нейтрофилдердің немесе тромбоциттердің абсолюттік санының олардың бастапқы мәндерінің 50% - дан кем немесе оған тең немесе 50%-дан астам төмендеуі байқалса, бірақ кез келген жасушалық өсіндінің саралануы жақсарғанда азацитидин препаратын енгізу схемасы мен оның дозасы өзгермеуі тиіс.

Жасушалық өсіндінің саралануының жақсару белгілері болмаған кезде қан жасушаларының саны бастапқы мәннен 50% - дан астам төмендеген пациенттерге азацитидинмен емдеудің кезекті циклы нейтрофилдер мен тромбоциттердің абсолюттік саны қалпына келгенше кейінге қалдырылуы тиіс. Егер қалпына келтіру 14 күннен аспаса, азацитидин препаратының дозасын түзету талап етілмейді. Егер қалпына келтіруге 14 күн ішінде қол жеткізілмесе, сүйек кемігінің жасушалық қанықтылығын бағалау қажет. Жасушалық қанығу көрсеткіші >50% кезінде препарат дозасын өзгерту талап етілмейді. Егер сүйек кемігінің жасушалық қанықтылығы ≤50% болса, емдеу кейінге қалдырылуы, ал доза төмендегі кестеге сәйкес келтірілген ұсынымдарға сәйкес төмендетілуі тиіс:

Сүйек кемігінің жасушалық қанықтылығы

егер қан жасушаларының санын қалпына келтіру* 14 күннен артық уақытты талап етсе, келесі циклдегі бастапқы дозаның %-ы

Жақсару * ≤ 21 күн

Жақсару * > 21 күн

1550 %

100 %

50 %

< 15 %

100 %

33 %

* Жақсару = жақсарту кезіндегі көрсеткіш ≥ надирдегі сан + (0,5 x [базальді көрсеткіш-надирдегі сан])

Дозаны модификациялағаннан кейін цикл ұзақтығы 28 күн болуы керек.

Жеке дозаны есептеу

Жалпы доза дене беткейінің ауданына (ДБА) байланысты мынадай түрде есептелуі мүмкін: Жалпы доза (мг) = Доза (мг/м2) х ДБА (м2)

Төмендегі кесте 1,8 м2 тең ДБА орташа мәні негізінде азацитидиннің жеке дозасын қалай есептеу керектігінің мысалы ретінде ғана келтірілген.

Доза мг/м2

(ұсынылған бастапқы дозадан % - бен)

Жалпы доза, 1,8 м2 ДБА мәні негізінде

Құтылардың қажетті саны

Сұйылтылған суспензияның қажетті жалпы көлемі

75 мг/м2

(100 %)

135 мг

2 құты

5,4 мл

37,5 мг/м2

(50 %)

67,5 мг

1 құты

2,7 мл

25 мг/м2

(33 %)

45 мг

1 құты

1,8 мл

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

017 жастағы балаларда азацитидиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Дозалау бойынша ұсыныстар жоқ.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерге арнайы дозалау режимі қажет емес. Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының бұзылу ықтималдығы жоғары болғандықтан, емдеу кезінде бүйрек функциясын бақылау ұсынылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Азацитидинді бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге бастапқы дозаны түзетпей қолдануға болады. Егер қан сарысуы бикарбонаты деңгейінің 20 ммоль/л-ден кем деңгейге дейін түсініксіз төмендеуі туындаса, дозаны келесі циклде 50% - ға азайту керек. Егер сарысуы креатининінің немесе қандағы мочевина азотының (ҚМА) бастапқы көрсеткіштерден 2 немесе одан да көп есе және қалыптының ең жоғары шегінен (НМН) асып кетуі орын алса, көрсеткіштер қалыптыға немесе негізге дейін қалыпқа келгенше келесі циклдің басталуын кейінге қалдыру керек, ал дозаны келесі емдеу циклінде 50% - ға азайту керек.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттердің қатысуымен арнайы зерттеулер жүргізілмеген. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерді жағымсыз құбылыстардың туындауына қатысты мұқият бақылау керек. Емдеу басталғанға дейін бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге бастапқы дозаның ешқандай ерекше өзгерістері ұсынылмайды; дозаны одан әрі өзгерту гематологиялық зертханалық көрсеткіштерге негізделуі тиіс. Азацитидин бауырдың қатерлі ісіктері бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Енгізу әдісі және жолы

Препарат тері астына енгізіледі.

Азацитидин суспензиясын дайындау

Азацитидин - цитоуытты дәрілік зат, басқа да уытты заттар сияқты, азацитидин суспензиясын қолдану және дайындау кезінде сақ болу керек.

Азацитидиннің қалпына келтірілген ерітіндісі терімен жанасқанда оны дереу сабынмен және сумен мұқият жуу керек. Шырышты қабықпен байланысқан кезде - оларды көп мөлшерде сумен жақсылап шаю керек.

Құрамында азацитидин бар құты бір рет пайдалануға арналған және құрамында консерванттар жоқ. Одан әрі қолдану үшін препараттың пайдаланылмаған қалдықтарын сақтауға болмайды. Ісікке қарсы препараттарды өңдеу және утилизациялау жөніндегі жергілікті ережелерді сақтау қажет.

Препаратты тері астына қолдануға арналған нұсқаулық

Азацитидин асептикалық жағдайда сұйылтылады.

Азацитидин препаратын инъекцияға арналған стерильді сумен сұйылту керек. Қалпына келтірілген препараттың сақтау мерзімін оны инъекцияға арналған салқындатылған (2-ден 8 °C-ге дейін) стерильді сумен сұйылту арқылы арттыруға болады. Қалпына келтірілген препаратты сақтау туралы толық ақпарат төменде берілген.

  • Дайындау: ішінде азацитидині бар құты (құтылар), инъекцияға арналған стерильді су бар құты (құтылар), стерильді емес хирургиялық қолғаптар, спиртті сүрткілер, инесі бар 5 мл инъекцияға арналған шприц (шприцтер).

  • Шприцке инъекцияға арналған 4 мл стерильді суды алып, онда ауа көпіршіктерінің жоқтығына көз жеткізу.

  • Ішінде инъекцияға арналған 4 мл стерильді су бар шприцтің инесімен азацитидин құтысының резеңке тығынын тесіп, құтыға инъекцияға арналған су енгізу керек.

  • Шприц пен инені алып тастағаннан кейін біртекті бұлыңғыр суспензия алынғанша құтыны қатты сілку керек. Сұйылтқаннан кейін әрбір мл суспензияның құрамында 25 мг азацитидин (100 мг/4 мл) болады. Қалпына келтірілген препарат құрамында ірі бөлшектері жоқ біртекті бұлыңғыр суспензия болуы тиіс. Егер оның құрамында үлкен бөлшектер немесе ұйынды болса, препаратты қолдануға болмайды. Қалпына келтіргеннен кейін суспензияны сүзбеңіз, себебі бұл белсенді заттың жойылуына әкелуі мүмкін. Айта кету керек, кейбір адаптерлер, инелер және жабық жүйелер кіріктірілген сүзгілермен жабдықталған. Мұндай жүйелер қалпына келтірілген препаратты енгізу үшін пайдаланылмауы тиіс.

  • Резеңке тығынды сүртіп, құтыға инесі бар жаңа шприцті кіріктіру керек. Содан кейін иненің ұшы сұйықтық деңгейінен төмен екеніне көз жеткізіп, құтыны төңкеріп қою керек. Шприцтің поршенін ақырын артқа тартып, шприцке нақты дозаны алу үшін қажетті препараттың мөлшерін жинап, шприцте ауа көпіршіктерінің жоқтығына көз жеткізу керек. Құтыдан инесі бар шприцті шығарып алып, инені тастау керек.

  • Шприцке тері астына инъекцияға арналған жаңа инені мықтап бекіту (25 калибрлі ине ұсынылады) керек. Инъекция аймағында жергілікті реакциялардың даму жиілігін төмендету үшін инені инъекция алдында тазаламау керек.

  • Егер бір құтыдан артық енгізу талап етілсе, суспензияны дайындаудың жоғарыда көрсетілген барлық кезеңдерін қайта орындау керек. Қажетті дозаны алу үшін препаратпен бір құтыдан артық қажет болған жағдайларда доза екі тең бөлікке бөлінуі тиіс (мысалы, егер доза 150 мг = 6 мл болса, онда әрқайсысында 3 мл-ден 2 шприц алынады). Құтының қабырғаларында және инеде препараттың бір бөлігі қалатындықтан, құтыдан суспензияның барлық көлемін толық алу мүмкін емес.

  • Тікелей енгізер алдында шприцтің ішіндегісін суспензия күйіне қайта қайтару қажет. Енгізер алдында шприцті 2025 °C температураға (бірақ 30 минуттан аспайды) жеткізіңіз. Егер суспензияны енгізу уақыты 30 минуттан асса, дайындалған доза жойылуы тиіс. Препараттың жаңа дозасын дайындау керек. Препаратты ресуспендиялау үшін ақ түсті біртекті суспензия пайда болғанша шприцті алақаныңыздың арасына салып қатты айналдырыңыз. Суспензияда ірі бөлшектер немесе ұйындылар болған жағдайда қалпына келтірілген препаратты жою керек.

  • Қалпына келтірілген ерітіндіні дайындағаннан кейін

    Азацитидин препаратын салқындатылмаған инъекцияға арналған стерильді сумен сұйылтқан кезде сұйылтылған дәрілік препарат 25 °С температурада 45 минут бойы және 2-ден 8 °С-ге дейінгі температурада 8 сағат бойы химиялық және физикалық тұрақты болып қалады. Сұйылтылған препараттың сақтау мерзімі оны тоңазытқышта (температурасы 2-ден 8 °C-ге дейін) сақталған инъекцияға арналған сумен сұйылту арқылы ұзартылуы мүмкін. Азацитидин препаратын салқындатылған инъекцияға арналған алдын ала (2-ден 8 °C-ге дейін) стерильді сумен сұйылтқан кезде сұйылтылған дәрілік препарат 2-ден 8 °C-ге дейінгі температурада 22 сағат бойы химиялық және физикалық тұрақты болып қалады.

    Микробиологиялық тұрғыдан сұйылтылған өнімді дереу қолдану керек. Егер препарат бірден қолданылмаса, сақтау мерзімі мен шарттары үшін жауапкершілік пайдаланушыға жүктеледі, бірақ кез-келген жағдайда препарат салқындатылмаған инъекцияға арналған стерильді суды сұйылту кезінде 2-ден 8 °C-ге дейінгі температурада 8 сағаттан аспауы керек немесе салқындатылған инъекцияға арналған (2-ден 8 °C-ге дейін) сумен сұйылту кезінде 22 сағаттан аспауы керек.

    Азацитидин препаратының қалпына келтірілген суспензия 25 калибрлі иненің көмегімен иық, жамбас немесе іш аймағына тері астына енгізіледі (инені 4590° бұрышпен енгізеді).

    4 мл-ден асатын дозаларды екі түрлі аймаққа енгізу керек.

    Инъекция орындары кезектесуі керек. Келесі инъекцияға арналған орын алдыңғыдан 2,5 см-ге артық болуы керек.

    Препаратты терінің зақымдалған, гиперемияланған, тығызданған немесе ауырған жерлеріне енгізуге болмайды.

    Қалған барлық дәрілік препарат пен қалдықтарды белгіленген тәртіппен жою керек.

    Сұйылтқаннан кейін суспензияны сүзуге болмайды.

    Емдеу ұзақтығы

    Емдеу курсын дәрігер анықтайды.

    Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

    Зерттеу барысында азацитидинмен артық дозаланудың бір жағдайы туралы хабарланды. Пациентте шамамен 290 мг/м2 бір реттік дозаны алғаннан кейін диарея, жүрек айну және құсу пайда болды, бұл ұсынылған бастапқы дозадан 4 есе жоғары. Артық дозаланған жағдайда пациентті бақылау, қажетті қан талдауларын жасау және қажет болған жағдайда демеуші ем жүргізу керек. Артық дозаланғанда спецификалық антидот жоқ.

    Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар

    Егер сізде препаратты қолдану тәсілі бойынша қосымша сұрақтар туындаса, медицина қызметкеріне хабарласыңыз.

    ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

    МДС, СММЛ және ЖМЛ 2030% сүйек кемігі бласттары бар ересек пациенттер

    Азацитидинді қолданумен болжамды немесе ықтимал байланысты жағымсыз реакциялар пациенттердің 97% - ында пайда болды. Зерттеу барысында байқалған ең жиі күрделі жағымсыз реакцияларға (> 2%) фебрильді нейтропения (8,0 %) және анемия (2,3%) жатады. Басқа елеулі жағымсыз реакцияларға нейтропениялық сепсис және пневмония (кейде өліммен аяқталатын), тромбоцитопения, аса жоғары сезімталдық реакциялары және геморрагиялық құбылыстар (мысалы, миға қан құйылу, асқазан-ішек және бассүйекішілік қан кетулер) сияқты инфекциялар жатады.

    Азацитидинмен емдеу кезінде гематологиялық реакциялар (71,4 %), оның ішінде тромбоцитопения, нейтропения және лейкопения (әдетте 34 дәреже), асқазан-ішек құбылыстары (60,6 %), оның ішінде жүрек айнуы, құсу (әдетте 12 дәреже) немесе инъекция орнындағы реакциялар (77,1 %; әдетте 12 дәреже) сияқты жағымсыз реакциялар туралы жиі хабарланды.

    Сүйек кемігінің ˃ 30 % бласттармен ЖМЛ 65 жастағы және одан асқан ересек пациенттер

    Азацитидинмен ем қабылдаған топтағы зерттеулер барысында хабарланған анағұрлым жиі күрделі жағымсыз реакцияларға (≥10%) фебрильді нейтропения (25,0%), пневмония (20,3 %) және пирексия (10,6%) жатады.

    Азацитидинді қолдану кезіндегі басқа, бірақ сирек хабарланған елеулі жағымсыз реакцияларға сепсис (5,1 %), анемия (4,2 %), нейтропениялық сепсис (3,0 %), несеп шығару жолдарының инфекциясы (3,0 %), тромбоцитопения (2,5 %), нейтропения (2,1%), целлюлит (2,1%), бас айналу (2,1%) және ентігу (2,1%) болды.

    Азацитидинмен емдеу кезінде асқазан-ішек жолы тарапынан болатын реакциялар (≥ 30%), оның ішінде іш қату, жүрек айну және диарея (әдетте 12 дәрежелі), пирексияны (әдетте 12 дәрежелі) және гематологиялық көріністерді, соның ішінде фебрильді нейтропения мен нейтропенияны (әдетте 34 дәрежелі) қамтитын дәрілік затты енгізу орнындағы жалпы бұзылулар мен жергілікті асқынулар туралы жиі хабарланды.

    Жағымсыз реакциялардың жиілігі былайша анықталады: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10000); белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес);

    Өте жиі

    - пневмония* (бактериялық, вирустық және зеңдік қоса алғанда), назофарингит.

    - фебрильді нейтропения*, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения, анемия.

    - анорексия, тәбеттің төмендеуі, гипокалиемия.

    - ұйқысыздық.

    - бас айналу, бас ауыру.

    - ентігу, мұрыннан қан кету.

    - диарея, құсу, іш қату, жүрек айну, іштің ауыруы (эпигастрий аймағында және іштегі жайсыздық сезімін қоса).

    - петехиялар, қышыну (жайылған қышынуды қоса), бөртпе, экхимоздар.

    - артралгия, сүйек-бұлшықет ауыруы (арқаның, сүйектің және аяқ-қолдың ауыруды қоса).

    - пирексия*, қатты қажу, астения, кеуденің ауыруы, енгізу орнындағы қызару, енгізу орнындағы ауырсыну (нақтыланбаған).

    - дене салмағының азаюы.

    Жиі

    - сепсис* (бактериялық, вирустық және зеңдік қоса), нейтропения аясындағы сепсис*, тыныс алу жолдарының инфекциясы (жоғарғы бөлімдер мен бронхит), несеп шығару жолдарының инфекциясы, тері асты шелінің қабынуы, дивертикулит, ауыз қуысының шырышты қабығының зеңдік зақымдануы, синусит, фарингит, ринит, қарапайым герпес, тері инфекциялары.

    - панцитопения*, сүйек кемігінің жеткіліксіздігі.

    - дегидратация.

    - сананың шатасуы, үрей.

    - бассүйекішілік қан кету*, естен тану, ұйқышылдық, летаргия.

    - көзішілік қан кету, конъюнктиваға қан құйылу.

    - перикард қуысына жалқық.

    - артериялық қысымның төмендеуі*, артериялық қысымның жоғарылауы, ортостатикалық гипотензия, гематомалар.

    - плевралық жалқық, дене жүктемесі кезінде ентігу, көмей мен жұтқыншақтың ауыруы.

    - асқазан-ішектен қан кету* (ауыз қуысындағы қан кетуді қоса), геморроидальді қан кету, стоматит, қызыл иектің қанталауы, диспепсия.

    - пурпура, алопеция, есекжем, эритема, дақты бөртпе.

    - бұлшықеттің түйілуі, миалгия.

    - бүйрек жеткіліксіздігі*, гематурия, креатинин деңгейінің жоғарылауы.

    - қан құйылу, гематома, тығыздану, бөртпе, қышыну, қабыну, тері жабындысы түсінің өзгеруі, түйіндердің пайда болуы және қанталау (инъекция орнында), дімкәстану, қалтырау, катетер орнатылған жерде қан кету.

    - дене салмағының азаюы.

    Жиі емес

    - аса жоғары сезімталдық реакциялары.

    - перикардит.

    - бауыр жеткіліксіздігі*, үдемелі бауыр комасы.

    - жедел фебрильді нейтрофильді дерматоз, гангренозды пиодермия.

    - бүйрек өзекшелік ацидоз.

    Сирек

    - ісік лизисі синдромы.

    - өкпенің интерстициальді ауруы.

    - инъекция орнындағы некроз.

    Жиілігі анықталмаған

    - некроздалған фасциит*

    - дифференциация синдромы*а.

    * кейде өліммен аяқталған жағдайлар туралы хабарланды.

    а – Арнайы сақтандырулар бөлімін қараңыз

    Жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

    Гематологиялық жағымсыз реакциялар

    Азацитидинді қолданумен байланысты жиі байқалған (≥10 %) жағымсыз гематологиялық реакциялар анемия, тромбоцитопения, нейтропения, фебрильді нейтропения және лейкопения болып табылды және әдетте 3 немесе 4 ауырлық дәрежесінде болды. Бұл реакциялардың ең үлкен даму қаупі емнің алғашқы екі циклі кезінде байқалады, содан кейін олар қалпына келтірілген гематологиялық көрсеткіштері бар пациенттерде аз жиілікте пайда болады. Гематологиялық реакциялардың басым бөлігі қанның толық талдауын тұрақты мониторингтеу, емдеудің кезекті циклын кейінге қалдыру, нейтропения кезінде антибиотиктерді және/немесе қажет болған жағдайда анемия немесе тромбоцитопения кезінде гемотрансфузиялар кезінде гранулоцитарлық колония стимуляциялайтын факторды (ГКСФ) профилактикалық тағайындау кезінде рұқсат етіледі.

    Инфекциялар

    Миелосупрессия нейтропенияға және инфекция қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Пациенттерде азацитидинмен емдеу аясында сепсис, оның ішінде нейтропения аясында және пневмония сияқты елеулі жағымсыз реакциялар, кейбір жағдайларда – өліммен аяқталған жағдаймен байқалған. Инфекция дамыған жағдайда нейтропения кезінде бактерияға қарсы ем мен гранулоцитарлық колония стимуляциялайтын факторды (ГКСФ) тағайындау талап етіледі.

    Қан кету

    Азацитидинмен ем қабылдайтын пациенттерде қан кетулер, оның ішінде асқазан-ішек және бассүйекішілік қан кетулер сияқты елеулі жағымсыз реакциялар санатына жататын қан кетулер дамуы мүмкін. Қан кетуді диагностикалауға мүмкіндік беретін белгілер мен симптомдарды, әсіресе тромбоцитопениямен негізгі емдеу аясында бастапқы немесе дамыған пациенттерде бақылау қажет.

    Аса жоғары сезімталдық

    Азацитидинмен ем қабылдаған пациенттерде ауыр санатқа жататын аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалған. Анафилаксиялық реакциялар дамыған жағдайда азацитидинмен емдеуді дереу тоқтатып, симптоматикалық ем тағайындау керек.

    Тері және тері асты тіндері тарапынан

    Тері мен тері асты шелмайының жағымсыз реакцияларының көпшілігі инъекция орнында байқалды. Бұл реакциялар ешқашан клиникалық зерттеулер барысында азацитидин дозасын жоюға немесе азайтуға әкелмеді. Реакциялардың көпшілігі емдеудің алғашқы екі циклі кезінде пайда болды, бұл ретте емдеуді жалғастыру кезінде олардың азаю үрдісі байқалды. Бөртпе, қабыну, қышыну, эритема және терінің зақымдануы сияқты жергілікті жағымсыз реакциялар антигистаминді препараттармен, кортикостероидтармен және қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) қатар емдеуді тағайындауды талап етуі мүмкін.

    Бұл тері реакцияларын кейде инъекция орнында дамитын жұмсақ тіндердің инфекцияларымен саралау керек. Сирек жағдайларда өлімге әкелетін флегмонаны және некроздалған фасциитті қоса, жұмсақ тіндердің инфекциялары тіркеуден кейінгі кезеңде азацитидинді қолдану аясында байқалды. Инфекциялық асқынуларды емдеу бойынша ұсынымдар жоғарыда «Инфекциялар» бөлімінде келтірілген.

    Асқазан-ішек жолы тарапынан

    Азацитидинмен емдеу аясында іш қату, диарея, жүрек айну және құсу жиі байқалды. Бұл ЖДР симптоматикалық агенттердің көмегімен тоқтатылды: құсуға қарсы– жүрек айнуы мен құсу кезінде, диареяға қарсы – диареяда және іш жүргізетін - іш қатуда.

    Бүйрек функциясының бұзылуы

    Азацитидинмен ем қабылдаған пациенттерде креатинин мен гематурия концентрациясының жоғарылауынан бүйрек өзекшелік ацидозына және бүйрек жеткіліксіздігіне, оның ішінде өліммен аяқталғандарға дейін әртүрлі жай-күйлерді қамтитын бүйрек функциясының бұзылуы байқалды.

    Бауыр функциясының бұзылуы

    Азацитидинмен емдеу аясында бауырдың кең таралған метастаздық зақымдануы бар пациенттерде бауыр жеткіліксіздігінің және өліммен аяқталатын үдемелі бауыр комасының даму жағдайлары байқалды.

    Жүрек-қантамыр ЖДР

    Анамнезінде жүрек-қантамыр аурулары немесе өкпе аурулары бар пациенттерде клиникалық зерттеулер барысында алынған деректер азацитидинмен ем қабылдаған, алғаш рет диагноз қойылған ЖМЛ бар пациенттерде жағымсыз жүрек-қантамыр құбылыстарының жиілігі едәуір жоғары екенін көрсетті («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз).

    Егде жастағы пациенттер

    85 жастағы егде жастағы пациенттер үшін азацитидинді қолдану қауіпсіздігі туралы деректер шектеулі (AZA-AML-001 зерттеуіне ≥ 85 жастағы 14 пациент қатысты [5,9%]).

    Педиатриялық популяция

    AZA-JMML-001 зерттеуінде 28 педиатриялық пациент (1 айдан 18 жасқа дейін) МДС (n = 10) немесе ювенильді миеломоноцитарлы лейкемия (JMML) (n = 18) үшін азацитидин алды.

    Барлық 28 пациентте кем дегенде 1 жағымсыз құбылыс болды, ал 17-де (60,7 %) емдеуге байланысты кем дегенде 1 жағымсыз құбылыс болды. Жалпы педиатриялық популяциядағы ең жиі жағымсыз құбылыстар гипертермия, анемияны, тромбоцитопенияны және фебрильді нейтропенияны қоса алғанда гематологиялық бұзылулар және іш қату мен құсуды қоса, асқазан-ішек бұзылулары болды. Үш (3) субъектіде емнің басталуына байланысты жағымсыз құбылыс пайда болды, ол препаратты қабылдауды тоқтатуға алып келді (гипертермия, аурудың өршуі және іштің ауыруы).

    AZA-AML-004 зерттеуінде 7 педиатриялық пациент (2 жастан 12 жасқа дейін) алғашқы толық ремиссиядан кейін молекулалық рецидив кезінде ЖМЛ емдеу үшін азацитидин алды [CR1].

    Барлық 7 пациентте еммен байланысты кем дегенде 1 жағымсыз құбылыс байқалды. Ең жиі жағымсыз құбылыстар нейтропения, жүрек айну, лейкопения, тромбоцитопения, диарея және аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейінің жоғарылауы болды. Екі пациентте емделумен байланысты оқиға болды, бұл курстың үзілуіне әкелді (фебрильді нейтропения, нейтропения).

    Клиникалық зерттеу барысында азацитидин қабылдаған (педиатриялық пациенттердің шектеулі санынан) қауіпсіздік бойынша жаңа сигналдар табылған жоқ. Қауіпсіздіктің жалпы бейіні ересек халықтың бейініне сәйкес келді.

    Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларын қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу қажет

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

    Қосымша мәліметтер

    Дәрілік препараттың құрамы

    Бір құтының ішінде

    белсенді зат – азацитидин 100.0 мг

    қосымша зат - маннитол 100.0 мг

    Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

    Ақ немесе ақ дерлік түсті лиофилизацияланған ұнтақ.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    100 мг препараттан сыйымдылығы 20 мл, резеңке тығынмен тұмшаланып тығындалған, пластик төсемемен немесе пластик төсемесіз алюминий қалпақшамен нығыздалған, І типті түссіз шыныдан жасалған құтыда. Құтыға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.

    1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

    Сақтау мерзімі

    2 жыл.

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

    Сақтау шарттары

    Жарықтан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында 30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецепт арқылы.

    Өндіруші туралы мәліметтер

    «Нанг Куанг Фармасьютикал Ко. Лтд.», Тайвань (Қ.Х.Р),

    Мекенжайы: № 1001, 1001-1, Зхонгшан Рд., Ксиньхуа Дист, Тайнан Сити, Тайвань (эР.О.Си.),

    тел: +886-6-5984-121 / +886 6 598-1845

    е-mail: alancynthia@nangkuang.com.tw

    Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

    «МИСТРАЛ КЭПИТЕЛ МЕНЭДЖМЭНТ ЛИМИТЕД», Ұлыбритания;

    Мекенжайы: 9 Вайтмор Мэнор Клоуз, Ковентри, Ұлыбритания, CV6 2PH

    тел:+447872326293; +44 192 693 5385

    е-mail: info@mistral.capital

    Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    Қазақстан Республикасы,

    «Jetcross» (Джеткросс) ЖШС, 050000, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 42 үй,

    15/1 павильон, «Атакент» ҚІЫО» АҚ, 1 кеңсе.

    тел:+7 708 591 02 81

    e-mail: elmira_tavieva@mail.ru

    Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    «Nur Business Consulting» ЖШС,

    Қазақстан Республикасы, 050010,

    Алматы қ., Қазыбек би к-сі 22, 304 кеңсе, +7 708 930 12 80

    е-mail: nurbusinessconsulting@gmail.com

    16

    Прикрепленные файлы

    ЛВ_Азацитидин_Виста_100_мг_ф._.docx 0.08 кб
    kz_ЛВ_Азацитидин_Виста_100_мг_10.10_.2022_.docx 0.07 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники