АДЮЛАКС

МНН: Глицерол
Производитель: Casen Recordati, S.L.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Глицерол
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018889
Информация о регистрации в РК: 27.06.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

AДЮЛАКС Касен-Флит

ADULAX Casen-Fleet

Халықаралық патенттелмеген атауы

Глицерол

Дәрілік түрі

Ректальді ерітінді

Құрамы

Бір аппликатордың ішінде

белсенді зат - 6,14 мл глицерол, қосымша зат - тазартылған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз, өзіне тән иісімен, бөгде қосындыларсыз, шәрбат тәрізді сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Клизмалардағы іш жүргізетін препараттар.АТХ коды А06АG04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ректальді енгізу кезінде глицерин секілді осмостық іш жүргізетін дәрілер, өте нашар сіңіріледі және аш ішекте биологиялық қайта өңделуге ұшырамайды. Дегенмен глицеринді ішу арқылы қабылдау кезінде асқазан-ішек жолдарынан тез сіңіріліп, плазмадағы ең жоғары мөлшеріне 60-90 минуттан соң жетеді. Ол бүкіл денеге тарайды, енгізілген дозаның көп бөлігі бұлшық ет майымен қосылып, 80%-ы бауырда метаболизмге ұшырап, қалған мөлшері өзгермеген күйде несеппен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 30-дан 45 минутқа дейінді құрайды.

Фармакодинамикасы

Глицерин – бұл жұмсартатын қасиеттерге иеленген полигидрокси-қосылыстар. Ол су және спиртпен араласуға қабілетті үш атомды спирт болып табылады. Глицерин суды сіңіреді және белгілі концентрацияда қолданған кезде дегидратация және енгізілген орында тіндердің тітіркенуін тудыруға қабілетті. Мұндай тітіркендіргіш әсерімен клизманың көмегімен ректальді енгізу кезінде ішекті босатуды күшейтуде оның тиімділігі түсіндіріледі. Ректальді енгізгеннен кейін нәжісті майлау және осмостық қысымды жоғарылату қабілетіне негізделген глицериннің іш жүргізетін қасиеттері білінеді, соның арқасында интерстициальді сұйықтықты өзіне тартады және ішектің перистальтикасы жақсарады. Глицеринді енгізгеннен кейін 15-30 минуттан 1 сағатқа дейінгі кезең өткен соң ішектің босатылуы басталады.

Қолданылуы

- қысқа мерзімді және ара арасында болатын іш қату симптомдарын жоюға (жергілікті қолдану үшін) арналған.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ерітінді ректальді енгізіледі.

Емшек емізу кезеңінде және балаларды емдеуге қолдану: 12 жасқа дейінгі балаларды емдеуге қолдануға болмайды.

Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға: күніне бір рет ректальді енгізу.

Егде жастағы пациенттер: стандартты доза ұсынылады.

Бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі: дозаны түзету қажеттілігі жоқ. Енгізу әдісі Канюляның қақпақшасын алып тастап және оны тігінен жоғары ұстап, тік ішекке аппликатордың енгізілуін жеңілдету үшін жайлап басып, канюляның ұшын препараттың бірнеше тамшыларымен сулау керек. Тік ішекке енгізгеннен кейін аппликатордың ішіндегісін сығып, жақтауларын қыса отырып, оны шығару керек. Әрбір аппликатор ерітіндіге артығымен толтырылған, ол пайдаланғаннан кейін аппликаторда қалады. Сондықтан, енгізгеннен кейін босатылатын мөлшері толық доза болады, және аппликаторды толығымен босатудың қажеті жоқ. Әрбір аппликатор дәрілік заттың 1 дозасынан тұрады, қолданғаннан кейін оны тастау керек. Енгізу кезінде кедергі сезілген жағдайда, оның қауіпті болуына байланысты енгізу тоқтатылуы керек.

Жағымсыз әсерлері

- енгізген жердегі жайсыздық

- анус маңайындағы тітіркену және ауыру

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компоненттеріне аса жоғары сезімталдық.

- абдоминальді ауырулар және шаншулар, жүрек айну, құсу немесе аппендициттің өзге симптомдары, сондай-ақ белгісіз этиологиядағы абдоминальді ауырулар

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Хабарланбаған

Айрықша нұсқаулар

Нәжісте қан пайда болғанда, ішектің тітіркену мен ауыруында, сондай-ақ нәжістің қалыпқа келмеуі жағдайында емдеуді тоқтату және дәрігермен кеңесу қажет.

Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозаны түзету қажеттілігі жоқ.

Аурудың ауыр түрлерімен, атап айтқанда жүрек-қан тамырлары ауруымен пациенттерде препаратты дәрігердің бақылауымен ғана қолдану керек.

Балаларда қолдану

Препаратты 12 жастағы және одан асқан балаларға қолдану ұсынылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Егер анасына деген пайдасы шарана немесе нәресте үшін потенциалды қатерден жоғары болған жағдайда ғана препаратты қолдануға болады.

Дәрілік заттардың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Аталған препаратты шектен тыс және ұзақ қолдану «тітіркенген ішек синдромына» әкелуі мүмкін. Сондықтан ұзақ қолдану кезінде препаратты сақтықпен және дәрігердің бақылауымен қолдану ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

7.5 мл препараттан тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған канюлямен жабдықталған және тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған қалпақтармен жабылған аппликаторға салынған.

4 аппликатордан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

250С–ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Casen Recordati, S.L., Испания

Autovia de Logrono, km. 13,300

50180 UTEBO (Zaragoza) Испания

Тіркеу куәлігінің иесі

Casen Recordati, S.L., Испания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «FIC MEDICAL» (ФИК МЕДИКАЛЬ) ЖШС өкілдігі, Төле би к-сі 69, 33 кеңсе, 050000, Алматы, Қазақстан

тел.: +7 (727) 272 93 08, факс: +7 (727) 272 90 25

e-mail: fic_kz@ficmedical.kz

Прикрепленные файлы

751845091477977036_ru.doc 49.5 кб
111683091477978215_kz.doc 58.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники