Адреналин-Здоровье

МНН: Эпинефрин
Производитель: Фармацевтическая компания Здоровье ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Epinephrine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011371
Информация о регистрации в РК: 05.10.2023 - 05.10.2033
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 54.89 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Адреналин-Здоровье

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эпинефрин

  • Дәрілік түрі

    Инъекцияға арналған 0,18 %, 1 мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 1,82 мг адреналин гидротартраты

қосымша заттар: натрий метабисульфиті (Е 223), натрий хлориді, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді

  • Фармакотерапиялық тобы

    Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Шығу тегі гликозидтік емес кардиотоникалық дәрілер. Адрено- және допамин- стимуляторлары. Эпинефрин.

    АТХ коды С01СА24.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бұлшықет ішіне және тері астына енгізгеннен кейін эпинефрин жылдам сіңіріледі; қандағы ең жоғарғы концентрациясына 3-10 минут өткенде жетеді.

Емдік тиімділігі көктамыр ішіне енгізгенде іс жүзінде бірден (әсер ету ұзақтығы - 1-2 минут), тері астына енгізгеннен кейін 5-10 минут өткенде (ең жоғарғы тиімділігі − 20 минут өткенде) дамиды, бұлшықет ішіне енгізгенде тиімділігінің басталуы ауытқымалы болады.

Плаценталық бөгет арқылы, емшек сүтіне өтеді, гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді.

Бауыр, бүйрек, ішектің шырышты қабығы жасушаларында, аксондарда моноаминоксидазамен (ванилилминдальді қышқылға) және катехол-О-метилтрансферазамен (метанефринге) метаболизденеді.

Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін жартылай шығарылу кезеңі 1-2 минутты құрайды. Метаболиттердің экскрециясы бүйрек арқылы жүзеге асырылады. Емшек сүтімен бөлініп шығады.

Фармакодинамикасы

Адреналин-Здоровье - кардиостимуляциялаушы, тамыр тарылтқыш, гипертензиялық, антигипогликемиялық дәрі. Орналасуы әртүрлі α- және β-адренорецепторларды көтермелейді. Ішкі ағзалардың тегіс бұлшықеттеріне, жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйесіне айқын әсер етеді, көмірсу және липидтік алмасуды белсенділендіреді.

Әсер ету механизмі жасушалық жарғақшалар ішкі беткейі аденилатциклазасының көтермеленуіне, цАМФ және Ca2+-ің жасушаішілік концентрациясының жоғарылауына байланысты. Әсер етуінің бірінші фазасы, ең алдымен, әртүрлі ағзалардың β-адренорецепторларының көтермеленуіне байланысты және тахикардиямен, жүрек лықсытуы, миокардтың қозғыштығы, өткізгіштігінің жоғарылауымен артериоло-және бронходилатациямен, жатыр тонусының төмендеуімен, гликогенннің бауырдан және майлы қышқылдардың май деполарынан мобилизациясымен көрініс береді. Екінші фазасында α-адренорецепторлардың қозуы жүреді, бұл құрсақ қуысы ағзалары, тері, шырышты қабықтар (аз дәрежеде- қаңқа бұлшықеттері) тамырларының тарылуын, артериялық (негізінен – систолалық) қысымның жоғарылауын, жалпы шеткергі тамырлар қарсыластығын туындатады.

Препараттың тиімділігі дозасына байланысты болады. Төмен дозаларда, 0,01 мкг/кг/мин аз енгізу жылдамығында қаңқа бұлшықеттері тамырларының кеңеюі салдарынан артериялық қысымды төмендетуі мүмкін. 0,04-0,1 мкг/кг/мин енгізу жылдамдығында жүрек жиырылуының жиілігі мен күшін, қанның соғу көлемі мен қанның минуттық көлемін арттырады, тамырлардың жалпы шеткергі қарсылығын төмендетеді; 0,2 мкг/кг/мин жоғары болса – тамырларды тарылтып, артериялық (негізінен систолалық) қысымды және тамырлардың жалпы шеткергі қарсылығын жоғарылатады. Прессорлық әсері жүректің жиырылу жиілігін рефлекторлы баяулатуы мүмкін. Бронхтардың тегіс бұлшықеттерін босаңсытады. 0,3 мкг/кг/мин жоғары дозада бүйрек қан ағысын, ішкі ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуін, асқазан-ішек жолының тонусы мен моторикасын төмендетеді.

Миокардтың өткізгіштігін, қозғыштығын және автоматизмін жоғарылатады. Миокардтың оттегіні қажетсінуін арттырады. Гистамин мен лейкотриендердің антигендермен индукцияланған бөлініп шығуын тежейді, бронхиолалардың түйілуін жояды, олардың шырышты қабығы ісінуінің дамуын болғызбайды. Терінің, шырышты қабықтардың және ішкі ағзалардың α-адренорецепторларына әсер ете отырып, тамырлардың тарылуын, жергілікті жансыздандыратын дәрілердің сіңу жылдамдығының төмендеуін туындатады, жергілікті анестезияның әсер етуін ұзартады және уытты әсерін төмендетеді. β2-адренорецепторлардың көтермеленуі калийдің жасушалардан бөлініп шығуының күшеюімен қатар жүруі және гипогликемияға әкеп соғуы мүмкін. Интракавернозды енгізгенде кеуекті денелердің қанмен толтырылуын азайтады.

Қарашықты кеңейтеді, көзішілік сұйықтық өнімінің және көз ішілік қысымның төмендеуіне ықпал етеді. Гипергликемияны туындатады (гликогенолиз бен глюконеогенезді күшейтеді) және қан плазмасындағы бос май қышқылдарының құрамын арттырады, тіндік алмасуды жақсартады. Орталық жүйке жүйесін әлсіз көтермелейді, аллергияға қарсы және қабынуға қарсы әсер байқатады.

Қолданылуы

  • шұғыл типтегі аллергиялық реакциялар: дәрілік заттарды, сарысуларды қолданғанда, қан құйғанда, жәндіктер шаққанда немесе аллергендермен жанасқанда дамитын анафилактикалық шокта,

  • бронх демікпесінің жедел ұстамаларын басқанда

  • әртүрлі тектегі артериялық гипотензияда (постгеморрагиялық, интоксикациялық, жұқпалы)

  • гипокалиемияда, соның ішінде инсулиннің артық дозалануында

  • асистолияда, жүректің тоқтауында

  • жергілікті анестетиктердің әсерін ұзартқанда

  • жедел дамыған ІІІ дәрежедегі AV блокадада

  • Қолдану тәсілі мен дозалары

    Бұлшықет ішіне, тері астына, көктамыр ішіне (тамшылатып), жүрек ішіне (жүрек тоқтағанда реанимация жүргізу) тағайындайды. Бұлшықет ішіне енгізгенде, тері астына енгізуге қарағанда препараттың әсері жылдам дамиды. Дозалау режимі жекелей.

    Ересектер.

    Анафилактикалық шок: 20 мл 40 % глюкоза ерітндісімен сұйылтылған 0,5 мл мөлшерді көктамыр ішіне баяулатып енгізеді. Одан әрі қарай қажет болғанда 1 мкг/мин жылдамдықпен көктамырішілік тамшылатып енгізуді жалғастырады, ол үшін 1 мл адреналин ерітіндісін натрий хлоридінің немесе 5% глюкозаның 400 мл-де сұйылтады. Егер емделушінің жай-күйі жол берсе, сұйылтылған немесе сұйылтылмаған түрде 0,3-0,5 мл бұлшықетішілік немесе тері астылық енгізген дұрыс.

    Бронх демікпесі: сұйылтылған немесе сұйылтылмаған түрде 0,3-0,5 мл мөлшерді тері астына енгізеді. Қайталап енгізу қажет болғанда осы дозаны әр 20 минут сайын (3 рет) енгізуге болады. Сұйылтылған түрде 0,3-0,5 мл енгізілуі мүмкін.

    Тамыр тарылтқыш дәрі ретінде 1 мкг/мин жылдамдықпен (2-10 мкг/мин дейін арттыру ықтималдығымен) көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді.

    Асистолия: натрий хлоридінің 10 мл 0,9 % ерітіндісінде сұйылтылған 0,5 мл жүрек ішіне енгізеді. Реанимациялық шаралар кезінде - әр 3-5 минут сайын (сұйылтылған түрінде) көктамыр ішіне 1 мл-ден енгізеді.

    Балаларға.

    Жаңа туғандардың асистолиясы: әр 3-5 минут сайын дене салмағының 0,01 мл/кг-нан көктамыр ішіне баяулатып енгізеді.

    Анафилактикалық шок: 1 жасқа дейін - 0,05 мл-ден, 1 жастағы балаларға - 0,1 мл, 2 жаста – 0,2 мл, 3-4 жаста - 0,3 мл, 5 жаста - 0,4 мл, 6-12 жаста - 0,5 мл тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізеді. Қажет болғанда әр 15 минут сайын (3 ретке дейін) қайталайды.

    Бронх түйілуі: тері астына дене салмағының 0,01 мл/кг-н (ең жоғарғы - 0,3 мл) енгізеді. Қажет болғанда енгізулерді әр 15 минут сайын (3-4 ретке дейін) немесе әр 4 сағат сайын қайталайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі:

  • бас ауыруы

  • үрейлі жай-күй

  • діріл

  • жүрек айнуы, құсу

  • анорексия

  • гипергликемия

Жиі емес:

  • стенокардия, брадикардия немесе тахикардия, жүрек соғуын сезіну, артериялық қысымның төмендеуі немесе жоғарылауы (тіпті әдеттегі дозаларда тері астына енгізгенде артериялық қысымның жоғарылауы салдарынан субарахноидальді қан құйылу және гемиплегия болуы мүмкін)

  • демігу

  • ашаушаңдық, бас айналуы, шаршау, ұйқының бұзылуы

  • бұлшықет тартулары

  • психоневротикалық бұзылулар (психомоторлық қозу, бағдарсыздық)

  • жадының бұзылуы

  • озбырлы немесе үрейлі мінез-құлық

  • шизофрения тәрізді бұзылулар, паранойя

  • ригидтілік пен дірілдің жоғарылауы (Паркинсон ауыруы бар емделушілерде)

  • ангионевротикалық ісіну, бронх түйілуі

  • тері бөртпесі, мультиформалы эритема

  • тер бөлінуінің жоғарылауы, термореттеудің бұзылуы, аяқ-қолдың суынуы

Сирек:

  • қарыншалық аритмиялар, кеуде қуысының ауыруы

  • ЭКГ өзгеруі (Т тісшесі амплитудасының төмендеуін қоса)

  • несеп шығарудың қиындауы және ауырсынуы (қуық асты безінің гиперлазиясында)

  • гипокалиемия

  • өкпе ісінуі

  • бұлшықетішілік инъекциясы жасалған жердегі ауыру немесе ашытып күйдіру, адреналин инъекциясы көп рет жасалғанда адреналиннің тамыр тарылту әсері салдарынан некроз байқалуы мүмкін

  • Қолдануға болмайтын жағдайлар
    • препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

    • гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия

    • ауыр қолқа стенозы

    • тахиаритмия, қарыншалар фибрилляциясы

    • артериялық немесе өкпе гипертензиясы

    • өкпенің ишемиялық ауруы

    • айқын атеросклероз

    • тамырлардың окклюзиялық аурулары

    • феохромоцитома

    • жабық бұрышты глаукома

    • шығу тегі аллергенді емес шок

    • құрысу синдромы

    • тиреотоксикоз

    • қант диабеті

    • ингаляциялық дәрілерді қолданумен жүргізілетін жалпы анестезия: фторотан, циклопропан, хлороформ

    • жүктілік пен лактация кезеңінде, босанудың ІІ кезеңі

    • қол мен аяқ саусақтарындағы аймақтарда, мұрын, гениталии аймақтарында қолдану

  • Дәрілермен өзара әрекеттесуі

    Эпинефриннің антагонистері α- және β –адренорецептор блокаторлары болып табылады.

    Адреналин-Здоровье препаратын басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда мыналар болу ықтимал:

    − есірткілік анальгетиктермен және ұйықтататын дәрілермен - олардың әсерлері әлсіреуі;

    - жүрек гликозидтерімен, хинидинмен, үшциклды антидепрессанттармен, допаминмен, ингаляциялық наркозға арналған дәрілермен (хлороформ, энфлуран, галотан, изофлуран, метоксифлуран), кокаинмен – аритмияның даму қаупінің жоғарылауы; − басқа симпатомиметикалық дәрілермен - жүрек-қан тамыр жүйесі тарапынан болатын жанама әсерлер айқындығының күшеюі;

    − антигипертензиялық дәрілермен (соның ішінде диуретиктермен) - олардың тиімділігінің төмендеуі;

    − моноаминоксидаза тежегіштерімен (фуразолидонды, прокарбазинді, селегилинді қоса) - артериялық қысымның шұғыл және айқын жоғарылауы, гиперпиретикалық криз, бас ауыруы, жүрек аритмиялары, құсу;

    − нитраттармен - олардың емдік әсерлерінің әлсіреуі;

    − феноксибензаминмен - гипотензиялық әсердің күшеюі мен тахикардия;

    − фенитоинмен - адреналиннің дозасына және енгізілу жылдамдығына байланысты артериялық қысымның кенет төмендеуі және брадикардия;

    − қалқанша без гормондарының препараттарымен - әсерлерінің өзара күшеюі;

    − астемизолмен, цизапридпен, терфенадинмен – ЭКГ-дағы QT-аралығының ұзаруы;

    − диатризоатамамдармен, йоталам немесе йоксаглов қышқылдарымен − неврологиялық әсерлердің күшеюі;

    − қастауыш алкалоидтарымен – вазоконстрикторлық әсердің айқын ишемия және гангрена дамуына дейін күшеюі;

    − гипогликемиялық дәрілік заттармен (инсулинді қоса) – гипогликемиялық әсердің төмендеуі;

    - деполиризацияланбайтын миорелаксанттармен – миорелаксациялық әсерінің төмендеуі мүмкін;

    - гормональді контрацептивтермен – тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Егер оны жоюдың басқа тәсілдері қол жетімді болмаса, асистолия кезінде жүрекішілік енгізіледі, бұл орайда жүрек тампонадасы мен пневмоторакстың даму қаупі жоғарылайды.

Инфузияны жүргізу қажет болғанда инфузияның жылдамдығын өлшеу мақсатында өлшегіш жарағы бар аспапты пайдалану ұсынылады. Инфузияны ірі, дұрысы орталық көктамырға жүргізген дұрыс. Инфузияны жүргізген кезде қан сарысуындағы калий концентрациясына, артериялық қысымға, диурезге, ЭКГ-ға, орталық көктамырлық қысымға, өкпе артериясының қысымына мониторинг жүргізу ұсынылады.

Препаратты қан диабеті бар науқастарға қолдану гликемияны арттырады, осыған байланысты инсулиннің немесе сульфонилмочевина туындыларының едәуір жоғары дозалары қажет.

Адреналинді ұзақ қолданбаған жөн, өйткені шеткергі тамырлардың тарылуы некроз немесе гангрена дамуына әкеп соғуы мүмкін.

Емдеуді тоқтатқанда адреналиннің дозасын біртіндеп азайту керек, өйткені емдеуді дереу тоқтату ауыр гипотензияға әкеп соғуы мүмкін.

Сақтықпен қарыншалық аритмия, жүрегінің ишемиялық ауруы, жүрекшелер фибрилляциясы, артериялық гипертензиясы, өкпе гипертензиясы бар емделушілерге, миокард инфарктісінда, (миокард инфарктісінда препаратты қолдану қажет болған жағдайда миокардтың оттегіні қажетсінуінің жоғарылауы есебінен адреналин ишемияны күшейтуі мүмкін екенін есте сақтау крек), метаболиялық ацидозы, гиперкапниясы, гипоксиясы, гиповолемиясы, тиреотоксикозы барларға, тамырларының окклюзиялық аурулары (артериялық эмболия, атеросклерозы, Бюргер ауруы, салқын жарақат, диабеттік эндартериит, Рейно ауруы), церебральді атеросклерозы, Паркинсон ауруы, құрысу синдромы, қуық асты безінің гиперторфиясы бар емделушілерге тағайындау керек.

Симпатомиметиктерді қолданудың алдында гиповолемияда емделушілерді тиісінші гидратациясын жүргізу керек.

Педиатрияда қолдану.

Балаларға (дозалануы әртүрлі) препаратты енгізгенде айрықша сақ болу қажет. Препаратты балаларға дозалау жөніндегі ұсыныстар «Қолдану тәсілі мен дозалары» бөлімінде келтірілген.

Жүктілік пен лактация кезеңінде қолдану

Босану кезінде гипотензияны түзету үшін қолданбайды, өйткені препарат жатыр бұлшықеттерін босаңсыту есебінен босанудың екінші кезеңін кідіртуі мүмкін. Жатырдың жиырылуын әлсірету үшін үлкен дозаларда енгізгенде қан кету болатын жатырдың ұзақ атониясын туғызуы мүмкін.

Препаратты қолдану қажет болғанда бала емізуді тоқтату керек, өйткені балаға жағымсыз әсерлерінің болу қаупі жоғарлайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын басқару және күрделі механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препаратпен емделу кезеңінде автокөлікті басқарумен және назар шоғырландыру жоғарылығы мен психомоторлы реакция жылдамдығын қажет ететін қызмет түрлерімен айналысу ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Симптомдарыы: артериялық қысымның шамадан тыс жоғарылауы, мидриаз, брадикардияға ауысатын тахиаритмия, жүрек ырғағының бұзылуы (соның ішінде жүрекшенің және қарыншалардың фибрилляциясы), тері жабындарының суынуы мен бозаруы), құсу, қорқыныш, мазасыздық, діріл, бас ауыруы, метаболиялық ацидоз, миокард инфаркты, бассүйек-ми қан құйылуы (әсіресе егде жастағы емделушілерде), өкпе ісінуі, бүйрек жеткіліксіздігі.

Емдеу: препаратты енгізуді тоқтату. Симптоматикалық ем, α- және β-адреноблокаторларды, жылдам әсер ететін нитраттарды қолдану. Аритмия кезінде β-адреноблокаторларды (пропранололды) парентеральді тағайындайды.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Препаратты шыны ампулаларға 1 мл-ден құяды.

Ампулаға бояумен таңбалық мәтін түсіріледі немесе заттаңба жапсырылады.

5 немесе 10 ампуладан медицинада қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқалықпен және керамикалық кескіш дискімен бірге аралық бөліктері бар картон қорапқа салады.

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 ампуладан салынған.

Бір немесе екі пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқалықпен және керамикалық кескіш дискімен бірге картон қорапқа 5 ампуладан салынған.

Препаратты сындыру сақинасы немесе нүктесі және кертігі бар ампулаларға қаптағанда, керамикалық кескіш дискіні салмауға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 8 0С-ден 15 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

“Здоровье” Фармацевтикалық компаниясы” ЖШҚ , Украина

Тіркеу куәлігінің иесі

“Здоровье” Фармацевтикалық компаниясы” ЖШҚ , Украина

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Мекенжайы:

“Здоровье” Фармацевтикалық компаниясы” ЖШҚ, Украина, 61013, Харьков қ-сы, Шевченко к-сі, 22.

Телефоны: (057) 714-96-22

Факс: (057) 714-96-22

  • Эл.поштасы: bronina@zt.kharkov.ua

     

Прикрепленные файлы

482019871477976928_ru.doc 80.5 кб
058588871477978105_kz.doc 90.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники