Аджисепт® со вкусом лимона

МНН: Амилметакрезол, Дихлорбензиловый спирт
Производитель: Аджио Фармацевтикалз Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009882
Информация о регистрации в РК: 27.01.2022 - 27.01.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Аджисепт® апельсин дәмімен

Аджисепт® лимон дәмімен

Аджисепт® ананас дәмімен

Аджисепт® бал дәмімен

Аджисепт® таңқурай дәмімен

Аджисепт® банан дәмімен

Препараттың халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған антисептикалық пастилкалар

Құрамы

Соруға арналған бір пастилка құрамында:

белсенді заттар: амилметакрезол…………………. 0, 60 мг,

2,4-дихлорбензилдік спирті ........... 1,20 мг

қосымша заттар: қант 1560,0 мг, сұйық глюкоза 1010,0 мг, сусыз лимон қышқылы 24,0 мг, ментол 5,22 мг, тазартылған судың жеткілікті көлемі

ананас дәмімен –ананас хош иістендіргіші 0,0132 мл, хинолинді сары бояғышы WS 0,181 мг

апельсин дәмімен –апельсин хош иістендіргіші 0,0108 мл, күн батар түстес сары бояғыш 0,24 мг

банан дәмімен – банан хош иістендіргіші 12,0 мг, хинолинді сары бояғышы WS 0,1944 мг

лимон дәмімен - лимон хош иістендіргіші 0,0108 мл, күн батар түстес сары бояғыш 0,012 мг, хинолинді сары бояғыш WS 0,24 мг

таңқурай дәмімен - хош иістендіргіші таңқурай 13,2 мг, кармоизин бояғышы 19,44 мг

бал дәмімен - бал хош иістендіргіші 0,0096 г, хинолинді сары бояғышы WS 0,168 мг, карамель бояғышы 0,72 мг.

Сипаттамасы

Ананас дәмімен

Екі бетi дөңес дөңгелек ананас және қышқыл дәмi бар сары пастилкалар.

Апельсин дәмімен

Екі бетi дөңес дөңгелек апельсин және қышқыл дәмi бар қызғылт сары пастилкалар.

Банан дәмімен

Екі бетi дөңес дөңгелек банан және қышқыл дәмi бар сары пастилкалар.

Лимон дәмімен

Екі бетi дөңес дөңгелек лимон және қышқыл дәмi бар сары пастилкалар.

Таңқурай дәмімен

Екі бетi дөңес дөңгелек таңқурай және қышқыл дәмi бар қызыл пастилкалар.

Бал дәмімен

Екі бетi дөңес дөңгелек бал және қышқыл дәмi бар қоңырлау-сары пастилкалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТЖ коды R02АА20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жүйелік сінуінің төмендігіне байланысты фармакокинетикасы туралы деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Ауызда және жұтқыншақта жергілікті пайдалануға арналған біріктірілген қабынуға қарсы әсері бар антисептикалық препарат. Микробқа қарсы әсер етеді. Кең ауқымды грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қатысты белсенді.

Қолданылуы

- ауыз қуысы және жұтқыншақтың жұқпалы-қабыну ауруларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге: әрбір 2 сағат сайын 1 пастилкадан қолданылады. Ең жоғарғы тәуліктік доза – 8 пастилка.

Пастилкаларды толық ерігенше сору керек.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аджисепт® препаратының басқа топтағы препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттестігі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Қант диабеті бар емделушілер препаратты қабылдау барысында, әрбір пастилканың құрамында 1,56 мг қант бар екенін ескерулері керек.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және лактация кезеңінде Аджисепт® ана үшін, ұрық үшін немесе нәресте үшін пайда/қауіп арақатынасы бағаланғаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын және қауіптілiгi зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Аджисепт® басқадай механизмдерді және көліктерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалау

Жүйелі сіңірілуінің төмендігіне байланысты артық дозалану ықпалдығы аз.

Симптомдар: асқазан-ішек жолдары тарапынан жайсыздық.

Емдеу: симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада 6 пастилка.

4 пішінді қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған 30º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

Аджио Фармацевтикалз Лтд.,

A-38, Наджиот Индастриал Эстейд, Сэйфд Пул, Курла-Анхери Роуд,

Мумбай - 400 072, Үндістан.

Тiркеу куәлігі иесінiң елі және атауы

Аджио Фармацевтикалз Лтд., Үндістан.

Қазақстан Республикасы аумағында шағымдарды/ұсыныстарды қабылдайтын ұйымның атауы, заңды мекенжайы.

«Биола» Медициналық фармацевтикалық қомпаниясы, Қазақстан, Алматы қ-сы, 050016, Қонаев к-сі, 21.

Тел.: +7 (727) 2710955, факс: +7 (727) 2590939, post@biola.kz; www.biola.kz

Прикрепленные файлы

663266631477977196_ru.doc 42.5 кб
033657081477978355_kz.doc 45 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники