Аджисепт® со вкусом клубники

МНН: Амилметакрезол, Дихлорбензиловый спирт
Производитель: Аджио Фармацевтикалз Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009881
Информация о регистрации в РК: 27.01.2022 - 27.01.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Аджисепт® кұлпынай дәмімен

Аджисепт® шие дәмімен

Препараттың халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған антисептикалық пастилкалар

Құрамы

Соруға арналған бір пастилка құрамында:

белсенді заттар: амилметакрезол…………………. 0, 60 мг,

2,4-дихлорбензилдік спирті ........... 1,20 мг

қосымша заттар: қант 1560,0 мг, сұйық глюкоза 1010,0 мг, сусыз лимон қышқылы 24,0 мг, ментол 5,22 мг, тазартылған судың жеткілікті көлемі

шие дәмімен – шие хош иістендіргіші 14,4 мг, Понсо 4R бояғышы 19,44 мг

кұлпынай дәмімен - кұлпынай хош иістендіргіші 13,2 мг, Понсо 4R бояғышы 19,44 мг

Сипаттамасы

Шие дәмімен

Екі бетi дөңес дөңгелек, шие және қышқыл дәмi бар қызыл пастилкалар.

Кұлпынай дәмімен

Екі бетi дөңес дөңгелек, кұлпынай және қышқыл дәмi бар қызыл пастилкалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТЖ коды R02АА20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жүйелік сінуінің төмендігіне байланысты фармакокинетикасы туралы деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Ауызда және жұтқыншақта жергілікті пайдалануға арналған біріктірілген қабынуға қарсы әсері бар антисептикалық препарат. Микробқа қарсы әсер етеді. Кең ауқымды грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қатысты белсенді.

Қолданылуы

- ауыз қуысы және жұтқыншақтың жұқпалы-қабыну ауруларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге: әрбір 2 сағат сайын 1 пастилкадан қолданылады. Ең жоғарғы тәуліктік доза – 8 пастилка.

5 жастан асқан балаларға әрбір 4 сағат сайын 1 пастилкадан.

Пастилкаларды толық ерігенше сору керек.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта

- 5 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аджисепт® препаратының басқа топтағы препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттестігі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Қант диабеті бар емделушілер препаратты қабылдау барысында, әрбір пастилканың құрамында 1,56 мг қант бар екенін ескерулері керек.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және лактация кезеңінде Аджисепт® ана үшін, ұрық үшін немесе нәресте үшін пайда/қауіп арақатынасы бағаланғаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын және қауіптілiгi зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Аджисепт® басқадай механизмдерді және көліктерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалау

Жүйелі сіңірілуінің төмендігіне байланысты артық дозалануы ықпалдығы аз.

Симптомдар: асқазан-ішек жолдары тарапынан жайсыздық.

Емдеу: симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада 6 пастилка.

4 пішінді қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған 30º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

Аджио Фармацевтикалз Лтд.,

A-38, Наджиот Индастриал Эстейд, Сэйфд Пул, Курла-Анхери Роуд,

Мумбай - 400 072, Үндістан.

Тiркеу куәлігі иесінiң елі және атауы

Аджио Фармацевтикалз Лтд., Үндістан.

 

Қазақстан Республикасы аумағында шағымдарды/ұсыныстарды қабылдайтын ұйымның атауы, заңды мекенжайы:

«Биола» Медициналық фармацевтикалық қомпаниясы, Қазақстан, Алматы қ-сы, 050016, Қонаев к-сі, 21.

Тел.: +7 (727) 2710955, факс: +7 (727) 2590939, post@biola.kz; www.biola.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

839396321477977201_ru.doc 41 кб
665108951477978362_kz.doc 43 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники