АджиКОЛД Таблетки

МНН: Кофеин, Парацетамол, Фенилэфрин, Хлорфенирамина малеат (Хлорфенамин)
Производитель: Аджио Фармацевтикалс Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Парацетамол в комбинации с другими препаратами (исключая психолептики)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003097
Информация о регистрации в РК: 11.01.2013 - 11.01.2018

Инструкция

Саудалық атауы

АджиКОЛД Таблеткалар

Халықаралық атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: парацетамол …………………… 500 мг

фенилэфрин гидрохлориді …….10 мг

хлорфенирамин малеаты ………. 2 мг

кофеин ………………………….. 30 мг,

қосымша заттар: натрий крахмалы гликоляты, повидон, пропиленгликоль, жүгері крахмалы, метилпарабен, пропилпарабен, күнбатар түстес сары (Е110), тазартылған тальк, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ашық-қызғылт сары теңбілдері, бір жағы тегіс және екінші жағында бөлуге арналған сызығы бар қызғылт сары түсті дөңгелек жайпақ таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Анальгетиктер және антипиретиктер. Анилидтер. Парацетамол басқа да препараттармен (психолептиктерді қоспағанда) біріктірілімде

АТХ коды N02BE51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парацетамол

Асқазан-ішек жолынан жылдам сіңеді, қан плазмасы ақуыздарымен байланысады. Плазмада Т1/2 1-4 сағатты құрайды. Бауырда парацетамол глюкуронид сульфатын түзе отырып, метаболизденеді. Метаболизмі бауырда энзимдер микросомальді жүйесімен және жалпы клиренспен жүзеге асады. Плацента арқылы өтеді. Парацетамол глюкоронидация өнімдерінің гепато- және нефроуыттылығы бар, уытты әсерлері 1-2 күннен соң дамиды. Бүйрекпен негізінен конъюгация өнімдері түрінде шығарылады, 5% аздауы өзгермеген күйде бөлінеді.

Фенилэфрин гидрохлориді

Ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан нашар сіңеді. Ішек қабырғасында моноаминоксидазаның қатысуымен және бауыр арқылы «алғашқы өтуі» кезінде метаболизденеді. Биотрансформацияның негізгі жолдары – бұл сульфатталған туындылар түзуі, бұл 3-О-сульфаты фенилэфринінің түзілуіне және деаминделуіне әкеледі. Фенилэфриннің биожетімділігі төмен. Жергілікті қолданудан кейін жүйелік сіңірілуге ұшырайды.

Хлорфенирамин малеаты

Ішу арқылы қабылдаудан кейін жылдам және толық сіңеді және тіндерге таралады. 70%-ға жуығы қан плазмасы протеиндерімен байланысады.

Жартылай шығарылу уақыты шамамен 8 сағатқа жуық. Бауырда метаболизденеді. Асқазан-ішек жолынан баяу сіңеді, плазмадағы концентрация шыңына ішу арқылы қабылдағаннан кейін 2,5 – 6 сағаттан кейін жетеді. Несеппен ішінара өзгермеген түрде және диметилденген метаболиттер түрінде бөлінеді. Сыртқа шығару жылдамдығы несептің рН-на байланысты.

Кофеин

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін жеңіл сіңіріледі, оның концентрациясы қабылдағаннан соң 5-тен 90 мин. дейінгі аралықта шыңына жетеді. Организм жасушаларында жылдам бұзылады, плаценталық және гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді. Шамамен 17 – 36%-ы қан плазмасы протеиндерімен байланысады. Ересек адам организмінде 1-метилур қышқылы, 1-метилксантин және 7-метилксантин түзе отырып, бауырда жылдам метаболизденеді. Организмдегі деметилденудің негізгі метаболикалық өнімдері сәйкесінше теобромин, параксантин және теофиллиннің 1,3- және 7-деметилденген түрлерін білдіреді. Барлық метилденген өнімнің үшеуі де қан плазмасында анықталған. Деметилденген өнімдердің әрқайсысының таралуы плазмада 84% параксантинді, 12% теобромин мен 4% теофиллинді құрайды. Монометилденген өнімдердің әрқайсысы бұдан әрі қарқынды биотрансформацияға ұшырайды. Плазмадағы жартылай шығарылу уақыты орташа алғанда 4,9 сағатты құрайды, 1,9-дан 12,2. сағатқа дейін ауытқуы мүмкін. Ішекте жақсы сіңеді, плазмада Т1/2 1-4 сағатты құрайды; бүйрекпен негізінен метаболиттер түрінде шығарылады. Кофеин метаболиттерінің 1%-ға жуығы өзгермеген түрде бүйрекпен шығарылады. Неонатальді кезеңде фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген препарат.

Парацетамол ыстықты түсіретін және ауыруды басатын әсер береді, простогландиндер синтезін тежейді және гипоталамустың термореттеу орталығы қозғыштығын төмендетеді.

Фенилэфрин гидрохлориді тамыр тарылтатын әсер бере отырып, сонысымен мұрынның бітелуін кетіреді және мұрыннан шығатын бөліністердің азаюына ықпал етеді.

Хлорфенирамин малеатының аллергияға қарсы және ісінуге қарсы әсері бар, қан тамырлары өткізгіштігін азайтады, мұрын шырышты қабығының ісінуі мен гиперемиясын кетіреді, тыныс алуды жеңілдете отырып, аллергиялық ринит симптомдарын басады.

Кофеин орталық жүйке жүйесіне көтермелеуші әсер етеді, сонысымен шаршау мен ұйқышылдықтың азаюына, ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті арттырады.

Қолданылуы

  • тұмау, мұрынның бітуі сезімі, бас ауыру, қызба, қалтырау, буын мен бұлшықеттің ауыруымен қатар жүретін суық тию ауруларында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке. 1 таблеткадан күніне 2-4 рет аздаған мөлшердегі сумен ішеді. Препарат қабылдауды бастағаннан кейінгі 3-4 күн ішінде симптомдардың жеңілдегені байқалмаса, дәрігерге қаралу керек.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, есекжем, ангионевротикалық ісіну)

- бас айналу, ұйқының бұзылуы, жоғары қозғыштық, бас ауыру

- жүрек айну, ауыздың құрғауы, эпигастральді аумақтағы ауыруды сезіну

- анемия, тромбоцитопения, агранулоцитоз

- артериялық қысымның жоғарылауы, ұйықтап кетудің бұзылуы

- мидриаз, аккомодация парезі, көз ішілк қысымның жоғарылауы

- несептің іркілуі

Үлкен дозада ұзақ қолданғанда:

- гепатоуытты әсері

- гемолитикалық немесе апластикалық анемия, метгемоглобинемия, панцитопения

- нефроуыттылық (бүйректің шаншуы, глюкозурия, интерстициальді нефрит, папиллярлы некроз).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- құрамында АджиКОЛД құрамына кіретін заттар бар басқа препараттарды бір мезгілде қабылдау

- үшциклді антидепрессанттарды, моноаминоксидаза тежегіштерін, бета-адреноблокаторларын бір мезгілде қабылдау

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

- сақтықпен, мынадай кезде: глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы, қан аурулары, бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі, жабық бұрышты глаукома, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы, Жильбер синдромы, артериялық гипертензия, қалқанша без аурулары, қант диабеті, бронх демікпесі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Моноаминоксидаза тежегіштерінің, тыныштандыратын препараттардың, этанолдың әсерін күшейтеді.

Антидепрессанттар, паркинсонизмге қарсы дәрілер, антипсихотикалық дәрілер, фенотиазиндік туындылар несеп іркілуінің, ауыз құрғауының, іш қатудың даму қаупін жоғарылатады. Глюкокортикостероидтар глаукоманың даму қаупін ұлғайтады. Парацетамол диуретикалық препараттардың тиімділігін төмендетеді. Хлорфенирамин МАО тежегіштерімен, фуразолидонмен бір мезгілде гипертониялық кризге, қозуға, гиперпирексияға әкелуі мүмкін. Үшциклдік антидепрессанттар симпатомиметикалық әсерін күшейтеді, галотанды бір мезгілде тағайындау қарыншалық аритмияның даму қаупін жоғарылатады. Өз фенилэфриннің альфа-адренокөтермелеуші белсенділігін күшейтетін гуанетидиннің гипотензивті әсерін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Емдеу кезеңінде алкоголь қабылдаудан бас тарта тұрған жөн.

Бауыр мен бүйрек қызметі бұзылуы кезінде, сондай-ақ гепатоуытты әсерге ие басқа да дәрілік заттарды қабылдайтын емделушілерге сақтықпен тағайындайды. Құрамында парацетамол бар басқа препараттармен артық дозалануын болдырмас үшін тағайындалмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зейін шоғырландыруды, қимыл-қозғалыс және психикалық реакциялар жылдамдығын талап ететін жұмыстарды орындау кезінде сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Препаратты тек ұсынылған дозада қолдану керек.

Артық дозалану симптомдары, әдетте парацетамолдан болады: тері жабындарының бозаруы, анорексия, жүрек айну, құсу, гепатонекроз, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, протромбин индексінің ұзаруы.

Емі: асқазанды шаю, одан соң белсенділендірілген көмір тағайындау, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

4 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

Бір пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі басып шығарылған нұсқаулықпен картон конверттерге салынған.

25 конверттен картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

Аджио Фармацевтикалc ЛТД, Үндістан

Мумбай Централ, Мумбай 400008, Үндістан.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Аджио Фармацевтикалc ЛТД, Үндістан

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Аджио Фармацевтикалc ЛТД, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тауар сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның атауы, заңды мекенжайы

«Биола» медициналық фармацевтикалық компаниясы, Қазақстан, Алматы қ. 050016, Қонаев к-сі, 21.

Тел.: +7 (727) 2710955, факс: +7 (727) 2590939. post@biola.kz; www.biola.kz

Прикрепленные файлы

827866901477976909_ru.doc 60 кб
979355481477978065_kz.doc 122.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники