Аджизим

МНН: Панкреатин
Производитель: Аджио Фармацевтикалз Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Multienzymes (lipase, protease etc.)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019550
Информация о регистрации в РК: 26.12.2012 - 26.12.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Аджизим

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат:

227.5 мг панкреатин (212.5 мг баламалы):

липалитикалық белсенділігі: 6000 F.I.P.Б

амилалитикалық белсенділігі: 4500 F.I.P.Б

протеолитикалық белсенділігі: 300 F.I.P.Б

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (PH 102), коллоидты кремнийдің қостотығы, крахмал натрий гликоляты, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты

қабық құрамы: instacoat IC-MS-2398 (гидроксипропилметил целлюлоза, диэтилфталат, этилцеллюлоза, тальк, титанның қостотығы), изопропил спирті, дихлорметан

ішекте еритін қабықтың құрамы: instacoat IC-EN-069 (гидроксипропилметил целлюлоза фталаты, диэтилфталат, титанның қостотығы), изопропил спирті, дихлорметан

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі жағы да тегіс, ақ түсті, ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорытылуына ықпал етуші препараттар. Ас қорытушы ферментті препараттар.

АТX коды А09АА02

Фармакологиялық қасиеттері

Аджизим - ферментті препарат, құрамындағы панкреатикалық ферменттер - амилаза, липаза және протеаза, майлардың, ақуыздардың және көмірсулардың қорытылуын жеңілдетеді, бұл аш ішекте олардың толығырақ сіңуіне ықпал етеді. Препарат ұйқы безінің сыртқысекреторлық қызметі жеткіліксіздігінің орнын толтырады және ас қортыту үдерісінің жақсаруына септігін тигізеді.

Қолданылуы

Ұйқы безінің сыртқысекреторлық қызметі жеткіліксіздігі кезіндегі орын алмастырушы емде:

  • метеоризмде,

  • созылмалы панкреатитте,

  • муковисцидозда

  • панкреатектомияда

  • өт шығарудың бұзылуымен қатар жүретін бауыр, өт қабы ауруларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозасы ас қорытудың бұзылу дәрежесіне байланысты әр адамға жекелей анықталады.

Ересектерге: шайнамай, жеткілікті мөлшерде сумен ішіп қабылдау керек.

Дозасы ас қорытудың тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін бұзылу дәрежесіне байланысты әр адамға жекелей анықталады.

Препараттың тәуліктік дозасы тәулігіне үш таблеткадан аспау керек. Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

- диарея, эпигастрий аймағындағы жайсыздық

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну)

- гиперурикозурияның дамуы, қан плазмасында несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы (жоғары дозада ұзақ қабылдағанда)

- препарат қажетті дозасынан асып кеткен жағдайда, муковисцидоз кезінде тоқ ішектің илеоцекальді және төменнен жоғарылайтын бөлігінде стриктураның (фиброзды колонопатия) дамуы

- жүрек айнуы, құсу, іш қатуы

- ауыз қуысы шырышты қабығының тітіркенуі, перианальді тітіркену, (жоғары дозада қабылдағанда).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жедел панкреатит

- созылмалы панкреатиттің өршуі

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Панкреатинді темір препараттарымен бір мезгілде қабылдағанда темірдің сіңуі төмендеуі мүмкін. Құрамында кальций карбонаты және/немесе магний гидроксиді бар антацидті дәрілерді бір мезгілде қабылдау,панкреатиннің тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Муковисцидозда препарат қажетті дозасынан асып кеткен жағдайда, тоқ ішектің илеоцекальді және төменнен жоғарылайтын бөлігінде стриктураның (фиброзды колонопатия) дамуы мүмкін.

Аджизим құрамында лактоза бар, сондықтан сирек кездесетін тұқым қуалайтын галатозаны көтере алмаушылығы, Lapp лактоза тапшылығы немесе глюкоза мен галактозаның нашар сіңірілуі сияқты мәселелері бар емделушілерге бұл препаратты қабылдауға болмайды.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларда Аджизим препаратын қабылдау қауіпсіздігі әзір анықталмаған.

Жүктілік және лактация

Аджизим препаратын жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қабылдау қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға тағайындау ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозаланудың жүйелік улануды туындататынын растайтын деректер жоқ.

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, гиперурикемия немесе урикозурия, перианальді тітіркену және өте жиі, әсіресе муковисцидозы бар емледушілерде фиброзды колонопатия.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату керек, жақсы гидратация және симптоматикалық емдеу қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада 10 таблеткадан.

3 қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС – ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қабылдауға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Аджио Фармацевтикалз Лимитед, Үндістан

A—38, Нандижиот Индастриал Эстайт, Сафедпул, Курла-Андхери Роад, Мумбай- 400 072

Тел: +91-22-28518206/ 42319000

Факс: +91-22-28518204

regulatory@agio-pharma.com

Тіркеу куәлігінің иесі

Аджио Фармацевтикалз Лимитед, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Аджио Фармацевтикалз Лимитед өкілдігі

Алматы қ, Шевченко к-сі, 118 үй , 228кеңсе

тел: +7(727)2240402

regulatory@agio-pharma.com

 

Прикрепленные файлы

763205061477976946_ru.doc 51.5 кб
212858941477978102_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники