Аденопросин
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Аденопросин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ректальді суппозиторийлер, 250 мг
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат: 250мг аденопросин,
қосымша заттар: суппоцир АМ (қатты май) - 2,0 г дейін.
Сипаттамасы
Цилиндрконус пішінді, жылтыр және/немесе күңгірт беткейлі, сарыдан қоңыр түске дейінгі суппозиторийлер. Түсі қоңырлау теңбілдер түрінде түсінің біркелкі болмауына жол беріледі. Кесіндісінде ауалы және кеуекті өзектің, шұңғыма ойықтың болуына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Простатаның қатерлі емес гипертрофиясын емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды G04CX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Дәрілік зат 250 мг Аденопросин суппозиторийлері әсері Lymantria dispar түрі жәндіктерінің балаңқұрттарынан алынған биомассаның биологиялық белсенді компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады, сондықтан осы сәтте фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі жоқ.
Фармакодинамикасы
250 мг АДЕНОПРОСИН суппозиторийлері дәрілік затының құрамына кіретін белсенді зат Lymantria dispar түрі жәндіктері балаңқұрттарынан алынған, құрамында липопротеидтер бар биомассаны білдіреді, антиоксидантты, вазопротективті, қабынуға қарсы және иммунитет түрлендіруші әсер береді.
Препараттың биологиялық белсенді компоненттері А2 - фосфолипазаның түзілуін және простагландиндер мен лейкотриендер синтезінің төмендеуімен арахидон қышқылы босап шығуын төмендетеді (5-липооксигеназаны бәсеңдетеді). Препарат тамырлардың өткізгіштігін төмендетеді және простата ісінуін азайтады. Аденопросин әсерінің қуық асты безі қатерсіз гиперплазиясымен (ҚБҚГ), оның ішінде созылмалы простатит симптомдары басым емделушілерге жағымды әсері бар. Препарат, сондай-ақ несеп шығаруды жеңілдете және жиілігін, әсіресе түнгі уақытта, төмендете отырып, несеп шығару жолдарының төменгі сегменттерінің тонусы мен перистальтикасын реттейді. Патогенетикалық және спецификалық емес механизмдерінің арқасында дәрілік зат Аденопросин 250 мг суппозиторийі уродинамикалық параметрлерді және ҚБҚГ мен созылмалы простатиті бар емделушілердің жай-күйін жақсартады.
Дәрілік зат 250 мг Аденопросин суппозиторийлерінің антиоксиданттық әсері препараттың антиоксидантты суда еритін қосылыстар есебінен липидтердің пероксидациясын тежеумен көрінеді.
Қолданылуы
- созылмалы простатитпен біріккен немесе бірікпеген қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында (I-II дәрежесі)
- қабынуға қарсы және антибактериялық препараттармен бірге созылмалы простатитте
Қолдану тәсілі және дозалары
Ректальді. Бір суппозиторийден күніне бір рет (дұрысы түнге қарай белгілі бір уақытта). Емдеу курсының ұзақтығы простата деңгейіндегі қабыну үдерісінің қарқындылығына және қуық асты безі аденомасы симптомдарының айқындығына, сондай-ақ олардың қосарласа жүруіне байланысты 1-ден 3 айға дейін жалғасады. Қажет болғанда емдеу курсын қайталауға болады.
Жағымсыз әсерлері
Сирек
- диарея және нәжістің жиілеуі
Басқалары
-
астения
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- несептің жедел іркілісі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қазіргі кезде Аденопросин дәрілік затының басқа дәрілермен клиникалық мәнді өзара әрекеттесу жағдайлары туралы хабарланбаған.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты дефекациядан немесе клизмадан кейін қолданған жөн. Препаратты енгізгеннен кейін емделушіні 30 – 40 минут шалқасынан жатқыза тұру ұсынылады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Қазіргі кезде препараттың артық дозалану жағдайлары жөнінде хабарланбаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 суппозиторийден.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«ФАРМАПРИМ» ЖШҚ
Кринилор к-сі, 5,
Порумбень а., Криулень ауд.,
Молдова Республикаcы, MD – 4829
www.farmaprim.md
Тіркеу куәлігінің иесі
«ФАРМАПРИМ» ЖШҚ, Молдова Республикаcы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасындағы «ФАРМАПРИМ» ЖШҚ фирмасының өкілдігі, Алматы қ., Гоголь к-сі, 86, 528 кеңсе, тел. 8-727-2796518, farmaprim.kz@farmaprim.md