Адвант (8 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Адвант
Халықаралық патенттелмеген атауы
Кандесартан
Дәрілік түрі
8 мг және 16 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: 8 мг кандесартан цилексетилі,
қосымша заттар: лактоза моногидраты (лактоза регулар), фармакоат 606 (НРМС), полисорбат 80, кальций карбоксиметилцеллюлозасы, магний стеараты, темірдің сары тотығы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: 16 мг кандесартан цилексетилі,
қосымша заттар: лактоза моногидраты (лактоза регулар), фармакоат 606 (НРМС), полисорбат 80, кальций карбоксиметилцеллюлозасы, магний стеараты
Сипаттамасы
Крем түсті, шаршы пішінді және доғалданған жиектерімен, екі беті дөңес, бір жағында сызығымен және басқа жағы тегіс таблеткалар (8 мг доза үшін).
Ақ түсті, шаршы пішінді және доғалданған жиектерімен, екі беті дөңес, бір жағында сызығымен және басқа жағы тегіс таблеткалар (16 мг доза үшін).
Терапиялық тобы
Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін препараттар.
Ангиотензин II антагонистері. Кандесартан
АТХ коды С09СА06
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін, кандесартан цилексетилі кандесартанның белсенді затына айналады. Бір дозаның абсолютті биожетімділігі 14%-ды құрайды. Сарысудағы орташа ең жоғары концентрациясына (Cmax) таблетканы қабылдағаннан кейін 3-4 сағаттан соң жетеді. Қан сарысуындағы кандесартанның концентрациясы дозалардың терапиялық интервалында дозаны ұлғаюына қарай дозаға тәуелді өседі. Сарысудағы кандесартанның фармакокинетикалық қисық астындағы ауданы (AUC) ас ішуге тәуелді емес. Кандесартан фармакокинетикасындағы гендерлік ерекшеліктер байқалмайды. Кандесартан плазма ақуыздарымен (99%-дан астам) жылдам байланысады. Кандесартанның болжамды таралу көлемі 0,1 л/кг құрайды. Кандесартан, негізінде, несеппен және өтпен өзгеріссіз күйде және бауыр метаболизмі (CYP2C9) жолымен болмашы дәрежеде шығарылады. Кандесартанның жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 9 сағатқа жуық уақытты құрайды. Кандесартанның жартылай шығарылу кезеңі гидрохлоротиазидпен біріктірімде кандесартан цилексетилін қабылдағаннан кейін өзгеріссіз қалады. Препаратты көп рет қабылдағаннан кейін кумуляциясы жоқ. Біріктірімнің қайталанған дозаларынан кейін, монотерапиямен салыстырғанда, кандесартанның қосымша кумуляциясы байқалмайды.
Қандағы кандесартанның жалпы клиренсі 0.37 мл/мин/кг жуықты құрайды, бүйрек клиренсі - 0,19 мл/мин/кг жуық. Кандесартан шумақтық сүзіліс және белсенді өзекшелі секреция арқылы бүйрекпен шығарылады. Кандесартан цилексетилін қабылдағаннан кейін, несеппен шамамен дозаның 26% және 7% белсенді емес метаболит өзгеріссіз күйде, содан кейін нәжіспен шамамен дозаның 56% өзгеріссіз күйде және 10% белсенді емес метаболиттер түрінде шығарылады.
Егде жастағы тұлғаларда (65 жастан асқан) кандесартанның Cmax және AUC, тиісінше, жас пациенттермен салыстырғанда, шамамен 50% және 80%-ға жоғарылайды. Дегенмен, жас және егде жастағы пациенттерге енгізілген дозадан кейінгі артериялық қысымның реакциясы және жағымсыз әсерлердің жиілігі бірдей. Жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттерде қайталанған дозалау кезінде кандесартанның Cmax және AUC шамамен 50% және 70%-ға тиісінше ұлғаяды, бірақ бүйректерінің қалыпты функциясымен пациенттермен салыстырғанда, жартылай шығарылу кезеңі (Т½) өзгермейді. Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттерде тиісті өзгерістер шамамен тиісінше 50 % және 110 %, құрады. Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттерде кандесартанның жартылай шығарылу кезеңі (Т ½) екі еселенді.
Гемодиализдегі пациенттердің фармакокинетикасы ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттердегідей болып қалады.
Ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерде қолдану тәжірибесі жоқ.
Фармакодинамикасы
Ангиотензин II - ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйенің (РААЖ) негізгі гормоны, ол артериялық гипертензияның патогенезінде, жүрек жеткіліксіздігінде және басқа да жүрек-тамыр ауруларында маңызды роль атқарады. Ангиотензин II-нің негізгі физиологиялық әсерлері
вазоконстрикция, альдостерон өндірілуінің стимуляциясы, су-электролитті жағдайды реттеу және жасушалық өсуді стимуляциялау болып табылады. Әсерлері 1 типті ангиотензинді рецепторлармен (AT1-рецепторлармен) ангиотензин II-нің өзара әсерлесуімен байланысты.
Кандесартан - ангиотензин II-нің AT1-рецепторларының селективті антагонисі, АӨФ (ангиотензин I-дің брадикининді ыдырататын ангиотензин II-ге өзгеруін жүзеге асырушы) тежемейді, брадикининнің немесе Р субстанциясының жиналуына әкелмейді. Aнгиотензин II-нің AT1-рецепторларын бөгеу нәтижесінде ренин, ангиотензин I, ангиотензин II деңгейінің дозаға тәуелді жоғарылауы және қан плазмасындағы альдостеронның концентрациясының төмендеуі болады.
АӨФ тежегіштерімен кандесартанды салыстырғанда, жөтелдің дамуы кандесартан цилексетилін қабылдаған пациенттерде сирек кездесті. Кандесартан басқа гормондардың рецепторларымен байланыспайды және жүрек-тамыр жүйесінің функциясын реттеуге қатысатын иондық каналдарды бөгемейді.
Қолданылуы
- артериялық гипертензияны емдеу үшін. Жекелей немесе басқа да антигипертензиялық дәрілермен біріктірілімде қолдану.
- созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде және солжақ қарыншаның систолалық функциясының бұзылуында (СҚСФ < 40% төмендеуі), ангиотензин-өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштеріне қосымша ем ретінде немесе АӨФ тежегіштерін көтере алмаушылық кезінде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Адвант препаратын ас ішуге тәуелсіз тәулігіне 1 рет қабылдау керек.
Артериялық гипертензия
Адванттың ұсынылатын бастапқы және демеуші дозасы тәулігіне 1 рет 8 мг-ды құрайды. Артериялық қысымын бұдан әрі төмендету талап етілетін пациенттерге дозаны тәулігіне 1 рет 16 мг-ға дейін ұлғайту ұсынылады. Ең жоғары антигипертензиялық әсерге ем басталған күннен бастап 4 апта ішінде жетеді.
Егер Адвантпен емдеу оңтайлы деңгейге дейін артериялық қысымның төмендеуіне әкелмеген жағдайда, емге тиазидті диуретикті қосу ұсынылады.
Бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттер
Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуымен пациенттерде (креатинин клиренсі > 30 мл/мин/1.73м2 дене беткейінің ауданына) препараттың бастапқы дозасын өзгерту талап етілмейді.
Бүйрек функциясының ауыр бұзылуымен пациенттерде (креатинин клиренсі <30 мл/мин/1.73 м2 дене беткейінің ауданына) препаратты қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі; бұл жағдайда 4 мг тәуліктік дозамен ем бастау мүмкіндігін қарастыру керек.
Бауыр функциясының бұзылуымен пациенттер
Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежеде бұзылуымен пациенттерде тәулігіне 1 рет 2 мг тәуліктік дозамен емді бастау керек. Қажет болған кезде дозаны ұлғайту мүмкін. Бауырдың ауыр зақымдануымен науқастарда қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
Адванттың ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 4 мг құрайды. Тәулігіне бір рет 32 мг-ге дейін немесе ең жоғары көтере алатын дозаға дейін дозаны ұлғайту оны кемінде 2 апта аралығымен екі еселендіру жолымен жүргізіледі.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттерде және бүйрек функциясының бұзылуымен немесе бауыр функциясының жеңіл немесе орташа дәрежедегі ауырлықтағы бұзылуымен пациенттерде препараттың бастапқы дозасын өзгерту талап етілмейді.
Балаларда және жасөспірімдерде қолдану
Балаларда және (18 жасқа дейінгі) жасөспірімдерде
Адвантты қолдану қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (1/100-ден <1/10 дейін): - тыныс жолдарының инфекциясы - бас айналу/вертиго, бас ауыру Өте сирек (<1/10 000): - лейкопения, нейтропения және агранулоцитоз - гиперкалиемия, гипонатриемия - жөтел - жүрек айну - бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, бауыр функциясының бұзылуы немесе гепатит - Квинке ісінуі, бөртпе, есекжем, қышыну - арқаның ауыруы, артралгия, миалгия - бүйрек жеткіліксіздігі, соның ішінде бейім пациенттерде бүйрек функциясының бұзылуы
Болжамды жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар
Препараттың болжамды жағымсыз реакциялары туралы деректерді ұсыну дәрілік заттың қаупі/пайдасы арақатынасының үздіксіз мониторингісін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды сәт болып табылады. Медицина қызметкерлері нұсқаулықтың соңында көрсетілген байланыстар бойынша, сондай-ақ ұлттық ақпаратты жинау жүйесі арқылы кез келген болжамды жағымсыз реакциялар туралы ақпаратты ұсынуы керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- кандесартан цилексетиліне немесе препараттың құрамына кіретін басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- бауыр функциясының айқын бұзылулары және/немесе холестаз
- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Кандесартанның варфаринмен, дигоксинмен, ішке қабылданатын контрацептивтермен (мысалы, этинилэстрадиол/левоноргестрел), глибенкламидпен және нифедипинмен клиникалық елеулі дәрілік өзара әсері анықталмады.
Гидрохлоротиазидті қолдануда сипатталатын гипокалиемия әсері калийді жоғалтумен және гипокалиемиямен (мысалы, басқа да калийуретикалық диуретиктермен, іш жүргізетін дәрілермен, амфотерицинмен, карбеноксолонмен, натрий бензилпенициллинімен, салицил қышқылының туындыларымен, стероидтармен, АКТГ) астасатын басқа да дәрілік заттармен күшейеді.
Кандесартанды калийсақтағыш диуретиктермен, калий қоспаларымен, тұз алмастырғыштармен немесе калийдің деңгейін жоғарылатуы мүмкін басқа да дәрілік заттармен (мысалы, натрий гепаринімен) бірмезгілде қолдану қан плазмасындағы калий деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Қажет болған кезде калий деңгейіне мониторинг жүргізу керек.
Диуретиктермен туындаған гипокалиемия және гипомагниемия дигиталис гликозидтерінің және антиаритмиялық дәрілердің болжамды кардиоуыттылығын әлеуеттендіреді.
Адвантты аталған дәрілік заттармен және «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияны туғызуы мүмкін басқа да дәрілік заттармен қолдану кезінде қан плазмасында калий деңгейін кезеңді бақылау ұсынылады:
-Ia класты антиаритмиялық препараттар (мысалы, хинидин, гидрохинидин, дизопирамид),
-III класты антиаритмиялық препараттар (мысалы, амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид);
-кейбір нейролептиктер (мысалы, тиоридазин, хлорпромазин, левомепромазин, трифлуоперазин, циамемазин, сульпирид, сультоприд, амисульприд, тиаприд, пимозид, галоперидол, дроперидол);
-басқа да препараттар (мысалы, бепридил, цизаприд, дифеманил, эритромицин вена ішіне, галофантрин, кетансерин, мизоластин, пентамидин, спарфлоксацин, терфенадин, винкамин вена ішіне).
Литийді ангиотензин-конвертациялаушы фермент (АКФ) тежегіштерімен немесе гидрохлоротиазидпен бірмезгілде қолдану кезінде қан плазмасында литий концентрациясының қайтымды жоғарылауы және оның уыттылығы туралы хабарламалар бар. Мұндай әсер туралы сондай-ақ ангиотензин ІІ рецепторының антагонистерін қолдану кезінде хабарланды. Литиймен кандесартанды және гидрохлоротиазидті қолдану ұсынылмайды. Біріктіріп қолдану қажет болған кезде қан плазмасындағы литийдің деңгейін мұқият бақылау ұсынылады. Ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистерін қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) (мысалы, ЦОГ-2 селективті ингибиторларымен, ацетилсалицил қышқылымен (> 3 г/тәул) және селективті емес ҚҚСП) бірмезгілде қолдану жағдайында антигипертензиялық әсер төмендеуі мүмкін.
АКФ тежегіштерін қолдану кезіндегідей, ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистерін және ҚҚСП бірмезгілде қолдану әсіресе анамнезінде бүйрек функциясының бұзылуы кезінде жедел бүйрек жеткіліксіздігі мүмкіндігімен, сондай-ақ гиперкалиемияны қоса, бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін жоғарылатуы ықтимал.
Айрықша нұсқаулар
Бүйрек жеткіліксіздігі/бүйрек трансплантациясы:
Бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерге Адвантты қолдану жағдайларында калийдің, креатининнің және несеп қышқылының деңгейлерін мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады.
Жуық арада бүйрек трансплантациясымен пациенттерде Адвантты қолдану тәжірибесі болмай тұр.
Бүйрек артериясының стенозы
Ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйеге әсер ететін дәрілік препараттар, соның ішінде ангиотензин II рецепторларының антагонистері екі жақты бүйрек артерияларының стенозымен немесе жалғыз бүйрек артериясының стенозымен пациенттерде қандағы мочевинаның және қан сарысуындағы креатининнің деңгейін ұлғайтуы мүмкін.
Артериялық гипотензия
Жүрек жеткіліксіздігімен пациенттерде Адвантпен емдеу аясында артериялық гипотензия дамуы мүмкін. Ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйеге әсер ететін басқа да препараттарды қолдану кезіндегідей, артериялық гипертензиямен пациенттерде артериялық гипотензия даму себебі айналымдағы қанның көлемін азайтуы мүмкін, бұл диуретиктердің жоғары дозаларын қабылдайтын пациенттерде байқалады. Сондықтан ем басында абайлау керек, қажет болған кезде гиповолемияны түзетуді жүргізу керек.
Анестезия және хирургиялық араласымдар
Ангиотензин II рецепторларының антагонистерімен ем қабылдайтын пациенттерде гипотензия ренин-ангиотензинді жүйені бөгеу салдарынан анестезия және хирургиялық араласымдар уақытында дамуы мүмкін. Өте сирек жағдайларда гипотензия сондай ауыр болуы мүмкін, тіпті венаішілік сұйықтықтарды және/немесе вазопрессорларды қолдану талап етіледі.
Бауыр жеткіліксіздігі
Тиазидтерді бауыр функциясының бұзылуымен немесе өршіген ауруларымен пациенттерде абайлап қолдану керек, себебі су-электролиттік теңгерімнің болмашы өзгерістері бауыр комасына түрткі болуы мүмкін. Бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерде Адвантты клиникалық қолдану тәжірибесі болмай тұр.
Аортаның және митральді клапанның стенозы (обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатия)
Басқа да тамыр кеңейткіш дәрілермен жағдайдағыдай, аортаның немесе митральді клапанның гемодинамикалық мәні бар стенозымен немесе обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатиямен пациенттерді емдеу кезінде ерекше сақ болу керек.
Алғашқы гиперальдостеронизм:
Алғашқы гиперальдостеронизммен пациенттер әдетте ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйені тежеу жолымен әсер ететін антигипертензиялық дәрілік заттарға жауап бермейді. Сондықтан пациенттердің осы тобында Адвантты пайдалану ұсынылмайды.
Электролиттік дисбаланс
Кандесартан цилексетилімен емдеу, әсіресе жүрек және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі болған кезде гиперкалиемия туғызуы мүмкін. Адвантты және калийсақтайтын диуретиктерді, калий қоспаларын, тұз алмастырғыштарын немесе қан плазмасындағы калийдің деңгейін жоғарылататын басқа да дәрілік препараттарды (мысалы, натрий гепаринін) бірмезгілде қолдану қан плазмасындағы калий деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Қажет болған кезде калий деңгейіне мониторинг жүргізу керек. Көрсетілгендей, тиазидтер несеппен магнийдің шығарылуын жоғарылатады, бұл гипомагниемияға әкелуі мүмкін.
Жалпы мәліметтер
Тамыр тонусына және бүйрек функциясына ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйенің белсенділігін нақты мәнінде (мысалы, ауыр іркілген жүрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек артерияларының стенозын қоса, бүйрек аурулары кезінде) ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистерін қоса, осы жүйеге әсер ететін басқа да дәрілік заттармен емдеу жедел гипотензиямен, азотемиямен, олигуриямен және кейде жедел бүйрек жеткіліксіздігімен астасқан. Басқа да антигипертензиялық препараттармен жағдайдағыдай, жүректің ишемиялық ауыруымен немесе атеросклероздық цереброваскулярлық ауыруымен пациенттерде артериялық қысымның айқын төмендеуі миокард инфарктысына немесе инсультке әкелуі мүмкін.
Адванттың антигипертензиялық әсері басқа да антигипертензиялық препараттардың есебінен де жоғарылауы мүмкін. Адвант таблеткасының құрамында лактоза бар. Сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылықпен, Лаппа лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен пациенттерде бұл препаратты қолдануға болмайды.
Педиатрияда қолдану
Балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге препаратты қолдану ұсынылмайды (қолдану қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған).
Жүктілік және емшек емізу кезінде қолдану
Жүктілерде кандесартанды қолдану тәжірибесі шектеулі. Жүктіліктің I триместрінде ұрық үшін мүмкін қауіп туралы айту үшін бұл деректер жеткіліксіз.
Адамның эмбрионында РААС дамуына байланысты бүйректі қанмен жабдықтау жүйесі жүктіліктің II триместрінде қалыптаса бастайды: ұрық үшін қауіп кандесартанды жүктіліктің соңғы 6 айында тағайындағанда ұлғаяды.
Жүктіліктің соңғы алты айында препаратты қолдану кезінде РААС-қа тура әсер ететін дәрілер өлімге әкелуі мүмкін ұрық дамуының бұзылыстарын тудыруы немесе жаңа туылған нәрестеге кері әсер етуі мүмкін (артериялық гипотензия, бүйрек функциясының бұзылуы, олигурия және/немесе анурия, олигогидрамнион, бас сүйегінің гипоплазиясы, құрсақтағы дамудың кешеуілдеуі). Сондай-ақ өкпе гипоплазиясы, бет аномалиясы және қол-аяқ контрактурасы жағдайлары сипатталған.
Жануарларға зерттеулерде кандесартанды қолдану кезінде эмбриональді және неонатальді кезеңдерде бүйректің зақымдануы анықталған. Зақымдану механизмі РААС-қа препараттың фармакологиялық әсеріне негізделгені жорамалданады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автомобильді басқару және механизммен жұмыс істеу қабілетіне ықпал ету туралы зерттеулер жүргізілмеген.
Көлік құралын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу кезінде, кейде кандесартанмен емдеу уақытында бас айналу және шаршағандық туындауы мүмкін екендігін ескеру керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: Пациенттердің ауыр салдарсыз сауығып кетуімен аяқталған, препараттың артық дозалануының (кандесартан цилексетилін 672 мг-ға дейін) жекелеген жағдайлары сипатталған. Гидрохлортиазидпен негізгі артық дозалану көрінісі сұйықтықты және электролиттерді жедел жоғалту болып табылады. Сондай-ақ мынадай симптомдар байқалды мысалы, бас айналу, АҚ төмендеуі, ауыздың құрғауы, тахикардия, қарыншалық аритмия, седация, естен тану және бұлшықет құрысулары.
Емі: құсық шақыру немесе асқазанды шаю, симптоматикалық ем және өмірлік маңызды функцияларына мониторинг жүргізу. Пациентті аяқтарын сәл көтеріп, арқасымен жатқызу керек. Қажет болған кезде – су-электролиттік теңгерімді қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар, симптоматикалық дәрілер тағайындалуы мүмкін. Гидрохлоротиазид гемодиализінің көмегімен қандай дәрежеде шығарылатыны белгісіз. Кандесартан гемодиализдің көмегімен шығарылмайды.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Препарат лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 таблеткадан салынады.
Медициналық қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 2 пішінді қаптамадан картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
Құрғақ және жарықтан қорғалған жерде 15 °С-ден 30°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы.
Өндіруші
Гетц Фарма (Пвт.) Лимитед, Пәкістан,
29-30/27, К.И.А. , Карачи – 74900.
Тел: +(92-21) 111 111 511
Факс: +(92-21) 350 5792
www.getzpharma.com
Тіркеу куәлігінің иесі
Гетц Фарма (Пвт.) Лимитед, Пәкістан
Қаптаушы ұйымның атауы және елі
Гетц Фарма (Пвт.) Лимитед, Пәкістан,
29-30/27, К.И.А. , Карачи – 74900.
Тел: +(92-21) 111 111 511
Факс: +(92-21) 350 5792
www.getzpharma.com
Қазақстан Республикасы аумағында препарат сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден соң қадағалуға жауапты ұйымның мекенжайы
Гетц Фарма (Пвт.) Лимитед компаниясының ҚР өкілдігі
Алматы қ., Шевченко к., 148-үй
тел/факс +7(727)378-51-89, 378-54-78
e-mail: svetlana.kuleshova@getzpharma.com