Адаптол® (300 мг)

МНН: Тетраметилтетраазабициклооктандион (мебикар)
Производитель: ОЛАЙНФАРМ АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие анксиолитики
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018552
Информация о регистрации в РК: 26.12.2011 - 26.12.2016

Инструкция

Саудалық атауы

адаптол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

300 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсула құрамында

белсенді зат- 300 мг мебикар,

қосымша заттар: метилцеллюлоза, кальций стеараты,

капсула корпусы мен қақпағының құрамы: желатин, титанның қостотығы Е171.

Сипаттамасы

Ақ/ақ түсті, №0 қатты желатин капсулалар, ішінде ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ бар, шыны таяқша тигенде төгіліп кететін, баған түрінде тығыздалуына жол беріледі. Бөліктерінің мөлшері біркелкі болмауы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да анксиолитиктерАТЖ коды N05BX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты пероральді қабылдағанда мебикар дозасының 77-80  қанға барады, 40  - ға дейінгі мөлшері эритроциттермен байланысады. Мебикардың қалған бөлігі қан плазмасының ақуыздарымен байланыспайды және плазмада бос күйінде болады, ағзада кедергісіз таралады да, жасушалық жарғақшалардан еркін өтеді. Мебикардың қандағы ең жоғары концентрациясына препарат қабылдаған соң 0,5 сағат өткенде жетеді және жоғары деңгейі 3-4 сағат бойы сақталады, одан кейін біртіндеп төмендейді.

Жартылай шығарылу кезеңі 8 сағатты құрайды. Әсер етуші заты ағзадан несеп пен нәжіс арқылы бір тәуліктің ішінде толық шығарылады.

Препарат биохимиялық өзгерістерге ұшырамайды және ағзада жинақталып қалмайды.

Фармакодинамикасы

Адаптол орташа тыныштандыратын белсенділікке ие, мазасыздықты, қорқынышты, үрейді, ішкі эмоциональдық ширығу мен ашушаңдықты жояды немесе әлсіретеді. Адаптол лимбикалық-ретикулярлы кешеніне, оның ішінде гипоталамустың эмоциогенді аймақтарының құрамына кіретін құрылымдардың белсенділігіне әсер етеді. Олардың теңгерілуі және бірігуіне ықпал ете отырып, сондай-ақ ГАМК барлық 4 негізгі нейромедиаторлы жүйелеріне, холин-, серотонин- әрі адренергиялық жүйелерге әсер етеді, бірақ шеткергі адренонегативті әсері жоқ.

Препараттың транквилизирлейтін әсері миорелаксацияны және қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуын тудырмайды. Осы себепті Адаптолды “күндізгі транквилизатор” деп атайды. Ұйықтататын әсері жоқ, бірақ ұйықтататын дәрілердің әсерін күшейтеді және ұйқы бұзылғанда ұйқыны жақсартады. Адаптол никотиндік абстиненцияны жеңілдетеді немесе басады.

Қолданылуы

  • ашушаңдық, эмоциональдық тұрақсыздық, үрей мен қорқыныш құбылыстарымен өтетін невроздар мен неврозға ұқсас жай-күйлерде

  • олар туғызатын соматовегетативтік және неврологиялық жағымсыз әсерлерді жою мақсатында нейролептиктер мен транквилизаторларды көтере алуды жақсарту үшін

  • түрлі генездегі (жүректің ишемиялық ауруымен байланысты емес) кардиалгиялар кезінде

  • жиынтық ем құрамында темекі шегуге құмарлықты төмендететін дәрі ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Адаптолды тамақтануға қарамастан 300-600 мг-дан күніне 2-3 рет ішке қабылдайды. Ең жоғарғы бір реттік дозасы 3 г, тәуліктік дозасы – 10 г құрайды. Емдеу курсының ұзақтығы – бірнеше күннен 2-3 айға дейін.

Жиынтық ем кезінде темекі шегуге құмарлықты төмендететін дәрі ретінде препаратты 5-6 апта бойы 600-900 мг-дан күніне 3 рет тағайындайды. Адаптолға дағдылану мен құмарлану, тоқтату синдромы анықталмаған.

Егер кезекті доза қабылданбай қалса, емдеу курсын бұрын тағайындалған дозада жалғастырады. Қажет кезінде емдеуші дәрігерден кеңес алу керек.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар (терідегі бөртпе, қышыма)

  • диспепсиялық құбылыстар (қыжыл, кекіру, іштің керу сезімі, іш өту)

  • гипотензия, дене температурасының төмендеуі

  • әлсіздік, бас айналуы

Әдетте Адаптол жақсы көтерілімді. Көрсетілген жағымсыз әсерлері жоғары дозаларды қолданудан кейін пайда болуы ықтимал. Бұл жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе қосымша затқа жоғары сезімталдықта

  • жүктілік пен лактация кезеңінде

  • балалық және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдік жаста

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Адаптолды нейролептиктермен, транквилизаторлармен (бензодиазепиндермен), ұйықтататын дәрілермен, антидепрессанттармен және психокөтермелегіштермен біріктіруге болады.

Айрықша нұсқаулар

Гипотензия және/немесе дене температурасының төмендеуі (дене температурасы 1-1,5 °С-ге дейін төмендеуі мүмкін) жағдайында препарат қабылдауды тоқтату талап етілмейді. Артериялық қысым және дене температурасы өз бетінше бірнеше күн ішінде қалыпқа түседі.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын жүргізушілері мен кәсібі назар аудару жітілігін талап ететін адамдарға жұмыс уақытында қолдануға болмайды.

Артық дозаланғанда

Препараттың уыттылығы төмен. Әдеттегі клиникалық артық дозалануы болмайды. Ауыр улану жағдайлары тіркелмеген.

Симптомдары: әлсіздік, гипотензия, бас айналуы байқалуы мүмкін.

Емдеу: симптоматикалық ем, оның ішінде асқазанды шаю.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

2,3 немесе 4 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

 

Сақтау шарттары

Құрғақ, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

“ОЛАЙНФАРМ” АҚ.

Мекенжайы: Рупницу к. 5, Олайне, LV - 2114, Латвия.

Тіркеу куәлігінің иесі

«ОЛАЙНФАРМ» АҚ

Мекенжайы: Рупницу к. 5, Олайне, LV-2114, Латвия.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

050009 Алматы қ., Абай д. 151/115, 807 кеңсе,

телефон /факс 007 727 333 46 52,

E-mail altynay1992@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

140189641477977190_ru.doc 46.5 кб
826820961477978355_kz.doc 49.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники