Агриппин®

МНН: Аскорбиновая кислота, Дифенгидрамин, Кальция глюконат, Парацетамол, Рутозид
Производитель: ТОО "ПЛП "ЖАНАФАРМ"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Парацетамол в комбинации с другими препаратами (исключая психолептики)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005478
Информация о регистрации в РК: 13.10.2021 - 13.10.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Агриппин ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: парацетамол 0,25 г, аскорбин қышқылы 0,15 г, каль­ций глюконаты 0,05 г, дифенгидрамин гидрохлориді 0,01 г, рутин 0,01 г;

қосымша заттар: крахмал, аэросил, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Ақшыл сары түсті, теңбілдері бар, бір жағында сызығы бар, диаметрі 12.00 мм. жайпақ цилиндрлі таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да анальгетиктер-антипиретиктер. Басқа препараттармен біріктірілімде парацетамол.

ATX коды N02BA51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат компоненттері асқазан-ішек жолынан жылдам сіңеді және айтарлықтай жылдам метабилизденеді. Ас қабылдау қан плазмасында С мах жету уақытын аздап ұзартады, бірақ осы көрсеткіштің абсолютті мөлшеріне және биожетімділігіне әсер етпейді. Препарат компоненттері негізінен бүйректермен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Парацетамол – ыстықты түсіретін, ауыруды басатын және қабынуға қарсы дәрі.

Әсері циклооксигеназа ферментін бөгеу және гипотоламустағы жылуды реттеу орталығына әсер ету есебінен простагландиндер синтезінің бәсеңдеуімен өзара байланысты.

Аскорбин қышқылы тотығу-тотықсыздану үдерістерін, көмірсу алмасуы, қан ұюы, тіндердің регенирациясын реттеуде маңызды роль атқарады. Организ­мнің қарсы күресуінің жоғарылауына ықпал етеді.

Димедрол - аллергияға қарсы, ісінуге қарсы, жергілікті жансыздандыратын (қантамырларының өткізгіштігін төмендетеді, мұрынның шырышты қабатының ісінуі мен гиперемиясын қайтарады) әсер білдіретін антигистаминдік дәрі. Кальций глюконаты кальций мен фосфор алмасуының реттегіші болып табылады, аллергияға қарсы әсер білдіреді, қантамырлардың өткізгіштігін азайтады.

Рутин – тұмауда геморрагиялық үдерістермен өзара байланысты қантамырлардың жоғары өткізгіштігі мен сынғыштығының дамуының алдын алады, сондай-ақ қылтамырлық қанайналымын қалпына келтіреді.

Қолданылуы

  • қызбамен қатар жүретін инфекциялық- қабыну ауруларда (ЖРВИ, тұмау)

  • шығу тегі әртүрлі ауыру синдромында (бас, бұлшықет және буын аурулары)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылданады.

Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға 1-2 таблеткадан күніне 3 рет тамақтан кейін.

6-дан 15 жасқа дейінгі балаларға 1 таблеткадан күніне 3 рет тамақтан кейін. Емдеу ұзақтығы ыстықты түсіретін дәрі ретінде 3 күннен аспайды және ауыруды басатын дәрі ретінде 5 күннен аспайды.

Жағымсыз әсерлері

  • бас айналуы

  • ұйқының бұзылуы

  • терінің аллергиялық реакциялары

  • бронхтүйілуі

  • ұзақ уақыт қолданғанда гепатоуыттылық және нефроуыттылық әсері дамиды

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • қан аурулары

  • бауыр және бүйрек функцияларының айқын бұзылуы

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Агриппин препаратын антикоагулянттармен, кортизон туындыларымен, анальгетиктермен, ҚҚСД, нейролептиктермен және этанолмен бір мезгілде қолдану осы препараттардың жағымсыз әсерлерінің даму қаупін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуында сақтықпен тағайындайды.

Артық дозалануының алдын алу үшін Агриппинді құрамында

парацетамол бар басқа препараттармен бір мезгілде тағайындауға

болмайды. Агриппинмен емдеу кезінде алкагольді қабылдауға

болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезінде ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді

басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор

механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, тершеңдік, тері беткейлерінің бозаруы.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір тағайындау, симптомдық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан полимерлі жабынымен біріктірілген қағаздан жасалған пішінді қаптамаға салынады. 250 пішінді қаптамадан қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге топтық қаптамаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 150 С-ден 25ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ЖАНАФАРМ ДПӨ» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Өндірістің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050007, Алматы қ-сы, Шухо­в к-сі, 37 Б, тел./факс: +7 727 2312285

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЖАНАФАРМ ДПӨ» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ЖАНАФАРМ ДПӨ» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050007, Алматы қ-сы, Шухо­в к-сі, 37 Б, тел./факс: +7 727 2312285, e-mail: info@zhanafarm.kz

 

000061

 

Прикрепленные файлы

364997911477976214_ru.doc 49.5 кб
388595421477977475_kz.doc 80 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники