Агриппин SR®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Агриппин SR
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: ацетилсалицил қышқылы 0,25 г, аскорбин қышқылы 0,15 г, кальций глюконаты 0,05 г, дифенгидрамин гидрохлориді 0,01 г, рутин 0,01 г;
қосымша заттар: крахмал, аэросил, кальций стеараты.
Сипаттамасы
Әлсіз-сарғыш түсті теңбілдерімен, бір жағында сызығы бар, диаметрі 12 мм. жайпақ цилиндрлі ақшыл сары түсті таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да анальгетиктер-антипиретиктер. Басқа препараттармен біріктірілімде ацетилсалицил қышқылы.
ATX коды N02BA51
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат компоненттері асқазан-ішек жолынан жылдам сіңеді және айтарлықтай жылдам метаболизденеді. Ас қабылдау қан плазмасында компоненттердің ең жоғары концентрацияға жету уақытын аздап ұзартады, бірақ осы көрсеткіштің абсолютті мөлшеріне және биожетімділігіне әсер етпейді. Препарат компоненттері негізінен бүйректермен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Ацетилсалицил қышқылы – қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін, сондай-ақ ауыруды басатын әсер білдіреді.
Ацетилсалицил қышқылының қабынуға қарсы әсері оның қабыну ошағында жүретін үдерістерге әсерімен түсіндіріледі: капиллярлар өткізгіштігінің азаюымен, гиалуронидаза белсенділігінің төмендеуімен, АТФ түзілуін тежеу жолымен қабыну үдерісінің энергеямен қамтамасыз етілуінің шектелуімен және т.б.
Ыстықты түсіретін әсері жылу реттеудің гипоталамдық орталығына әсерімен байланысты.
Ауыруды басатын әсері ауыруды сезіну орталығына әсерімен және салицилаттардың брадикининнің альгогендік әсерін азайтуға қабілетімен өзара байланысты.
Ацетилсалицил қышқылының негізгі әсер ету механизмдерінің біреуі (белсенділігінің бәсеңдеуі) циклооксигеназа ферментінің (простагландиндер синтезіне қатысатын фермент) белсенсізденуі болып табылады, оның нәтижесінде простагландиндер синтезі бұзылады.
Простагландиндер синтезінің бұзылуы кининдерге және басқа қабыну және ауыру медиаторларына (өткізгіштіктерге) шеткері жүйке жүйесінің сезімталдығын жоғалтуға әкеледі.
Простагландиндер синтезінің бұзылуы нәтижесінде қабынудың айқындығы және олардың жылуды реттеу орталығына пирогенді (дене температурасын жоғарылататын) әсері азаяды.
Одан басқа, ауыру медиаторларына олардың сезімталдығының төмендеуіне әкелетін простагландиндердің сезімтал жүйке ұштарына әсері азаяды.
Аскорбин қышқылы тотығу-тотықсыздану үдерістерін, көмірсу алмасуы, қан ұюы, тіндердің регенирациясын реттеуде маңызды роль атқарады. Организмнің қарсы күресуінің жоғарылауына ықпал етеді.
Димедрол - аллергияға қарсы, ісінуге қарсы, жергілікті жансыздандыратын (қантамырларының өткізгіштігін төмендетеді, мұрынның шырышты қабығының ісінуі мен қызаруын қайтарады) әсер білдіретін антигистаминдік дәрі.
Кальций глюконаты аллергияға қарсы, гемостаздық әсер білдіреді, қантамырлардың сынғыштығын және өткізгіштігін азайтады, организмде кальцийдің жетіспеушілігі симптомдары бұлшықет дистрофиясында, миастенияда бұлшықеттердің жиырылуын жақсартады.
Рутин – тұмауда геморрагиялық үдерістермен өзара байланысты қантамырлардың жоғары өткізгіштігі мен сынғыштығының дамуының алдын алады, сондай-ақ капиллярлық қанайналымын қалпына келтіреді.
Қолданылуы
-
қызбамен қатар жүретін инфекциялық- қабыну ауруларында (ЖРВИ, тұмау)
-
шығу тегі әртүрлі ауыру синдромында (бас, бұлшықет және буын аурулары)
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға 1-2 таблеткадан күніне 3 рет тамақтан кейін.
Емдеу курсы 3-5 күн.
Жағымсыз әсерлері
-
бас айналуы, ұйқының бұзылуы
-
терінің аллергиялық реакциялары
-
ұзақ уақыт қолданғанда гепатоуыттылық және нефроуыттылық әсері дамиды
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- асқазан-ішек жолының өршу фазасындағы эрозиялық-ойық жаралық зақымдануы
-
бауыр және бүйрек функцияларының айқын бұзылуы
- бронх демікпесі және тыныс жолдарының басқа обструкциялық аурулары
-
қан аурулары
- жүктілік және лактация кезеңі
-
15 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты антикоагулянттармен, кортизон туындыларымен, анальгетиктермен, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен, нейролептиктермен және этанолмен бір мезгілде қолдану осы препараттардың жағымсыз әсерлерінің даму қаупін арттырады.
Айрықша нұсқаулар
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді
басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор
механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, тершеңдік, тері беткейлерінің бозаруы.
Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір тағайындау, белгісіне қарай ем жүргізу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан полимерлі жабынымен біріктірілген қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салынады.
250 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге қораптық картоннан жасалған топтық қаптамаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 150 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
1 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«ПЛП «ЖАНАФАРМ», ЖШС, Қазақстан Республикасы
Өндірістің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050007, Алматы қ-сы, Шухов к-сі, 37 Б, тел./факс: +7 727 2312285
Тіркеу куәлігінің иесі
«ПЛП «ЖАНАФАРМ», ЖШС, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«ПЛП «ЖАНАФАРМ», ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050007, Алматы қ-сы, Шухов к-сі, 37 Б, тел./факс: +7 727 2312285, e-mail: info@zhanafarm.kz
000061