Агисолд

МНН: Солодки корни (Лакрица деглицирризированная), Термопсиса экстракт жидкий
Производитель: Фармацевтический завод ТОО "ТК Фарм Актобе"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014803
Информация о регистрации в РК: 18.03.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Агисолд

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат

Құрамы

100 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар:

Термопсис сұйық сығындысы 1:2 0.2 г

мия тамырларының қою сығындысы 0.6 г

қосымша заттар: калий бромиді, натрий бензоаты, аммоний хлориді, 90 % этанол, қант шәрбаты

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар күңгірт-қоңыр түсті шәрбәт тәрізді сұйықтық.

Ескертпе: Сақтау кезінде шөгінді отыруы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.

ATХ коды R05CA10

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік тектес біріктірілген препарат. Қақырық түсіретін, спазмолитикалық және қабынуға қарсы әсер етеді. Мия сығындысының қақырық түсіретін әсері бар, бұл оның құрамында жоғарғы тыныс алу жолдары шырышты қабықтарының секреторлық функциясын күшейтетін глицирризиннің болуына байланысты. Термопсис сығындысының қақырық түсіретін әсері оның құрамындағы алкалоидтар мен сапониндердің асқазан рецепторларын тітіркендіруіне және соның салдарынан бронх бездері сөлінісінің рефлекторлы күшейюіне, сондай-ақ бронхтардың перистальтикалық жиырылуының күшейюіне және бронх шырышты қабығының жыпылықтағыш эпителий кірпікшелері белсенділігінің артуына негізделген. Нәтижесінде қақырық тұтқырлығы азаяды және оның бронхтардан шығарылуы жеңілдейді.

Қолданылуы

- жедел бронхитте

- созылмалы бронхитте

- трахеитте

- көкжөтелде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдауға арналған.

Қолданар алдында шайқау керек.

Шәрбатты күніне 3 рет ішке қабылдайды.

Ересектерге 1/2 стақан суға 1 десерт қасықтан қабылдайды.

Балалар.

12 жастан асқан – 1/4 стақан суға 1 шай қасықтан қабылдайды. 2-ден 12 жасқа дейін – ¼ стақан суға ½ шай қасықтан қабылдайды.

Емдеу курсы 5-7 күн.

Жағымсыз әсері

- жүрек айнуы, құсу, қыжыл

- гипертония

- шеткергі ісіну

- тері бөртпесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруларында

- препарат компоненттерін жеке көтере алмаушылықта

- жүктілік және лактация кезеңінде

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Қант диабеті, маскүнемдіктен зардап шегетін, бауыр аурулары бар науқастарға сақтықпен және тек қана дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат бұрандалы мойны бар әмбебап (алюминий) немесе полиэтилен немесе пластмасса қақпақшалармен тығындалған шыны массадан жасалған құтыларда 100 мл-ден және бұрандалы мойны бар, тығыздығы жоғары бұралатын полиэтилен қақпақшамен тығындалған, мөлдір емес күңгірт-қоңыр поливинилхлоридтен, полиэтилентерефталаттан жасалған сыйымдылығы 100 мл құтыларда немесе бұрандалы мойны бар, бұралатын қапақшамен тығындалатын поливинилхлоридтен, полиэтилентерефталаттан жасалған сыйымдылығы 125 мл күңгірт-қызғылт құтыларда.

Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтарпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндірушінің атауы және мекенжайы

«ТК Фарм Ақтөбе» фармацевтикалық зауыты ЖШС, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ-сы, Жаңақоныс а/о, № 467 уч-сі, телефон/факс:

8 (7132) 21 72 15

Тіркеу куәлігінің иесі

«ТК Фарм Ақтөбе» фармацевтикалық зауыты ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ТК Фарм Ақтөбе» фармацевтикалық зауыты ЖШС, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ-сы, Жаңақоныс а/о, № 467 уч-сі, телефон/факс:

8 (7132) 21 72 15 электронды поштасы: dir-tkpharm@mail.ru

Прикрепленные файлы

484826641477976840_ru.doc 46 кб
631765461477977999_kz.doc 61.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники