Авиментин (порошок для приготовления суспензии, 200 мг/28,5 мг)

МНН: Амоксициллин, Клавулановая кислота
Производитель: Векста Лабораториес Пвт. Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Амоксициллин в комбинации с ингибиторами бета-лактамаз
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022908
Информация о регистрации в РК: 10.04.2017 - 10.04.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Авиментин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Суспензия дайындауға арналған ұнтақ 200 мг/28.5 мг және 400 мг/57 мг

Құрамы

5 мл суспензия құрамында

белсенді заттар:

амоксициллин тригидраты

амоксициллинге баламалы 200 мг;

сұйылтылған калий клавуланаты

клавулан қышқылына баламалы 28.50 мг,

қосымша заттар: сорбитол, ксантан шайыры, натрий бензоаты, мононатрий цитраты, натрий цитраты, аспартам, гидрокситолуол бутилденген,Trusil жеміс хошиістендіргіші, Trusil банан хошиістендіргіші

5 мл суспензия құрамында

белсенді заттар:

амоксициллин тригидраты

амоксициллинге баламалы 400 мг;

сұйылтылған калий клавуланаты

клавулан қышқылына баламалы 57.00 мг,

қосымша заттар: кремнийдің коллоидты қостотығы, кремнийдің қостотығы, ксантан шайыры, мононатрий цитраты, натрий цитраты, аспартам, Trusil жеміс хошиістендіргіші, Trusil банан хошиістендіргіші

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ.

Қалпына келтірілген суспензия (сумен) - ақ немесе ақшыл-сары түсті, өзіне тән иісімен.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Бета-лактамазалар тежегіштерімен біріктірілімдегі пенициллиндер. Клавулан қышқылы+амоксициллин.

АТХ коды J01CR02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Амоксициллин мен клавуланат pH физиологиялық мәнімен сулы ерітінділерде жақсы ериді және ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан жылдам және толық сіңеді. Амоксициллин мен клавулан қышқылының сіңуі препаратты тамақтың алдында қабылдағанда оңтайлы.

Препаратты ішке қабылдағаннан кейін оның биожетімділігі 70 % жуықты құрайды.

Препараттың екі компонентінің де бейіні ұқсас және плазмадағы шыңдық концентрациясына (Тmax) шамамен 1 сағатта жетеді. Амоксициллин мен клавулан қышқылын бірге, сондай-ақ әрбір компонентін жекелей қабылдағанда да қан сарысуындағы амоксициллин мен клавулан қышқылының концентрациясы бірдей.

Таралуы

Амоксициллин мен клавулан қышқылы емдік концентрацияларына әртүрлі ағзалар мен тіндерде, интерстициальді сұйықтықтарда (өкпеде, іш қуысының ағзаларында, өт қабында, май, сүйек, бұлшықет тіндерінде, плевралық, синовиальді және перитонеальді сұйықтықтарда, теріде, өтте, іріңді бөліністерде, қақырықта) жетеді. Амоксициллин мен клавулан қышқылы іс жүзінде жұлын-ми сұйықтығына өтпейді. Амоксициллин мен клавулан қышқылының плазма ақуыздарымен байланысуы орташа: клавулан қышқылы үшін 25 % және амоксициллин үшін 18 %.

Амоксициллин пенициллиндердің көбі секілді емшек сүтімен бөлінеді. Сондай-ақ емшек сүтінде клавулан қышқылының іздік мөлшері анықталған, амоксициллин мен клавулан қышқылы сенсибилизация қаупінен басқа емшек еметін балалардың денсаулығына жағымсыз әсер етпейді.

Амоксициллин мен клавулан қышқылы плаценталық бөгет арқылы өтеді.

Элиминациясы

Амоксициллин негізінен бүйрекпен, ал клавулан қышқылы бүйрек және бүйректен тыс механизмдер арқылы да шығарылады. 228.5 мг (200 мг/28.5 мг) және 457 мг (400 мг/57 мг) авиментинді қабылдағаннан кейін амоксациллиннің шамамен 60-тан 70 % дейіні және клавулан қышқылының 40-тан 65 % дейіні алғашқы 6 сағат ішінде организмнен өзгермеген түрінде несеппен шығарылады. Клавулан қышқылының 27-60% жуығы 24-сағаттық кезеңде шығарылады, клавулан қышқылының көп мөлшері организмнен енгізгеннен кейін 2 сағат ішінде шығарылады.

Метаболизмі

Амоксициллин қабылданған дозасының 10-25 % баламалы мөлшерде белсенді емес пенициллин қышқылы түрінде ішінара бүйректермен шығарылады. Клавулан қышқылы адам организмде қарқынды метаболизмге ұшырайды және нәжіспен, несеппен, сондай-ақ көмірқышқыл газ түрінде деммен сыртқа шығарылады.

Балалар

Амоксициллиннің жартылай шығарылуы 3-айдан 2-жасқа дейінгі жастағы балалар үшін бірдей. Жаңа туған балалар үшін (оның ішінде күні жетпей туғандар) өмірінің бірінші аптасы ішінде несеп-жыныс жүйесінің дамып жетілмегеніне байланысты енгізу аралығы күніне екі реттен аспауы керек. 

Бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттер

Амоксициллин/клавулан қышқылының жалпы сарсулық клиренсі бүйрек функциясының төмендеуіне пропорциональді төмендейді. Препарат клиренсінің төмендеуі амоксициллин үшін клавулан қышқылына қарағанда айқынырақ, өйткені амоксициллиннің көп бөлігі бүйректермен шығарылады. Бүйрек жеткіліксіздігінде клавулан қышқылының қалыпты деңгейін демеу аясында амоксициллиннің шамадан тыс жинақталуын болдырмайтындай препараттың жоғары емес дозасы керек.

Креатинин клиренсі 30 мл/минуттан астам пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Креатинин клиренсі 30 мл/минуттан кем пациенттерде амоксициллинді клавулан қышқылымен 7:1 арақатынаста қолдану ұсынылмайды, өйткені дозаны түзету үшін деректер жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігімен пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерде бауыр функциясын ұдайы бақылай отырып, препаратты ерекше сақтықпен дозалау керек.

Фармакодинамикасы

Авиментин – бұл құрамында амоксициллин және клавулан қышқылы бар бета-лактамазаларға төзімді кең ауқымды бактерицидті әсерімен біріктірілген антибиотик.

Амоксициллин – кең ауқымды әсерімен жартылай синтетикалық пенициллин, көптеген грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қатысты белсенділікке ие.

Амоксициллин бета-лактамазалар әсерімен ыдырайды, ол осы ферментті өндіретін микроорганизмдерге әсер етпейді. Амоксициллиннің әсер ету механизмі бактериялардың жасушалық қабырға пептидогликандарының биосинтезінің тежелуі болып табылады, ол әдетте жасушалардың лизисі мен қырылуына әкеледі.

Клавулан қышқылы – пенициллиндер мен цефалоспориндерге резистенттілік білдіретін микроорганизмдердің бета-лактамазалар энзимдерінің белсенділігін жоюға қабілетті, осылайша амоксициллиннің белсенсізденуінің алдын алатын химялық құрылымына қатысты пенициллинге жақын бета-лактамат.

Бета-лактамазалар көптеген грамоң және грамтеріс бактериялармен өндіріледі. Бета-лактамазалардың әсері олардың патогендерге әсері басталғанша кейбір бактерияға қарсы препараттардың ыдырауына әкелуі мүмкін. Клавулан қышқылы бактериялардың амоксициллинге сезімталдығын қалпына келтіре отырып ферменттердің әсерін бөгейді. Атап айтсақ ол дәрілік резистенттілігі жиі байланысты плазмидті бета-лактамазаларға қатысты жоғары белсенділік иеленген, бірақ I типті хромосомды бета-лактамазаларға қатысты тиімділігі төмен.

Авиментин құрамында клавулан қышқылының болуы амоксициллинді бета-лактамазамалардың ыдырататын әсерінен қорғайды және басқа пенициллиндер мен цефалоспориндерге резистентті микроорганизмдерді қамти отырып оның бактерияға қарсы белсенділігі спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді. Клавулан қышқылы монопрепарат түрінде бактерияға қарсы клиникалық мәні бар әсер білдірмейді.

Резистенттіліктің даму механизмі

Авиментинге резистенттілік дамуының 2 механизмі бар

- B, C, D кластарын қоса клавулан қышқылының әсеріне сезімтал емес бактериялық бета-лактамазалармен белсенділігінің жойылуы

- пенициллин-байланыстыратын ақуыз деформациясы, ол микроорганизмге қатысты антибиотиктің аффинділігінің азаюына әкеледі.

Бактериялық қабырғаның өткізбеуі, сондай-ақ помпа механизмі, әсіресе грамтеріс микроорганизмдерге резистенттіліктің дамуына ықпал етеді немесе туындатады.

Авиментин келесі микроорганизмдерге бактерицидті әсер етеді: төменде амоксициллиннің клавулан қышқылымен біріктірілімінің in vitro белсенділігі берілген

Әдетте амоксициллиннің клавулан қышқылымен біріктіріліміне сезімтал бактериялар

Грамоң аэробтар

Bacillus anthracis Enterococcus faecalis Gardnerella vaginalis Listeria monocytogenes Nocardia asteroides Streptococcus pneumoniae1,2 Streptococcus pyogenes1,2 Streptococcus agalactiae1,2 Viridans2 тобы стрептококтарыStreptococcus spp. (басқа да бета-гемолитикалық стрептококтар)1,2 Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал)1* Staphylococcus saprophytics (метициллинге сезімтал) Коагулазонегативті стафилококтар (метициллинге сезімтал) Грамоң аэробтарClostridium spp. Peptococcus niger Peptostreptococcus magrtus Peptostreptococcus micros Peptostreptococcus spp. Грамтеріс аэробтар Bordetella pertussis Haemophilus influenzae1 Helicobacter pylori Moraxella catarrhal Neisseria gonorrhoeae Pasteurella multocida Vibrio cholerae Грамтеріс аэробтарBacteroides fragilis Bacteroides spp. Capnocytophaga spp. Eikenella corrodens Fusobacterium nucleatum Fusobacterium spp. Porphyromonas spp. Prevotella spp. БасқаларыBorrelia burgdorferi Leptospira icterohaemorrhagiae Treponema pallidum

Амоксициллин және клавулан қышқылы біріктіріліміне жүре пайда болатын резистенттілігі болжамданған бактериялар

Грамтеріс аэробтар Escherichia coli1 Klebsiella oxytoca Klebsiella pneumoniae1 Klebsiella spp. Proteus mirabilis Proteus vulgaris Proteus spp. Salmonella spp. Shigella spp. Грамоң аэробтарCorynebacterium spp. Enterococcus faecium

Амоксициллин және клавулан қышқылы біріктіріліміне табиғи төзімділікке ие бактериялар

Грамтеріс аэробтарAcinetobacter spp. Citrobacter freundii Enterobacter spp. Hafnia alvei Legionella pneumophila Morganella morganii Providencia spp. Pseudomonas spp. Serratia spp. Stenotrophomonas maltophilia Yersinia enterocolitica БасқаларыChlamydia pneumoniae Chlamydia psittaci Chlamydia spp. Coxiella burnetii Mycoplasma spp.

1аталған бактериялар үшін амоксициллиннің клавулан қышқылымен біріктірілімінің клиникалық тиімділігі клиникалық зерттеулерде көрсетілген2 бактериялардың осы түрінің штаммдары бета-лактамазаларды өндірмейді. амоксициллинмен монотерапиядағы сезімталдық амоксициллиннің клавулан қышқылымен біріктіріліміне осындай ұқсас сезімталдықты болжауға мүмкіндік береді.

* - микроорганиздердің аталған түрінің жекелеген өкілдері β-лактамазаны өндіреді, бұл оларды амоксициллинге сезімтал емес етеді.

Қолданылуы

Препаратқа сезімтал микроорганизмдермен туындаған бактериялық инфекциялар:

жоғарғы тыныс жолдарының және ЛОР-ағзаларының инфекциялары: қайталанатын тонзиллит, синусит, ортаңғы отит

тыныс жолдарының төменгі бөліктерінің инфекциялары: созылмалы бронхиттің асқынуы, ауруханадан тыс пневмония, бронхопневмония

несеп-жыныс жолдарының инфекциялары: цистит, пиелонефрит

тері мен жұмсақ тіндер инфекциялары

сүйек және буындардың инфекциялары, атап айтқанда остеомиелит

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозалау режимі жасына, дене салмағына, бүйрек функциясына, инфекциялық агенттерге, сондай-ақ инфекцияның ауырлық дәрежесіне байланысты жекелей анықталады.

Авиментин препаратын емнің басында қабылдау ұсынылады. Жүргізілетін ем уақыты пациенттің жүргізілетін емге жауабына тәуелді. Кейбір патологиялар (атап айтсақ, остеомиелит) ұзағырақ емдеу курсын талап етуі мүмкін. Емді науқастың жағдайын қайта бағаламай 14 күннен ұзаққа жалғастыруға болмайды.

Қажет болған жағдайда сатылы ем жүргізуге болады (кейіннен пероральді қабылдауға көшумен басында препаратты вена ішіне енгізу).

12 жасқа толмаған немесе дене салмағы 40 кг кем балалар

Дозаны, жасына және салмағына қарай, тәулігіне дене салмағының мг/кг немесе дайын суспензияның миллилитрінде көрсетеді.

Ұсынылған дозалау режимі:

- тәулігіне 25 мг/3,6 мг/кг-дан тәулігіне 45 мг/6,4 мг/кг дейін, 2 қабылдауға бөлінген, жеңіл және орташа инфекцияларда (қайталанатын тонзиллит, тері және жұмсақ тіндер инфекциялары)

- тәулігіне 45 мг/6,4 мг/кг-дан тәулігіне 70 мг/10 мг/кг дейін, 2 қабылдауға бөлінген, елеулі инфекцияларды (ортаңғы отит, синусит, төменгі тыныс жолдарының инфекциялары) емдеу үшін.

Дене самағына қарай Авиментин препаратының бір реттік дозасын таңдау кестесі.

Дене салмағы (кг)

25 мг/3,6 мг/кг/тәул

45 мг/6,4 мг/кг/ тәул *

5

0,8 мл тәулігіне 2 рет

1,4 мл тәулігіне 2 рет

6

0,9 мл тәулігіне 2 рет

1,7 мл тәулігіне 2 рет

7

1,1 мл тәулігіне 2 рет

2,0 мл тәулігіне 2 рет

8

1,3 мл тәулігіне 2 рет

2,3 мл тәулігіне 2 рет

9

1,4 мл тәулігіне 2 рет

-

10

1,6 мл тәулігіне 2 рет

-

11

1,7 мл тәулігіне 2 рет

-

12

1,9 мл тәулігіне 2 рет

-

13

2,0 мл тәулігіне 2 рет

-

14

2,2 мл тәулігіне 2 рет

-

15

2,3 мл тәулігіне 2 рет

-

* Препаратты 5 мл астам бір реттік қабылдаудан аулақ болу үшін дене салмағы >8 кг балалар үшін 400 мг/57 мг Авиментин қолданыңыз.

2 жасқа толмаған балаларда Авиментиннің тәулігіне 45 мг/6,4 мг/кг асатын дозасын қолданудың клиникалық деректері жоқ.

Дене салмағы 40 кг кем балалар үшін ең жоғары тәуліктік дозасы 1000-2400 мг амоксициллин/ 143-600 мг клавулан қышқылын құрайды.

Амоксициллиннің жоғарырақ тәуліктік дозасын тағайындау қажет болғанда қажетінсіз клавулан қышқылының жоғары дозасын қабылдаудан аулақ болу үшін Авиментиннің басқа дозасын тағайындау керек.

Бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттер

Дозаларды түзету амоксициллиннің ең жоғары ұсынылған дозасына және креатинин клиренсі мәніне негізделген.

Балалар

Креатинин клиренсі

Авиментиннің дозалау режимі

>30 мл/мин

Дозаны түзету талап етілмейді

<30 мл/мин

Амоксициллин/клавулан қышқылының 7:1 қатынаста арақатынасы бар препаратты қолдануға болмайды, өйткені дозалауға қатысты ұсынымдар жоқ

Бауыр функциясының бұзылуымен пациенттер

Ем сақтықпен жүргізіледі; ұдайы бауыр функциясына мониторинг жүргізіледі

Суспензияны қабылдау тәсілі

Суспензия тікелей алғаш қолданар алдында сұйылтылады.

Қолданар алдында қақпағының бүтіндігін тексеріңіз. Ұнтағы бар құтыны сілкілеңіз.

Ұнтақты ұдайы шайқай отырып және суды құтыдағы белгіге дейін қоса отырып бөлме температурасына дейін суытылған, қайнаған суда еріту керек. Суспензияның дайын көлемі 100 мл тең. Құтыны төңкеріп және толық ерігенге дейін мұқият сілкілеу керек. Құтыны әрбір қолданар алдында шайқау керек.

Препаратты дозалау үшін өлшейтін стакан қолдану керек, оны әрбір қолданғаннан кейін жақсылап шаю керек. Суспензияның аздаған көлемдерін дәлірек дозалау үшін, әсіресе 3-айға дейінгі балаларда стандартты бір реттік медициналық шприц қолдану керек.

2 жасқа дейінгі балаларды емдеуде Авиментиннің дайын суспензиясын жартылай сумен араластыруға болады.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі 10-ның 1≥, жиі 100-дің 1 < және 10-ның 1 ≥, кейде 1000-ның 1≥ және 100-дің 1< , сирек 10000-ның 1 ≥ және 1,000-дің 1<, өте сирек 10000-ның 1<

Жиі

- тері мен шырышты қабаттардың кандидозы

- жүрек айнуы, құсу, диарея

Препараттың жоғары дозасын қолданғанда жүрек айнуы жиі кездеседі. Байқалу дәрежесін төмендету үшін суспензияны тамақтың алдында қабылдау керек.

Жиі емес

- бас айналуы, бас ауыруы

- диспепсия

- АЛТ/АСТ бауыр ферменттері деңгейінің орташа жоғарылауы

- тері бөртпесі, қышыну, есекжем

Сирек

- қайтымды лейкопения (нейтропенияны қоса), тромбоцитопения

- мультиформалы эритема

Белгісіз

- қайтымды агранулоцитоз және гемолитикалық анемия, қан кету уақытының және протромбиндік уақыт индексінің артуы

- ангионевроздық ісіну, анафилаксия; сарысу құю ауруына ұқсас синдром,

аллергиялық васкулит

- қайтымды жоғары белсенділік және құрысулар

- асептикалық менингит

- антибиотиктермен-астасқан колит (жалғанжарғақшалы геморрагиялықты қоса)

- сезімтал емес микрофлоралардың шамадан тыс өсуі

- қара түкті тіл (тілдің талшықты бүртіктерінің созылмалы гиперплазиясы)

- тіс эмалі беткейлік қабаты түсінің өзгеруі

- гепатит, холестазды сарғаю

- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз,

буллезді эксфолиативті дерматит, жедел жайылған

экзантематозды пустулез

Аталған симптомдар дамыған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек.

- интерстициальді нефрит, кристаллурия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- пенициллиндерге немесе препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық

- басқа бета-лактамды антибиотиктерге белгілі аса жоғары сезімталдық (цефалоспориндерге, карбапенемдерге, монобактамдарға)

- амоксициллин/клавулан қышқылы біріктірілімін қабылдау аясында дамыған сарғаю несмесе бауыр функциясының бұзылуы

- фенилкетонурия (препарат құрамында аспартам болуына байланысты )

- глюкозо-галактозалы мальабсорбция (препарат құрамында мальтодекстриннің (глюкоза) болуына байланысты)

- 2 айға дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Авиментинді пробеницидпен бір мезгілде қолдануға болмайды. Пробеницид амоксициллиннің өзекшелік сөлінісін төмендетеді, сондықтан Авиментинді пробеницидпен бір мезгілде қолдану қанда амоксициллин деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Аллопуринол мен Авиментинді бір мезгілде қолдану аллергиялық реакциялардың пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. Аллопуринол мен Авиментинді бір мезгілде қолдану туралы деректер қазіргі уақытта жоқ.

Авиментин ішек флорасына әсер етеді және қайта сіңуінің азаюына, біріктірілген оральді контрацептивтер тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Авиментин және антикоагулянттарды бір мезгілде қолданғанда протромбиндік уақыттың ұзару жағдайлары анықталды (аценокумарол мен варфарин) қажетінде Авиментин дозасын түзетумен сәйкес мониторинг жүргізу керек.

Пенициллиндер метотрексаттың шығарылуын төмендетуі мүмкін, ол оның уыттылығын арттырудың әлеуетті қаупі болып табылады.

Микофенолат мофетилін қабылдайтын пациенттерде Авиментинмен бірге қолданғанда микофенолдың белсенді метаболитінің концентрациясы бастапқы дозаны тағайындағанда шамамен 50%-ға төмендейді.

Бастапқы доза концентрациясының өзгеруі микофенол қышқылының қосынды экспозициясы концентрациясының өзгеруіне сәйкес келмеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Ересектер мен 12 жастан асқан немесе дене салмағы 40 кг асатын балаларға Авиментин таблеткаларын қолдану ұсынылады.

Авиментинмен емді бастар алдында пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа да бета-лактамды антибиотиктерге бұрын болған аса жоғары реакцияларға қатысты толық анамнез жинау керек.

Пенициллинге елеулі, ал кейде фатальді де аса жоғары сезімсталдық реакциялары (анафилактикалық шок) сипатталған, ол жиірек пенициллиндерге бұрын болған аса жоғары сезімталдықпен пациенттерде анықталған.

Аллергиялық реакциялар пайда болған жағдайда Авиментинмен емді тоқтату және баламалы емді бастау керек. Аса жоғары сезімталдықтың елеулі реакциялары дамыған жағдайда пациентке дереу адреналин енгізу керек. Оксигенотерапия, стероидтарды вена ішіне енгізу және интубацияны қамтитын тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету талап етілуі мүмкін.

Амоксициллинге сезімтал штамдармен туындаған аурулар расталған жағдайда, амоксициллин/клавулан қышқылы біріктірілімінен бас тарту және амоксициллинді жекелей тағайындау керек.

Авиментинді препараттың бета-лактамномды компонентіне болжамды төзімділігінің жоғары қаупінде қолдануға болмайды. Авиментин препаратын пенициллиндерге төзімділікке ие Streptococcus pneumoniae туындаған патологияларды емдеу үшін қолдануға болмайды.

Авиментинді инфекциялық мононуклеозға күдік туындағанда тағайындауға болмайды өйткені осы аурумен пациенттерде амоксициллин тері бөртпесін туындатуы мүмкін, ол ауруды диагностикалауды қиындатады.

Препаратты бүйрек функциясы төмендеген пациенттерге тағайындағанда немесе жоғары дозаларын қолданған құрысулар дамуы мүмкін.

Аллопуринол мен амоксициллин бір мезгілде қолдану аллергиялық тері реакцияларының даму мүмкіндігін арттырады.

Авиментин препаратымен ұзақ уақыт емдеу оған сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуімен қатар жүруі мүмкін.

Тіс эмалі түсінің өзгеруінің профилактикасы үшін тісті суспензияны әрбір қолданған сайын тазалау керек.

Антибиотиктерді қолдану аясында жалғанжарғақшалы колит даму жағдайлары анықталды, оның ауырлығы жеңілден ауыр дәрежеге дейін ауытқып отырды. Осылайша аталған патологияның антибиотиктерді қабылдауда немесе емдеу курсы аяқталғаннан кейін диареямен пациенттерде даму мүмкіндігін ескеру керек. Ұзаққа созылған немесе айтарлықтай диарея дамыған жағдайда іш тұсының түйіліп ауыруында Авиментинмен емдеуді дереу тоқтату және пациенттер ары қарай тексерілуге жіберілуі керек.

Жалпы Авиментин жақсы көтерімді және барлық пенициллиндерге тән төмен уыттылыққа ие. Авиментинмен ұзақ уақыт емдеуде әлсін әлсін бүйрек, бауыр, қан түзу жүйелері функцияларын бағалау ұсынылады.

Авиментин қабылдайтын пациенттерде анда-санда протромбиндік уақыттың артуы байқалды, сондықтан Авиментин мен антикоагулянттарды бір мезгілде қолданғанда сәйкесінше мониторинг жасау керек.

Авиментинді бауыр функциясының бұзылуымен пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бауыр зақымдануының белгілері мен симптомдары әдетте емдеу кезінде немесе емді бастағаннан кейін дереу байқалады, бірақ кейбір жағдайларда емді тоқтатқаннан кейін бірнеше апта ішінде байқалмауы мүмкін.

Әдетте бұл қайтымды. Бауыр бұзылыстары елеулі болуы мүмкін және өте сирек жағдайларда өліммен аяқталуы туралы хабарланды.

Әрдайым дерлік олар елеулі негізгі ауруымен немесе бір мезгілде бауырға әсері күшті ретінде белгілі препараттар қабылдаған пациенттерде тіркелді.

Авиментинді қабылдау аясында дәрежесі аздап білінетіннен өмірге қауіп төндіретінге дейін антибиотиктермен астасқан кошлиттің даму жағдайлары туралы хабарланды. Осыған байланысты диареямен пациенттерде антибиотиктердің қабылдау кезінде немесе қабылдап болғаннан кейін дамитын колиттің даму мүмкіндігін қарастыру керек. Колит диагнозы расталғаннан кейін Авиментин дереу тоқтатылуы керек; пациент қажетті ем жүргізу үшін дәрігермен кеңесуі керек.

Бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттерде препарат дозасы аурудың ауырлығына қарай түзетілуі керек. Бүйрек функциясының бұзылуымен немесе препараттың жоғары дозасын қабылдаған пациенттерде құрысулар болуы мүмкін.

Диурезі төмендеген пациенттерде сирек жағдайларда кристаллурия дамуы мүмкін.

Амоксициллиннің жоғары дозаларын енгізген кезде сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қабылдау және амоксициллин кристалдарының түзілу мүмкіндігін азайту үшін адекватты диурезді демеп тұру ұсынылады. Катетермен пациенттерде олардың жағдайын ұдайы бағалау керек.

Амоксициллинмен емдеу кезінде несепте глюкоза құрамын анықтау үшін глюкозаның ферменттік тотығу әдісін қолдану керек, өйткені ферменттік емес әдістер жалған оң нәтижелер алуға әкелуі мүмкін.

Авиментинде клавулан қышқылының болуы IgG мен альбуминдердің эритроциттер жарғақшасымен спецификалық емес байланысуының себебі болуы мүмкін, ол жалған оң Кумбс реакциясына әкелуі мүмкін.

Авиментин, ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтағының құрамында фенилаланин көзі аспартам бар. Препарат фенилкетонуриямен пациенттерге қолдануға ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде егер тек дәрігер қажет деп санамаса қолдануға болмайды. Екі зат та емшек сүтіне бөлінеді (клавулан қышқылының емшекпен қоректендіруде әсері туралы белгісіз). Яғни, емшекпен қоректендіруде іш өтуі және шырышты қабаттардың зеңдік инфекциясы болуы мүмкін. Амоксициллин/клавулан қышқылы емшекпен қоректендіруде емдеуші дәрігермен пайда/ қаупі бағалағаннан кейін қолданылуы керек.

Педиатрияда қолданылатын ішуге арналған суспензия.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Деректер жоқ; алайда жағымсыз реакциялар даму мүмкіндігіне (аллергия, бас айналуы, құрысулар) байланысты сақтық шараларын сақтау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: асқазан-ішектік бұзылыстар және су-электролиттік теңгерім бұзылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына әкелетін амоксициллиндік кристаллурия сипатталған.

Препаратты бүйрек функциясы төмендеген пациенттерге тағайындағанда немесе жоғары дозаларды қолданғанда құрысулар дамуы мүмкін.

Амоксициллин әсіресе вена ішіне енгізу жолымен жоғары дозаларды тағайындағаннан кейін несеп катетерлерінде шөгуі мүмкін.

Емі: симптоматикалық ем жүргізу, су-электролиттік теңгерімді түзету. Авиментин қаннан гемодиализ көмегімен шығарылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат сыйымдылығы 100 мл, сол материалдан жасалған бұралатын қақпағымен жоғары тығыздықтағы полиэтилен құтыға салынады. 1 құтыдан өлшегіш стаканымен және медициналық қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°C –ден аспайтын температурада.

Қалпына келтірілген суспензияны тоңазытқышта 2 0С-ден 8 0С-ге дейінгі температурада сақтау және 7 күн ішінде қолдану керек. Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1,5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Векста Лабораториес Пвт. Лтд., Үндістан

Office Nos. 20 & 21 A, First Floor, Yashodham Shopping Complex,

Gen. A.K. Vaidya Marg, Goregaon (E), Mumbai – 400063, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Авицена-Лтд» ЖШС, Қазақстан

050002, Алматы қ-сы, Джангильдин к-сі, 31, 416 кеңсе

тел./факс: +7727 3572387 /88/ 89

e-mail: reg@avitsena.kz

Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Авицена-Лтд» ЖШС

050002, Алматы қ-сы, Джангильдин к-сі, 31, 416 кеңсе

тел./факс: +7727 3572387 /88/ 89

e-mail: reg@avitsena.kz

Дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы

ConsultAsia ЖШС

Шевченко к-сі, 165 Б, 307 кеңсе

тел./факс: +727-379-42-58

+77051708876/+77051708825

e-mail: pv@consultingasia.kz

Прикрепленные файлы

Авиментин_инструкция_рус.doc 0.1 кб
Авиментин_инструкция_каз.doc 0.15 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники