Авелокс® (400 мг/250 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Авелокс®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Моксифлоксацин
Дәрілік түрі
Инфузияға арналған 400 мг/250 мл ерітінді
Құрамы
1 құтының ішінде
белсенді зат – 436,0 мг моксифлоксацин гидрохлориді
(400,0 мг моксифлоксацинге баламалы),
қосымша заттар: натрий хлориді, 1 М хлорлы сутек қышқылы,
2 М натрий гидроксидінің ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Сары түсті мөлдір ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Микробқа қарсы препараттар - хинолон туындылары. Фторхинолондар. Моксифлоксацин.
АТХ коды J01MA14
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі және биожетімділігі
Авелокстың® 400 мг дозадағы бір дүркін инфузиясынан кейінгі 1 сағат ішінде препарат ең жоғары концентрациясына (Сmax) инфузия соңында жетеді және шамамен 4,1 мг/л құрайды, бұл оның препаратты ішке қабылдаған кездегі осы көрсеткіш шамасымен салыстырмалы түрде 26%-ға жуық артуына сәйкес келеді. Препараттың AUC көрсеткіші бойынша анықталатын және 39 мг*сағ./л-ге тең экспозициясы (концентрация-уақыт арақатынасының қисық астындағы ауданы) препаратты ішке қабылдаған кездегі осындай шамадан мардымсыз асады (35 мг*сағ./л). Нақтылы биожетімділігі шамамен 91% құрайды.
400 мг доза препараттың 1 сағатқа созылатын көп дүркін көктамырішілік инфузиясынан кейін плазмадағы жоғары шектік және ең төмен концентрациялары тұрақты жағдайда (күн сайын бір дүркін 400 мг), тиісінше, 4,1-ден 5,9 мг/л-ге және 0,43-тен 0,84 мг/л-ге дейінгі мәндерге жетті. Тұрақты жағдайда препараттың дозалау аралығы шегінде әсер етуі алғашқы дозадан кейінгіден шамамен 30% жоғары. 4,4 мг/л-ге тең орташа тұрақты концентрацияларына инфузияның алғашқы сағатының соңында жетеді.
Таралуы
Моксифлоксацин қан тамырларынан тыс арнада өте жылдам таралады. Шамамен 2 л/кг моксифлоксациннің таралу көлемі (Vss) AUC фармакокинетикалық қисығы (AUCnorm = 6 кг*сағ./л) астындағы үлкен ауданға тең ауқымда байқалды. Моксифлоксациннің жоғары шекті концентрациясы, плазмадан гөрі, сілекейде жоғары. 0,02-ден 2 мл/л-ге дейінгі концентрациялар кеңдігіндегі ин-витро және ин-виво зерттеулерінде моксифлоксациннің ақуыздармен байланысуы препарат концентрациясына тәуелсіз шамамен 45% құрады.
Моксифлоксацин негізінен плазма альбуминдерімен байланысады.
Төмен көлеммен байланысты бос концентрацияның > 10xMIC жоғары шегі байқалады.
Препараттың плазмадағы осындай көлемнен асатын жоғары концентрациялары өкпе тінінде (эпителийлік сұйықтық, альвеолярлық макрофагтар, биологиялық тін), мұрын қуыстарында және полиптерде, қабыну ошақтарында түзіледі. Сілекейде, интерстициальді сұйықтықта (бұлшық ет арасындағы және тері астындағы) бос күйдегі препараттың жоғары концентрациясы анықталады.
Бұдан басқа, препараттың жоғары концентрациялары құрсақ қуысы мүшелерінде және перитонеальді сұйықтықта, сонымен қатар әйелдердің жыныс мүшелерінде анықталады.
400 мг моксифлоксациннің бір реттік дозасынан кейін енгізудің екі жолында да әртүрлі нысана-тіндердегі плазмалық концентрациясымен салыстырмалы ең жоғары концентрациялары байқалды.
Метаболизмі
Биоөзгерістің 2-ші фазасынан өткеннен кейін моксифлоксацин ағзадан бүйрекпен және асқазан-ішек жолымен (АІЖ) өзгермеген күйде де, белсенді емес сульфоқосылымдар (М1) мен глюкуронидтер (М2) түрінде де шығарылады. Бұл метаболиттер тек адамдардың организміне қатысты қолданылады және микробқа қарсы белсенділік иеленбейді. Моксифлоксацин Р450 цитохромының микросомалық жүйесінің биоөзгерісіне ұшырамайды.
Қолдану тәсіліне қарамастан М1 және М2 метаболиттері қан плазмасында, өзгермеген моксифлоксациннің концентрациясынан гөрі, төмендеу концентрацияда табылады.
Шығарылуы
Препараттың жартылай шығарылу кезеңі шамамен 12 сағат құрайды. 400 мг дозаны қабылдағаннан кейінгі орташа жалпы клиренс минутына 179-дан 246 мл-ге дейін құрайды. Шамамен минутына 24-53 мл құрайтын бүйректік клиренс препараттың бүйректе жекеше өзекшелік кері сіңірілуімен жүреді. Ранитидин мен пробенецид қосындысының қолданылуы препараттың бүйректік клиренсіне әсер етпейді. Енгізілу жолына қарамастан бастапқы зат - моксифлоксацин оксидативті метаболизм нышандарынсыз метаболизмнің ІІ сатысындағы метаболиттерге дейін толық дерлік 96-98% метаболизденеді.
Емделушілердің әртүрлі топтарындағы фармакокинетикасы
Егде жастағы емделушілер
Моксифлоксацин фармакокинетикасында айырмашылықтар анықталмаған.
Жыныстық ерекшелігі
Ер және әйел жынысты тұлғалар арасында фармакокинетикадағы (AUC, Cmax) айырмашылықтар (33%) анықталды. Анықталған AUC пен Cmax айырмашылықтары, жыныстық тектен гөрі, дене салмағындағы айырмашылықтармен түсіндірілген. Осылайша, олардың клиникалық мәні жоқ.
Этникалық айырмашылықтары
Болжамды этникааралық айырмашылықтар европеоидтық, жапондық, негроидтық және басқа этникалық топтарда зерттелді. Моксифлоксацин фармакокинетикасында клиникалық елеулі айырмашылықтар анықталмаған.
Балалар
Моксифлоксациннің балалардағы фармакокинетикасы зерттелмеген.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар емделушілер
Бүйрек функциясы бұзылған (креатинин клиренсі < 30 мл/мин/1,73 кв.м емделушілерді қоса) және үздіксіз гемодиализ бен ұзақ амбулаторлық перитонеальді диализде жүрген емделушілердегі моксифлоксацин фармакокинетикасында елеулі өзгерістер анықталмаған.
Бауыр функциясының бұзылуы бар емделушілер
Жеңілден ауырға дейінгі бауыр функциясының бұзылуы бар емделушілердің плазмасындағы моксифлоксацин концентрациясын зерттеуде (Чайльд Пью бойынша А сатысынан С сатысына дейін), дені сау еріктілер мен бауыры қалыпты жұмыс істейтін емделушілермен салыстырғанда, тиісінше, клиникалық елеулі айырмашылықтар анықталған жоқ (Сонымен қатар «Айрықша нұсқаулар» бөлімінен бауыр циррозы бар емделушілерде пайдаланылуын қараңыз).
Авелокстың 400 мг бір дүркін дозасын көктамыр ішіне енгізу үшін фармакокинетикалық/фармакодинамикалық үдерістерді салыстыру
Ауруханаға жатқызу талап етілетін науқастарда AUC/MIC90 көрсеткіштері (концентрация уақытының ең аз тежеуші концентрацияға арақатынасының қисық астындағы ауданы) 125-тен жоғарылау, ал 8-10-дағы Cmax/MIC90, клиникалық емделу үшін оңтайлы (Schentag). Амбулаторлық науқастарда бұл көрсеткіштер тұтастай төмен: AUC/MIC90 30-40-тан жоғары (Dudley және Ambrose).
Кестеде бір дүркін дозаға арналған деректер бойынша есептелген 400 мг Авелоксты® көктамыр ішіне енгізуге сәйкес фармакинетикалық/фармакодинамикалық көрсеткіштер ұсынылған:
Енгізу тәсілі |
Көктамыр ішіне енгізу |
|
Параметр (орташа шамасы) |
AUIC [h] |
Сmax/ MIC90а) |
MIC90 0,125 мг/л MIC90 0,25 мг/л MIC90 0,5 мг/л |
313 156 78 |
32,5 16,2 8,1 |
а) инфузияның 1 сағаты
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі
Авелокс – белсенділік ауқымы кең және бактериялық әсер ететін 8-метокси-фторхинолондық антибиотик. Авелокстың грамоң және грамтеріс организмдердің, анаэробтық организмдердің, қышқылға төзімді бактериялардың және атипті, мысалы Chlamidia spp., Mycoplasma spp. және Legionella spp. түрлерінің кең ауқымына қарсы белсенділігі бар.
Препараттың бактерицидті әсері II және IV бактериялық топоизомеразаларды – ДНҚ топологиясын қадағалайтын маңызды ферменттерді (ДНҚ микроб жасушасының репликациясына, репарациясына және транскрипциясына жауап беретін) тежеумен шартталған.
Моксифлоксациннің бактерицидті әсері оның концентрациясына байланысты. Препараттың ең төменгі бактерицидті концентрациялары, тұтас алғанда, ең төменгі тежеуші концентрацияларға жақын.
Авелокс β-лактамдар мен макролидтерге төзімді бактерияларға бактерицидті әсер етеді.
Төзімділігі
Пенициллиндерге, цефалоспориндерге, аминогликозидтерге, макролидтерге және тетрациклиндерге төзімділіктің дамуына алып келетін механизмдер препараттың бактерияға қарсы белсенділігін бұзбайды. Бактерияға қарсы препараттардың осы топтары мен Авелокстың арасында айқаспалы төзімділік білінген жоқ. Плазмидке қатысты төзімділік әлі күнге дейін байқалмаған.
Препарат құрылымындағы C8-метокси-топтың грамоң микроорганизмдерге қарсы белсенділікті жоғарылатып, C8-H-тобымен салыстырғанда, грамоң төзімді бактериялардың іріктелген тобы мутанттарының дамуын төмендетуге ықпал ететіні анықталған. Құрылымда С7 қалпындағы азабициклды құрылымның болуы белсенді эффлюкске (яғни, жасушадан фторхинолонның белсенді ығыстырылуы), микроорганизмдердің фторхинолондарға төзімділігін дамыту негізінде жатқан механизмге жол бермейді.
Авелоксқа төзімділік көптеген мутациялар жолымен баяу дамиды. Төзімділіктің жалпы даму жиілігі өте мардымсыз (10-7–10-10). Препараттың микроорганизмдерге ең төменгі тежеуші концентрациядан төмен концентрацияларда көп дүркін әсер етуі тек осы ТТК-ның шамалы ұлғаюымен қатар жүреді.
Хинолондармен айқаспалы төзімділік жағдайлары байқалады. Соның өзінде, кейбір басқа хинолондарға төзімді грамоң және анаэробты микроорганизмдер Авелоксқа сезімталдықты сақтайды.
Ин витро сезімталдық жөніндегі деректер
Сезімтал микроорганизмдер:
Грамоң бактериялар:
- Gardnerella vaginalis
- Streptococcus pneumoniae (Streptococcus pneumoniae (MDRSP) мультитөзімді штаммдарын қоса, PRSP (пенициллинге төзімді St. Pneumoniae) ретінде белгілі штаммдар мен келесі екі және одан да көп антибиотиктерге төзімді штаммдарды қоса: пенициллин (MIC ≥ 2 мкг/мл), цефалоспориндердің екінші буыны (мысалы, цефуроксим), макролидтер, тетрациклиндер және триметоприм/сульфаметоксазол
- Streptococcus pyogenes (А тобы)*
- Streptococcus milleri тобы (S. anginosus*, S. constellatus* және S. intermedius*)
- Streptococcus viridans тобы (S. viridans, S. mutans, S. mitis, S. sanguinis, S. salivarius, S. thermophilus, S. constellatus)
- Streptococcus agalactiae
- Streptococcus dysgalactiae
- Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал штаммдар)*
- коагулаза-теріс стафилококктар (S. cohnii, S. еpidermidis, S. haemolyticus, S. hominis, S. saprophyticus, S. simulans), метициллинге сезімтал штаммдар
Грамтеріс бактериялар:
- Haemophillus influenzae (β-лактамазаларды өндіретін және өндірмейтін штаммдарды қоса)*
- Haemophillus parainfluenzae*
- Moraxella catarrhalis (β-лактамазаларды өндіретін және өндірмейтін штаммдарды қоса)*
- Bordetella pertussis
- Legionella pneumophila Acinetobacter baumanii
- Proteus vulgaris
Анаэробтар:
- Fusobacterium spp.
- Porphyromonas spp.
- Prevotella spp.
- Propionibacterium spp.
Атипиялық:
Chlamydia pneumoniae*, Chlamydia trachomatis**, Mycoplasma pneumoniae*, Mycoplasma hominis, Mycoplasma genitalium, Legionella pneumophila*, Coxiella burnetti
Аралық микроорганизмдер:
Грамоң бактериялар:
- Enterococcus faecalis (тек ванкомицин мен гентамицинге сезімтал штаммдар)*
- Enterococcus avium*
- Enterococcus faecium*
Грамтеріс бактериялар:
- Escherichia coli*
- Klebsiella pneumoniae*
- Klebsiella oxytoca Citrobacter freundii*
- Enterobacter species (E. aerogenes, E. intermedius, E. sakazaki)
- Enterobacter cloacae*
- Pаntoeа agglomerans
- Pseudomonas fluorescens
- Burkholderia cepacia
- Stenotrophomonas maltophilia
- Proteus mirabilis*
- Morganella morganii
- Neisseria gonorrhoea**
- Providencia species (Р. rettgeri, P. stuartii)
Анаэробтар:
- Bacteroides sp. (В. fragilis*, B. distasoni*, B. thetaiotaomicron*, B. ovatus*,
B. uniformis*, B.vulgaris*)
- Peptostreptococcus spp.*
- Clostridium sp. *
Төзімділер:
Грамоң:
- Staphylococcus aureus (метициллин/офлоксацинге төзімді штаммдар) +
- коагулаза-теріс стафилококктар (S. cohnii, S. еpidermidis, S. haemolyticus, S. hominis, S. saprophyticus, S. simulans), метициллинге сезімтал штаммдар
Грамтеріс бактериялар:
- Pseudomonas aeruginosa
*/** Авелоксқа сезімталдығы клиникалық деректермен расталған.
+ Авелоксты® қолдану метициллинге төзімді Staphylococcus aureus (МRSА) туғызған инфекцияларды емдегенде ұсынылмайды. Инфекцияны осы штаммдардың (МRSА) туғызғаны күдік тудырса немесе расталса, тиісті антибиотикпен емдеуді бастау қажет.
Микроорганизмдердің кейбір штаммдарының жүре иеленген төзімділігінің жиілігі географиялық аймаққа қарай уақыт өте ауытқуы мүмкін.
Әсіресе, ауыр инфекцияларды емдегенде микроорганизмдердің жергілікті төзімділігі жөнінде хабардар болған дұрыс.
Жоғарыда ұсынылған ақпарат микроорганизмдердің Авелоксқа сезімталдығын анықтауда жетекші қызмет атқарады.
Қолданылуы
Инфузияға арналған Авелокс® ерітіндісі препаратқа сезімтал микроорганизмдер туғызған келесі бактериялық инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген:
- ауруханадан тыс пневмония, мультитөзімді штаммдар туғызған түрін қоса*
- терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары, жұқпа жұқтырған «диабеттік табанды» қоса;
- асқынған интраабдоминальді инфекциялар, абсцестер сияқты полимикробтық инфекцияларды қоса.
* Мультитөзімді Streptococcus pneumoniae (MDRSP) PRSP (пенициллинге төзімді S. Pneumoniae) ретінде белгілі изоляттарды және келесі екі және одан да көп антибиотиктерге төзімді штаммдарды қамтиды: пенициллин (MIC ≥2 мкг/мл), цефалоспориндердің екінші буыны (мысалы, цефуроксим), макролидтер, тетрациклиндер мен триметоприм/сульфаметоксазол.
Бактерияға қарсы препараттарды дұрыс пайдалану туралы ресми нұсқауларды назарға алу керек.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер
Жоғарыда тізбеленген көрсетілімдер үшін Авелоксты® дозалаудың ұсынылатын режимі күніне 1 рет 400 мг (инфузияға арналған 250 мл ерітінді) құрайды және одан аспауға тиіс.
Ем ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы көрсетілімдердің ауырлығына немесе клиникалық әсерге қарай белгіленеді.
Емдеудің бастапқы сатыларында инфузияға арналған Авелокс® ерітіндісі қолданылады, сосын емді жалғастыру үшін, клиникалық көрсетілімдер болса, препаратты таблеткалар түрінде ішке қабылдауға тағайындауға болады.
Жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларын емдеу үшін жалпы мынадай ұсынымдар бар.
Ауруханадан тыс пневмония - сатылы еммен емдеудің ұсынылатын жалпы ұзақтығы (ішу арқылы қабылдау еміне ұласатын көктамыр ішіне енгізу) – 7-14 күн.
Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары – сатылы еммен емдеудің жалпы ұзақтығы (ішу арқылы қабылдау еміне ұласатын көктамыр ішіне енгізу) –7-21 күн.
Асқынған құрсақішілік инфекциялар – сатылы еммен емдеудің жалпы ұзақтығы (ішу арқылы қабылдау еміне ұласатын көктамыр ішіне енгізу) 5-14 күн құрайды.
Ұсынылатын емдеу ұзақтығынан асыруға болмайды.
Инфузияға арналған Авелокс® ерітіндісі және Авелокс® таблеткалары клиникалық сынақтарда (терінің және тері құрылымының асқынған инфекцияларында) 21 күнге дейін зерттелді.
Емделушілердің ерекше санаттары жөнінде қосымша ақпарат
Балалар мен жасөспірімдер
Авелокстың® 18 жастан кіші балалар мен жасөспірімдердегі тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Егде жастағы емделушілер
Егде жастағы емделушілерде дозалау режимін өзгерту қажет болмайды.
Этникалық айырмашылықтар
Этникалық топтарда дозалау режимін өзгерту талап етілмейді.
Бауыр функциясы бұзылған емделушілер
Бауыр функциясы бұзылған емделушілерге дозалау режимін өзгерту қажет емес.
Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер
Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде (≤ 30 мл/мин/1,73 кв.м креатинин клиренсін қоса), сонымен қатар үздіксіз гемодиализде және ұзақ амбулаторлық перитонеальді диализде жүрген емделушілерде дозалау режимін өзгерту қажет емес.
Пайдаланылуы жөніндегі нұсқаулық
Препарат ұзақтығы 60 минуттан кем емес инфузия түрінде көктамыр ішіне енгізіледі.
Авелокс® ерітіндісін тікелей немесе Т-үлгісіндегі катетер арқылы инфузияға арналған үйлесімді ерітінділермен енгізуге болады.
Авелокс® ерітіндісінің төменде келтірілген инфузиялық ерітінділермен қоспасы бөлме температурасында 24 сағат бойына тұрақты болып қалады, осыған орай, оларды Авелокспен® үйлесімді инфузияға арналған ерітінділер ретінде қарастыруға болады.
-
Инъекцияға арналған су
-
0,9% Натрий хлориді
-
1 молярлық Натрий хлориді
-
5% Глюкоза
-
10% Глюкоза
-
40% Глюкоза
-
20% Ксилит
-
Рингер ерітіндісі
-
Рингер лактатының ерітіндісі
Егер Авелокс® ерітіндісі басқа препаратпен бірге тағайындалса, әр препаратты бөлек қабылдаған дұрыс. Ерітіндіні мұздатып қатыруға немесе салқындатуға болмайтындықтан оны тоңазытқышта сақтауға болмайды. Салқындатқан кезде бөлме температурасында еріп кететін шөгінді түзілуі мүмкін. Ерітінді түпнұсқалық қаптамада сақталуға тиісті. Тек мөлдір ерітіндіні енгізу керек.
Жағымсыз әсерлері
Жүрек айну мен диареядан басқа, «жиі» санатына жатқызылатын ұнамсыз құбылыстар 3%-дан аз емделушілерде байқалды:
Жиі (> 1/100 және 1/< 10%)
- кандидоздық суперинфекциялар
- бас айналу, бас ауыру
- гипокалиемиясы бар науқастар ЭКГ-сында QT аралығының ұзаруы
- жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея
- қандағы трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы
- инъекция мен инфузия орынындағы реакциялар
Жиі емес ( > 1/1 000 және <1/10 %)
- анемия, лейкопения, нейтpопения, тромбоцитопения, тpомбоцитоз, пpотpомбин уақытының ұзаруы және халықаралық қалыптанған қатынас көрсеткішінің артуы
- аллергиялық реакциялар, есекжем, қышыну, бөрту, эозинофилия
- гиперлипидемия
- үрейлену сезімі, психомоторлық белсенділіктің жоғарылауы, ажитация
- парестезиялар/дизестезиялар
- дәм сезу бұзылыстары, соның ішінде өте сирек жағдайлардағы агевзия (дәм сезімталдығын жоғалту)
- сананың шатасуы, бағдарсыздық, ұйқының бұзылуы, бас айналу, тремор, сомноленция
- көрудің нашарлауы, әсіресе ОЖЖ тарапынан болатын реакциялармен қосылған
- емделушілердің ЭКГ-сында QT аралығының ұзаруы, жүректің соғуы, тахикаpдия, вазодилатация
- ентігу, соның ішінде демікпелі ахуал
- тәбеттің төмендеуі, іш қату, диспепсия, метеоризм, гастроэнтерит (эрозиялық гастроэнтериттен басқа)
- амилаза, билирубин деңгейінің жоғарылауы, бауыр функциясының бұзылуы, соның ішінде лактатдегидрогеназа деңгейінің артуы, гамма-
глутамилтрансфераза мен сілтілі фосфатаза деңгейінің ұлғаюы
- артралгиялар, миалгиялар
- дегидратация (диарея немесе сұйықтық қабылдаудың азаюы туғызған)
- жалпы дімкәстану, айрықша белгісі жоқ сипаттағы ауырулар, тершеңдік
- инфузия орынындағы тромбофлебиттер
Сирек ( > 1/10 0000 және 1/1 000)
- тpомбопластин концентрациясының өзгеруі
- анафилактикалық/анафилактоидтық реакциялар, аллергиялық/ангионевроздық ісінулер, соның ішінде көмейдің ісінуі (өмірге зор қауіп төндіретін)
- гипергликемия, гиперурикемия
- эмоциялық орнықсыздық, депрессия (өте сирек жағдайларда суицидтік ойлар немесе әрекеттер сияқты өзіне-өзі зақым келтіруге бейім мінез-құлықпен айқын көрініс беретін), елестеулер
- гипостезия, иіс сезудің бұзылуы, аносмияны қоса
- патологиялық түс көрулер, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы (негізінен, бас айналу немесе вертиго салдарынан жүріс-тұрыстың бұзылуы (әсіресе, егде емделушілерде өте сирек жағдайларда құлау нәтижесінде болатын жарақаттарға апаратын), түрлі клиникалық көріністері бар құрысу ұстамалары (соның ішінде жайылған), зейіннің нашарлауы, сөйлеу бұзылыстары, амнезия
- шеткергі невропатия және полинейропатия
- құлақтың шуылдауы, естудің нашарлауы, соның ішінде саңыраулық (әдетте, қайтымды)
- естен танулар, гипотензия, гипертензия, қарыншалық тахиаритмиялар
- дисфагия, стоматиттер, жалған жарғақшалы колит (өте сирек жағдайларда өмірге қауіп төндіретін асқынулармен астасқан), сарғаю, гепатит (көбіне холестаздық)
- тендонит, бұлшықет тонусының көтерілуі және бұлшықеттік құрысулар, бұлшықет әлсіздігі
- бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі (әсіресе, бүйрек функциясының қатарлас бұзылуы бар егде емделушілердегі дегидратацияның нәтижесінде)
- ісінулер
Өте сирек (< 1/10 000)
- пpотpомбин концентрациясының жоғарылауы және халықаралық қалыптанған қатынастар көрсеткішінің азаюы немесе пpотpомбин концентрациясы мен халықаралық қалыптанған қатынастар көрсеткішінің өзгеруі
- анафилактикалық/анафилактоидтық шок (соның ішінде өмірге зор қауіп төндіретін)
- гипогликемия
- деперсонализация, өзіне-өзі зақым келтіруге бейім мінез-құлықпен айқын көрініс беретін психотикалық реакциялар
- гиперестезия
- көрудің транзиторлы нашарлауы, әсіресе ОЖЖ тарапынан болатын реакциялармен қосылған
- көбіне клиникалық мәні бар брадикардия, жедел миокард ишемиясы сияқты аритмиялық жорамалды жай-күйлері бар тұлғалардағы айрықша белгісі жоқ аpитмиялар (экстрасистолияны қоса), «пируэт» түріндегі полиморфтық қарынша тахикардиясы, жүректің тоқтауы
- өмірге қауіп төндіретін бауыр жеткіліксіздігіне, соның ішінде өліммен аяқталуға тікелей алып келетін шұғыл дамыған гепатит
- буллездік тері реакциялары, мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермалық некролиз (өмірге аса қауіпті)
- сіңірлердің үзілулері, артриттер, бұлшықеттік, сіңірлік немесе буындық зақымдардың салдарынан болатын жүріс-тұрыс бұзылыстары, Гравис миастениясы симптомдарының өршуі
Келесі ұнамсыз құбылыстар Авелокс® ерітіндісі/Авелокс® таблеткаларымен сатылы емделген науқастардың қосалқы тобында байқалды:
Жиі
- гамма-глутамил трансферазасы деңгейінің жоғарылауы
Жиі емес
- қарыншалық тахиаритмиялар, артериялық гипотензия, ісінулер, антибиотиктер туғызған жалған жарғақшалы колит (өте сирек жағдайларда өмірге қауіп төндіретін асқынулармен астасқан), әртүрлі клиникалық көріністері бар құрысу ұстамалары (соның ішінде жайылған), елестеулер, бүйрек функциясының бұзылуы мен бүйрек жеткіліксіздігі (әсіресе, бүйрек функциясының қатарлас бұзылуы бар егде емделушілердегі дегидратацияның нәтижесінде)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- моксифлоксацинге және басқа хинолондарға, сондай-ақ препараттың басқа құрамдас бөліктерінің кез келгеніне белгілі аса жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік кезең
- жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Атенололмен, ранитидинмен, құрамында кальций бар қоспалармен, теофиллинмен, циклоспоринмен, ішу арқылы қабылданатын контрацептивтік дәрілермен, глибенкламидпен, итраконазолмен, дигоксинмен, морфинмен, пробеницидпен бірге қолданған кезде дозалау режимін реттеу талап етілмейді (Авелокспен® клиникалық елеулі өзара әрекеттесудің болмайтыны расталған).
Варфарин
Варфаринмен қосып қолданғанда фармакокинетикасы, протромбин уақыты және қан ұюының басқа параметрлері өзгермейді.
ХҚҚ (халықаралық қалыптанған қатынастар) мәнінің өзгеруі
Антибиотиктермен, соның ішінде Авелокспен® қосылған антикоагулянттар алған емделушілерде қан ұюына қарсы препараттардың антикоагуляциялық белсенділігі жоғарылаған жағдайлар байқалады. Қауіп факторлары инфекциялық аурудың болуы (қатарлас қабыну үдерісі), емделушінің жасы мен жалпы ахуалы болып табылады. Авелокс® пен варфарин арасындағы өзара әрекеттесудің бұл препараттармен қосылымды ем алған науқастарда анықталмағанына қарамастан ХҚҚ-ды мониторлауды жүргізіп, қажет болса, ішу арқылы қабылданатын қан ұюына қарсы препараттардың дозасын реттеу қажет.
Дигоксин
Авелокс® пен дигоксин бір-бірінің фармакокинетикалық параметрлеріне елеулі әсер етпейді. Препараттың қайталама дозаларын тағайындаған кезде дені сау тұлғалардағы дигоксиннің ең жоғары концентрациясы шамамен 30%-ға ұлғайды, бұл орайда дигоксиннің «концентрация-уақыт» (AUC) қисығы астындағы ауданы мен ең төменгі концентрациясының арақатынасы өзгермейді.
Белсенділендірілген көмір
Бір мезгілде ішу арқылы қабылданатын белсенділендірілген көмірмен көктамыр ішіне енгізгенде энтерогепатикалық кері айналым үдерісіндегі асқазан-ішек жолының саңылауында препараттың сіңуі салдарынан препараттың жүйелі биожетімділігі шамалы (20%-ға жуық) төмендейді.
Тағамдық және сүт өнімдері
Тамақпен (сүт өнімдерін қоса) бір мезгілде қабылдағанда препараттың сіңуі өзгермейді. Авелоксты® ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.
Үйлесімсіздік
Авелокс® ерітіндісімен келесі ерітінділер үйлеспейді:
-
10% және 20% натрий хлоридінің ерітіндісі
-
4,2% және 8,4% натрий гидрокарбонатының ерітіндісі
Айрықша нұсқаулар
Кейбір жағдайларда препарат алғаш қолданылғаннан кейін-ақ аса жоғары сезімталдық пен аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін, бұл жөнінде дереу дәрігерді хабарландыру қажет.
Кейбір жағдайларда препарат алғаш қолданылғаннан кейін өте сирек анафилактикалық реакциялар өмірге қауіп төндіретін анафилактикалық шокқа дейін үдеуі мүмкін. Бұл жағдайларда Авелоксты® тоқтатып, қажетті емдеу шараларын (соның ішінде шокқа қарсы) жүргізген жөн.
Хинолондық қатардағы препараттарды қолдану құрысу ұстамасы дамуының болжамды қатерімен ілесе жүреді. Авелоксты® ОЖЖ аурулары және құрысу ұстамаларының пайда болуы жорамалданатын немесе құрысу белсенділігінің шегін төмендететін ахуалдары ОЖЖ-іне телінуге қатысты күдік тудыратын емделушілерге сақтықпен қолданған дұрыс.
Авелоксты® қолданған кезде кейбір емделушілердің электрокардиограммасында QT аралығының ұзарғаны білінеді.
Әйелдердің, еркектермен салыстырғанда, QT аралығының ұзаруына бейім екендігі ескеріліп, олар QT аралығының ұзаруына ықпал ететін препараттарға мейлінше сезімтал болуы мүмкін. Егде жастағы емделушілер де мұндай препараттарға аса сезімтал.
QT аралығының ұзару дәрежесі препарат концентрациясының жоғарылауымен бірге арта түседі, сондықтан ұсынылған дозаны және инфузия жылдамдығын (60 минутта 400 мг) асыруға болмайды. Алайда пневмониясы бар емделушілерде препараттың қан плазмасындағы концентрациясы мен QT аралығының ұзаруы арасындағы өзара байланыс анықталған жоқ. QT аралығының ұзаруы, «пируэт» түріндегі полиморфтық қарыншалық тахикардияны қоса, қарынша аритмиясы қатерінің жоғарылауымен ілескен. Препаратты қабылдағанда QT аралығының ұзаруымен байланысты кардиоваскулярлық асқынулар мен өлімге әкелетін жағдайлары болған жоқ. Алайда, Авелоксты® қолданған кезде аритмиялық жорамалды жай-күйлері бар емделушілерде қарыншалық аритмиялардың даму қаупі артуы мүмкін.
Осыған орай, келесі емделушілерде Авелоксты қолдану тәжірибесі шектеулі екендіктен, препаратты осы:
- QT аралығы ұзарған
- гипокалиемиясы емделмеген
- аритмияға қарсы IA класының (хинидин, прокаинамид) немесе III класының (амиодарон, соталол) препараттарын алатын емделушілерде тағайындаудан аулақ болған дұрыс
Моксифлоксациннің аддитивтік әсері келесі жағдайларда жоққа шығарылмайтындықтан, Авелокс®:
- QT аралығын ұзартатын препараттармен (цизаприд, эритромицин, жүйке қозуына қарсы препараттар, үш циклды антидепрессанттар) қатарлас ем алатын емделушілерде;
- клиникалық мәні бар брадикардия, жедел миокард ишемиясы сияқты аритмиялық жорамалды жай-күйлері бар емделушілерде;
- QT аралығының ұзаруының бары жоққа шығарылмайтын бауыр циррозы бар емделушілерде;
- QT аралығын ұзартатын препараттарға аса сезімтал болуы мүмкін әйелдерде немесе егде емделушілерде сақтықпен тағайындалады. Авелоксты® қолданғанда өмірге қауіп төндіретін бауыр жеткіліксіздігіне алып келетін, соның ішінде өліммен аяқталатын шұғыл дамыған гепатиттің даму жағдайлары жөнінде хабарланды. Бауыр жеткіліксіздігінің белгілері пайда болғанда емделушілер емді жалғастырмас бұрын кідіріссіз дәрігерге қаралу керек.
Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермалық некролиздің (өмірге аса қауіпті) буллезді тері реакцияларының даму жағдайлары жөнінде хабарланды.
Тері мен/немесе шырышты қабықтар тарапынан реакциялар пайда болғанда да емді жалғастыру алдында шұғыл дәрігермен кеңесу керек.
Авелокспен® қоса, кең ауқымда әсер ететін бактерияға қарсы препараттарды қолдану антибиотиктерді қабылдаумен астасқан жалған жарғақшалы колиттің даму қаупімен ілесе жүретіндіктен, бұл диагнозды препаратпен емделу аясында ауыр диареясы байқалған емделушілерде ескерген жөн. Бұл жағдайда дереу тиісінше ем тағайындалуға тиіс. Ауыр диареясы байқалған емделушілерге ішек перистальтикасын тежейтін препараттарды қолдануға болмайды.
Авелоксты® миастениямен науқастар сақтықпен пайдалану керек, өйткені препарат осы ауру симптомдарын өршітуі мүмкін.
Фторхинолондармен, соның ішінде Авелокспен® емдеу аясында, әсіресе егде жастағылар мен глюкокортикостероидтар алатын емделушілерде тендиниттің дамуы және сіңірлердің үзілуі мүмкін; ем аяқталғаннан кейін бірнеше айлардан соң жекелеген даму жағдайлары болды. Зақымдалған жердегі ауырусыну немесе қабыну алғаш симптомдары болғанда препаратты қабылдауды тоқтатып, жараланған қол-аяққа түсетін жүкті жеңілдеткен жөн.
Хинолондарды қолдану кезінде фотосезімталдық реакциялары байқалады. Алайда арнайы жетілдірілген клиникалық зерттеулерде де, әдеттегі клиникалық тәжірибе жағдайында да Авелоксты® қолданғанда фотосезімталдық реакциялары білінген жоқ. Дегенмен препаратты алатын емделушілер тіке түсетін күн сәулелерінен және ультракүлгінді сәулеленуден аулақ болуға тиіс.
Кіші жамбас астауы ағзаларының асқынған қабыну аурулары бар емделуші әйелдер үшін (мысалы, тубоовариальді немесе жамбастық абсцестермен байланысты) көктамырішілік емделу көрсетілгенде Авелоксты® 400 мг таблеткаларда қабылдау ұсынылмайды.
Авелокс® метициллинге төзімді алтын түстес стафилококк (МТАС) туғызған инфекцияларды емдеу үшін ұсынылмайды. Аталған инфекция күдік тудырған немесе расталған жағдайда бактерияға қарсы тиісті препаратты қолданудан бастау керек («Фармакодинамикалық қасиеттері» бөлімін қараңыз).
«Ин витро» моксифлоксациннің белсенділігін зерттеу, микобактериялық өсу супрессиясының арқасында, Mycobacterium өсіріндісімен өзара әрекеттесу мүмкін екенін көрсетті, бұл Авелокс® алатын емделушілерде алынған үлгілердегі жалған-теріс нәтижеге әкелуі мүмкін.
Хинолондарды, соның ішінде Авелоксты қолданғанда парестезияға, гипоэстезияға, дисэстезияға немесе әлсіздікке әкелетін сенсорлық және сенсомоторлық полинейропатияның даму жағдайлары жөнінде хабарланды. Авелокспен® емделіп жүрген емделушілерде ауырсыну, ашыту, шаншу, ұю немесе әлсіздік сияқты нейропатия белгілері дамығанда емдеуді жалғастырмас бұрын дереу дәрігермен кеңесу керек.
Психикалық реакциялар, Авелоксты® қоса, фторхинолондық қатардың препараттарын алғаш қолданғаннан кейін-ақ білінуі мүмкін.
Өте сирек жағдайларда депрессия немесе психоздық реакциялар суицидтік ойлардың немесе өзіне-өзі зақым келтіруге бейім мінез-құлықтың дамуына дейін үдеді («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).
Егер емделушіде аталған реакциялар дамыса, Авелокспен® емделуді тоқтатып, тиісті шаралар қабылдау қажет. Жүйке қозуы бар емделушілерде немесе сыртартқысында психиатриялық ауруы бар емделушілерде препаратты пайдаланғанда сақ болу ұсынылған.
Neisseria gonorrhoeae инфекциясының фторхинолонға төзімді түрлерінің кең таралуын және жиілігінің артуын ескере отырып, кіші жамбас астауы ағзаларының қабыну аурулары бар емделуші әйелдерде N. gonorrhoeae-ның фторхинолондарға төзімділігі жоққа шығарылғаннан кейін Авелокс® монотерапиясын тағайындау ұсынылады.
Егер Neisseria gonorrhoeae инфекциясының фторхинолондарға төзімділігі жоққа шығарылмаса, Авелокс® еміне қосымша N. gonorrhoeae-ға қарсы әсер ететін тиісті антибиотикті (мысалы, цефалоспориндер) тағайындау мәселесін қарастыру керек.
Натрий мөлшері төмен емдәм ұстанатын емделушілер (іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі, нефроздық синдром кезінде) натрийді инфузияға арналған ерітіндімен қосымша қабылдауға ден қою керек.
Дисгликемия
Авелоксты® басқа да фторхинолондарды қабылдаудағы сияқты, қандағы қант деңгейінің ауытқуын туындатуы мүмкін: гипогликемия және гипергликемияның дамуы жөнінде хабарланды. Авелокспен® емдеген кезде негізінде дисгликемия қант диабетімен ауыратын егде жастағы емделушілерде және ішке кабылданатын гипогликемиялық препараттармен (мысалы сульфонилмочевина) немесе инсулинмен ем қабылдағанда туындайды.
Қант диабеті бар емделушілерге қандағы қант деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Авелокстың® жүктілік кезіндегі қауіпсіздігі анықталмаған. Буындардың қайтымды зақымдануы кейбір хинолондық антибиотиктер алған балаларда сипатталды, дегенмен ұрыққа ықпал етуінен туындаған ұқсас әсері жөнінде хабарланған жоқ. Адамдар үшін зор қатері белгісіз.
Сондықтан Авелоксты® жүктілік кезеңінде қолдану қарсы көрсетілімді.
Авелоксты® лактация және емшек емізу кезеңіндегі әйелдерде қолдану жөнінде деректер жоқ. Сондықтан Авелоксты® бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Фторхинолондар, Авелоксты® қоса, ОЖЖ тарапынан болатын реакциялардың салдарынан автокөлікті басқару немесе механизмдерді басқару қабілетінің бұзылуына алып келуі мүмкін.
Артық дозаланғанда
Симптомдары – 10 күн бойы 1200 мг-ге дейінгі бір реттік дозалар және 600 мг-ден көп реттік дозалар дені сау адамдарға тағайындалған және қандай да бір жағымсыз әсерлермен қатар жүрген жоқ.
Емі – артық дозаланған жағдайда клиникалық көріністі бағдарға алып, ЭКГ-мониторингпен белгісіне қарай демеуші ем жүргізген жөн.
Шығарылу түрі және қаптамасы
250 мл-ден сұр түсті хлорбутилді немесе бромбутилді резеңкеден жасалған инфузиялық тығынмен, қаусыратын алюминий сақинамен және пластик қалпақшамен бекітілген түссіз шыныдан жасалған (2 түрдегі) құтыда
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
15 С-ден төмен емес температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Байер Фарма АГ,
D-51368 Леверкузен, Германия.
Тіркеу куәлігінің иесі
Байер Фарма АГ, Берлин, Германия.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Байер КАЗ» ЖШС
Тимирязев көшесі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 павильон
050057 Алматы, Қазақстан Республикасы,
тел.: +7 727 258 80 40,
факс: +7 727 258 80 39,
е-mail: kz.claims@bayer.com