Авамис® (Fluticasone furoate)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Авамис®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Флутиказон
Дәрілік түрі
Дозаланған мұрын спрейі, 27.5 мкг/доза, 120 доза
Құрамы
1 дозаның құрамында
белсенді зат - 27.5 мкг флутиказон фуроаты (микронизирленген),
қосымша заттар: сусыз глюкоза, дисперсті целлюлоза, полисорбат 80, 50% бензалконий хлоридінің ерітіндісі, динатрий эдетаты, тазартылған су
Сипаттамасы
Ақ түсті біркелкі суспензия
Фармакотерапиялық тобы
Антиконгестанттар және жергілікті қолдану үшін мұрынға арналған басқа да препараттар. Глюкокортикостероидтар. Флутиказон фуроаты.
АТХ коды R01AD12
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Флутиказон фуроатын (тәулігіне 110 мкг) мұрын ішіне енгізгеннен кейін пациенттердің көбінде қан плазмасында ең жоғары концентрация (Смах) байқалмайды (яғни ол 10 пг/мл-ден азды құрайды), препараттың жүйелік әсері – аздау. Мөлшерлі тұрғыда анықталған деңгейлер 12 жастағы және одан үлкен пациенттердің 31%-да ғана байқалды.
Күніне үш рет 880 мкг-нан (жалпы күндізгі дозасы - 2640 мкг) енгізілген мұрынішілік флутиказон фуроатының абсолютті биожетімділігі 0,50% құрайды.
Таралуы
Қан плазмасында флутиказон фуроаты тепе-тең концентрацияға жеткен кезде таралу көлемі үлкен (608 л-ге жуық) болды. Оның қан плазмасы ақуыздарымен байланысу қабілеті барынша жоғары болады (99%-дан астам).
Метаболизмі
Флутиказон фуроаты қан плазмасынан (қан плазмасындағы жалпы клиренсі сағатына 58,7 л), негізінен, Р450 цитохромы жүйесінің CYP3A4 изоферментінің әсерімен белсенді емес 17β-карбоксильді метаболитке (GW694301X) дейін бауырда метаболиздену нәтижесінде тез шығарылады. Метаболизмінің негізгі жолы S-флуорометил карботиоатының 17β-карбоксильді қышқыл метаболитке дейін гидролизі болып табылады.
Шығарылуы
Элиминацияның негізгі жолы флутиказон пропионатының және оның метаболиттерінің өтпен бірге шығарылуы болып табылады. Несеппен бірге препараттың 1%-ға жуығы бөлініп шығады.
Егде жастағылар
Пациенттердің шектеулі санынан алынған деректер егде және өте жас пациенттердегі фармакокинетикасында елеулі айырмашылықтардың жоқтығын көрсетті.
Балалар
Флутиказон фуроатын (тәулігіне 110 мкг) мұрын ішіне енгізгеннен кейін пациенттердің көбінде қан плазмасында ең жоғары концентрация (Сmах) байқалмайды (яғни ол 10 пг/мл-ден азды құрайды), препараттың жүйелік әсері – аздау. Мөлшерлі тұрғыда анықталған деңгейлер күніне бір рет 110 мкг енгізгеннен кейін балалардың 15,1%-ында және күніне 1 рет 55 мкг қабылдаған балалардың 6,8%-да байқалды.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Флутиказонның 1%-дан азы несеппен бірге шығарылады, демек, бүйрек функциясы бұзылған жағдайда препараттың фармакокинетикасына қандай да болсын ықпалы бар деп күтілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде флутиказонды мұрын ішіне қолданумен байланысты деректер жоқ. Бауырдың жеңіл және орташа дәрежелі жеткіліксіздігі жағдайларында препараттың фармакокинетикасына ықпалы бар деп күтілмейді. Препаратты бауырдың ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдану жөнінде деректер жоқ; мұндай пациенттерде флутиказонның экспозициясы артуы мүмкін.
Жынысы, нәсілі
Ықпал етпейді.
Фармакодинамикасы
Авамис® (флутиказон фуроаты) синтетикалық үш фторлы кортикостероид болып табылады, оның глюкокортикоидтық рецепторлармен бірге өте жоғары туыстығы бар және күшті қабынуға қарсы әсері бар.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Ересектер мен жасөспірімдердегі маусымдық аллергиялық ринит
Жүргізілген 4 клиникалық зерттеу нәтижелері күніне бір рет 110 мкг-ден қолданылатын флутиказон фуроатының мұрын спрейі мұрын симптомдарының көрінісін (ринореяны, мұрынның бітелуін, түшкіруді және мұрынның қышынуын қоса) және көз симптомдарын (қышынуды/ күйдіруді, көз жасының бөлінуін / көзден сұйықтықтың бөлінуін және көздің қызаруын қоса) айтарлықтай жақсартады. Тиімділігі күніне бір рет қолданған жағдайда 24 сағат ішінде сақталады.
Емдік әсерінің басталуы алғаш қолданғаннан кейін 8 сағаттан кейін-ақ, мұнан кейін бірнеше күн ішінде кейінгі жақсаруымен байқалған.
Барлық 4 зерттеу де флутиказон фуроатының мұрын спрейі пациенттердің емге деген жалпы реакцияны қабылдауды, сондай-ақ ауруды есепке ала отырып пациенттердің өмір сапасын (Риноконъюнктивитпен өмір сапасы бойынша сауалнама - RQLQ) елеулі жақсартқанын көрсетті.
Ересектер мен жасөспірімдердегі созылмалы аллергиялық ринит
Барлық үш зерттеу де күніне бір рет 110 мкг-ден қолданылатын флутиказон фуроатының мұрын спрейі мұрын симптомдары кезінде жай-күйді, сондай-ақ плацебомен салыстырғанда пациенттердің емге деген жалпы реакцияны қабылдауын айтарлықтай жақсартатынын көрсетті.
Бір зерттеу күніне бір рет 110 мкг-ден қолданылатын флутиказон фуроатының мұрын спрейі көз симптомдары кезінде жай-күйді, сондай-ақ плацебомен салыстырғанда ауруды есепке ала отырып пациенттердің өмір сапасын (Риноконъюнктивитпен өмір сапасы бойынша сауалнама - RQLQ) елеулі жақсартқанын көрсетті.
Күніне бір рет қолданған кезде тиімділігі 24 сағат бойы сақталады.
Көзге арналған флутиказон фуроатын (күніне бір рет 110 мкг мұрынішілік спрей) қолдану қауіпсіздігін бағалауға арналған екі жыл бойы жүргізілген зерттеуге сәйкес созылмалы аллергиялық риниті бар ересектер мен жасөспірімдер флутиказон фуроатын (n = 367) немесе плацебо (n = 181) қабылдаған. Бастапқы нәтижелер [артқы субкапсулярлық бұлыңғырланудың ұлғаю уақыты (Көзбұршақтың бұлыңғырлану классификациясы жүйесінде бастапқы деректермен салыстырғанда 0,3, III нұсқа (LOCS III дәрежелі)) және көзішілік қысымның жоғарылау уақыты (КІҚ; бастапқы деректерден 7 мм с.б.)] екі топ арасында статистикалық маңызды болған жоқ. Артқы субкапсулярлық бұлыңғырланудың ұлғаюы (бастапқы деректермен салыстырғанда 0,3) плацебо [4 (2%)] қабылдаған пациенттермен салыстырғанда 110 мкг [14 (4%)] флутиказон фуроатын қабылдаған пациенттерде барынша жиі болды және флутиказон фуроаты тобындағы он пациентте және плацебо тобындағы екі пациентте уақытша сипатқа ие болды. КІҚ жоғарылауы (бастапқы деректермен салыстырғанда 7 мм с.б.) 110 мкг флутиказон фуроатын қабылдаған пациенттерде барынша жиі: күніне бір рет 110 мкг флутиказон фуроатын қабылдағандар үшін - 7 (2%) және плацебо үшін 1 (<1%) болды. Бұл әсерлер флутиказон фуроаты тобындағы алты пациентте және плацебо тобындағы бір пациентте уақытша сипатқа ие болды. 52 және 104-аптада екі топтағы пациенттердің 95%-ында әр көз үшін бастапқы деректермен салыстырғанда ± 0,1 шегінде артқы субкапсулярлық бұлыңғырлану мәндері болды, ал 104-аптада екі топтағы пациенттердің ≤1%-ында бастапқы деректермен салыстырғанда артқы субкапсулярлық бұлыңғырланудың 0,3 ұлғайды. 52 және 104-аптада көптеген пациенттерде (> 95%) бастапқы деректермен салыстырғанда КІҚ ± 5 мм с.б. шегінде болды. Артқы субкапсулярлық бұлыңғырланудың ұлғаюы немесе КІҚ жоғарылауы катарактаның немесе глаукоманың қандай да бір жағымсыз көріністерімен қатар жүрген жоқ.
Балалар
Балалардағы маусымдық және созылмалы аллергиялық ринит
Балалар үшін дозаны тағайындау балалардағы аллергиялық ринитті емдеу тиімділігі туралы деректерге баға беруге негізделген.
Маусымдық аллергиялық ринитті емдеу үшін күніне бір рет 110 мкг флутиказон фуроаты мұрын спрейін қолдану тиімді болды, бірақ қорытынды нәтижеге қатысты күніне бір рет 55 мкг флутиказон фуроаты мұрын спрейі мен плацебо қолдану арасында ешқандай айтарлықтай айырмашылық байқалған жоқ.
Созылмалы аллергиялық ринитте күніне бір рет 55 мкг флутиказон фуроаты мұрын спрейін қолдану күніне бір рет 110 мкг флутиказон фуроаты мұрын спрейін 4 апта бойы қолдануға қарағанда тиімділіктің барынша төзімді бейінін көрсетті. Сол зерттеудегі 6 және 12 аптадан кейінгі екіншілік талдау, сондай-ақ гипоталамо-гипофизарлық-бүйрекүсті безі жүйесі қауіпсіздігінің 6 апталық зерттеуі күніне бір рет 110 мкг флутиказон фуроаты мұрын спрейін қолдану тиімділігін растады.
2-ден 11 жасқа дейінгі балаларда бүйрекүсті безі функциясына күніне бір рет 110 мкг флутиказон фуроаты мұрын спрейін қолдану әсерін бағалаған 6 апталық зерттеу плацебомен салыстырғанда қан сарысуындағы кортизолдың тәулік бойы бейініне ешқандай елеулі әсері болмағанын көрсетті.
Бір жыл бойы параллель топтарда жүргізілген клиникалық өсудің рандомизацияланған, қосарлы жасырын, көп орталықты, плацебо-бақыланатын зерттеулері күніне бір рет 110 мкг флутиказон фуроаты мұрын спрейін қолданудың стадиометрия қолдану арқылы жыныстық тұрғыдан әлі жетілмеген 474 балада (5-тен 7,5 жасқа дейінгі қыз балалар үшін және 5-тен 8,5 жасқа дейінгі ұл балалар үшін) өсу жылдамдығына әсерін бағалады. Флутиказон фуроатын қабылдаған пациенттерде 52 апталық емдеу кезеңінде орташа өсу жылдамдығы плацебо (5,46 см / жыл) қабылдаған пациенттермен салыстырғанда төмен (5.19 см / жыл) болды. Емдеу әдісі бойынша орташа айырмашылық жылына -0.27 см құраған [95% CI -0.48 -0.06 дейін].
Балалардағы маусымдық және созылмалы аллергиялық ринит (6 жастан кіші):
Қауіпсіздігі мен тиімділігіне зерттеулер жалпы алғанда маусымдық және созылмалы аллергиялық риниті бар 2-ден 5 жасқа дейінгі 271 пациентке жүргізілді, олардың ішінде 176-сы флутиказон фуроатын қабылдаған. Препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі бұл топта тиісінше анықталмаған.
Қолданылуы
- ересектерде және 6 жастан асқан балаларда аллергиялық ринит симптомдарын емдеуге
Қолдану тәсілі және дозалары
Авамис® препараты тек мұрын ішіне енгізуге арналған.
Толыққанды ем алу үшін препаратты төменде көрсетілген графикпен қолдану ұсынылады. Препарат әсерінің басталуы алғаш енгізілгеннен кейін 8 сағаттан соң-ақ байқалады, алайда ең жоғары әсерге жеткенше бірнеше күн өтуі мүмкін, мұны пациентке ескерткен жөн. Емдеу ұзақтығы аллергиялық әсер ету кезеңімен шектелуі тиіс.
Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер
Бастапқы ұсынылатын доза (бір бүркуге 27,5 мкг флутиказон фуроаты) тәулігіне бір рет әрбір мұрын ішіне екі мәрте бүркуді құрайды (жалпы тәуліктік доза 110 мкг).
Демеуші доза ретінде ауру симптомдарын бақылауға қол жеткізу шамасына қарай дозаны тәулігіне 1 рет әрбір мұрын ішіне 1 мәрте бүркуге дейін төмендетеді (тәулігіне 55 мкг).
Дозаны симптомды бақылауға қол жеткізе алатын ең аз дозаға дейін титрлеген жөн.
6 жастан 11 жасқа дейінгі балалар
Тәулігіне 1 рет әрбір мұрын жолына бір мәртеден (27,5 мкг флутиказон фуроаты) бүркеді (жалпы тәуліктік доза тәулігіне 55 мкг құрайды). Осы дозалау режимінде әсер болмаған жағдайда, препараттың тәуліктік дозасы тәулігіне 110 мкг-ға дейін арттырылуы мүмкін, бірақ әрбір мұрын ішіне 2 бүркуден аспауы тиіс. Ауру симптомдарын бақылауға қол жеткізілуіне орай, дозасын тәулігіне бір рет әрбір мұрын жолына 1 бүркуге дейін төмендетеді (тәулігіне 55 мкг).
6 жасқа дейінгі балалар
Адамдардың осы категорияларына қолдану тәжірибесі шектеулі. Адамдардың осы тобында тиімділігі және қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.
Егде жастағылар
Дозаны түзетудің қажеті жоқ.
Бүйрек жеткіліксіздігінде қолданылуы
Дозаны түзетудің қажеті жоқ.
Бауыр жеткіліксіздігінде қолданылуы
Бауыр жеткіліксіздігінде дозаны түзету қажет етілмейді. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданғанда сақ болу керек, себебі бұл адамдардың когортасында кортикостероидтарды қолданумен байланысты жүйелік жағымсыз реакциялардың даму қаупі бар.
Пайдаланылуы жөніндегі нұсқаулық
Авамис® пластмасса сауытқа салынған шыны құтыда болады.
Сауытта құтыдағы препарат қалдығын көруге мүмкіндік беретін терезе бар. Түймені нықтап басқан кезде суспензия ұштық арқылы шашырайды. Ұштығы қалпақшамен қорғалған.
1-сурет
қалпақшасы
ұштық
Бүркуге арналған түйме
терезе
Алдыңғы бөлігі
Артқы бөлігі
Алғашқы пайдаланар алдында бас бармақты қалпақшаға баса отырып, қалған саусақтармен сауыттың бүйірлік беткейін ұстап тұрып, 2-суретте көрсетілгендей құтыны алу керек және қатты сілку қажет (кемінде 10 секунд). Бұл өте маңызды, себебі құтыдағы препарат қою және мұқият сілкіген кезде барынша сұйық болады.
2-сурет.