Абитракс (500 мг)

МНН: Цефтриаксон
Производитель: ЛАБОРАТОРИО ФАРМАЦЕУТИКО С.Т. С.Р.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ceftriaxone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021455
Информация о регистрации в РК: 01.07.2015 - 01.07.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 94.91 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Абитракс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цефтриаксон

Дәрілік түрі

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 500 мг ұнтақ еріткішпен жиынтықта (1 % 2 мл лидокаин гидрохлоридінің ерітіндісі)

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат – 596.5 мг цефтриаксон натрий (500 мг цефтриаксонға баламалы).

Еріткіші бар бір ампуланың ішінде 1 % лидокаин гидрохлориді ерітіндісі бар.

Сипаттамасы

Ақтан сары түске дейінгі, сәл гигроскопиялы кристалл ұнтақ.

Еріткіш – мөлдір, түссіз ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Басқа бета-лактамды бактерияға қарсы препараттар. III буын цефалоспориндері. Цефтриаксон.

АТХ коды J01DD04

Фармакологиялық қасиеттері

ФармакокинетикасыЦефтриаксон альбуминмен қайтымды байланысады. Оның қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы – 85-95%. Интерстициальді сұйықтықтағы альбуминдер мөлшерінің төмендеу болуына байланысты ондағы цефтриаксон концентрациясы қан сарысуындағыға қарағанда жоғарырақ. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді. Жаңа туған нәрестелер мен балаларда ми қабығы қабынғанда, цефтриаксон жұлын сұйықтығына өтеді, бактериялық менингит жағдайында қан сарысуындағы цефтриаксон концентрациясының 17%-ы жұлын сұйықтығына диффузияланады. Ересектерде менингит кезінде цефтриаксонды кг дене салмағына 50 мг дозада енгізгеннен кейін 2-25 сағаттан соң, цефтриаксонның концентрациясы анағұрлым кең таралған менингит қоздырғыштары үшін ең төменгі тежегіштік концентрациясынан бірнеше есе артқан.

Ішек микрофлорасының әсерінен цефтриаксон белсенді емес метаболитке айналады. Жартылай шығарылу кезеңі 5,8-8,7 сағатқа жуықты құрайды. Жаңа туған сәбилерде (8 күнге дейінгі) және 75 жастан асқан егде жастағыларда жартылай шығарылуының орташа кезеңі 2 есе артады. Ересектерде цефтриаксонның 50-60% өзгеріссіз күйде несеппен, ал 40-50% – өзгеріссіз күйінде өтпен шығарылады. Жаңа туған сәбилерде енгізілген дозасының шамамен 70% бүйрекпен шығарылады. Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылулары кезінде жартылай шығарылу кезеңі елеусіз ұзарады. Бүйрек функциясының бұзылулары кезінде өтпен шығарылуы компенсаторлы артады, ал бауыр функциясының бұзылулары кезінде, цефтриаксонның бүйрекпен шығарылуы күшейеді.

ФармакодинамикасыПарентеральді енгізуге арналған ұзақ әсер ететін, әсер ету ауқымы кең III буынды цефалоспориндік антибиотик. Препараттың бактерицидтік белсенділігі жасуша қабырғасы синтезінің бәсеңдеуімен шартталған. Цефтриаксон грамтеріс және грамоң микроорганизмдер бета-лактамазаларының көпшілігінің әсеріне үлкен төзімділігімен ерекшеленеді.

Төмендегі микроорганизмдерге қатысты белсенді:

Грамоң аэробтар: Staphylococcus aureus, Staphylococcus epidermidis, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Streptococcus agalactiae, Streptococcus viridans, Streptococcus bovis;

Ескерту. Препараттың әсеріне метициллинге төзімділік танытатын Staphylococcus spp. штамдары, Enterococcus штамдары, бета-лактамазаны өндіретін көптеген Bacteroides spp. штамдары төзімді.

Грамтеріс аэробтар: Aeromonas spp., Alcaligenes spp., Branhamella catarrhalis (бета-лактамазаны түзетін және түзбейтін), Citrobacter spp., Enterobacter spp. (кейбір штамдар резистентті), Escherichia coli, Haemophilus ducreyi, Haemophilus influenzae (соның ішінде пенициллиназа түзетін штамдар), Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella spp. (соның ішінде Klebsiella pneumoniae), Moraxella spp., Morganella morganii, Neisseria gonorrhoeae (соның ішінде пенициллиназа түзетін штамдар), Neisseria meningitidis, Plesiomonas shigelloides, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Providentia spp., Salmonella spp. (соның ішінде Salmonella typhi), Serratia spp. (соның ішінде Serratia marcescens), Shigella spp., Vibrio spp. (соның ішінде Vibrio cholerae), Yersinia spp. (соның ішінде Yersinia enterocolitica), сондай-ақ Pseudomonas aeruginosa жекелеген штамдары да препаратқа сезімтал;

Анаэробтар: Bacteroides spp. (соның ішінде Bacteroides fragilis кейбір штамдары), Clostridium spp. (Cl.difficile- ден басқа), Fusobacterium spp. (Fusobacterium mortiferum және Fusobacterium variuнен басқа), Peptococcus spp., Peptostreptococcus spp.

Ескерту. Көптеген бета-лактамаза түзуші Bacteroides spp (атап айтқанда В. fragilis) штамдары төзімді. Cl.difficile де төзімді.

Қолданылуы

- бактериялық менингитте

- құрсақ қуысының инфекцияларында

- сүйектердің, буындардың инфекцияларында

- жұмсақ тіндердің, терінің асқынған инфекцияларында

- нейтропения аясындағы инфекцияларда

- несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында, соның ішінде пиелонефритте

- ауруханалық және ауруханадан тыс пневмонияда

- жедел ортаңғы отитте

- жыныстық жолмен берілетін инфекцияларда (соның ішінде созда)

- операция алдындағы кезеңдегі инфекциялардың алдын алуда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ерітіндіні дайындағаннан кейін бірден пайдалану қажет.

Бұлшықетішілік инъекция үшін: 500 мг препаратты 2 мл 1% лидокаин ерітіндісінде ерітеді және едәуір үлкен бұлшықетке (бөксеге) терең енгізеді. Бір бұлшықетке 1 г асырмай енгізу ұсынылады.

Құрамында лидокаин бар ерітіндіні көктамыр ішіне енгізуге болмайды. Лидокаинді балалар мен жасөспірімдерге еріткіш ретінде пайдалануға тыйым салынған.

Абитракс препаратының ерітінділерін, үйлесімсіз болуы мүмкіндігіне байланысты құрамында микробқа қарсы басқа препараттар бар ерітінділерге немесе басқа еріткіштерге араластыруға немесе қосуға болмайды.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға орташа тәуліктік дозасы тәулігіне 1 рет 1-2 г құрайды (24 сағаттан соң), ауыр жағдайларда немесе сезімталдығы орташа бактериялардан туындаған инфекциялар кезінде тәуліктік дозасын 4 г дейін арттыруға болады.

Жаңа туған сәбилерге (екі аптаға дейінгі) – кг дене салмағына тәулігіне 20-50 мг тағайындайды (жаңа туған сәбилердің ферменттік жүйесінің жетілмегендігіне байланысты, кг дене салмағына 50 мг дозасын арттыруға рұқсат етілмейді).

Емшектегі балалар мен кішкентай балаларға (15 күннен 12 жасқа дейінгі)  кг дене салмағына тәулігіне 1 рет 20-50 мг тағайындайды. Ауыр инфекциялар кезінде - тәулігіне 80 мг дейін.

Дене салмағы 50 кг және одан жоғары балаларға ересектерге арналған дозасын тағайындайды.

Емдеу ұзақтығы аурудың ағымына байланысты. Үнемі болатын жағдайлардағы сияқты антибиотикпен емдеу кезінде, цефтриаксонды енгізуді науқастар температура қалпына түскеннен және қоздырғыш эрадикациясы расталғаннан кейін кемінде тағы 48-72 сағат бойы жалғастыруы керек.

Бактериялық менингит кезінде емшектегі балалар мен кішкентай балаларға - бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 100 мг/кг. Қоздырғышын идентификациялағаннан кейін және оның сезімталдығын анықтағаннан кейін дозасын азайтуға болады. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы - 4 г. Емдеу ұзақтығы қоздырғышына байланысты және Neisseria meningitides үшін 4 күнді, Haemophilusm influenzaе туындатқан менингитте – 6 күнді, Streptococcus pneumoniае үшін – 7 күнді құрауы мүмкін.

Созды емдеуде ұсынылатын дозасы бұлшықет ішіне бір рет 250 мг құрайды.

Операция алдындағы инфекциялардың алдын алу үшін операциияға дейін 30-90 минут бұрын Абитраксты 1-2 г дозада бір рет енгізу ұсынылады.

Бүйрек функциясының бұзылулары бар науқастарда бауыр функциясы қалыпты болған жағдайда, Абитракстың дозасын азайтпайды. Креатинин клиренсі 10 мл/мин аз болса, тәуліктік дозасы 2 г аспауы тиіс.

Бауыр функциясының бұзылулары бар науқастарда бүйрек функциясы қалыпты болған жағдайда Абитракстың дозасын азайтпайды. Бауыр және бүйрек функциялары бір мезгілде бұзылған жағдайда, сондай-ақ гемодиализде жүрген науқастарда, қан сарысуындағы концентрациясын жүйелі түрде бақылап отыру қажет. Препараттың дозасын өзгертпейді.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- сұйық нәжіс, диарея, жүрек айнуы, құсу

Жие емес

- бөртпе, қышыну, дерматит, есекжем, ісінулер, полиморфты экссудативтік эритема

Сирек

- стоматит, глоссит

- трансаминазалар, сілтілік фосфатазы белсенділігінің жоғарылауы

- кальций тұздарының өт қабындағы преципитациясы, сарғаю

- эозинофилия, лейкопения, нейтропения, гранулоцитопения, анемия, гемолитикалық анемия, тромбоцитопения, протромбиндік уақыттың ұзаруы

- бас ауыруы, бас айналуы

- анафилактоидтық және анафилактикалық реакциялар, анафилактикалық шок

- инъекция орнының ауыруы, бұлшықет ішіне лидокаинсіз енгізу ауырсынумен жүреді

- асқын инфекциялар, соның ішінде жыныс жолдарының микоздары

- олигурия, сарысу креатининінің жоғарылауы, глюкозурия, гематурия

- қызба, қалтырау

- бронх түйілуі

- ісінулер

Өте сирек

- жалған жарғақшалы колит, негізінен Сlostridium difficile-ден туындаған, панкреатит

- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы (уытты эпидермальді некролиз), жедел жайылған экзантематозды пустулез

- агранулоцитоз, қан ұюының бұзылуы

- анурия, бүйрек жеткіліксіздігі

- бүйректе цефтриаксон-кальций жинақталуы

- Кумбстың оң сынамасы

Белгісіз

- вертиго

- құрысулар

Кальций иондарымен өзара әрекеттесуі

Цефтриаксон мен құрамында кальций бар ерітінділерді қабылдаған жаңа туған сәбилерде аутопсия зерттеулері нәтижелері бойынша өкпе мен бүйректе преципитаттар түзілуінің жекелеген өліммен аяқталған жағдайлары сипатталған. Сонымен қатар жекелеген жағдайларда бір көктамырлық кіру жолы пайдаланылған, және преципитаттардың түзілуі тікелей көктамыр ішіне құюға арналған жүйеде байқалған. Сондай-ақ, түрлі көктамырлық кіру жолдары және цефтриаксон мен құрамында кальций бар ерітінділерді түрлі енгізу уақыттары кезінде кем дегенде өліммен аяқталған бір жағдай сипатталған. Сонымен қатар аутопсия зерттеулері нәтижелері бойынша ол жаңа туған сәбиде преципитаттар анықталмаған. Мұндай жағдайлар тек жаңа туған сәбилерде ғана байқалған.

Аранулоцитоздың (< 500/мл) анда-санда кездесетін жағдайлары туралы хабарланған, олардың көп бөлігі 10 күн емдеуден кейін және 20 г асатын жиынтық дозаларын тағайындау аясында байқалған.

Күрделі реакциялардың (мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы)) анда-санда кездесетін жағдайлары туралы сипатталған.

Жалған жарғақшалы колит (<0.01%) пен қан ұюы бұзылуларының, сондай-ақ бүйректе конкременттер түзілуінің өте сирек жағдайлары, препараттың тәуліктік жоғары дозаларын (тәулігіне 80 мг/кг асатын), немесе 10 г асатын кумулятивтік дозаларын қабылдаған, сондай-ақ қосымша қауіп факторлары бар (сұйықтықты шектеп тұтыну, төсекте жату режимі және т.б.) негізінен, 3 жастан асқан балаларда сипатталған. Бүйректе конкременттердің түзілуі симптомсыз жүруі немесе клиникалық тұрғыдан көрініс беруі, бүйрек жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін. Бұл жағымсыз құбылыс қайтымды сипатта болады және цефтриаксонмен емдеу тоқтатылғаннан кейін жойылады.

Бұлшықетішілік инъекциясы лидокаинді қолданусыз ауырсынумен жүреді.

Сирек жағдайларда цефтриаксонмен емдеу кезінде науқастарда Кумбс сынамасының жалған оң нәтижелері білінуі мүмкін. Басқа антибиотиктер сияқты, Абитракс галактоземияға жасалған сынаманың жалған оң нәтижесін беруі мүмкін. Жалған оң нәтижелер несептегі глюкозаны ферменттік емес әдістермен анықтағанда да алынуы мүмкін, сондықтан цефтриаксонмен емдеу барысында глюкозурияны қажет болса тек ферменттік әдіспен ғана анықтау керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– препаратқа немесе препарат компоненттерінің кез-келгеніне жоғары сезімталдық

– цефалоспориндер мен пенициллиндерге жоғары сезімталдық

–лидокаин еріткішіне жоғары сезімталдық

– жаңа туған және шала туған нәрестелердегі гипербилирубинемия (цефтриаксон мұндай пациенттердегі билирубиндік энцефалопатияның даму қаупін арттыра отырып, билирубинді сарысу альбуминімен байланыстан ығыстырып шығаруы мүмкін)

– 41 аптаға дейінгі шала туған сәбилер (жүктілік аптасы + өмірінің аптасы)

– мерзімі жетіп туылған сәбилер (≤ 28 күн):

– цефтриаксонның кальций тұздарының преципитаттары түзілуі қаупіне байланысты, құрамында кальций бар ұзаққа созылатын инфузияларды қоса, мысалы, парентеральді тамақтану кезіндегі құрамында кальций бар ерітінділермен ем тағайындалып қойған немесе көктамырішілік ем жоспарланып отырған пациенттерге

– сарғаюы бар, гипоальбуминемия және ацидозы бар пациенттерге, өйткені мұндай аурулар кезінде билирубинның байланысу жеткіліксіздігі болуы ықтимал

Лидокаин еріткіш ретінде пайдаланылатын жағдайда цефтриаксонды бұлшықет ішіне инъекциялау алдында лидокаин қолдануға болмайтын жағдайлар ескерілуі тиіс (оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдік жас)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Абитраксты басқа антибиотикпен бір құтыда немесе бір еккіште араластыруға болмайды. Цефтриаксон мен аминогликозидтер грамтеріс бактерияларға қатысты (әсіресе оларды ауыр және өмірге қауіп төндіретін инфекциялар кезінде бірге қолдану негізді) синергизм танытады. Цефтриаксон, ішек флорасын бәсеңдете отырып, К витаминінің синтезіне кедергі келтіреді. Сондықтан тромбоциттер агрегациясын төмендететін препараттармен (ҚҚСП, салицилаттар, сульфинпиразон) бір мезгілде қолданғанда, қан кетулердің даму қаупі артады. Осы себепті де антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда антикоагулянттық әсерінің күшейгені білінеді. Ілмектік диуретиктермен бір мезгілде қолданғанда нефроуытты әсерінің даму қаупі артады.

Гормональді контрацептивтер: гормональді контрацептивтер тиімділігі төмендейді, сондықтан ем уақытында және ол аяқталғаннан кейін 1 ай бойына контрацепцияның қосымша (гормональді емес) әдістерін пайдалану ұсынылады.

Басқа бета-лактамды антибиотиктер: айқаспалы аллергиялық реакциялар дамуының мүмкіндігі.

Цефтриаксон қабылдаудан кейін дереу этанол қолданғанда дисульфирам әсеріне ұқсайтын тиімділігі байқалмаған.

Цефтриаксон құрамында басқа цефалоспориндерге тән этанол жақпаушылығы немесе қан кету туындатуы мүмкін N-метилтиотетразольді топ болмайды.

Пробенецид цефтриаксонның шығарылуына әсер етпейді.

Бактериостатикалық антибиотиктер цефтриаксонның бактерицидтік әсерін төмендетеді.

In vitro хлорамфеникол және цефтриаксон арасында антагонизм анықталды.

Үйлесімсіздігі

Абитраксты құрамында кальций бар инфузиялық ерітінділерге, мысалы, Хартман және Рингер ерітіндісіне қоспау керек. Цефтриаксон амсакринмен, ванкомицинмен, флуконазолмен және аминогликозидтермен үйлесімсіз және араластырылмауы тиіс.

Зертханалық талдаулардың нәтижелеріне әсері

Сирек жағдайларда Абитракспен емдеуде науқастарда Кумбс сынамасының жалған оң нәтижелері байқалуы мүмкін. Басқа антибиотиктер сияқты, Абитракс галактоземияға жасалған сынаманың жалған оң нәтижесін беруі мүмкін. Жалған оң нәтижелер несептегі глюкозаны анықтауда да алынуы мүмкін, сондықтан глюкозурияны Абитракспен емдеу барысында қажеттілігіне қарай тек ферменттік әдіспен ғана анықтау керек.

Айрықша нұсқаулар

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі мен бауыр жеткіліксіздігі бір мезгілде келген кезде жүйелі түрде препараттың қан плазмасындағы концентрациясын анықтап отыру керек.

Гемодиализдегі науқастарда, препараттың қан плазмасындағы концентрациясын қадағалау қажет, өйткені оларда оның шығарылу жылдамдығы төмендеуі мүмкін.

Препаратпен ұзақ уақыт бойы емдеу кезінде шеткергі қан көрінісін жүйелі түрде бақылауға алу қажет.

Сирек жағдайларда өт қабына жасалған УДЗ кезінде қарайған жерлер білінеді, ол препаратты тоқтатқаннан кейін жоғалады Тіпті егер бұл құбылыс оң жақ қабырға астындағы ауырулармен қатар жүрсе де, тек симптоматикалық ем ғана ұсынылады.

Басқа цефалоспориндерді қолданғандағы сияқты, тіпті пациентде сыртарқысында аллергиялық реакциялар болмаса да, анафилактикалық реакциялар, соның ішінде өліммен аяқталған жағдайлар тіркелген.

Басқа цефалоспориндерді қолданғандағы сияқты, Абитракспен емдеу кезінде аутоиммундық гемолитикалық анемия дамуы мүмкін. Ересектер мен балаларда ауыр гемолитикалық анемия жағдайлары, соның ішінде өлімге соқтырған жағдайлар тіркелген.

Цефтриаксонмен емделіп жүрген пациентде анемия дамыса, цефалоспоринмен астасқан анемия диагнозын жоққа шығаруға болмайды және себебі анықталғанша емдеуді тоқтата тұру қажет.

Бактерияға қарсы басқа препараттарды қолданғандағы сияқты, цефтриаксонмен емдеу кезінде, ауырлығы әр түрлі: жеңіл диареядан өліммен аяқталатын колитке дейінгі Clostridium difficile-ден туындаған (C. difficile) диарея дамыған жағдайлар тіркелген. Бактерияға қарсы препараттармен емдеу тоқ ішектің қалыпты микрофлорасын бәсеңдетеді және C. difficile көбеюіне түрткі болады. Өз кезегінде, C. difficile C. difficile-ден туындаған диарея патогенезінің факторлары болып табылатын А және B токсиндерін түзеді. Токсиндерді аса көп өндіретін С. difficile штамдары, олардың микробқа қарсы емдеуге төзімді болуы мүмкіндігі салдарынан, асқынулар мен өлім жағдайларының қаупі жоғары инфекцияның қоздырғыштары болып табылады, емдеу колэктомияны қажет етуі мүмкін. Диареясы бар пациенттердің барлығында антибиотикпен емдеуден кейін C. difficile-ден туындайтын диарея дамуы мүмкін екенін есте сақтау қажет. Мұқият сыртартқы жинақтау қажет, өйткені антибиотиктермен емдеуден кейін 2 айдан астам уақыттан соң C. difficile-ден болатын диарея туындаған жағдайлар байқалған.

C. difficile-ден туындаған диареяға күдік болса немесе расталса, ағымдағы С.difficile-ге бағытталмаған антибиотикпен емді тоқтату қажет болуы мүмкін. Клиникалық көрсетілімдерге сәйкес, сұйықтықтар мен электролиттерді, ақуыздарды енгізумен жүретін тиісінше ем, С. difficile-ге қатысты антибиотикпен емдеу, хирургиялық ем тағайындалуы тиіс.

Бактерияға қарсы басқа препараттармен емдеудегі сияқты, асқын инфекциялар дамуы мүмкін.

Цефтриаксонды қабылдаған пациенттерде, протромбиндік уақыт өзгеруінің сирек жағдайлары сипатталған. К витамині жеткіліксіздігі бар емделуішлерге (синтез бұзылуы, тамақтанудың бұзылулары) емдеу кезінде протромбиндік уақытты бақылау және емдеу басталғанға дейін немесе емдеу кезінде К витаминін (аптасына 10 мг) тағайындау қажет болуы мүмкін.

Цефтриаксонды әдетте, ұсынылған стандартты дозаларынан асатын дозаларда қолданғаннан кейін, өт қабының ультрадыбыстық зерттеуі кезінде қарайған жерлер анықталған, оларды қателесіп өт тастары ретінде қабылдаған. Олар цефтриаксонның кальций тұзының преципитаттары түрінде келеді, олар Абитракс препаратымен емдеуді аяқтағаннан немесе тоқтатқаннан кейін жоғалады. Мұндай өзгерістер қандай-да бір симптоматиканы сирек береді, бірақ ондай жағдайларда да тек консервативті ем ұсынылады. Егер бұл құбылыстар клиникалық симптоматикамен қатар жүрсе, онда препаратты тоқтату туралы шешім қабылдау емдеуші дәрігердің құзырына қалдырылады.

Цефтриаксон мен құрамында кальций бар инфузиялық ерітінділерді немесе құрамында кальций бар кез-келген басқа препараттарды қолданғанда, қантамырішілік преципитаттардың тек жаңа туған сәбилерде түзілгені туралы мәліметтердің болғанына қарамастан, цефтриаксонды құрамында кальций бар инфузиялық ерітінділермен араластыруға немесе бір мезгілде балалар мен ересек пациенттерге тіпті түрлі көктамырлық кіру жолдарын пайдалана отырып та тағайындауға болмайды.

Цефтриаксонды қабылдаған науқастарда, өт жолдарының обструкциясы салдарынан дамуы мүмкін панкреатиттің сирек жағдайлары сипатталған. Бұл науқастардың көпшілігінде бұған дейін де өт жолдарында іркіліс болуының қауіп факторлары, мысалы, бұрын жүргізілген ем, ауыр аурулар және толығымен парентеральді тамақтану болған. Сонымен қатар, өт жолдарында цефтриаксонның әсерінен түзілген преципитаттардың панкреатит дамуына түрткі болатынын да жоққа шығаруға болмайды.

Зерттеулер, цефтриаксонның басқа цефалоспориндер сияқты, билирубинді сарысулық альбуминмен байланыстан ығыстырып шығаруы мүмкін екенін көрсетті. Цефтриаксонды билирубиндік энцефалопатия дамуының қаупі бар жаңа туған сәбилерге қолдануға болмайды.

Цефтриаксон бұл көрсетілімдерді растайтын клиникалық мәліметтердің жеткіліксіздігіне байланысты, синуситті, фарингитті және простатитті емдеу үшін қолданылмауы тиіс.

Жүктілік және лактация

Цефтриаксон плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Цефтриаксонның жүктілік кезінде қолданылуына талапқа сай және бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан оны жүктілік кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болса, емдеу кезінде бала емізуді тоқтату керек. Цефтриаксон азғантай концентрацияларда емшек сүтімен бөлініп шығады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Абитракстың автокөлік немесе басқа көлік құралын басқаруға қандай-да бір жолмен әсер етуге қабілеттілігін көрсететін ешқандай мәлімет жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлері көріністерінің күшеюі.

Емі: гемодиализ және перитонеальді диализ препараттың концентрацияларын төмендетпейді. Арнайы у қайтарғысы жоқ. Емі – симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

500 мг препараттан резеңке тығынмен тығындалған және көк түсті flip-off типті алюминий қалпақшамен қаусырылған, түссіз шыныдан жасалған құтыларда. 2 мл еріткіштен (1 % лидокаин гидрохлориді ерітіндісі) түссіз шыныдан жасалған ампулаларға құяды.

1 құтыдан және еріткіші бар 1 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

LABORATORIO FARMACEUTICO C.T. S.R.L., Италия

Via Dante Alighieri 71-18038, Sanremo

Тіркеу куәлігінің иесі

ABC FARMACEUTICI S.р.A., Италия

Corso Vittorio Emanuele II, 72 10121 Turin, Италия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«EL Company» ЖШС

Алматы қ., 050022, Масаншы к-сі, 98а, 41 кеңсе

Тел.: 8 (727) 2922630, 29226658 (727) 2922637

info@elcompany.kz

 

Прикрепленные файлы

614670921477976398_ru.doc 95 кб
159257751477977649_kz.doc 109 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники