Абилифай Ментена® (Арипипразол)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Абилифай Ментена®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Арипипразол
Дәрілік түрі, дозалануы
Босап шығуы ұзаққа созылатын инъекция үшін суспензия дайындауға арналған лиофилизат, 300 мг және 400 мг
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесі. Психолептиктер. Антипсихотиктер. Басқа антипсихотиктер. Арипипразол.
АТХ коды: N05AX12
Қолданылуы
Абилифай Ментена® препараты жағдайы арипипразолдың пероральді препараттарымен тұрақтандырылған ересек пациенттердегі шизофренияны демеуші терапия үшін көрсетілген.
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Белсенді затқа немесе препараттың қандай да бір қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Арипипразолмен емдеу кезінде суицидтік ойлар мен мінез-құлықтардың пайда болуы туралы хабарланды. Өзіңізге физикалық зиян келтіру туралы ой немесе тілек туындаса, дереу дәрігерге хабарлаңыз.
Абилифай Ментена® препаратын қолдануды бастағанға дейін пациент дәрігерге келесі жағдайда хабарлау керек:
- қатты қозу жағдайында немесе ауыр психоздық жағдайда;
- жүрек ауруымен немесе инсульт алғанда, әсіресе инсульт қаупінің басқа факторлары болса;
- қандағы қант деңгейі жоғары (шамадан тыс шөлдеу, несептің көп мөлшерде шығуы, тәбеттің жоғарылауы және әлсіздік сезімі сияқты симптомдармен сипатталатын жағдай) немесе отбасында қант диабеті жағдайы болса;
- құрысулы ұстамалары кезінде − бұл жағдайда дәрігер емделуді мұқият қадағалайды;
- бұлшықеттің, әсіресе бет бұлшықеттерінің еріксіз тұрақсыз жиырылуында;
- қызба, терлеу, жиі тыныс алу, бұлшықет сіресуі және ұйқышылдық немесе қалғу сияқты симптомдардың біріккенде (қатерлі нейролептикалық синдромның белгілері болуы мүмкін);
- деменция (есте сақтау қабілетінің және басқа ақыл-ой қабілетінің жоғалуы), әсіресе егер пациент егде жастағы пациенттердің тобына жатса;
-жүрек-қантамырлық ауруларында, отбасында осы аурулар болса, инсульт алған немесе «микроинсульт» алса, артериялық қысымның ауытқулары болса;
- жүрек соғуы тұрақсыз болса (оның ішінде электрокардиограммада байқалатын QT аралығының ұзаруы деп аталатын) және егер отбасы мүшелерінде осындай проблемалар болса;
- отбасы мүшелерінде тромбтар немесе соған ұқсас жағдайлар болса, өйткені антипсихотиктерді қабылдау тромбтардың пайда болуымен байланысты;
- жұтынуда қиындықтар болса;
- бұрын құмар ойындарға патологиялық құштарлық болса;
- бауырда елеулі проблемалар болса.
Егер дене салмағының жоғарылауын, әдеттен тыс қозғалыстардың пайда болуын, күнделікті күндізгі белсенділігіңізге кедергі келтіретін ұйқышылдықты, жұтынудың кез-келген қиындықтарын немесе аллергиялық симптомдарды байқаса, дереу дәрігерге хабарлау керек.
Егер пациент немесе оның отбасы немесе қамқоршылары ерекше мінез-құлыққа деген ықыласты немесе қызығушылықты байқаса, пациентке немесе басқаларға зиян келтіруі мүмкін белгілі бір іс-әрекетке ұмтылысқа, елігуге немесе қызығуға қарсы тұра алмаса дәрігерге хабарлау керек. Бұл әдеттен тыс құмар ойын ойнау, артық тамақтану немесе ақша жұмсау, әдеттен тыс күшті жыныстық құштарлық немесе сексуальдық ойлар мен сезімдерді күшейту туралы алаңдаушылықты қамтуы мүмкін әдеттер мен құштарлықтың бұзылуы.
Бұл жағдайда дәрігерге препараттың дозасын реттеу немесе емдеуді тоқтату қажет.
Арипипразол ұйқышылдықты, тұрғанда артериялық қысымның күрт төмендеуін, бас айналуды және қозғалу және тепе-теңдік қабілетінің өзгеруін тудыруы мүмкін, бұл құлауға әкелуі мүмкін. Сондықтан абай болу керек, әсіресе егер пациент егде жаста немесе әлсіреген пациенттер қатарынан болса.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Егер Сіз кез келген басқа дәрілік препараттарды қабылдап жүрсеңіз, жақында қабылдасаңыз немесе қабылдауыңыз мүмкін болса, дәрігерге хабарлаңыз.
Артериялық қысымды төмендететін препараттар
Абилифай Ментена® артериялық қысымды төмендететін препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін. Артериялық қысымды бақылау үшін препараттар қабылдаса, дәрігерге міндетті түрде хабарлау керек.
Абилифай Ментена® препаратын кейбір басқа дәрілік препараттармен бірге қолданғанда дәрігерге Абилифай Ментена® немесе басқа да препараттардың дозасын өзгерту қажет болуы мүмкін. Егер пациент мынадай препараттарды қабылдаса, дәрігерге хабарлау өте маңызды:
жүрек ырғағын түзетуге арналған препараттар (хинидин, амиодарон, флекаинид сияқты);
депрессияны немесе үрейлену жағдайын емдеуге арналған антидепрессанттар немесе өсімдік тектес препараттар (мысалы, флуоксетин, пароксетин, шілтер жапырақты шайқурай);
зеңге қарсы препараттар (мысалы, кетоконазол, итраконазол);
АИТВ-инфекциясын емдеуге арналған белгілі бір препараттар (мысалы, эфавиренз, невирапин және протеаза тежегіштері, мысалы индинавир, ритонавир);
эпилепсияны емдеу үшін қолданылатын антиконвульсанттар (карбамазепин, фенитоин, фенобарбитал сияқты);
туберкулезді емдеу үшін қолданылатын белгілі антибиотиктер (рифабутин, рифампицин);
QT аралығын ұзартатын препараттар.
Бұл препараттар жанама әсерлердің даму қаупін арттыруы немесе Абилифай Ментена® тиімділігін төмендетуі мүмкін. Егер пациент осы препараттардың кез келгенін Абилифай Ментена® препаратымен бірге қабылдаса, пациент кез келген әдеттен тыс симптомды сезінетін болса, дәрігерге қаралу қажет.
Әдетте депрессияны, жалпыланған үрейлі бұзылыстар, обсессивті-компульсивті бұзылуды (OКБ) және әлеуметтік фобияны, сондай-ақ бас сақинасы мен ауырсынуды тоқтатуға арналған препараттармен қоса, серотонин деңгейін жоғарылататын препараттармен бір мезгілде қабылдау жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. Мұндай препараттарға келесілер жатады:
депрессия, жалпыланған үрейлі бұзылыстар, обсессивті-компульсивті бұзылыс (OКБ) және әлеуметтік фобия, бас сақинасы және ауырсынуды тоқтатуға арналған жағдайларда қолданылатын триптандар, трамадол және триптофан;
депрессияны, OКБ, дүрбелең күйді және үрейлі күйді емдеу үшін қолданылатын пароксетин және флуоксетин сияқты серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері (СКҚСТ);
үлкен депрессиялық бұзылуларды емдеу үшін қолданылатын басқа антидепрессанттар (мысалы, венлафаксин және триптофан);
депрессиялық жағдайларды емдеу үшін қолданылатын трициклді депрессанттар (мысалы, кломипрамин және амитриптилин);
жеңіл депрессияны емдеу үшін өсімдік тектес препарат ретінде қолданылатын шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum);
ауырсынуды басу үшін қолданылатын ауырсынуды басатын дәрілер (мысалы, трамадол және петидин);
бас сақинасын емдеу үшін қолданылатын триптандар (мысалы, суматриптан және золмитриптан).
Егер пациент осы препараттардың кез келгенін Абилифай Ментена® препаратымен бірге қабылдаса, кез келген әдеттен тыс симптомды сезінетін болса, дәрігерге қаралу қажет.
Абилифай Ментена® және алкоголь
Абилифай Ментена® препаратымен емдеу кезінде алкогольді қабылдаудан аулақ болу керек.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Абилифай Ментена® препаратын 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды, өйткені осы жас тобы үшін препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі көрсетілмеген.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты қолдануды бастамас бұрын, егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізетін болсаңыз, жүктімін деп ойласаңыз немесе жүкті болуды жоспарласаңыз, дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Егер дәрігер басқаша тағайындамаса, Абилифай Ментена® препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Жүкті болса, жүктілікке күдік немесе жүкті болуды жоспарласа, дереу дәрігерге хабарлау керек.
Аналары жүктіліктің үшінші триместрінде Абилифай Ментена® препаратын қолданған жаңа туған нәрестелерде келесі симптомдар байқалуы мүмкін: дірілдеу (тремор), бұлшықеттердің сіресуі және/немесе әлсіздік, ұйқышылдық, қозу, тыныс алу проблемалары және тамақ ішудегі қиындықтар. Егер балада осы симптомдардың кез келгені болса, дереу дәрігерге хабарлау керек.
Абилифай Ментена® емшекпен емізу кезеңінде қолдану туралы шешімді дәрігер ана үшін емнің пайдасын және бала үшін емшекпен емізудің пайдасын ескере отырып қабылдайды. Бұл заттарды біріктіруге болмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратпен емдеу кезінде бас айналу және көру тарапынан қиындықтар пайда болуы мүмкін. Мұны пациенттің іс-әрекеті назар аударуды қажет ететін жағдайларда, мысалы, көлік жүргізу немесе механизмдермен жұмыс жасау кезінде ескеру қажет.
Абилифай Ментена® препаратының құрамында натрий бар
Абилифай Ментена® препаратының бір дозасы құрамында 1 ммолден аз натрий (23 мг) бар, яғни іс жүзінде оның құрамында натрий жоқ.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Абилифай Ментена® препараты лиофилизат түрінде шығарылады, оны суспензия алу үшін дәрігер немесе медбике ерітеді.
Дозалау режимі
Егер дәрігер бастапқы төменірек немесе кейінгі дозаларды (300 мг, 200 мг немесе 160 мг) тағайындамаса, препараттың ұсынылатын бастапқы дозасы – 400 мг.
Абилифай Ментена® препаратын қабылдауды бастаудың екі тәсілі бар: дәрігер әрбір жеке жағдайда қандай тәсіл дұрыс екенін шешеді:
пациентке алғашқы инъекциядан кейін 14 күн ішінде қабылдау керек пероральді арипипразол препаратын қабылдаумен біріктірілімде емдеудің бірінші күнінде Абилифай Ментена® препаратының бір инъекциясын енгізуі мүмкін.
пациентке емдеудің бірінші күні Абилифай Ментена® препаратының екі инъекциясын енгізуі мүмкін және сол күні арипипразолдың бір таблеткасын қабылдауды тағайындайды.
Осыдан кейін, егер дәрігер басқа ем тағайындамаса, пациентке Абилифай Ментена® препаратының инъекциясын енгізеді.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат ай сайын бөксе немесе дельта тәрізді бұлшықетке (бөксеге немесе иыққа) бір инъекция түрінде енгізіледі. Инъекция кезінде пациент аздап ауырсынуды сезінуін мүмкін. Дәрігер инъекцияны оң және сол жағына кезекпен енгізеді. Инъекциялар вена ішіне енгізілмейді.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Препарат медициналық бақылаумен енгізуге арналған, сондықтан қажет мөлшерден көп дозаны енгізу екіталай. Егер пациент бірнеше дәрігерде емделіп жатса, әрбір дәрігерге Абилифай Ментена® препаратын қабылдағаны туралы айту керек.
Арипипразолды тым көп енгізген пациенттерде келесі симптомдар дамыды:
жүректің жиі соғуы,қозу /агрессивтілік, сөйлеудегі қиындықтар;
әдеттен тыс қозғалыстар (әсіресе бет пен тіл) және сана деңгейінің төмендеуі.
Қосымша симптомдар келесілерді қамтуы мүмкін:
сананың шатасуының жедел жағдайын, құрысуларды (эпилепсия), команы, қызба, жиі тыныс алу және терлеудің бірігуін;
бұлшықеттің сіресуін, қалғу немесе ұйқышылдықты, баяу тыныс алуды, тұншығуды, жоғары немесе төмен артериялық қысымды, жүрек ырғағының аномалиялық ауытқуын.
Осы симптомдардың кез-келгені болса, дереу дәрігерге немесе ауруханаға бару керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Тағайындалған дозаларды енгізуді өткізіп алмау маңызды. Ай сайын инъекция жасау керек, бірақ соңғы инъекциядан кейін 26 күннен ерте емес. Егер пациент инъекцияны өткізіп алған болса, дәрігерге бару керек, ол келесі инъекцияны мүмкіндігінше тезірек тағайындай алады.
Абилифай Ментена® препаратымен емдеуді тоқтату
Жағдай жақсарған кезде емдеуді тоқтатуға болмайды. Абилифай Ментена® препаратын дәрігер тағайындағандай ұзақ уақыт бойы қолдануды жалғастыру маңызды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар
Бұл препаратты әрдайым дәрігердің нұсқауы бойынша қолданыңыз. Егер сіз бір нәрсеге сенімді болмасаңыз, дәрігермен кеңесіңіз.
Дәрілік препараттың стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Барлық дәрілік препараттар сияқты, Абилифай Ментена® препараты жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін, бірақ олар барлық пациенттерде бірдей дамымайды.
Келесі ауыр жағымсыз әсерлердің кез келгені дамыса, дереу дәрігерге хабарлау керек:
аталған симптомдардың кез келгенінің біріктірілімі: шамадан тыс ұйқышылдық, бас айналу, сананың шатасуы, дезориентация, сөйлеу проблемалары, жүру қиындықтары, бұлшықет сіресуі немесе дірілдеу, қызба, әлсіздік, ашуланшақтық, агрессия, үрейлену, артериялық қысымның жоғарылауы немесе сананың жоғалуына әкелуі мүмкін құрысулар;
қатерлі нейролептикалық синдром (ҚНС) деп аталатын жағдайдың белгісі болуы мүмкін қызба, жиі тыныс алу, терлеу, бұлшықет сіресуі және қалғу немесе ұйқышылдық;
шамадан тыс шөлдеу, кіші дәретке жиі шығу, қатты ашығу сезімі, әлсіздік немесе шаршау сезімі, дімкәстік, сананың шатасуы сезімі немесе қант диабетінің белгісі болуы мүмкін тыныс алғанда жемістің иісі шығуы;
ерекше қозғалыстар, әдетте бет немесе тілдің.
Бұл жағдайда дәрігер дозаны төмендетуі мүмкін.
Аяқтың ісінуі, ауыруы және қызаруы сияқты симптомдар пайда болса, бұл қантамырлары арқылы өкпеге өтіп, кеудедегі ауырсыну мен тыныс алу қиындықтарын тудыратын тромбтардың дәлелі болуы мүмкін. Егер пациент осы симптомдардың кез келгенін байқаса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Абилифай Ментена® препаратын қолданғанда төменде көрсетілген жағымсыз әсерлер де байқалуы мүмкін. Жағымсыз реакциялардың жиілігін жіктеу үшін келесі терминология қолданылады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін); сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін); өте сирек (< 1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде белгіленуі мүмкін емес).
Жиі
- дене салмағының артуы
- қант диабеті
- дене салмағының төмендеуі
- мазасыздық сезімі
- үрей сезімі
- қимылсыздықты сақтай алмау, қимылсыз отырудың қиындығы
- ұйқы мәселелері (ұйқысыздық)
- бұлшықеттердің кернеуі мен босаңсуы, бұлшықет тонусының қалыптан тыс жоғарылауы, дененің баяу қозғалысы сияқты пассивті қозғалыстарға еріксіз қарсылық
- акатизия (ішкі мазасыздықтың ыңғайсыз сезімі және үнемі қозғалуға деген ұмтылыс)
- дірілдеу немесе селкілдеу
- бақыланбайтын тартылу, жыбырлау немесе түйіліп қалу
- зейін қою деңгейінің өзгеруі, қалғу
- ұйқышылдық
- бас айналу
- бас ауыруы
- ауыздың құрғауы
- бұлшықет қарысуы
- жыныстық қатынас кезінде эрекцияның пайда болуына немесе оны ұстап тұруға қабілетсіздік
- инъекция орнындағы ауырсыну, инъекция орнындағы терінің қатаюы
- әлсіздік, күш жоғалту немесе ерекше шаршау
- қандағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы (бұлшықеттердің жұмыс істеуі үшін маңызды фермент)
Жиі емес
- лейкоциттердің ерекше түрінің төмен деңгейі (нейтропения), төмен гемоглобин, қандағы тромбоциттердің төмен деңгейі
- аллергиялық реакциялар (аса жоғары сезімталдық)
- қандағы пролактин гормоны деңгейінің төмендеуі немесе жоғарылауы
- қандағы қанттың жоғары деңгейі
- холестерин, триглицеридтер сияқты қандағы майлардың деңгейінің жоғарылауы, сондай-ақ холестерин мен триглицеридтертің төмен деңгейі
- қандағы қант деңгейін реттейтін гормон - инсулин деңгейінің жоғарылауы
- тәбеттің төмендеуі немесе жоғарылауы
- суицид туралы ойлар
- ақауы бар байланыстармен немесе шындықпен байланыстың жоғалуымен сипатталатын ментальдық бұзылулар
-елестеулер
- сандырақ
- сексуальдық құмарлықтың артуы
- үрей реакциясы
- депрессия
- аффективті құбылмалылық
- эмоцияның болмауымен, эмоционалды және ментальдық жайсыздық сезімімен бірге жүретін немқұрайлылық жағдайы
- ұйқының бұзылуы
- еріксіз тістену немесе жақсүйектерді қысу
- сексуальдық құмарлықтың төмендеуі (либидоның төмендеуі)
- көңіл-күйдің өзгеруі
- бұлшықет проблемалары
- бақылауға келмейтін бұлшықет қозғалыстары, мысалы, гримас, ерінді шолпылдату немесе тілдің қозғалысы. Әдетте олар алдымен бет пен ауызға әсер етеді, бірақ дененің басқа бөліктеріне де әсер етуі мүмкін. Олар «кешеуілдеген дискинезия» деп аталатын жағдайдың белгісі болуы мүмкін
- паркинсонизм – көптеген әртүрлі симптомдармен бірге жүретін клиникалық жағдай, олар сирек немесе баяу қозғалыстарды, ойлаудың баяулауын, аяқты бүгу кезіндегі құрысулы қозғалыстарды («тісті дөңгелек» типі бойынша сіреспелілік), тыпырлап асығыс жүру, дірілдеу, бет мимикасының жеткіліксіздігі немесе болмауы, бұлшықет қарысуы, сілекей ағуды қамтуы мүмкін
- қимыл-қозғалыс проблемалары
- айрықша тынымсыздық және тынымсыз аяқ синдромы
- дәм мен иістің бұрмалануы
- көз алмасының бір қалыпта тұрып қалуы
- көрудің бұлыңғырлығы
- көздің ауыруы
- көзге қос көріну
- көздің жарыққа сезімталдығы
- жүректің ауытқулы соғуы, жүректің жиырылу жиілігінің баяулауы немесе үдеуі, жүректің қалыптан тыс электр өткізгіштігі, жүректің қалыптан тыс ЭКГ
- жоғары артериялық қысым
- жатқан немесе отырған жағдайдан тұру кезінде пайда болатын артериялық қысымның төмендеуіне байланысты бас айналу
- жөтел
- ықылық ату
- гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы − асқазан сөлінің өңешке (ауыздан асқазанға өтетін түтік, ол арқылы тамақ түседі) қайта оралатын (рефлюкс), қыжыл тудыратын және өңешке зақым келтіруі мүмкін шамадан тыс мөлшері
- қыжыл
- құсу
- диарея
- жүректің айну сезімі
- асқазанның ауыруы
- асқазандағы жайсыздық
- іш қату
- ішектің жиі босауы
- сілекей ағу, ауыздағы сілекей мөлшерінің ұлғаюы
- шаштың аномалиялық түсуі
- акне, мұрын мен ұрт қызыл түске енген кездегі бет терісінің жағдайы, экзема, терінің қатаюы
- бұлшықет сіресуі, бұлшықет түйілуі, бұлшықет тартылуы, бұлшықет кернеуі, бұлшықет ауыруы (миалгия), аяқ-қолдардың ауыруы
- буындардағы ауырсыну (артралгия), арқадағы ауырсыну, буындардағы қозғалыс көлемінің азаюы, мойынның қозғалмауы, ауызды кеңінен аша алмау
- бүйректегі тастар, несептегі қант (глюкоза)
- сүт бездерінен сүттің өздігінен бөлінуі (галакторея)
- ерлердегі сүт бездерінің ұлғаюы, сүт бездерінің ауырғыштығы, қынаптық құрғақтық
- қызба
- күштің сарқылуы
- жүрістің бұзылуы
- кеудедегі жайсыздық
- инъекция орнындағы қызару, ісіну, жайсыздық, инъекция орнындағы қышу сияқты реакциялар
- шөлдеу
- баяулық
- бауырдың функционалдық тестілерінің қалыптан тыс нәтижелері
- зертханалық тексеру кезінде мыналар анықталуы мүмкін:
- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы
- аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы
- гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы
- қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы
- аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы
- қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы немесе төмендеуі
- гликилденген гемоглобин мөлшерінің жоғарылауы
- қандағы холестерин мөлшерінің төмендеуі
- қандағы триглицеридтер мөлшерінің төмендеуі
- бел шеңберінің ұлғаюы
Жиілігі белгісіз
- лейкоциттердің төмен деңгейі
- аллергиялық реакция (мысалы, ауыздың, тілдің, беттің және тамақтың ісінуі, қышыну, есекжем), бөртпе
- жүректің ерекше соғуы, кенеттен түсініксіз өлім, жүрек ұстамасы
- диабеттік кетоацидоз (қан мен несептегі кетондар) немесе кома
- тәбеттің жоғалуы( анорексия), жұтыну қиындықтары
- қандағы натрийдің төмен деңгейі
- өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті немесе өзіне-өзі қол жұмсау
- жеке пациентке немесе басқа адамдарға зиян келтіруі мүмкін әрекеттерді орындауға бағытталған импульсивті тілектерге, құштарлыққа немесе елігуге қарсы тұра алмау:
- жеке немесе отбасылық салдарға қарамастан, құмар ойындарын ойнауға деген күшті импульсивті шамадан тыс ықылас
- пациентке немесе басқаларға бағытталған жыныстық құмарлықты немесе мінез-құлықтың өзгеруі немесе күшеюі, мысалы, сексуальдық тілектің күшеюі
- сатып алуға деген бақыланбайтын құштарлық
- тамақтануға шамадан тыс бейімділік (аз уақыт ішінде көп мөлшерде тамақ жеу) немесе бақыланбайтын тамақтану (әдеттегіден көп тамақ жеу және аштықты қанағаттандыру үшін қажет мөлшерден көп жеу)
- қаңғыбастыққа ұмтылу
Осындай мінез-құлық болса, дәрігерге хабарлау керек: дәрігер пациентке осы симптомдарды қалай басқаруға немесе азайтуға болатынына кеңес береді.
- күйгелектік
- агрессия
- қатерлі нейролептикалық синдром (қызба, бұлшықеттің қарысуы, жиі тыныс алу, терлеу, сана деңгейінің төмендеуі және артериялық қысым мен жүректің жиырылу жиілігінің кенеттен өзгеруі сияқты симптомдармен бірге жүретін синдром)
- құрысулар (конвульсиялар)
- серотонин синдромы (эйфория, қалғу, ебедейсіздік, мазасыздық, масаю сезімі, қызба, терлеу немесе бұлшықеттің қарысуын тудыруы мүмкін реакция)
- сөйлеудің бұзылуы
-жүрек проблемалары, оның ішінде екі бағытты қарыншалық тахикардия, жүректің тоқтап қалуы, жүрек ырғағының бұзылуы, бұл жүрекке түсетін ауытқулы жүйке импульстарының, электрокардиограммадағы ауытқулардың, QT аралығының ұзаруының салдарынан болуы мүмкін
- талма
- веналарда, әсіресе аяқтың веналарында тромбтардың пайда болуымен байланысты симптомдар (симптомдарға аяқтың ісінуі, ауыруы және қызаруы жатады); тромбтар тамырлар арқылы өкпеге өтіп, кеудеде ауырсыну тудырады және тыныс алуды қиындатады
- ауыз-жұтқыншақ бұлшықеттерінің түйілуі
- пневмония (өкпе инфекциясы) даму қаупі бар тамақты кездейсоқ ішке тарту
- ұйқы безінің қабынуы
- жұтынуда қиындықтар
- бауыр функциясының жеткіліксіздігі
- сарғаю (терінің және көздің ағының сарғаюы)
- бауырдың қабынуы
- бөртпе
- терінің жарыққа сезімталдығы
- көп терлеу
- DRESS-синдром (жүйелі симптомдармен және эозинофилиямен дәрілік реакция) сияқты елеулі аллергиялық реакциялар. DRESS-синдром бастапқыда бетте бөртпе пайда болумен тұмау тәрізді симптомдармен көрінеді, содан кейін оларға ауқымды бөртпе, жоғары температура, ұлғайған лимфа түйіндері, қан талдауының нәтижелері бойынша бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы және лейкоциттердің белгілі бір түрінің (эозинофилия) санының артуы қосылады.
- бұлшықет әлсіздігі, ауырсыну немесе ауыру, әсіресе дімкәстанумен, жоғары температура немесе несеп түсінің күңгірттенуімен бірге. Бұл өмірге қауіпті сипатқа ие болатын және бүйрек тарапынан қиындықтарға әкелетін бұлшықеттің аномалиялық бұзылуынан туындауы мүмкін (рабдомиолиз деп аталатын жағдай)
- несеп шығарудағы қиындықтар
- несептің еріксіз шығуы (несеп тоқтамау)
- жаңа туған нәрестелердегі препаратты тоқтату симптомдары
- ұзақ және/немесе ауырсындыратын эрекция
- дене температурасын бақылаудағы қиындықтар немесе қызып кету
- кеудедегі ауырсыну
- қолдың, тобықтың немесе аяқ басының ісінуі
- зертханалық тексеру кезінде мыналар анықталуы мүмкін:
- сілтілік фосфатазаның жоғары деңгейі
- қандағы глюкоза деңгейінің ауытқуы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz.
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді зат - арипипразол (арипипразол моногидраты түрінде), 300 мг немесе 400 мг;
қосымша заттар – натрий кармеллозасы, маннитол, натрий дигидрофосфат моногидраты, натрий гидроксиді.
Қалпына келтірілгеннен кейін суспензияның әрбір миллилитрінде 200 мг арипипразол болады.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан ақ дерлік түске дейінгі кеуекті масса.
Ақтан ақ дерлік түске дейінгі суспензия (қалпына келтірілгеннен кейін).
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ламинатталған резеңке тығынмен жабылған және үзбелі қақпақшасы бар қаусырмалы алюминий сақинамен тығындалған I типті шыныдан жасалған құты.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Суспензияны қалпына келтіргеннен кейін бірден енгізу қажет, алайда оны 15 °C − 25 °C температурада құтыда 4 сағат бойы сақтауға жол беріледі.
25 °C температурада 4 сағат ішінде қалпына келтірілгеннен кейін препараттың химиялық және физикалық тұрақтылығы көрсетілді. Микробиологиялық тұрғыдан алғанда, препаратты дереу қолдану керек. Егер препарат дереу қолданылмаса, пайдаланушы сақтау ұзақтығы мен шарттары үшін жауап береді. Қалпына келтірілген суспензияны шприцте сақтауға жол берілмейді.
Сақтау шарттары
30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
Оцука Фармасьютикал Ко., Лтд.
Токуcима Вайики, 306-2, Адза Оцубо, Кониу, Нака-те, Нака-гун, Токусима, Жапония / Tokushima Wajiki Factory, 306-2 Aza Otsubo, Koniu, Naka-cho, Naka-gun, Tokushima, Japan
тел.: +81-884-62-3181
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Х. Лундбек А/Қ
Оттилиавай 9, DK-2500 Вальбю, Дания / Ottiliavej 9, DK-2500 Valby, Denmark
тел.: + 45 36301311
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Сона-Фарм Қазақстан» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ-сы, Панфилов к-сі 98, 509-кеңсе
тел./факс: +7 (727) 250-71-74
Е-mail: safety@sona-pharm.com