Кызыл май-капс
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Қызыл май-капс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Капсулалар 0,5 г
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат: Қызыл май полифитті майы 0.5 г
капсуланың қабығы: желатин, глицерин, натрий бензоаты, тазартылған су
Сипаттамасы
Ұзынша пішінді жұмсақ желатин капсулалар. Ішіндегісі – өзіне тән иісі мен дәмі бар қоңыр - қызыл түсті майлы сұйықтық. Капсулаларда күңгірт түсті шөгінді болуына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Ойық жараға қарсы басқа да препараттар және гастроэзофагеальді рефлюксті емдеуге арналған препараттар
ATX коды А02ВХ
Фармакологиялық қасиеттері
Қызыл май-капс қабынуға қарсы, жараны жазатын, бактерияға қарсы, түйілуді басатын әсер етеді.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
- гастриттерде, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруында, колиттерде, энтероколиттерде, проктиттерде, геморройда
-
риниттерде, тонзиллиттерде, ларингиттерде, трахеиттерде, бронхиттерде
Қолдану тәсілі және дозалары
Асқазан-ішек жолы ауруларында:
-
ішке 1-3 капсуладан күніне 3-5 рет тамақтанудан 1 сағат бұрын. Емдеу курсы 4-8 апта.
Жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларында:
-
ішке 1-3 капсуладан күніне 2-3 рет тамақтанудан 20-30 мин бұрын. Емдеу курсы 1-3 апта.
Ауыз қуысы мен мұрын-жұтқыншақ ауруларында:
-
1 капсуладан күніне 4-6 рет сору керек. Емдеу курсы 3-7 күн.
Жағымсыз әсерлері
-
препарат компоненттерінің құрамдастарына аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жеке жоғарғы сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Педиатрияда қолдануы
Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.
Жүктілік және лактация
Препаратты жүкті және бала емізетін аналарға емдік дозада пайдалануға болады.
Препараттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі мен қаптамасы
10 капсуладан алюминий фольгамен жабылған, дәрілік заттарды қаптауға арналған ПВХ/ПЭ үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
5 пішінді қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 180С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан Республикасы
Алматы қ., Ипподром к-сі, 6
Тіркеу куәлігінің иесі
«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан Республикасы
ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Қызылмай» Фирмасы» ӨК Қазақстан Республикасы,
Алматы қ-сы, Ипподром к-сі, 6
т. 382-20-27, факс 382-19-20
Е – mail: reception@kyzylmay.com
3