AlpeKid® Ирикар

МНН: Cardiospermum halicacabum O V3a
Производитель: Др. Вильмар Швабе ГмбХ & Ко. КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие лекарственные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025819
Информация о регистрации в РК: 23.05.2022 - 23.05.2027

Инструкция

Саудалық атауы

AlpeKid® Ирикар

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Басқа препараттар. Басқа барлық емдік препараттар. Басқа дәрілік препараттар.

АТХ коды V03AХ

Қолданылуы

Гомеопатиялық дәрілік препарат AlpeKid® Ирикар келесі жағдайларды емдеу үшін қолданылады:

- терінің қышынумен қабынуы, мысалы, экзема

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- Cardiospermum halicacabum Ø V3a-ға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

- көзге, шырышты қабыққа және ашық жараларға жақпамай түспеу керек

- қолданғаннан кейін қолды мұқият жуу керек

Бар шағымдар гомеопатиялық препаратты қабылдау кезінде уақытша нашарлауы мүмкін (бастапқы гомеопатиялық өршу). Мұндай жағдайларда пациенттерге дәрі қабылдауды тоқтатып, дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі байқалған жоқ. Бұл гомеопатиялық дәрілік затты қолдану басқа дәрілік заттарды қолдануды жоққа шығармайды.

Кез келген басқа дәрілік препараттарды қабылдаған, жақында қабылдаған немесе қабылдауы мүмкін болған пациенттерге дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Арнайы ескертулер

AlpeKid® Ирикардың құрамында цетостеарил спирті бар. Ол жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит).

Емдеуді қайта бағалау қажет

- терінің ауыр қабынуы жағдайда, терінің іріңдеуі немесе қызба

- егер жағдайы жақсармаса немесе нашарлайды

- егер қосымша шағымдар пайда болса

Педиатрияда қолдану

Клиникалық деректердің болмауына байланысты препаратты 1 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Пациенттерге осы препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Барлық дәрілік препараттар сияқты, AlpeKid® Ирикар препаратын жүктілік және лактация кезінде тек пайда мен қауіп арақатынасын дәрігер бағалағаннан кейін қолдану керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

AlpeKid® Ирикар препаратын зардап шеккен теріге күніне 3 рет жағу керек. Гомеопатиялық препараттарды дәрігердің кеңесісіз ұзақ уақыт қолдануға болмайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Клиникалық деректердің болмауына байланысты препаратты 1 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Қатысы жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Қатысы жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Қатысы жоқ.

Басқа дәрілік заттарды қолданатын пациенттер.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі байқалған жоқ. Бұл гомеопатиялық дәрілік затты қолдану басқа дәрілік заттарды қолдануды жоққа шығармайды.

Кез келген басқа дәрілік препараттарды қабылдаған, жақында қабылдаған немесе қабылдауы мүмкін болған пациенттерге дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Енгізу әдісі мен жолы

Сыртқа қолдануға арналған.

Жұқа қабатты теріге ақырын жағыңыз.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

AlpeKid® Ирикар - жергілікті қолдануға арналған гомеопатиялық дәрілік зат. Артық дозалану жағдайлары жөнінде хабарланбаған. Артық дозаланған жағдайда дәрігерге қаралыңыз.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу керек.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Өте сирек (<1/10000) немесе белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес):

- жергілікті төзімсіздік пайда болуы мүмкін, мысалы, цетостеарил спирті терінің жергілікті реакциясын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит). Мұндай жағдайларда AlpeKid® Ирикар препаратын қолдануды тоқтату керек және тиісті емдеу шараларын қабылдау керек.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

100 г жақпамайдың құрамында:

белсенді зат - 10.000 г Cardiospermum halicacabum Ø V3a,

қосымша заттар: эмульгациялайтын цетостеарил спирті (А типі), сұйық парафин, жұмсақ ақ парафин, октилдодеканол, тазартылған су, бензил спирті.

Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ашық сарыдан сарғыш-жасыл түске дейін біртекті жақпамай.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 г препараттан алюминий сықпаға салынады.

Бір сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

Др. Вильмар Швабе ГмбХ және Ко. КГ

Бунзенштрассе 6-10, 76275 Эттлинген, Германия

Тел/факс: +49 (0) 7243-10601

E-mail: info@schwabe.de

Серияларды шығаруға жауапты өндіруші туралы мәліметтер

Др. Густав Кляйн ГмбХ және Ко. КГ

Штайненфельд 3, 77736 Целль ам Хармерсбах, Германия

Тел/факс: +49 (0) 7835-63 55 30

E-mail: info@klein-naturarznei.de

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Альпен Фарма ГмбХ

Штайненфельд 3, 77736 Целль ам Хармерсбах, Германия

Тел/факс: +49 (0) 7243 200 49 20

E-mail: info.germany@alpenpharma.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және  дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Альпен Фарма» ЖШС, Қазақстан Республикасы,

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі,

Көкөзек а., 1044 құрылыс

Тел.: + 7 727 232-34-73

Факс: + 7 727 232-34-74

E-mail: info.kazakhstan@alpenpharma.com

Моб. +7 701 035 70 69

E-mail: pv.kz@alpenpharma.com

Прикрепленные файлы

AlpeKid_Ирикар_ИМП_рус_финал.docx 0.05 кб
AlpeKid_Ирикар_ИМП_каз.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту