9 месяцев Фолиевая кислота

МНН: Фолиевая кислота
Производитель: Валента Фарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Folic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021325
Информация о регистрации в РК: 22.04.2015 - 22.04.2020

Инструкция

Саудалық атауы

9 ай Фолий қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

9 ай Фолий қышқылы

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 400 мкг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: фолий қышқылы – 0,0004г,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, коллоидты кремнийдің қостотығы, коповидон (Коллидон VA-64), магний стеараты;

қабықтың жабыны: Опадрай II 85F22233

(ішінара гидролизденген поливинил спирті, макрогол, тальк, титанның қостотығы Е 171, темірдің сары тотығы Е 172, хинолинді сары Е 104 негізіндегі алюминий лагы)

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі беті дөңес, сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Сынған жерінде теңбілдері бар ақшыл-сары түсті.

Фармакотерапиялық тобы

Гемопоэз стимуляторлары. В12 витамині және фолий қышқылы. Фолий қышқылы және оның туындылары.

АТХ коды В03ВВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фолий қышқылы асқазан-ішек жолында негізінен он екі елі ішектің жоғары бөлігінде жақсы және толығымен сіңеді. Плазма ақуыздарымен толық дерлік байланысады. Дигидрофолатредуктаза ферментінің әсер етуімен тетрагидрофолий қышқылына айнала отырып, бауырда белсендіруге ұшырайды. Қан плазмасында ең жоғары концентрациясына (Cmax) 30–60 минуттан кейін жетеді.

Гематоэнцефалдық және плацентарлық бөгеттер арқылы өтеді және емшек сүтіне енеді.

Бүйрекпен көбінесе метаболиттер түрінде шығарылады; егер қабылданған дозасы фолий қышқылының тәуліктік қажеттілігінен айтарлықтай асып кетсе, онда өзгеріссіз күйде шығарылады.

Гемодиализдің көмегімен шығарылады.

Фармакодинамикасы

В тобының витамині (Вс витамині, В9 витамині) ішек микрофлорасымен синтезделуі мүмкін. Организмде фолий қышқылы түрлі метаболикалық үдерістерге қатысатын коэнзим болып табылатын тетрагидрофолий қышқылына дейін қалпына келеді. Мегалобластардың қалыпты жетілуі және нормобластардың түзілуі үшін қажет. Эритропоэзды стимуляциялайды, аминқышқылдары (соның ішінде глицин, метионин), нуклеин қышқылдары, пуриндер, пиримидиндердің синтезіне, холин, гистидиннің зат алмасуына қатысады.

Қолданылуы

  • фолий қышқылы тапшылығында

  • жүктіліктің I триместрінде ұрықтың жүйке түтігі ақаулары дамуының алдын алуда.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Тамақтанудан кейін ішке қабылдайды.

Фолий қышқылы тапшылығында – күніне 400 мкг (1 таблетка).

Жүктіліктің I триместрінде ұрықтың жүйке түтігі ақаулары дамуының алдын алу үшін – 400 мкг – 800 мкг (1-2 таблетка).

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, қышыну, бронх түйілуі, эритема, гипертермия

- асқазан-ішек жолы тарапынан: жүрек айну, іштің кебуі, ауыздағы ащы дәм, анорексия.

Ұзақ қолданғанда В12 гиповитаминозы дамуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат құрамына кіретін компоненттерге жоғары сезімталдық

  • пернициозды анемия

  • қатерлі жаңа түзілістер

  • кобаламин тапшылығы

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фенитоиннің әсерін (оның дозасын арттыруды қажет етеді) төмендетеді.

Анальгетиктер (ұзақ емдеу), құрысуға қарсы препараттар (соның ішінде фенитоин мен карбамазепин), эстрогендер, пероральді контрацептивтер фолий қышқылына қажеттілікті ұлғайтады.

Антацидтер, колестирамин, сульфонаминдер (соның ішінде, сульфасалазин) фолий қышқылының сіңірілуін төмендетеді.

Метотрексат, пириметамин, триамтерен, триметоприм дигидрофолатредуктазаны тежейді және фолий қышқылының әсерін төмендетеді (бұл препараттарды қолданатын емделушілерге оның орнына кальций фолинатын тағайындау керек).

Хлорамфениколмен, неомицинмен, полимиксиндермен, тетерациклиндермен бір мезгілде қолданғанда фолий қышқылының сіңуі төмендейді.

Айрықша нұсқаулар

Гиповитаминозды алдын алуда теңестірілген тамақтану дұрыс болады. Фолий қышқылына бай өнімдер – көкөністер (салат, шпинат, қызанақ, сәбіз), жаңа алынған бауыр, бұршақ тұқымдастар, қызылша, жұмыртқа, ірімшік, жаңғақтар, дәнді дақылдар.

Фолий қышқылын В12 тапшылығын (пернициозды), нормоцитарлық және апластикалық анемияны емдеу үшін, сондай-ақ рефрактерлік анемиясы емінде қолданбайды. Пернициозды (В12 тапшылығы) анемия кезінде фолий қышқылы гематологиялық көрсеткіштерді жақсарта отырып, неврологиялық асқынуларды бүркемелейді. Пернициозды анемия жоққа шығарылғанша, фолий қышқылын тәулігіне 0,1 мг асатын дозаларда тағайындау ұсынылмайды (мыналардан басқада – жүктілік және лактация кезеңі).

Гемодиализ жүргізілетін емделушілер фолий қышқылының жоғары мөлшерін қажет ететінін ескеру керек.

Емдеу кезінде антацидтерді фолий қышқылын қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң, колестираминді - фолий қышқылын қабылдаудан 4-6 сағат бұрын немесе одан кейін 1 сағат өткен соң қолданған жөн.

Антибиотиктердің плазма және эритроциттердің фолий қышқылы концентрациясына микробиологиялық баға беру нәтижелерін бұрмалауы (жалғандығы белгілі төмендетілген көрсеткіштер беруі) мүмкін екендігін ескерген жөн. Фолий қышқылының жоғары дозаларын қолданғанда, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы емделгенде B12 витамині концентрациясы төмендеуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Фолий қышқылы жүктілікке дайындық кезеңінде (жоспарланған жүктілік сәтіне дейін 1-3 ай бұрын) және ұрықтанудан кейінгі алғашқы бірнеше аптада (I триместр) қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препарат аса зейін қоюды және жылдам реакцияны қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін атқаруға әсер етпейді (автомобиль және басқа да көлік құралдарын басқару, қозғалыстағы механизмдермен жұмыс, диспетчер мен оператордың жұмысы және т.б.).

Артық дозалануы

Фолий қышқылын тәулігіне 1000 мкг асатын дозаларда ұзақ қолданғанда (1-2 айдан астам) және витаминді-минералды кешендермен бірге қолданудың нәтижесінде туындауы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 400 мкг

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Валента Фармацевтика» ашық акционерлік қоғамы Ресей Федерациясы

141101, Щелково қ., Мәскеу обл., Фабричная к-сі, 2

Тіркеу куәлігінің иесі

«Валента Фармацевтика» ашық акционерлік қоғамы Ресей Федерациясы

141101, Щелково қ., Мәскеу обл., Фабричная к-сі, 2

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Валента Фармацевтика» ААҚ ҚР өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ., Абай д-лы, Радостовец көш. бұр., 151/115, «Алатау» бизнес орталығы, № 1102 кеңсе

Телефон/факс 8 (727) 334-15-52

Электронды поштасы: asia@valentapharm.com

 

 

Прикрепленные файлы

609515471477976506_ru.doc 55.5 кб
005587281477977670_kz.doc 65.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники