Эстидерм-ТК
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Эстидерм-ТК
Халықаралық патенттелмеген атауы
Нафтифин
Дәрілік түрі, дозалануы
Сыртқа қолдануға арналған ерітінді 10 мг/мл
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Тері ауруларын емдеуге арналған зеңге қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған басқа да зеңге қарсы препараттар. Нафтифин.
АТХ коды D01AЕ22
Қолданылуы
- терінің және тері қатпарының зеңдік инфекцияларында
- қол ұшының және табанның саусақаралық микоздарда
- қол және аяқ тырнақтарының зеңдік инфекцияларында (онихомикоздар)
- Candida туындатқан тері кандидозында
- Pityriasisversicolor қоздырғышы туындатқан кебек тәрізді теміреткіде
- қабыну дерматомикоздары (қатар жүретін қышынумен немесе онсыз)
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
нафтифинге немесе пропиленгликольге немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
ашық жаралы беткей
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Эстидерм-ТК ерітіндісін ауа кіретін таңғыштың (пластырь, дәке және т.б.) астына қолдану ұсынылады, алайда окклюзиялық таңғыштың астына қолданбаған жөн.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Арнайы сақтандырулар
Эстидерм-ТК ерітіндісі теріге және тырнаққа сыртқа қолдануға ғана арналған. Оны офтальмологиялық тәжірибеде қолдануға, сондай-ақ ашық жараға жағуға болмайды.
Зеңдік инфекцияны (микозды) жою үшін мынадай сақтық шараларын ұстану ұсынылады:
1. Зеңдер зақымданған терінің/тырнақтың аймағымен жанасатын киімге және/немесе шұлыққа тиюі мүмкін, сондықтан киімді және/немесе шұлықты күнде ауыстыру керек.
2. Терінің/тырнақтың зақымданған беткейін құрғақ күйінде ұстау зеңдік инфекцияның таралуынан жақсы қорғанысты қамтамасыз етеді. Зақымданған жерді тығыз матамен немесе желдетуді шектейтін немесе кедергі келтіретін (мысалы, синтетикалық талшықтан дайындалған шөлкелер, тар аяқ-киім) заттармен жабу ұсынылмайды. Терінің/тырнақтың зақымданған жерін жуғаннан кейін мұқият кептіру керек. Сондай-ақ зақымданған беткейге тиетін орамалды, киімді және/немесе шұлықты күнделікті ауыстыру керек.
3. Табанның зеңдік аурулары жағдайында патогенді қоздырғыштардың қайта инфекция жұқтыруының немесе таралуының алдын алу үшін үйде немесе қоғамдық жерлерде жалаң аяқ жүрмеген жөн.
4. Сауналар немесе бу моншаларына зеңдік инфекциядан толық құтылғаннан кейін ғана баруға болады.
Педиатрияда қолданылуы
Эстидерм-ТК ерітіндісін 18 жасқа дейінгі балаларда сақтықпен және тек қана қажеттілік болғанда қолдану керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Дұрыс қолданған жағдайда препараттың шаранаға немесе жаңа туған балаға әсерінің ықтималдығы аз.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
2-3 тамшы ерітіндіні қалпақшада орналасқан арнайы тамызғыштың көмегімен немесе мақта тампонның көмегімен жағу керек.
Ерітіндіні терінің/тырнақтың зақымданған жеріне ғана емес, сондай-ақ инфекцияның таралуын болдырмау үшін шекаралас жерге жағу керек.
Терінің зеңдік инфекциялары
Ерітіндіні күніне 1 рет оның алдында тазартылуы және мұқият кептірілуі тиіс терінің зақымданған жеріне жағады.
Қолдағы және аяқтағы тырнақтардың зеңдік инфекциялары (онихомикоздар)
Ерітіндіні күніне 2 рет оның алдында тазартылуы және мұқият кептірілуі және мүмкіндігінше қырықтырылуы тиіс тырнақтың пластиналарының зақымданған беткейіне жағады.
Емдеу ұзақтығы
Терінің зеңдік инфекциялары
- терінің және тері қатпарларының зеңдік инфекциялары – 4 аптаға дейін,
- қол ұшының және табанның саусақаралық микоздарында – 4-тен 8 аптаға дейін
- тері кандидоздары – 4 апта,
- кебек тәрізді теміреткі – 2 аптаға дейін
- қабыну дерматомикоздары – 2-4 апта,
Клиникалық әсері байқалғаннан кейін, атап айтқанда қышыну және күйдіріп-ашыту жоғалғаннан кейін, қайталанатын инфекцияны жұқтырудың алдын алу үшін емдеуді кем дегенде 2 апта бойы жалғастыру керек.
Қолдағы және аяқтағы тырнақтардың зеңдік инфекциялары (онихомикоздар)
Емдеудің ұзақтығы тырнақ пластинасының өсу жылдамдығымен анықталады және жаңа тырнақ толығымен өсіп шыққанша 3-тен 6 айға дейінгіні құрауы мүмкін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт бойы қолдану ұсынылмайды.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Жекелеген жағдайларда терінің құрғауы, қызаруы және күйдіріп-ашытуы сияқты жергілікті қабыну белгілері байқалуы мүмкін. Жағымсыз әсерлер әрдайым қайтымды сипатқа ие және емдеуді тоқтатуды қажет етпейді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
1 мл құрамында
белсенді зат – 10 мг нафтифин гидрохлориді,
қосымша заттар - пропиленгликоль, этанол 96%, тазартылған су.
Сыртқы түрінің сипаттамасы
Этанолдың иісі бар мөлдір түссіз немесе аздап сарғыш сұйықтық.Шығарылу түрі және қаптамасы
10 мл немесе 20 мл препараттан полиэтилен тамшылатқышы мен бұрандалы полиэтилен қақпағы немесе полиэтилен тығынмен тығындалған және бұрандалы қақпағы немесе тығындайтын элементі бар полиэтилен қақпағы бар бұрандалы мойнымен шыны массадан жасалған құтыға құйылған.
Құтыға өзі жабысатын заттаңбаны немесе заттаңбалық немесе жазатын қағаздан жасалған заттаңбаны жабыстырады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құтыларды медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың сәйкес келетін санымен бірге қорапшаға салусыз тұтынушымен келісім бойынша топтық ыдысқа қаптауға жол беріледі.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Құтыны бірінші рет ашқаннан кейін 25С-ден аспайтын температурада, 6 айдан асырмай сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Өндіруші туралы мәліметтер
«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат №467, тел.: 8 (7132) 21 72 15
Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат №467, тел.: 8 (7132) 21 72 15
Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат №467, тел.: 8 (7132) 21 72 15
Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru